- Учителю
- ҮЙсін мемлекеті, шаруашылығы, әлеуметтік – саяси таралуы, мәдениеті
ҮЙсін мемлекеті, шаруашылығы, әлеуметтік – саяси таралуы, мәдениеті
Пәні: Қазақстан тарихы, 10 сынып | Күні: 21. 10 | ||||||||||||||||
Тақырыбы: | Үйсін мемлекеті, шаруашылығы, әлеуметтік - саяси таралуы, мәдениеті. | ||||||||||||||||
Мақсаты | Үйсін тайпасының тарихымен таныстыру. | ||||||||||||||||
Күтілетін нәтиже | А. Үйсін тайпасы туралы мәліметтермен танысады. Б. Үйсін тайпасының шаруашылығы мен кәсібінанықтап, талқылайды. С. Үйсіндердің қоғамдық құрылысы, қытайлармен қарым -қатынасы тұрғысында қорытынды ой қалыптастырады.
| ||||||||||||||||
Керекті жабдықтар | оқулық, жұмыс дәптері, деңгейлік тапсырмалар, ресурстар, интербелсенді тақта. | ||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |||||||||||||||
Кіріспе
| Оқушылармен амандасу.. Дәуірлер бойынша топқа бөлу. 1- топ. « Тас дәуірі». 2- топ. «Қола дәуірі». Әр топ өз дәуірінің ерекшеліктерін атап өтеді де орындарына жайғасады. Үй тапсырмасы: «Сөзжұмбақ» шешу. 1. | Г | Е | Р | А | Д | О | Т | * | * | * | * | * | * | * | * | * |
* | * | 2. | А | Қ | Ы | Ш | Е | В | * | * | * | * | * | * | * | * | |
* | * | * | * | 3. | Г | О | М | Е | Р | * | * | * | * | * | * | * | |
* | * | * | 4. | Ш | И | К | І | Л | Е | Й | * | Ү | Р | Л | Е | У | |
* | * | * | 5. | Т | И | Г | Р | А | Х | А | У | Д | А | * | * | * | |
* | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | |
* | * | 6. | П | А | Р | А | Д | А | Р | И | Я | * | * | * | * | * | |
* | * | * | 7. | М | А | Й | Ә | М | І | Р | * | * | * | * | * | * | |
* | 8. | Ж | Е | Т | І | С | У | * | * | * | * | * | * | * | * | * | |
* | * | * | 9. | Т | Ү | Г | І | С | К | Е | Н | * | * | * | * | * | |
* | * | */ | * | 10. | М | Ұ | Р | Т | Т | Ы | * | О | Б | А | * | * | |
* | * | * | 11. | Ш | І | Л | І | К | Т | І | * | * | * | * | * | * |
1. Өз еңбектерінде сақтарды «азиялық скифтер деп атаған кім?
2. Жетісу аймағындағы сақтардың археологиялық ескерткіштеріне зерттеу жұмыстарын жүргізген археолог?
3. Платон бір еңбегінде Анахарсисті кіммен қатар қойды?
4. Адамдар темір қорытуда қолданған тәсіл.
5.Ташкент аймағында, Солтүстік Қырғызстан, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерін мекендеген сақтар.
6. Арал теңізінің шығыс жағасындағы, Оңтүстік Қазақстанда өмір сүрген сақ тайпалары.
7. Оңтүстік Алтай тауларында, Бұқтырма өзенінің жағалауында зерттелген б.з.б. 7 ғасырына жататын оба.
8. Қарғалы -1, Қарашоқы, Бесшатыр, Есік обалары қай өңірге жатады?
9. Б.з.б. Ү ғасырға жататын бай қабірлер тобы қай обада кездеседі?
10. Тасмола мәдениетіне тән обалардың ішіндегі бір қасиет.
11. «Үшінші алтын адам» табылған шатқал.
Мұғаліммен амандасады. Топтарға бөлінеді. Топ атауларына байланысты жауаптарын береді. Орындарына жайғасқан соң топ болып, берілген сөзжұмбақты шешеді.
Тұсау-кесер
«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі. Ой қозғау: «Сыма Цянь» Ол туралы не білесіңдер?
Оқушылар берілген тапсырмамен жеке жұмыстанады. Жұппен жұмыс. Топпен жұмыс.
Негізгі бөлім
Жаңа тақырыпқа қатысты ресурпен танысу.
І. Тапсырма. «Тас дәуірі» тобына «Терминдермен жұмыс».
-
Гуньмо ( үлкен күнби) -
-
Кіші күнби -
-
Тулы -
-
Даруға -
-
Абыз -
-
Шыбегі -
-
Атқосшы -
І. Тапсырма. «Қола дәуірі» тобына «Сандар сөйлейді». Хронологиялық кестені толтыру.
-
Б.з.б. 2 ғасыр
Б.з.б. 170 -160 жж
630 мың
188 мың
Б.з.б. ІІ - І ғасырлар
Б.з.б. 73 ж дейін
Б.з.б. 3 ғасыр
Б.з.б. 3- 2 ғасыр
Б.з.б. 1 ғ. - б.з. 1 ғасыры
2 - 3 ғасыр
ІІ. Тапсырма. «Тас дәуірі» тобына «Сәйкестендіру» кестесі.
1. Үйсіндер 1. Тас пен балшықтан жасалған мөр
2. Өндірістің екі негізгі түрі 2. Үйсін мемлкеті
3. Рулық қатынастың ыдырауынан
Туындады 3. Қызыл Аңғар
4. Лауазымды адамдарда 4. Орталық Азиядан келді
5. Қарапайым адамдарда 5. Іле алқабы
6. Орталығы 6. Қытай жазбалары
7. Негізгі территориясы 7. Мал мен жер
8. Үйсіндер туралы деректер 8. Таптық қатынас
9. усун -го 9. Алтын және мыс мөрлер
10. үйсіндердің жері 10. үш бөлікке бөлінді
ІІ. Тапсырма. «Қола дәуірі» тобына Жетісу, ақсақал, өзен, салт -дәстүр сөздерін қолдана отырып, «5 минуттық эссе» жазу.
Берілген ресурстармен танысады.
Берілген тапсырмалармен топ болып немесе жеке жауап беру арқылы орындап, жұмыстанады.
Берілген кестенінің дұрыс жауабын жаза отырып, тапсырманы топ болып орындайды.
Берілген тапсырманы топ болып орындайды.
Берілген сөздерді қатыстыра отырып, эссе жазады.
Бағалау
Блоб ағашымен бағалау, бармақпен бағалау.
Оқушылар өздерін, бірін -бірі бағалайды.
Қорытынды
ІІІ. Тапсырма «Ыстық орындық» дарынды оқушының қабілетін ашу.
ІҮ. Венн диаграммасы.
Сақтар
Үйсіндер
Айырмашылықтары
Ұқсастықтары
ҮІ. Кері байланыс парағы.
Сыныптағы дарынды оқушыға барлық оқушы сұрақ қою арқылы сабақты қаншалықты түсінгенін тексереді.
Сақтар мен үйсіндердің айырмашылықтарын анықтауда «Қола дәуірі» тобы жұмыстанады. «Тас дәуірі» тобы ұқсастықтарын атап, екі топта интерактивті тақтадан берілген тапсырманы орындайды.
Кері байланыс парағын толтырып, рефлексия жазады.
Үйге тапсырма:
-
Жетісу өңірінен шыққан тарихи тұлғалар, қоғам қайраткерлері туралы мәлімет жинау.
-
ҰБТ -ге байланысты 2012- 2013 жылғы тест жинақтарынан тақырыпқа қатысты сұрақтармен жұмыстану.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Сабаққа талдау
Менің бүгінгі сабағым өзімнің көңіліме қонымды болды. Өйткені сабақ өзіме де, қатысушыларға да ұнады.
Кіріспе бөлімі: Мен сабағымды оқушылармен амандасудан бастадым. Оқушыларды топқа бөлерде өткен тақырыптарды сұрай отырып, бір сергітіп алдым. Осы әдісім сәтті шықты деген ойдамын. Өйткені топқа бөлу үшін оқушыларға қиылған қағаздарға тас дәуірі бойынша: синантроп, питекантроп, микролит, керамика, епті адам, неандерталь сөздерді бердім. Ал қола дәуіріне қатысты: мыс пен қалайы, Ә. Марғұлан, Беғазы -Дәндібай, Ачинск, Атасу, сырғауыл сөздерін берген болатынмын. Оқушылар осы сөздерді кезеңдеріне қарай топтастыру арқылы екі топқа бөлініп, берілген сөздердің мағынасын ашып түсіндіруге тиісті болды. Және де оқушыларым бұл тапсырманы өте жақсы орындап, екі топқа дұрыс бөлініп қана қоймай, барлығы да өз тапсырмаларына дұрыс жауап берді. Мен оқушыларымды орындарына отырғызып, «Темір дәуірі» деп аталатын сөзжұмбақ шешкіздім. Сөзжұмбақ шешкізу сәтім сәтсіз шықты, өйткені оқушыларым 3 сұраққа жауап бере алмады.
Тұсаукесер бөлімі: «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен ой қозғау мақсатында «Сыма Цянь» деген сөзді интерактивті тақтадан көрсетіп, ол туралы не білесіңдер? - деп, оқушыларыма ой салдым. Осы әдісім сәтті шықты. Себебі, «Тас дәуірі» тобындағы оқушыларым Сыма цянь - тарихшы, елші деп жауап берсе, «Қола дәуірі тобындағы оқушыларым: Сыма Цянь - тарихшы. Ол Үйсіндер туралы өз еңбектерінде жазып қалдырған деп ұтымды жауап берді. Осы тұста мен :
-Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Үйсін мемлекеті, шаруашылығы, әлеуметтік - саяси таралуы, мәдениеті» - деп интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбын ашып көрсеттім. Интерактивті тақтадан үйсіндердің картасын көрсетіп өттім.
Негізгі бөлімі: Жаңа тақырыпқа қатысты ресурпен танысуға уақыт бердім. Уақыттары аяқталған соң әр топқа түрлі тапсырмалар тараттым. І. Тапсырмалар: «Тас дәуірі» тобына «Терминдермен жұмыс».
«Қола дәуірі» тобына «Сандар сөйлейді». Хронологиялық кестені толтыру. Бұл тапсырманы орындауда «Тас дәуірі» тобы алда болды, әрі барлығын дұрыс орындады. «Қола дәуірі» тобы бір сұрақтың жауабын таба алмады.
ІІ тапсырма: «Тас дәуірі» тобына «Сәйкестендіру кестесін», «Қола дәуірі» тобына «5 минуттық эссе жазу .
«Тас дәуірі» тобы өз тапсырмаларынан екі қате жіберді. Ал, «Қола дәуірі» тобы өздеріне берілген тапсырманы орындап, топ ішінен екі жақсы деп таңдаған эссені оқыды. Оқушым Айнұр өз эссесін былай деп жазған:
Тақырыбы: «Жер жаннаты Жетісу жерін мекендеген - үйсіндер»
Үйсіндер - киелі, жер жаннаты Жетісу жерін мекендеді. Қытай тарихшысы Сыма Цяньның деректеріне сүйенсек Іле өзенінің жағасын мекендеген. Үйсіндер ақсақалдардй құрмет тұтқан. Жалпы, ақсақал сөзі ерте кезеңнен қазіргі кезеңге дейінгі ешқандай мәнін жоғалтпаған, қастерлі, сый - құрметке ие сөз. Ақсақалдар -салт -дәстүрді сақтап, жаскелең ұрпақтарға жеткізетін өкіл. Үйсіндерде де өздеріне тән салт -дәстүрлері, діни ұғымдары, зерттеу барысында табылған құрал- саймандардан, зергерлік бұйымдардан көрініс табады.
Негізгі бөлімде ұтымды шыққан әдісім: ол оқушыларға берген «Бес минуттық эссе»
Қорытынды бөлім: Дарынды оқушымның қабілетін ашу мақсатында мен өз сабағымда «Ыстық орындық» әдісін қолдандым. Оқушыларға ортаға кімді шығырып, сұрақ қоямыз? Дегенімде барлығы бір ауыздан Айнұрды деп жауап берген болатын. Айнұр сыныптастары қойған сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Бұл әдісті қолдануым да өте тиімді болды деп есептеймін.
ІІ топқа сақтар мен үйсіндерді салыстыруға «Венн диаграммасын» интерактивті тақтадан орындатуға бердім. Екі топта белсенділік танытып, тапсырманы өте жақсы орындады.
Бағалау: мен бүгінгі сабағымда бағалаудың екі түрін қолдандым. 1. Бармақпен бағалау эссе жазу барысында қолдандым. 2. Блоб ағашымен бағалау. Бағалау барысында оқушылырым бір -бірін, өздерін әділ бағалады.
Сабақтың соңында оқушыларыма бүгінгі сабақтан алған әсерін анықтау үшін, кері байланыс парағын тараттым. Оқушыларымның рефлексиясы:
Қуандық: «Сабақ маған ұнады. Себебі, үйсіндер туралы көп мәлімет алдым. Сабақта қиындықтар болмады».
Айнұр: «Сабақ маған өте ұнады. Өйткені үйсіндер туралы көп мәлімет алдым және жарыс сабақ түрінде өткені мені қатты қызықтырды. Сабақта маған қиындық туғызған сәт немесе кедергі ол мұғалімдердің шамадан тыс көп болғаны. Бұл кедергіні мен біртіндеп еңсердім».
Ақсұңқар: «Бүгінгі сабақ өте жақсы өтті. Маған өте ұнады. Себебі, көп нәрселерді есімде сақтадым. Топпен жұмыс жасадым. Маған қиындық тудырған сәт, ол -эссе жазу. Мен бұл қиындықты топтың көмегімен еңсердім».