- Учителю
- «Қазақстан (1918 – 1920жж) азамат соғысы»
«Қазақстан (1918 – 1920жж) азамат соғысы»
Тақырыбы: «Қазақстан (1918 - 1920жж) азамат соғысы»
Өткізген мұғалім: Карагойшина З.Т.
Сыныбы: 11 а
Пәні: Қазақстан тарихы
Негізгі дереккөздер: Қазақстан тарихы 11 с,
авт: М. Қойгелдиев, Ә. Төлеубаев, Ж.
Қасымбаев, Т. Далабаева, Е. Қалиева.
Алматы, «Мектеп», 2011
Мақсаты: Қазақстанның Азамат соғысы жылдарындағы тарихын оқып үйрену
Күтілетін нәтижелер: 1.Қазақстан аумағындағы соғыс қимылдарымен танысады
2. Қазақстандағы Азамат соғысының ошақтарын анықтайды
3. Азамат соғысының нәтижесіне талдау жасайды.
Керекті жабдықтар: оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта, жеке, топтық жұмыс.
Сабақ кезеңдері:
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
1. Оқушылармен амандасу.
2. Психологиялық дайындық.
3. Топқа бөлінеді. (фигуралар бойынша 3 топқа бөлу)
4. Үй тапсырмасын тексеру. (Өрмекші торы арқылы, жазып келген мәліметтерін қосымша жұмыс дәптерінен тексеру)
Мұғаліммен амандасады.
Сергіту сәтіне қатысады
Топқа бөлінеді.
Сұрақтарға жауап береді.
Тұсау - кесер
«Топтастыру» әдісі
Берілген тапсырма бойынша 9 сыныпта алған білімдерін еске түсіріп, топтастырады
Негізгі бөлім
«Өкіл» әдісі
1 - топ. Шетел интервенциясының басталуы
2 - топ. Қазақстандағы азамат соғысының ошақтары
3 - топ. Қазақстандағы Азамат соғысының ерекшеліктері мен салдары
Берілген тақырыппен жұмыстанып болған соң әр топтан бір мүше келесі топқа барып өзі танысқан тақырыпты түсіндіреді. Талқылайды.
Қорытынды
1 «Ыстық орындық» әдісі
2. «Сәйкестендіру» кестесі
3. Балама жауапты тест
1. Ортадағы оқушыға тақырып бойынша сұрақтар қойылады. (С деңгейіндегі оқушы)
2. Кестені толтырып жұмыстанады(В, С деңгейіндегі оқушылар)
3. Тапсырманы орындайды (А деңгейіндегі оқушылар)
Бағалау
Смайлик арқылы, бармақпен бағалау
Бірін -бірі және өзін бағалайды
Үйге тапсырма
-
Тақырыпты оқып келу
-
ҰБТ- дің жинақтары бойынша тақырыпқа қатысты кездесетін сұрақтарды жазып келу
Күнделіктеріне жазып алады.