- Учителю
- Кружок по теме 'Архитектура'
Кружок по теме 'Архитектура'
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті №234 Ж. Жабаев атындағы
мектептің тарих және құқық экономика пәнінің
мұғалімі Асанова Арайлым Амантайқызы
Тақырыбы: «Балаларға арналған қойылымдар мен
тарихи архитектураларға саяхат »
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ойын арқылы білімдерін бекіту, өз өлкесіндегі тарихи архитектуралармен таныстыру
Түзете-дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды елін сүюге, адамгершілік ізгі қасиеттерге қалыптастыру, тереңнен ой толғауға үйрету
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Білімдерін тиянақтау
Көрнекілігі: Суреттер, бояу қарындаштар
Әдіс - тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу, топтық жұмыс
Өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
а) тарихи архитектураларға саяхат
ә) Амандасу
-
Үй тапсырмасының сұралуы: Сұрақ - жауап:
1. Өлкеміздегі ақын - жазушыларды атаңдар
2. Қандай кесенелерді білесіңдер?
-
Топқа бөлу (шарик арқылы)
1 топ: «Алғырлар» 2 топ: « Тапқырлар»
-
Өткен сабақты пысықтау:
Қазалы ауданы жерінде Жалаңтөс пен Әйтеке, Жанқожа мен Ақтан, Ашабай мен Сырлыбай, Жылқыайдар мен Жетес, Үмбет пен Ерімбет, Ғани Мұратбаев, Роза Бағланова мен Мәдина Ералиева т.б. танымал әйгілі батырларымызбен би-шешендеріміз, өнер қайраткерлері дүниеге келген. Ал қазірде көптеген еліміздің дамуына үлес қосып жүрген аға-апаларымыздың көбісі сол қасиетті жерден. Мысалы мақтанышпен айта кететін болсақ, Жақында тағайындалған Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, Шөмішбай Сариев, Кеңес Дүйсекеев, Өмірқұл Айниязов, Алихан Дүйсенбай, Нұрдаулет Махамбет, Марина Вольнова сынды танымал өнер қайраткерлерін дүниеге әкелген жер. Қысқаша Нұрдәулет Махамбеттің өлеңімен тәмәмдағым келіп отыр.
-
6. Жаңа сабақ:
Балалар өлкемізде тарихи архитектуралар көп. Олардың әр бірінің өзіндік маңызы бар. Мысалға: Жеңіс паркіндегі Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлес, қандас ата - бабаларымызға бағышталып қойған ескерткіштер бар. Біз оларды құрметтеп, еш жадымыздан шығармаймыз. Сонымен бірге Жанқожа баба кесенесін, мешітін, Әйтеке би ескерткішін айтып етуіміз керек.
-
Екі топқа тапсырма
а) Жұмбақ суреттер
( Өлкеміздің қайраткерлерінің суреттері)
ә) Кім жылдам?
«Ортаймаған қазаны - қасиетті Қазалы»
(өлкемізді суреттеу)
-
Сергіту:
Балалар шеңберге жиналып, бір - бірімізге көңіл-күйімізді де көтеріңкі болу үшін жақсы тілектер айтайық. (аспан ашық болсын, айырмайық, күніміз сәтті өтсін, досыңды ренжітпе, сабақты жақсы оқы)
-
Қорытынды: Бейне жазба арқылы қорытындылау
Баба кесенесінен бейне жазба көру
-
Үйге тапсырма: Жаңқожа баба туралы мәтінді оқып, түсінік айту. Батырлар туралы мақал - мәтел жазып келу