7


  • Учителю
  • ҚАзақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.

ҚАзақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Начало формы

18.12.2014ж. 11е сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ашаршылықтың себептері мен зардаптарына тоқталу, қазақ еліне ашарлықтың қалай келгенін анықтау.
Дамытушылық: Өтілетін тақырыпқа сай материалдарды іздестіріп, іріктеп сабақ үрдісінде қолдана білуге дағдыландыру, ізденімпаздыққа баулу.
Тәрбиелілік: Өткенін біліп, келешегін болжай алатын ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгеру.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы.
Көрнекілігі: Тірек - сызба, карта, қоғам қайраткерлерінің портреттері, нақыл сөздер плакаттары, түсіндірме сөздік.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, қазақ тілі, қазіргі өмір, география.
Қолданылған әдіс - тәсілдер, технологиялар: Шаталов тірек - сызбасы, мәнерлеп оқу, сұрақ - жауап.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
1) Оқушылардың қатысуы туралы ақпарат;
2) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
3) Психологиялық жағдаят «Ашаршылық» сөзінің мәнін ашу. (түсіндірме сөздікпен жұмыс)
Жоспары:
1. Қазақтарды күштеп ұжымдастырудың зардабы.
2. Отырықшыландыру саясатының зардаптары.
3. Кәмпескелеу қалай жүргізілді.
4. Біздің өлкедегі аштық жайлы құжаттардан.
Қызылдар саясаты: Ұжымдастыру, Отырықшыландыру, Байларды тәркілеу, Байларды тәркілеу, ашаршылық 1931 - 1933ж.
Ұжымдастыру:
1927ж.
КП ХV съезі жариялады;
1929ж. ІІ жартысынан бастап жедел дамыды;
күштеп, жаппай;
1932ж. Көктемде аяқтау көзделді;
1931 ж. 65%
Жоспарланған үш жылдың
орнына үш күн ішінде
Отырықшыландыру
1933 ж. аяқтау
Шу ауданында 400 киіз поселке болып тігілді
Тәркілеу:
1928ж. 27 тамыз;
"Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай
феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару" декреті;
1 мыңнан астам жертылай феодал жер аударылды;
145 мың мал алынады;
1931 ж. 5500 отбасы жер аударылды.
Ашаршылық
• 1931 - 1933ж.
• Қырылу Адам - 2 млн. 100 мың, 40% Сәбилер - 72% 7 жасқа дейінгілер - 60% Мал - 40, 5 млн болды, 4, 5 млн қалды.
• Ауру, індет
• Қырғынға ұшырау 51 аудан
• Қоныс аудару 1 млн. астам адам 414 мыңы оралды, 616 мыңы келмеді.
• 1930ж. - 313 мыңнан астам
• 1931ж. - 755 мыңнан астам
• 1932ж. - 769 мыңнан астам қаза болды.
1930ж. 1 қаңтар - 1931ж. маусымға дейін 1 млн 70 мың адам басқа аумақтаға көшіп кетті. РСФСР - дағы қазақ ат саны 2, 5 есе, Өзбекстанда - 1, 7 есе, Түрікменстанда 6 есе, Тәжікстанда 7 есе, Қырғызстанда 10 есе өсті. Халық саны күрт төмендеп, керісінше Қазақстанда тек қазақтар емес, басқа ұлт өкілдері де азайды. Аштық пен аурулардан 1 млн 860 мың қазақ немесе ауыл халқының 40% құрады. Республиканың 6, 2 млн халқының 2, 1 млн адамы 1931 - 33ж. ж. ашылықта қаза болды. Қазақтар саны тек 40 жылдан соң ғана қалпына келді.
Торғай: Асыра сілтеу болмасын. 1 млн малдан 98 мың қалды
Шұбартау ауданы малдың 80% - ын өткізді.
Балқаш ауданы 297 мың малға салық салынды.
Сөздікті пайдаланып түсінік бер:
• Ұжымдастыру - қоғамдастыру
• Кулактарды қудалау - мал - мүлкінен айырып, Республикадан тыс жерлерге аудару.
• Тәркілеу - қандай да бір дүние - мүлікті мемлекет меншігіне ақысыз - пұлсыз тартып алу.
• Бай - кулак - дәулетті шаруалар, 1 - 2 бас ірі қара, 5 - 6 қойы бар шаруалар.
• Геноцид - Халықтың жекелеген топтарын нәсілдік, ұлттық және діни белгілеріне қарай жою.
• Трагедия - Апатты зардаптары болатын қайғылы оқиға.
ТЕСТПЕН ЖҰМЫС
1. Қазақ байлары қашан тәркіленді?
а) 1937ж.; б) 1917ж.; в) 1940ж.; г) 1928ж.
2. Қазақстанда ұжымдастыру қалай жүргізілді?
а) күшпен; б) ерікті түрде; в) жоспарлы түрде; г) сатылы түрде.
3. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда қанша мал басы болды?
а) 40, 5млн.; б) 20млн.; в) 15млн.; г) 10млн.
4. Ұжымдастыруға қарсы көтеріліске қатысқандар саны қанша болды?
а) 50мың; б) 40мың; в) 80мың; г) 60мың;
5. Аштықтан, түрлі аурулардан және басқа жоқшылықтан болған адам шығыны?
а) ауыл халқының 20%; б) ауыл халқының 40%;
в) ауыл халқының 60 %; г) ауыл халқының 50%;
г) 1928
а) күшпен
а) 40, 5млн.
в) 80мың
б) ауыл халқының 40%;
Оқиғалармен даталарды сәйкестендіру
1929ж. Рысқұловтың соңғы хаты
1932ж. Аштық
1930 - 32ж. Ұжымдастырудың аяқталуы
1932ж. 17 қыркүйек Шаруалар көтерілісі
1929 - 31ж." Қазақстан ауылшаруашылығы және соның ішінде мал шаруашылығы туралы" қаулы
1933ж. наурыз Колхоз құрылысын қалыптастыру

"Ұмыту өткен тарихты, болашақ үшін қауіпті"
Үй тапсырмасы: §10 - 11. «Ашаршылық - қазақ елінің қасіреті» тақырыбы бойынша «Мен не білдім?» атты ой - толғау жазып келу.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал