7


  • Учителю
  • План-конспект по истории на тему 'Қазақ халқының қалыптасуы'

План-конспект по истории на тему 'Қазақ халқының қалыптасуы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

27.11 - 2015ж

Қазақстан тарихы

5-7-сынып (10-13жастағылар)

Барлығы: 7 оқушы

Сабақтың тақырыбы

5-сыныпта «Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ хандығының құрылуы.» 7-сыныпта «ХІ-ХІІ ғасырлардағы сәулет өнері мен құрылыстың дамуы»

Сілтеме

Бағдарлама, күнтізбелік жоспар, Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы 7-сынып, Қазақстан тарихынан әңгімелер 5-сынып

Сабақтың

мақсаты

5-сынып оқушыларына қазақ халқының қалыптасуы, «қазақ» атауының шығуы, қазақ хандығының құрылуы туралы білімді меңгерту, қазақ даласына монғол шапқыншылығына, Отырардың күйреуіне сыни тұрғыдан бағалауға, өз ойларын тарихи тілмен жеткізе білу дағдыларын дамыту; өз ұлтымыздың тарихын бағалай білуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу; 7-сынып оқушысына ХІ -ХІІ ғасырлардағы сәулет өнері мен құрылыстың дамуы туралы білімді меңгерту; өзінің түсіну дәрежесіне талдау жасау, кестеге нақты мәліметерді саралап жаза біліу дағдыларын дамыту; халқымыздың ұлттық құндылықтарымызды бағалай білуге тәрбиелеу.


Оқу нәтижесі

5-сынып оқушылары - тарихи оқиғаны сыни тұрғыдан талдау жасап, негізгі мдеяларын жеткізе біледі; - қазақ халқының қалыптасуы, «қазақ» атауының шығуы, қазақ хандығының құрылуы туралы білімді меңгереді; - сұрақтарға нақты жауап бере біледі; - деңгейлік тапсырманы дұрыс орындай алады; - сабақ бойындағы өзінің іс-әрекеттеріне, түсіну дәрежелеріне талдай отырып кері байланыс жасайды.

7-сынып оқушысы - сұрақтарға нақты жауап таба біледі; -мәтінді өз бетімен оқи отырып жаңа білімді меңгереді; - берілген тапсырмаларды орындай отырып түсіну дәрежесіне талдау жасай алады; - өз ойын жаза отырып сабаққа кері байланыс жасай біледі; - өз білімін табыс критерийлері арқылы бағалай біледі.

Негізгі идеялар

5-сынып оқушыларында қазақ халқының қалыптасуы, «қазақ» атауының шығуы, қазақ хандығының құрылуы туралы білім, 7-сынып оқушысында ХІ -ХІІ ғасырлардағы сәулет өнері мен құрылыстың дамуы туралы білім

Ресурстар

Оқулықтар, проектор, Қазақстан картасы, суреттер, слайдтар, тапсырмалар жазылған беттер, ноутбук, жаруарлар және алақан сұлбалары, бағдаршам, бағалау парақшалары


Оқыту әдістері


Тәсілдер

Жекелей, жұптық, топтық

Әдістер:

Жылулық шеңбері, «Ақылдың алты қалпағы», «Тарихи диктант», Венн диаграммасы, «Атаулар туралы үш сұрақ», «Өкіл», «Бағытталған оқу», «Бірге ойлаймыз», «Төрт сөйлем», «Сөйлемді аяқта», слайдқа талдау, «Бес саусақ», бағалау парағы, бағдаршам

Сабақ барысы:

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

5-сынып оқушылары

7-сынып оқушысы

Модуль түрі

Ұйымдасты ру

Сәлемдесу. Түгендеу. Жылулық шеңберін өткізу. Топ ережесін түсіндіру. Бүгінгі сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Бағалау парағымен таныстырады.

Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі. «Мен саған сыйлаймын...» атты жылулық шеңберіне тұрып, бір-біріне өздері дайындап әкелген суреттерін сыйлайды. Қолдарына берілген жануарлардың суреттеріне байланысты жұпқа бөлініп отырады. «Жеті жұлдыз топ ережесін бәрі бірлесе еске түсіреді. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысады.

Оқушы мұғаліммен сәлемдеседі. Жылулық шеңберіне қатысады. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысады.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйке оқыту мен оқу

Үй жұмысын тексеру

7-сынып оқушысына тест жұмысы беріледі. 5-сынып оқушыларымен «Ақылдың алты қалпағы» әдісі

«Монғол шапқыншылығы. Отырар қорғанысы.» тақырыбы бойынша үйде өздері таңдаған қалпақтарына байланысты дайындап келген идеяларын ортаға салады: Ақ қалпақ- осы тақырып бойынша негізгі мәліметтерді айтып кетеді Қызыл қалпақ - ерлік, өжеттік жөнінде ой-толғанысын білдіреді Қара - Отырар монғол шапқыншылығы болмаған күндеде қирауы мүмкін еді... Сары - монғол шапқыншылғы болмаса қазақ хандығының құрылуы ертерек болар еді... Жасыл - Отырарды зерттеу жұмыстары бүгінгі күнге дейін жақсы жалғасқан... Көк - қорытындылайды. Бағалау парақтарына критерийге байланысты бағалайды (өзін-өзі бағалау)

«ІХ-ХІІ ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы» тақырыбы бойынша ноутбуктен 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындайды. Келесі беттегі дайын жауабы арқылы жұмысын тексеріп, критерийге сай өз бағалау парағына баға қояды.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау

Оқытуда АКТ-ны пайдалану

Талантты және дарынды балаларды оқыту

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйке оқыту мен оқу

Сергіту сәті

Жаңа сабаққа кіріспе

5-сынып оқушыларына «Венн диаграммасы», 7-сынып оқушысына «Атаулар туралы үш сұрақ» әдістері

Ғаламтордан «этнос», «халық» деген ұғымдарға жазып әкелген анықтамаларын пайдаланып жұппен Венн диаграммасын толтырады. Олардың айтқандарын мұғалім толықтырады. Әрбір оқушы осы тапсырманы орындауға қатысқанына байланысты өз білімін бағалайды.

Оқушыға «сәулет өнері», «қолданбалы өнер», «кесене» атаулары беріледі. Осы атауларға байланысты 3 сұрақ беріледі. 1) қайда? Бұл терминдерді қайда кездестірдіңіз? 2) қалай? өз тәжірибеңізде осы атауларды қалай қолданасыз? 3) қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай байланыста болады дп ойлайсыз?

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау

Талантты және дарынды балаларды оқыту

Оқытудағы басқару және көшбасшылық

Жаңа сабақ

5-сынып оқушыларына «Өкіл» әдісі арқылы, 7-сынып оқушысына «Бағытталған оқу» әдісі бойынша жаңа тақырыпты меңгерту

«Өкіл» әдісі арқылы алдымен жұптармен тақырыпшаларды оқып, содан кейін басында берілген жануарлардың түстері бойынша топтасып, бір-біріне түсіндіреді. Бағалау парағына өздерін бағалайды

Мәтінді мұғалімнің бөліктерге бөлгені бойынша, әр бөліктегі сұраққа ойша жауап бере отырып оқиды. Мұғалім әлгі сұрақтарға жауап сұрайды, оқушы өзін-өзі бағалайды.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау

Оқытудағы басқару және көшбасшылық

Сабақты бекіту

5-сынып оқушылары «Бірге ойлаймыз», «Тарихи диктант» әдістері арқылы, 7-сынып оқушысы «Төрт сөйлем» әдісі арқылы алған білімдерін қорытындылай ды

«Бірге ойлаймыз» әдісінде мұғалім бүгінгі тақырып бойынша 12 сұрақ қояды да бір санды атайды. Сол сандағы оқушы жауап береді, қалғандары бас бармақпен бағалайды. 3 сөйлемнен тұратын диктантты әрбір оқушы жеке орындайды (деңгейлік тапсырма). Бағалау парағына бағалайды, оқушылар оған жауап береді.

«Төрт сөйлем» тәсілі арқылы түсіну дәрежесін көрсетеді. 1. Пікір 2. Дәлел. 3. Мысал 4. Қорытынды Өзін-өзі бағалау парағына бағалайды.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау

Оқытудағы басқару және көшбасшылық

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Талантты және дарынды балаларды оқыту


Сабақты қорытынды лау

Слайдтарға талдау жасату



Кері байланыс жасату

Слайдтарға мұғаліммен бірлесе талдау жасай отырып сабақты қорытындылайды

«Бес саусақ» әдісі арқылы кері байланыс жасату

«Сөйлемді аяқта» әдісімен сабақты қорытындылайды.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету


Үйге тапсырма


Параграф 12-ні оқу. Тест тапсырмаларын орындау

Параграф 19 кесенелер туралы кесте толтыру


Оқушылар білімін бағалау

Бағалау парақтарын назарға алып жиынтық баға қояды

Бағалау парақтарына түсінік жасап кетеді.

Бағалау парағына түсінік жасап кетеді.

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал