7


  • Учителю
  • ҒЫлыми жоба. Ауылымның тарихы

ҒЫлыми жоба. Ауылымның тарихы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Бағыты: гуманитарлық

Секциясы: "Дарын"


Ғылыми жоба тақырыбы: «Ауылымның тарихы»

Авторы: Руслан Мади Русланұлы 7 сынып, "Екпінді орталау мектебі" КММ, Екпінді ауылы

жетекшісі:

Ахметова Жулдыз Майтыбаевна, тарих, "Екпінді орталау мектебі" КММ, Екпінді ауылы


Есік - 2015 жыл

Мазмұны


Аннотация .....................................................................................................3


Кірспе............................................................................................................. 4


Негізгі бөлім....................................................... ........... ........... .................. 5


Теориялық бөлім .........................................................................................6-14


Қорытынды ............................................................................................ ......15


Қолданылған әдебиеттер............................................................... ..................17


Пікір ..............................................................................................................18

Ұсыныс ..........................................................................................................19


Аннотация

Бұл ғылыми ізденіс жұмысы, көп жылдан астам жазылмай келген ауылымыздың, жеріміздің тарихын, елден шыққан тарихи тұлғалардың өмірін, олардың ел арасна тараған мұраларын жинақтауға арналған.

Дүние жүзіне мәлім ұлы бабамыз Әбу - Насыр Әл Фараби «тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» - деген екен. Негізгі тарих дегеніміз халықтың зердесі. Зердесі жоқ, өзінің кім екенін, қайдан шыққанын білмейтін адамның Шыңғыс Айтматов ағамыздың романындағы мәңгүрттен еш айырмашылығы болмайды.

Сондықтан осы еңбегімізді болашақ жастарымызға, туған елінің тарихы ешкімнен де олқы емес екендігін түсінсін деген сөз.

Бұл зерттеу жұмысында оқушыларға өз өлкемді танысам, сырын білсем деген құштарлығын арттырып, берері мол болар еді. Отан сүюге тәрбиелейді.

Осындай мақсатпен жұмыс істесек мектеп мұражайы оқушылардың жақсы жұмыстарының арқасында көптеген экспонаттармен, жаңа тың деректермен толықтырылар еді.



Абстракт
Это исследовательская работа, в течение многих лет, без какого-либо урегулирования, помогла установить историю нашего аула,жизнь исторических деятелей нашего аула , чтобы получить их общее наследие нашего государства .
Известный во всем мире, великий предок Абу Насыр аль-Фараби, "не зная прошлого , трудно предсказать будущее".Человек, который не знает своего прошлого по роману Чингиза Айтматова тот и не знает своего будущего.
Поэтому молодые должны всегда помнить что история народа передается из поколения в поколение.
Ученики , ознакамливаясь с работой данного исследования, знают, что это было бы полезно, чтобы увеличить стремление к жизни ,чтобы воспитать любовь к Отечеству.Благодаря хорошей работе школьников можно сделать много нового,для получения новых данных экспонатов.



Abstract
This research work, over many years, without any settlement, the history of our country, the lives of historical figures from the country, to gain their arasna common heritage of the country.
Known throughout the world, the great ancestor of Abu Nasr al-Farabi, "without knowing the past history, current knowledge of the situation, it is difficult to predict the future". What is the history of people's intelligence. Intelligence, a person who does not know where it came from that ChingizAitmatovağamızdıñ novel is no different mäñgürtten.
Therefore, anyone in the history of the birth of young ones in the future of this work is to understand that it is defective.
Ölkemdistudents familiar with the work of this study, I knew it would be useful to increase the longing for meaning. To foster a love of the Fatherland.
For this purpose, the school museum, thanks to the good work of the students do a lot of new data tolıqtırılar of the exhibits.



Кіріспе

Маған бүгін керек емес ертегі,

Ертегіні балам өзі шертеді.

Тарих керек - іргетасы қазақтың,

Іргетассыз қаланбайды ертеңі.

Қадыр Мырза Әлі

Қазақтың қай ауылына барсаң да, ғасырлардың куәсіндей әр жерде қадау-қадау боп қалып қойған саялы бәйтеректерді кездестіресің. Біздің ауылымыздың да сондай тамыры терең болып , жапырағы жайқалған байтеректер бар. Барлығы да бұтақтарын кең жайып , жанға сая самалымен бауырында өскен балапандарын желпи түсіп, адасқанға жол көрсетіп, жөн сілтеп отырады.

Тек солармен сырласып өскен үрім - бұтақтар ғана талай сындардан өтіп, адамгершілік пен азаматтықтың, бауырмалдық пен достықтың ұлы мектебінен дәріс алады, дәл солардай еңсесі биіктей түседі. Сөйтеді де , ақырын ғана сылдыр қағып, сандықтың қақпағын ашады, шежіре шомылдырып, тарихқа тоғытып алады.

«Мемлекеттік идеологияның бізге аса қажет бір ірі бұтағы, қомақты тармағы - халықты, ұрпақты патриотизмге, отаншылдық, елжандылық рухқа елді, жерді сүюге, қорғауға жұмылдыру»- деп айқын жол көрсеткен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.

Ел өмірінің тікелей жалғастырушысы, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы осы жас ұрпақтар, болашақ.

Ар - намысты қорғауға, Отанға тіреу болуға, адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеу. Ол - елжандылық рухын көтеру. Осындай халықшылдық идея, елжандылық сезім жастардың жүрегінен терең орын алып, оларды белсенді іс - әрекетке тәрбиелейді. Осы мақсатта туған елінің, өзімінің ауылымының, жерінмің қадір - қасиетін ұғындыру, туған жер тұлғаларына деген құрметтерін арттыру.Зерттеу неәтижесінде туған жерімнің тарихы жайлы біраз мағлұматтар жинақтау. Екпініді ауылының ата тарихы, әріден басталып келетін, қасиетті мекен. Екпініді ауылынды небір тарихи тұлғалармен талантты ұл - қыз өрбіткен бұл мекеннің тарихы мол. Қазіргі кезде өлке тарихы ауыл ақсақалдары мен бірен - саранды жазбаларда ғана кездеседі. Ал осы еліміз жайлы сыр шертетін кітаптар жоқтың қасы.

Өзі мекен етіп отырған елі мен жері жайлы тарихи деректерді жастардың көбі біле бермейді. Бүгінгі таңда нарықтың қыспағына ұшырап ауылдар мен елді мекендерін, кіндік кескен туған жерін тастап, жұмыс іздеп қалаларды сағалап көшіп кетуде.

Қала сағалағасын, туған елі жайлы жастар ұмыт қалдыруы мүмкін.

Қазірден бастап олардың санасына «Туған жер» деген ұғымды тереңірек сіңірсе, келешекте олардың арасынан ел жанды тұлғалар қалыптасыуна уақтылы үлес қосамыз.


Жобаның негізгі мақсаты:

Оқушылардың тарих туралы білімдерін көтеру.

- Қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу және зерттеу мамандығына деген қызығушылығын арттыру.

-


Жобаның міндеттері:

  • Ауыл тарихын зерттеу

  • Өз жерінің тарихын жетік білу

  • Болашақта өз өлкесінің дамуына үлесін қоу

Мәселе: ауылының тарихын зерттеу арқылы өлкетану саласына деген қызығушылықтарын арттыру.


Зерттелетін объект: аулымыздың шығу тарихын анықтап, осы күнге дейінгі жағдайын зерттеп зерделеу.

Ауылымның тарихы


Жетісуда мекен еткен ауылым,

Алтын ұям. Мақтанышым,бір менің!

Өзің жайлы жылдар бойы сақтаған,

Ашып берем достарыма сыр кенін.

С.Ж .Мадияров


Төрт түлік өсірумен Социалистік еңбек ері республика көлемінде дүркіреген малды , ауыл «Түрген» қой совхозы болатын. Қырбалтабай ауылы атанған бұл елді мекен ежелден ата кәсіп малмен айналысатын. Мал совхозы алхаш құрылғанда орталығы Түргенде болған. Аудан орталығы Қаракемерден Түргенге көшкен соң, мал өрісіне жайлы деп осы Қырбалтабай өңірін таңдаған. Содан «Түрген» қой совхозы деп аталып қала берген.

Іле өзенінің жағасына дейін қалың құрақпен ши және жиде, шеңгел арасы мал талғамына тұнып тұрған от. Бағзы заманнан аға кәсіп малды тіршілік тынысына айналдырған бабаларымыз осы өңірді күздеу мен қыстау әрі көктеу деп таныған. Шығысында Масалы саздан басталып, батыстағы Ақжалға жеткен жапан дала ежелден төрт түліктің өрісі. Атақты байлардың атамекені болған. Мәселен, Екпінді өңірін Нұрсахан деген бай жайлаған екен. Оның ағаш үйі өткен ғасырдың 70-жылдарына дейін сақталыпты. Сол секілді Қырбалтабай, Әбдірахым, Солтанбай атты байлардың да атажұрты осы өңір. Олардың қарағайдан қиып салған ағаш үйлері 1955 жылға дейін орталықта емхана болған. Олар ескінің көзі, көненің ескерткіші атанған. Әрі тарихтың таптырмас мұрасы еді. Сондағы атажұрттың жұрнағы қазір мүлдем өзгерген.

Дегенмен , бұл қасиетті жер, киелі топырақта ел-жұрт тарихының алсапыран заманын бастан кешкен. Үнемі көшіп -қонып, малмен күнелткен, басқа шаруаға қыры жоқ қазақтың бетке ұстар байларын 1928-1929 жылдарғы төңкеріс заманында Ақжалдың жазығына айдап алып кеп қырған. Ал бала - шағаларын бұрынғы «Қайнарға» жинап алып , «итжеккенге» жер аударған. Бетке ұстар әрі көш бастаушы азаматтарынан айырылған ел , ол аз болғандай қолдағы малынан да жұрдай болады. Малды сыпырып алып , коллективизация басталғанда малсыз күні жоқ қазақ ашаршылыққа тап болып, жаппай қырылған жөні бар.

Сонау 1932 жылдары «Іле» совхозы мен «Қастек» совхоздарынан алып келген 10 мың саулық қой түгелдей қазақтың құйрықты , қылшық жүнді, жергілікті қойы болатын. Қой тұқымын асылдандыруды осында қолға алды. Демек, қазақтың биязы жүнді қойын шығару үшін осы «Түрген» қой совхозында жергілікті қазақтың ірі талшықты саулықтарын прекос қошқарларымен ұрықтандыру 1933 жылдары басталды. Асыл тұқымды 400 қошқар әкелінді. Үкімет Қырбалтабайда мал шаруашылығын дамытуға қатты көңіл бөледі. Совхоздың алғашқы директоры Бекежан Тілегенов болған.

Сол жылдары қой саны - 1200, түйе -8, жылқы -10 бас қана екен.Қолда бар жоғы -3 трактор ғана. Мал Тереңқара, Ойбалтабай, Леп, Есік өзендерінің жағалауларынан Іленің бойына дейін жайылатын. Екпінді , Қарашеңгел, Құрөзек ауылдары біртіндеп қанат жая бастады. Ол кезде шаруашылықтың жер көлемі де барынша жетерлік болса, оның 99 956 гектар жалпы жер болса, оның 9438 гектары - шабындық, 80480 гектары - жайылым, 1376 гектары -әлі игерілмеген тың жер еді.

Жазғы жайылымы «Асы» жайлауы. Онда 48186 гектар тау іші «Түрген» қой совхозына қараған . Таудың әрбір жыра - сайы шопандардың жылда отыратын белгілі өз жұрты, ал ақ қой қаптаған тау беткейі жаз бойғы жайылымы еді. Оған басқа ауылдың малы келмейтін . Малшылар Іле бойынан «Асы» жайлауына дейін бір жеті көшіп - қонып, жылжумен әрең жететін. Бүгінгідей техникада болған жоқ. Тіпті жеңіл -





Асы жайлауындағы шопандар жиналысы


желпі қоржындарды үлкен саулықтаға, қошқар, отар қойды бастайтын текелерге де артып көшетін -ді.

Адам күші де тапшы. Шопан көмекшісі де болмайтын. Кейін отарды күзететін, көшкенде мал айдайтын үйретілген иттерді пайдаланған. Иттерді арнайы үйрететін ауылда жеке ит формасы ұйымдастырылды. Оның алғашқы директоры Әбдуали Мемелібеков болған. Иттер авчарколар. Иттер тау беткейіндегі тарыдай шашылған ақ қойларды кешкі қотанға игерілген. Ақ таяқты шопанға үлкен көмекші атанған.

Совхоз 1937 жылы әр 100 саулықтан - 118, 1938 жылы - 123 қозыдан алып, тасы өрге домалағаны. Он жылда қой саны - 29700 басқа , ірі қара - 1055 ке жетті. Жылқы мен түйе малы ғана онша өспеген.

Ұлы Отан соғысы басталған отты жылдары ер азаматтар жаппай майданға, аттанып, ауылда әйелдердің аяқ - таяқты ұстаған. Мал - жан, жетім бала, жесір әйелдердің басқаруында қалған. Ол әйелдер соғыстан кейін де ат белінен түспей, аға шопан атанған. Еңбегі жанып, бағы ашылғандар да бар. Әйнек Бебаева әр 100 саулықтан жыл сайын 127 - ден қозы алып, әр қойдан 5.5 килограмнан жүн қырыққан үшін Социалистік Еңбек Ері атанып , омырауы Алтын жұлдыз таққан облыстағы бірінші әйел атанғанды.


Еңбек жолын қатардағы ақ таяқтағы шопандықтан бастаған Нұрғанат Төкеев 30 жылдан аса бөлімше басқарған. Ауданға ардақты, елге сыйлы азамат болған. Кеңес заманының сол кезеңдінде бесжылдық жоспар белгіленіп , ел жұмысқа жаппай жұмылатын. Соғыстан кейінгі төртінші бесжылдықдың табысты қорытындысы бойынша А.Төкеев Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды. Осы атамыздың еңбегі үшін ауылымыздағы бір көшемізідің аты да осы кісінің атауымен кәзірге дейін аталуда.

«Турген» қой совхозы құрылғаннан бері шаруашылықты 20 директор басқарыпты. Әрине әр директордың іскерлігі, совхозы экономикасын арттырып, тек мал шаруашылығымен айналысқан совхозды дүркіретуде олардың қосқан үлесі, сіңірген еңбегі көп ақ. Соғыстан кейін ең ауыр жылдары совхозды (1943 - 1950ж.ж) Мұхамеджан Түймебаев басқарыпты. Одан кейін Е.П.Данильченко (1954 - 1958 ж.ж), А.А. Колдасов, (1960- 1964 ж.ж), Ж.Нүкетаев (1969-1954ж.ж ), А.Байжүнісов ( 1977-1979 ж.ж), Т.Байшеков ( 1977-1979 ж.ж), С.Әлімжанов (1980-1985 ж.ж), Т.Ибраев ( 1986-1996 ж.ж), Б.А. Жақыпов ( 1996-2002ж.ж) басқарған.

Мұхамеджан Түймебаев арада жарты ғасырдан аса уақыт өтсе де ауылдағы ел әлі ұмытпады. Ол іскер басшы , қабілетті маман болатын. Мал шаруашылығымен айналысатын ауылға үкімет тарапынан да көп көмек алатын беделді басшы еді. Малшылар тұрмысынан баса назар аударатын. Жайлы қора, жылы үй, жеткілікті жем шөп, малшылар тұрмысына баса назар аударатын. Жайлы қора, жылы үй, жеткілікті жем -шөп , малшы азығы толық жеткізіліп отырған. Жұмысшылар арасындағы еңбек бәсекесі, ынтасы, жарыс барынша жанданумен дүркірейді. Өзіммен бәсекелес Ленин атындағы колхоздан және Жарсу мал совхозынан басым түсті.





Насиха апаймыз ордендарымен немерелерін таныстыру үстінде

Ерлі зайыпты жылқышы Қасым және Насиха Дүйсекеновтар 100 биеден 100 құлын алып, рекорд жасайды. Ақыры олар да омырауға Алтын жұлдыз тағады.

Совхозды Мұхамеджан басқарған жылдары қой саны 62 000 , жылқы -700 және ірі қара -1000 басқа жетті. Совхозда 1982 жылы 76 - трактор, 35- комбайын , 79- автокөлік және басқа да ауылшаруашылық техникалары еркін жетті.

Мұхамеджан Түймебаев Қапланбек зоотехникалық малдәрігерлік техникумын бітірген соң Жамбыл ауданындағы «Қазақ ССР -інің 30 жылдығы» ұжымшарында төраға , аудандық атқару комитетінің төрағасының орынбасары, одан кейін «Қастек» кеңшары директорының орынбасары болған. Білікті, тәжірибелі басшы еді. «Турген» қой совхозын 10 жыл ішінде облыстағы ең ірі малды өңірдің біріне айналдырғаны. Осыннан Социалистік Еңбек Ері атағын алды. Бұрында Ленин орденін екі рет, Еңбек Қызыл Ту орденін де екі мәрте, сондай - ақ, Құрмет белгісі орденімен және марапатталған-ды. Ол 1950-1957 жылдары «Түрксіб» кеңшарының, 1957 - 1961 жылдары бұрынғы Шелек ауданы «Қазақстан» жеміс - жүзім кеңшарын басқарды. Өмірінің жалғасы Іле ауданындағы «Алматы» жеміс - шарап кеңшарында директор болумен тәмамдалды. Бұл ауыл бүгінде осы еңбек ардагері М.Түймебаевтің есімімен аталады.

«Түрген» қой совхозының бір топ озаттары 1948 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық халық шаруашылық жетістіктері көрмесіне барғаны бар. Одан кейінгі жылдары да ауылдың озат ардагерлері атанған Әбдіғани Жампейісов , Мұқаш Байсуанов, Мәлік Құрымбаевтар да омырауларына түрлі орденмен медальдармен таққан, совхоз тарихында қалған азаматтар . Бірнеше дүркін облыстық Советтік депутаты. Болған Ботагөз Бекбатырованы және Қазақ ССР Әбдіқадыр Кистауовтар да туған ауылдың туын желбіреткен озат саңлақтар.

Ақ қойымен атағы шыққан совхозда қырықтықшылардың аудандық, облыстық, тіпті республикалық жарыс тек осында өтетін. Нурипа Байғараеваның қызы Базар Аскарованың әлемге танымал қырықтықшы атанғанын ереше атап кеткім келіп отыр.

Екпініді ауылының тумасы, ауылымызыдың атын дүниежүзіне шығарған апамыз Базар апа.

Ол тек елімізде ғана емес, шетелдегі жарысқа да қатысқан жүлдегер . Базар Аскарова 1963-1977 жылдар аралығында 8 рет облыс , 6 рет республика чемпионы атанды. Төрт дүркін бүкіл одақтық қырқтықшылар жарысының «Алтын жабағы» дипломын екі рет, 1966 жылы Қырғызстанда жәнеи1973 жылы Монғолияның Улан-Удэ қаласында өткен жарыста да екінші дәрежелі дипломмен екі рет марапатталған. Белгард қаласында өткен 1970 жылы қырқтықшылар жарысында да екінші орынмен оралған жан. Оған қоса республикалық дәрежедегі 9 грамота, 2 диплом жәнемаудандық, облыстық деңгейдегі сый-сияпаттары да есеп жоқ.




Осы Базар Аскаровамен қатар шыққан Сәбит Ботантаев ерлер арасынан үшінші рет өткен Республикалық конкурстың чемпионы атанса, Екпініді ауылынан қырқтықшылардың Республикалық төртінші чемпионы Әбдірахман Әшіров еді. Ал, Бекқали Орманов бірнеше дүркін обллыстық чемпион болды. Әрі шопан әрі қырқтықшылар атанған осы ауылдың бұл азаматтары күні бүгінге дейін ата - кәсіптен қол үзбеген. Малды ауылда осында игіліктер көп өткен. Қырбалтабай шопандар «Асы» жайлауындағы шопандар слетінде де аудан көшінің алдында көрінетін.





Қырқтықшылардың Республикалық төртінші чемпионы

Бекқали Орманов атамыз сурет ортасында жайғасқан


Қырықтықшылардың Республикалық төртінші чемпионы Әбдірахман Әшіров

Малмен көзін ашып , малмен ғұмыр кешкен Мырзахмет Нұрғожаев, Әбдіреш Ботбаев, Сәкен Мадияров, Төңкеріс Қапалбаев сынды мал мамандарының өзі бақұл болса да, артында қалған ізі бар.

Іле өзені бөгеліп, Қапшағай теңізі пайда болғаннан кейін «Түрген» қой совхозының көп жайылымымен су астында қалды. Сондықтан бұрынғы «Қызыл қазақ» ауылы мен «Ақжал» бөлімшесін дамытып ірі қой фермасына айналдыруға тура келді.

Осы ауылдан көтерілген, қазіргі аудандық ауылшаруашылық департаментінің бастығы Бауыржан Биманов, аудандық малдәрігері Сайлау Темешев, сол секілді Әлкен Сандыбаев, Марлен Сүлейменов, солармен қызметтес болған Бақыткүл Есіркепова, Маныш Мәжіковаларды да халық ұмытпас емес.

Аудандағы 1928 жылдары сауат ашу мектебі ең бірінші Құрөзекте ашылғанды. Қазір мұнда және Екпіндіде орталау мектеп, «Қызыл қазақта» бастауыш мектеп, ал ауыл орталығы Қырбалтабайда Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп - интернатымен бірге малшы балалары жатып оқитын мектеп интернат бір кезде аудандық үшеу еді, қазір екеу қалған. Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп бұрын «Овцевод» деп аталатын. Егемен ел болғалы қайта өзгеріс нәтижесінде Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп атанды.

Айбас Аубакиров, Мырзахмет Нұрғожаев, Даулетхан Әбдірахалықов, Айғаным Аубакиров , Клара Ботбаев, Айгүл Бөлегенова, Әнипа Халыкова, Виктор Моисеенко, Зәуре Кистауова сында мектеп директорлары мен ұлағатты ұстаздар тәрбиесінен қанаттанғандар да көп-ақ. Ауылдастар Мұрат Ноғайбаев сынды беделді қызметтер атқарып жүрген жерлестерін қашанда мақтан тұтады.



Сексен жылдық тарихы бар ауылдың шежіресі де таусылмас емес. Қырбалтабай селолық округіне қарайтын бес ауылдық мекен; Қайнар. Шалқар, Ақжал, Екпінді, Қырбалтабай бір бірінен шалғай блғанымен ұйымшылдығы , берекесі, ынтымағы мол, дәулеті тасыған, мәдениетті өскен өскелең ауыл . осы ауылдарда 667 отбасы 4343 адам тұрып жатыр. «Қырбалтабай» өндірістік кооперативті бұрыннан бар. Оған 214 шаруа қожалығы және қосылған.қой саны-20 мыңнан асады, ірі қара-4000, жылқы-1100 бас. Ауыл іргесінен түйе өсіретін, түйе сүтінен шұбат дайындайтын, ауыл тұрғындарын жұмысқа тартқан жаңа тірліктің шұбат өнімі Алматыдан республика мкөлемінде тарайды.

Бір дәрігерлік емхана , үш фельдшерлік пункт және 30 дүкен жұмыс істейді. Жиғаз жасау цехы мен наубайхана құрлысы да қарқынды жүруде. Жаңадан жанар - жағар май құю стансасы және автокөлік жөндеу шеберханасы да халық тілегі бойынша салынуда. Ағайынды кәсіпкерлер: Амантатай мен Амангелді Жұмабековтар мен Шолпан Богусова , Алхат Таубаевтар, сынды қалталы азаматтарға ауылдық округ әкімі қолдау көрсетіп, халық тұрмысына қызмет көрсетушілерді барынша таратуда.

Екпініді аулымызыдың атын шығырып жатқан өзінің қымызымен сусындатып жүрген Өтегенов Нұрғали ағайымызды да атап өтсек болады. Өзінің жеке кәсібінің арқасында ауылымызыды және аудан орталықтарын өзінің қысызымен және саумалымен сусындатып жатқан жайы бар. Әрі көлік , әрі сусын деп ұрандатып ауылымыздың жан ашыры деп атап кеткім келіп отыр.

Аулымызы қалалық жерден алшақ болғанымен ауылымыздағы тіршілік үзілмеуде.

Аулымызыда емдік қасиеті бар шипалы су табылған жайымыз да бар. Осы сумен айналысып жатқан Гулнар Кусаиновна Абенва апайымыз.

Бұл судың құрамын анықтағанда құрамында кремний қышқылының үлкен пайыздық көрсеткіші көрсетілді. Адам ағзасына кремнийдің пайдасы бар екені анықталған. Осы суды өз кәсібіне айналдырған Гүльнар апайымыз ем қабылдауға арналған демалыс орнын ашты. Бұл суды пайдаланған адамдар судың құрамындағы кремнийдің адам ағзасына пайдасының бар екендігін айтты. Мәселен , шашы түсіп, инсульт алған, жүрек ауруларына, әр түрлі тері ауруларының жазылуларына пайдасын тигізетіндігі жайлы рахметтерін жаудыруда. Әлі де болса бұл емдік демалыс орнына көптеп жан-жақтан адамдар келуде. Келіп суды өз пайдасына жаратып жатыр.




Емдік демалыс орныны салынуда





















Ортада тұрған кәсіпкер Ильяс аға





Қорытынды

Міне , менің аулым - нұр мекенім,

Әлдилеп, бесгімді тербеткенің

Сезбеппін - ау сезімнің менде екенін,

Білмеппін - ау , бақыттың сенде екенін.

Би билеуді үйреткен тал - тірегің,

Бір өзіңмен сезіндім - дерегін,

Жер бетінің жұмағы сен екенсің,

Сенен артық мекенім бар ма менің!



Ауданнын, ауылымның бұл тарихи шежіресі «Шелегім мен Есігім жер ұйығым бесігім» дей келе егеменді ел болғалы еңсемізді ерекше көтерілді, ана тіліміз, салт-дәстүріміз қайта жаңғырды , атамекен атаулары байырғы атауларына қайта ие болып өшкеніміз де , өлгеніміз де қайта тірілуде. Ел жаңарды, жер жасарды, дәуір өзгерді. Еліміз ойлап , жылдап емес күндер көркеюде. Өркениетті , өрісі кең ел қатарына теңелеміз деген қарышты қадам, дүркіреген дәулет, бақ қонған ынтымақ көрші елдерге таңданарлық таңсыққа айналуда. Оған біз тауба деудеміз. 2030 жылға жеткізсін. Оны ұзағынан сүйсіндірсін, ол ең қомақты тарих , нағыз шежіре.

Соның ішінде мақтауға да, тұрарлық ауданымыз жылдан жылға жақындап , экономикасы өсіп , халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып , жан сүйсіндіруде...

«Бұл тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы бергі тарихи жолын ой елегіне өткізіп, кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертен кім боламыз демек. Бұл әрбір азамат туған елімнің , туған халқымның тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл әрбір азамат тарихы қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз» Н.Ә.Назарбаев

Қолданылған әдебиеттер


1. С.Ж. Мадияров «Аулым - алтын бесігім» Қайнар баспасы 1990ж

2. Нұрсадық Сарғожаев «Алтын адам мекені» ТНК- 2030 2008

3. Қырбалтабай с/о әкімшілігі мұрағатынан

Пікір

Екпінді орталау мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тарих пәні мұғалімі Ахметова Жұлдыз Майтыбаевна


Руслан Мади «Ауылымының тарихы» атты тақырыпта біраз уақыттан бері ізденіс жүргізуде. Қарастырылған жобада, ауыл тарихын зерттеу кезінде ауылымызыда еңбегін сіңрген азаматтар жайында тоқталған. Халық қазынасының ауыл тарихына тереңіне бойлап, оның аса мазмұнды да, құнды тарихын зерттеп , зерделеп қажетіне жаратпақшы болған бұл оқушының қадамы құптарлық іс.

Оқушы өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізіп, ақпараттар жинаған. Жобада қолданылған әдебиеттер санын көбейтіп, ізденіс жалғастыруда. Әлі де болса дерек жағынан молырақ қамтып, архив қолжазбаларын молырақ қолдану керек.

Бұл ғылыми жоба білімділік пен тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеп, оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде үлкен маңызы бар.

Осы жоба ішінде оқушыларға таныс емес қасиетті сандар енгізілген. Мектеп оқушыларына осы ғылыми жобамен таныса отырып, оны меңгеру өте қажет.

«Ауылымызыдың тарихы» тақырыбын одан әрі жүргізетініне, оның қолдау табатынына сенім білдіремін.

Пікірші: Суранчиев Ж.М.


17




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал