7


  • Учителю
  • Тарих пәнінен 'Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері' тақырыбындағы сабақ жоспары (9 класс)

Тарих пәнінен 'Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері' тақырыбындағы сабақ жоспары (9 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 1920-1930 жылдары Қазақстанда жүргізілген индусрияландыру саясатының жетістіктері мен зардаптарын ашу.

Дамыушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, білімділік пен білік дағдыларын қалыптастыру, түрлі танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың тарихи танымын кеңейту.

Тәрбиелік: Өз елінің тарихын білумен қатар, оны құрметтеуге, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: (топтық оқыту) жарыс сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Тірек-сызбалар арқылы жаңа сабақты түсіндіру, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: 1. Б. Нұржекеев «Өзендер өрнектеген өлке»

2. Г. Жүгенбаева «Түркістан темір жолының тарихы»

3. Ә. Қасеев «Репродукциялар альбомы»

4. Слайд, тірек-сызба, кеспе қағаздар, карта

І. Сабақтың барысы:

Оқушыларды топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау сұрақтары.

«Зиялылар» тобына:

  1. Қазақ автономиясының құрылуы және оның арихи маңызы.

  2. Автономияның алғашқы жылдарындағы қоғамдық-саяси өмір.

  3. Қазақ жерін Қазақ АКСР-інің құрамына біріктіру қалай жүргізілді?


«Озаттар» тобына:

  1. Қазақстандағы 1921-1922ж. аштықтың себебі және оның зардаптары қандай болды?

  2. 1921-1922ж.ж. жер-су реформасының маңызы неде?

  3. Жаңа экономикалық саясаттың қиыншылықтары мен табыстары.


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жоспары:

  1. Елді индустрияландыруға бағыт алу және оның қиыншылықтары.

  2. Қазақстан индустриясының жетекші объектілерін жүзеге асыру.

  3. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері.

  4. Жұмысшы табының социалистік индустрияландыруды жүзеге асыруда атқарған қызметі.

Ой қозғау сұрақтары:

Бүгінгі сабағымыз не туралы?

Индустрияландыру дегеніміз не?


1925 жылы желтоқсанда жетекші билеуші партияның ХІV съезі өтіп, елде индустрияландыру бағытын жолға қойды. Бұл бағыт бойынша ел аграрлық елден өнеркәсіпті елге айналуы тиіс болды.

Қазақсандағы индустрияландыру ісі уақыты жағынан КСРО халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928-1932 ж.) тұстас келді және мейлінше қиын жағдайда өтті. Ол кезде халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған еді. Өнеркәсіп өндірісі тұтас алғанда соғысқа дейінгі деңгейінің 61%-ына ғана жетті.

Қазақстан экономикасында бұрынғысынша ауыл шаруашылығы басым болатын, оның үлесіне бүкіл жалпы өнімнің 84,4%-ы тиетін, халықтың 90%-ы ауылды жерлерде тұратын.

Сонымен бірге жаңа экономикалық саясат жағдайында өлке экономикасында елеулі өзгерістер болғанын атап өткен жөн. Иесіз қалған шахталар мен кәсіпшіліктер қайтадан қатарға қосылды. 1926 жылы ол Қазақстандағы өнеркәсіп өнімінің үштен бірін берді. Сауда жандана түсті. Шаруашылық есепті, өзін-өзі өтеуді, өзін-өзі қаржыландыруды енгізу және басқа шаралар өнеркәсіптің жаңа экономикалық саясат арнасына дамуына игі әсер етті.

Өнеркәсіптен

Орталық Қазақстандағы көмір өндіретін шағын шахталар

Орал-Ембі өңіріндегі бірінші мұнай кәсіпшіліктері

Алтайдағы түсті металлургия кәсіпорындары ғана бар еді.

Ұлттық инженер техниктер саусақпен санарлықтай болды. Жұмысшы тобының саны аз еді.

Жаңа экономикалық саясат жағдайындағы өзгерістерінің әсері әлі сезіле қоймаған болатын.

Қазақстанның экономикасында ауыл шаруашылығың үлесі басым болғандықтан.

Байланыс және тасымал құралдары нашар дамыған.

Жер қойнауының әлі де толық зерттелмегендігінен түсіндіруге болады.

Республика өнеркәсібі дамуының төмен деңгейде болуының себептері



Халық шаруашылығының мұқтажына қажетті теміржолдар мен техникалық байланыс құралдарын орнықтыруды.

Жергілікті өнеркәсіп орындарының ескілерін қалпына келтіріп, жаңаларын салуды.

Шахталарды толық іске қосуды.

Халық шаруашылығы ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларын дамытуды талап етті.

Өлкенің бұрын отарлық жағдайда болуында байланысты экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да шектеулігі, халық билігінің жеке диктатурамен алмастырылуы әміршілдік төрешілдік басшылық әдістің енгізілуі асқындыра түсті.

Қазақстанда социализмнің былайша бұрмалануы 1925-1933 жылдары Қазақ Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф.И.Голощекиннің есімімен және қызметімен тікелей байланысты.

Сталиннің қатаң бағытын, соның идеясын жақтады. Голощекин ауыл «Қазан лебін сезінген жоқ». «1925 жылдың күзіне дейін бізде Қазақстан мен оның партия ұйымы болған да жоқ» деп дәлелдеп, сөйтіп, «кіші Қазан» төңкерісін өткізу идеясын ұсынды.

Бірақ жергілікті халық қарсылық білдірді. Сол кезде Голощекин Сталинге хат жазды. Сталин Голощекиннің ұсынысын «бірден-бір дұрыс саясат» деп қысқа әрі айқын жауап қайтарды.

«Кіші Қазан» бағытына қарсы жетекшілердің бірі - С.Сәдуақасов өнеркәсіптің шикізат көзіне жақындату идеясын қорғады.

Қазақстандағы индустрияландыру жолдары туралы түрлі көзқарастар болды. Біреулер «түйеден социализмге» өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен заводтар салу шамадан тыс нәрсе болып табылды, «Қазақтармен өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындай алмайсың» және т.с.с. түрлі айтыстар болды. Ірі саяси қайраткерлер С.Сәдуақасов, Ж.Мыңбаев және т.б. бұған қарсы шықты. Қазақстанда индустрияландыру болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғи байлықтарды зерттеуден басталды. КСРО Ғылым академиясы 20-жылдардың аяғы 30-жылдардың басында көптеген көрнекті ғалымдардың қатысуымен ұйымдастырған кешенді экспедициялар іс жүзінде республиканың бүкіл аумағын қамтыды.

Академик И.М.Губкин Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеп, «бұл кен орыны елдегі аса бай облыстардың бірі» деген қорытындыға келді.

Қ.И.Сәтбаев Қазақтың жас инженер-геологы, кейіннен академик, Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болды. Ол Жезқазған ауданындағы мыс кен орындарын мұқият зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеп берді.

Академик Н.С.Курнаков басшылық еткен топ Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеді. Нәтижесінде «Қазақ Республикасының Кеңес Одағының тұтас метоллогенді провинциясы болып табылады» деген тұжырым жасады.

КСРО Ғылым академиясының 20-жылдары аяғы 30-жылдардың басынан көрнекті ғалымдардың қатысуымен ұйымдастырылған экспедициясының нәтижесі.

Елді индустрияландыру туралы жаңа саясатты жүргізу үшін теміржол салу ісін жалғастыру қолға алынды.

220 мың шаршы шақырым аумақты алып жатқан Жетісу өлкесінде бірде-бір теміржол болмады. Мұның өзі ауыл шаруашылығын, өнеркәсіпті дамытуды тежеді.

Қазақстан индустриясының жетекші объектілері. 1927 жылы Түркістан-Сібір теміржол магистралі салына бастады. Бұл теміржол құрылысы еліміздің тарихына еңбек ерлігінің үздік үлгісі ретінде енді. Теміржолды салуға басшылық етушілердің арасында белгілі қазақ зиялылары Т.Рысқұлов, М.Тынышбаев, т.б. болды.Оның құрылысында 100 мыңдай адам-орыстар, қазақтар, украиндар, қырғыздар, татарлар, башқұрттар еңбек етті. Он мыңдай қазақ жұмысшылары теміржолшы, құрылысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын меңгерді. Сәфи Өтебаев, Мелдебек Сағымбеков, Ахметжан Сафин, Зағира Табылдинова - Қазақстандағы индустрияландыру ісінің үздіктері болды.

«Түріксіб» жоспарда белгіленген бес жылдың орнына үш жылда салынып бітті. 1930 жылғы 28 сәуірде солтүстік және оңтүстік учаскелері «Айнабұлақ» стансасында түйісіп, жол уақытша іске қосылды, ал 1931 жылғы қаңтар айында тұрақты пайдалануға берілді.

Ембінің мұнай кәсіпшіліктері

Қарағанды шахталары

Балқаш мыс балқыту зауыты

Түріксіб теміржолы

Қазақстан индустриясының жетекші объектілері



Шымкент қорғасын зауыты

Кенді Алтай мен Ащысайдағы полиметалл кәсіпорындары

Ақтөбе комбинаты




Индустрияландырудың ерекшеліктері.

Индустрияландыру Қазақстанда, негізінен, жоғарыдан жүргізілді.

Қазақстанда салынған өнеркәсіптер дайын өнім шығармады. Шикізатты, негізінен, Ресей мен Украина өнеркәсіптеріне тасыды.

Урбанизация күшейіп, 1930 жылы қала халқының үлесі 29,8% болды.

1935 жылы республикадағы жұмысшылардың 43%-ы қазақтар болды.

1939 жылы республикадағы қала халқының саны 375000-ға дейін жетті.

ІІІ. Жаңа тақырыпты бекіту.

«Зиялылар» тобына:

І. Даталар сөйлейді.

  1. 1928-1932жж.

  2. 1925-1933жж.

  3. 1930ж. 20 сәуір.

ІІ. Тарихи сынақхат.

  1. Қазақстанда индустриландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті..... зерттеуден басталады.

  2. «Түріксіб» теміржолы..... жылдан бастап салына бастады.

  3. Оның құрылысында...... еңбек етті.

«Озаттар» тобына:

І. Төмендегі сөздерді кімдер айтқан?

  1. «1925 жылдың күзіне дейін бізде болған жағдайларды Қазақстан мен оның партия ұйымдары тарихының алғышарттары деп атауға болады».

  2. «Құрылысшылар зор кедергілерден өтіп отырды. Болат жол ұшықиыры жоқ дала, тау жоталары, өзендер мен терең сайлар арқылы салынды. Жазда-ыстық, аптап, қыста үскірік, аяз, қарлы боран титықтатты. Бірақ кеңес адамын ешқандай қиындық тоқтата алмады».

  3. «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды...».


ІІ. Уақыт кеңістігі: Венн диаграмасы арқылы 1920-1930 жылдардағы Қазақстанда жүргізілген индустрияландыру саясаты мен қазіргі Қазақстан Республикасындағы индустрияландырудың ұқсастығы мен айырмашылығын табу.


1920-1930жж.Қаз.АКСР Ұқсастығы Қ.Р.

ІҮ. Қорытындылау:

  1. «Ең озат топ атағына ие болу».

  2. Оқушыларды жеке бағалау.


Ү. Үйге тапсырма:

§14. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

«Түріксіб» теміржолының жетекшілері Т.Рысқұлов, М.Тынышбаев жөнінде мәлімет жинау, реферат жазу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал