- Учителю
 - Алаш қозғалысы және «Алаш» партиясының құрылуы. (9 класс)
 
Алаш қозғалысы және «Алаш» партиясының құрылуы. (9 класс)
9-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §6. Алаш қозғалысы және «Алаш» партиясының құрылуы
Сабақтың мақсаты:
-  
ХХ ғасырдың басында қоғамдық - саяси қатынастардың дамуында үлкен өзгерістер туғызған саяси оқиғалар ахуалын, ұлттық мемлекет құру идеясының жандануы туралы түсіндіру;
 -  
Қоғамдық өмірдегі саяси шиеленістер кезеңінде Қазақстанның саяси жағдайы, ұлт зиялыларының іс-әрекеттері мен нәтижелерін көрсету.
 -  
Оқушы санасында отаншылдық қасиеттерді оята отырып, Қазақстанның ХХ ғасыр бойындағы қоғамдық өмірдегі орнын көрсету.
 -  
Оқушыларды қоғамдық - саяси өмір дамуының кезеңдерімен, тарихи өзгерістердің қоғамдық қатынастардың дамуына тигізер әсерімен таныстыру.
 
Күтілетін нәтиже: Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы - Алаш қозғалысы, партияның құрылуы мен бағдарламасы және партияның зиялы өкілдері жайлы біледі.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба, слайд.
Сабақтың жоспары І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақтың жоспары
IV. Сабақты бекіту
V. Бағалау
VI. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
-  
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
 -  
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
 
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Қазақстан 1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде. Сыныпты екі топқа бөлемін.
«Миға шабуыл».
-  
Ақпан революциясы қай жылы жеңіске жетті?
 -  
Уақытша үкіметтің комиссарларын атаңдар.
 -  
Өлкеде Уақытша үкіметпен қатар орнаған билік жүйелерін атаңдар.
 -  
Уақытша үкімет Қазақстанда қандай саясат жүргізді?
 -  
«Шура-ислами», «Шура-улема» саяси ұйымдары қашан құрылды?
 -  
Өздерің білетін жастар ұйымдары мен үйірмелерін атаңдар.
 -  
Ақпан революциясының маңызы қандай?
 
Әрбір топ өздеріне берілген тапсырмалар бойынша жауап береді.
1-топ. Қазақстанда Ақпан революциясынан кейінгі құрылған билік жүйелері
Атауы
Сипаты
 
 
2-топ. Қазақстандағы Ақпан революциясы
Қандай мәселені шешті?
Қандай мәселелерді шеше алмады?
 
 
Жаңа сабақтың жоспары:
-  
Алаш қозғалысы. «Алаш» партиясының құрылуы.
 -  
«Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы.
 -  
Алаш қозғалысының тарихи маңызы.
 
 
Жаңа сабақ слайдпен жоспар бойынша түсіндіріліп, көрсетіледі.
№1 слайд. «Алаш» партиясының құрылуы жайлы мәлімет.
№2 слайд. «Алаш» партиясының басшылары мен өкілдері.
№3 слайд. «Қазақ» газеті және «Алаш»
№4 слайд. Алаш арыстары.
№5 слайд. «Алаш» партиясының бағдарламасының жобасы.
№6 слайд. Алаш қозғалысының тарихи маңызы
IV. Сабақты бекіту: Топтар берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды.
-  
Ақпан ревалюциясының жеңісін қазақ зиялыларының құптап қарсы алуының себебі неде?
 -  
Алаш партиясының алдарына қойған мақсаттары мен нақты әрекеттеріне сипаттама беріңдер.
 
Құжатпен жұмыс. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасының мәнін түсіну.
Шығармашылық тапсырма: Кесте толтыру. «Алаш» партиясы
Партия қашан құрылды?
 
«Алаш» партиясының басшылары
 
«Алаш» партиясының мақсаты
 
Партия бағдарламасының бөлімдері
 
«Алаш» партиясының Қазан революциясына көзқарасы
 
«Алаш» қозғалысының жеңілу себептері
 
Бағалау: өзін-өзі бағалау
Үйге тапсырма: §6. «Алаш алыптары» тақырыбына реферат дайындау.