- Учителю
- Планирование 7 класс 'Қазақ халқының мәдениеті'
Планирование 7 класс 'Қазақ халқының мәдениеті'
Сынып: 7
Пән: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
-
Оқушыларды ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы Қазақстанның материалдық және рухани мәдениетімен, олардың жыл мезгілдерін бақылау тәжірибесімен, жерлеу дәстүрімен жан-жақты таныстыру;
-
Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық, ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
-
Оқушыларды өз елінің тарихын, тілін, дінін, ұлттық құндылықтарын құрметтеуге, Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: суреттер, сызба, карта
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқу құралын тексеріп түгендеу
-
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
-
Тәуке хан өзінің ішкі-сыртқы жағдайын жақсатруда қандай шараларды қолданды?
-
Ұлы билердің қазақ қоғамындағы рөлін қалай түсінесіңдер?
-
Билердің өмірі мен қоғамдық қызметі туралы айтып беріңдер
III. Жаңа сабақтың жоспары:
-
Материалдық мәдениет
-
Қазақтарда тұрғын үйдің екі түрі болды. Жаздыкүні жеңіл киіз үйлерде тұрса, қыстыкүні жер үйде, шымнан, балшықтан немесе тастан салынған жылы үйде тұрды. Жазғы үйдің екі түрі болды.
-
Рухани халқының жыл мезгілдерін бақылауы
-
Халқымызда отбасы-неке қатынастарында құда түсу, қыз ұзату, келін түсіруде ертеден келе жатқан көптеген әдет-ғұрып, кәделер сақталған. Қазақ келіндері «ат тергеу» ғұрпы бойынша үйдің үлкен кішілерінің аттарын атамай, оларға басқаша ат қояды (мырза аға, ерке бала, аппақ қыз т.б.). Мұның өзі қазақ қоғамындағы үлкенді сыйлаудың , құрмет көрсетудің белгісі. Қазақтың қонақжайлылығы да рухани байлығын көрсетеді.
-
Қазақ жерінде ислам дінінің нығаюы.
-
Түрік ғалымы Сейби қазақтардан 200 мыңнан астам адамның ислам дінін ұстанғандарын атап өткен. Орта ғасырдың соңғы кезінде, 1558-1560 жылдары Қазақстанда болған ағылшын көпесі А.Дженкинсон қазақтарды «Ислам дініне сенетін халықтар»-деп жазады. Мұның бәрі қазақтар арасында ислам дінінің кең тарағандығын көрсетеді.
-
Жерлеу дәстүрі.
IY. Сабақты бекіту:
-
«Мәдениет» ұғымын қалай түсінесің?
-
Материалдық мәдениет дегеніміз не?
-
Ұлттық материалдық мәдениетке не жатады?
-
Рухани мәдениет дегенді қалай түсінесің?
-
Ауыз әдебиетінің түрлерін айтып, оның бір түріне талдау жасаңдар
-
Ислам дінінің қазақтар арасында таралуының қандай ерекшеліктері болды? Қандай діни жоралғылар ұстанды?
Y. Бағалау
YI. Үйге тапсырма: §44-45 оқу