- Учителю
- На тему 'Қарахан мемлекеті'
На тему 'Қарахан мемлекеті'
Қазақстан тарихы пәні .Сабақты жүргізген Жетпісбай Майра Ықсанқызы
Қарахан мемлекеті 942-1212жж
Сабақтың мақсаты:Қарахан мемлекетінің 942-1212жж аралығында жер аумағын,саяси және экономикалық жағдайын,шаруашылығын және мәдениетін топтық жұмыс барысында зерттеу.
Міндеті:Өз бетінше ойлап ақпаратты меңгере алуды ,мәтінмен жұмыс дағдысын дамыту,мәтінге сұрақ қою,белгілеу, тұжырымдау
Күтілетін нәтиже:Қарахан мемлекетінің экономикалық және саяси жағдайындағы ерекшеліктерін анықтайды ,өз бетімен ақпаратты меңгере алады,ақпаратпен ықыласты жұмыс жасайды,мәтінге сұрақ қояды,белгілей ді,тұжырымдайды.
Осы сабақ «Мен» атты тренингінен басталды.Оның мақсаты класта ынтымақтастықты қалыптастыру,оқушыларда өздеріне сенімділікті арттыру.Тренинг барысында оқушылар өздерін өздері мадақтады.Мысалы Азамат өзін мен ақылдымын десе ,Әсемгүл мен әдемімін деп жалғастырды.Сатұқ-Боғра-хан,иқта,Мұса,кесене сөздері арқылы класс топтарға бөлінді.Топтарда көшбасшы сайланды.Бірінші топта Кәмшат,екінші топта Шерхан,үшінші топта Нүркен, төртінші топта Абылайхан көшбасшы болып сайланды. Топтар оларға үлкен сенім артты.Көшбасшыларды олар атқаратын міндеттерімен таныстырдым.Олар бүкіл топ мүшелерін топтық жұмысқа тарту керек екендігі түсіндірілді.Әр топтың ортасында «Топ ережесі» жатты
Топтың жұмысын бағалау үшін критерийлер анықталды.Критерийлер бойынша бағалаудың тиімділігі атап көрсетілді.Өткен тапсырманы жіңішке,жуан сұрақтар арқылы сұралды.Әр топтан бір оқушыдан «Жекпе-жекке» шығып бір біріне сұрақтар қойды.
.Ақтолқын мен Абылайхан,Құндыз бен Айтолқын жекпе-жекке шықты.Қойылған сұрақтар: Көне түрік әліпбиі неше әріптен тұрады?Көне түркілердің 7-8ғғ жататын ежелгі жазбалары қай жерден табылып зерттелген? Түрік жазба әдебиетінің қандай көне ескерткіштері бар?.т. бСұрақ қою барысында оқушылар сараптайды ,болжайды.Бір жұп өзара сұрақ қойып болған соң олардың жауаптары шапалақ арқылы бағаланды.Жаңа тақырыпқа көшу барысында мен класқа сұрақ қойдым.Қимақтар тайпасынан кейін тарихи сахнаға қандай мемлекет келді?Оқушылар қарахандар деп жауап берді.Қархандар мемлекетінің құрылуын,шаруашылығын зерттеуді бір топқа,қоғамдық құрылысы мен мәдениетін екінші топқа, мемлекеттің саяси жағдайын үшінші топқа,интернеттен қосымша мәлімет іздеуді төртінші топқа тапсырдым.Әр топ оқулықтағы мәтінмен танысып,ой елегіне өткізіп ,идея ұсынып,талқылап, постерге тақырыпшаларын ашып ,презентация жасады.
.Презентация жасаған кезде бүкіл топ мүшелері таныстырылымға қатысқаны дұрыс екендігі ескертілді.Оқушыларға өз ойларын ашық айтуға мүмкіншілік берілді.Бүкіл топтар
тақырыпшаларын терең ашты,оқушылар еркін сөйледі.Өзге топ мүшелері екі жұлдыз ,бір әттегенай мен топтар жұмысын бағалады.
.Бүкіл оқушылар өз ойларын айтып стикерлерін постерлерге ілді.Интернеттен оқушылар көптеген қосымша мәлімет тапты,ізденді,олрдың оқуға деген қызығушылығы артты.Балаларды шаршатып алмау үшін сергіту сәті өткізілді
.Алған білімдерін бекіту мақсатында «Сиқырлы доп» әдісі алынды.Оқушылар шеңберге тұрып бір біріне доп лақтырып сұрақ қойды. Сабақтың соңында оқушылар бағдаршам арқылы өздері қаншалықты
Сабақты менгергенін көрсетті.