7


ХЕТТ ПАТШАЛЫҒЫ 6 СЫНЫП

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Дүниежүзі тарихы

Сыныбы: 6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Хетт патшалығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Хетт патшалығы туралы мәлімет беру;

Дамытушылық: Дүниежүзі тарихы бойынша білімдерін толықтыру, оқушының қосымша деректерді тауып пайдалану, ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін, өз бетімен жұмыс жасау дағдысын дамыту;

Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушыларды өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін сүйетін, отансүйгіш дарынды ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, топпен жұмыс, картамен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі мен жабдығы: тақырыптық карта

Пәнаралық байланыс: география, әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) оқушыларды түгендеу.

Ә) оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Асссрия мемлекетінің құрылуы

  2. Табиғат жағдайлары

  3. Ассирияның шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы

ІІІ. Жаңа сабақ:

  1. Географиялық ораласуы

  2. Тарихы

  3. Патшалықтың құрылуы

Хетт патшалығы - б.з.б. 18 - 12 ғасырлар аралығында Кіші Азияда өмір сүрген ежелгі мемлекет. Б.з.б. 20 - 19 ғасыларда құрамына хетт, хатти этникалық топтары кірген кішіазиялық саяси бірлестіктердің (Канес, Хаттусас, Бурушханда) негізінде құрылған. Хетт патшасы Анитастың кезінде (шамамен б.з.б. 18 ғасыр) оған дейін бағынған кішіазиялық елді мекендердің өзара бірігуі басталды. Ол , қалаларын басып алып, Куссарды астанаға айналдырды. Ежелгі хетт әулетінің негізін салушы (б.з.б. 17 ғ-дың бас кезі) Хетт патшалығының аумағын кеңейтті. Лабарнаның мұрагері Хаттусилис Қ-нің кезінде (б.з.б. 17 ғасырдың ортасы) мен Кіші Азияның оңтүстік-шығысындағы бірқатар облыстар басып алынды. Ол астананы Хаттусасқа көшірді. Хаттусилис Қ-нің ұлы Мурсилис Қ-нің тұсында Хетт пирамидасының әскери қуаты ең жоғары өрлеу шегіне жетті. Онан кейінгі 100 жылдай кезең өзара қырқысу соғыстары мен сарай төңкерістеріне толы болды. Хетт заңдары қабылданғанға дейін (шамамен б.з.б. 16 ғасыр) Хетт патшалығы үш негізгі бөліктен: орталық Хаттусас болған орталық облыстан, Кіші Азияның оңтүстік-батысындағы мен солтүстік-шығысындағы құралды. Б.з.б. 15 - 14 ғасырдың бас кезінде лувиялықтар мен хурриттер мекендеген оңтүстік облыстардың рөлі күрт күшейді. Жаңа патшалық деп аталған кезеңдегі (б.з.б. 14 ғасыр - 12 ғасырдың бас кезі) хетт патшалары хуриттер болды. Қ патша (б.з.б. 14 ғасырдың басы) ұзаққа созылған соғыстан кейін талқандап, тәуелділікке түсірді. Кейінгі патшалар Мурсилис ҚҚ билік еткен уақыттан (б.з.б. 14 ғ-дың соңы) Хаттусили ҚҚҚ-ге дейін Хетт патшалығы мен Таяу Шығыстың екі қуатты державасы ретінде иемдену үшін өзара соғысты. Б.з.б. 13 ғасырдың соңы мен 12 ғасыдың бас кезінде Хетт патшалығына мен кірген мемлекеттер одағы қарсы шықты. Билеушілер әулетінің өзара қырқысу соғыстары, шеткері облыстар мен одақтас патшалардың оның құрамынан шығуы мемлекеттің ыдырауына әкеп соқты. Хетт патшалығы мүлдем жойылуына Кіші Азиядағы "теңіз халықтарының" шығысқа қарай қоныс аударуы да түрткі болды. Хетт патшалығы Ежелгі Шығыста, әсіресе, Кіші Азияда 600 жыл бойы жетекші мемлекет болып, бұл аймақтың дамуында үлкен рөл атқарды. Үздіксіз соғыстар хеттердің қорғаныс сәулет өнерінің дамуына жағдай жасады. Осы кезеңде сарайлар мен ғибадатханалар бой көтерді. Бұл архитектуралық ескерткіштер терезелерінің кеңдігімен ерекшеленді. Сәулет өнері жұмысы мүсін және бедерлеумен тығыз байланыста болды. Ежелгі хетт өнері шығыс халықтары өркениетінде үлкен із қалдырды. Хетт патшалығының саяси құрылымы да күрделі болды. Патша жеке облыстарды басқару үшін жергілікті әкімдерді тағайындады. Жер иеліктерін алғандар белгілі бір шаруашылық міндеттерін немесе әскери қызмет атқаруға тиіс болды. Құлдар бүкіл халықтың шамалы бөлігін құрады. Құлдар мен ерікті хеттердің арасында ерекше жер үлестері берілген әскери тұтқындардың әлеуметтік тобы болды. Патша шексіз билік құрып, ол құдаймен қатар қойылды. Хетт патшалығы жойылғаннан кейін мемлекетті құраған жергілікті тайпалар кейіннен келіп қоныстанған халықтардың құрамына сіңіп кетті.

IV. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру:

  1. Хетт патшалығы неше негізгі бөліктен тұрды - 3

  2. Сәулет өнерінің дамуы

V. Бекіту:

Хетт шаруашылығы туралы айтып беріңіз

VI. Бағалау:

VII. Үйге тапсырма:

Хетт патшалығы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал