7


  • Учителю
  • Қазақстан тарихы пәнінен '1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс' тақырыбындағы сабақ жоспары /9 класс/

Қазақстан тарихы пәнінен '1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс' тақырыбындағы сабақ жоспары /9 класс/

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№2. Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

  • көтерілістің барысы туралы көтерілістің жеңілуі және салдарлары туралы мағлұмат беру.
    Міндеттері:
    ІІ. Білімділік. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші кімдер, барысы , себеп салдары туралы оқушыларға толық мағлұмат беру.
    ІІ . Дамытушылық. Деңгейлік тапсырмалар бере отырып, оқушыларды шығармашылық ізденіске, өз пікірін жеткізе білуге үйрету.
    ІІІ. Тәрбиелік. Білімділікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жана сабақ. Қазақстантарихынан өткізілген ашық сабақ жоспары.

Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.

Мақсаты: Халқымыздың 1916 жылғы азаттық күроесіне қатысуы, ұлт-азаттық қозғалыстың алғышарттары,

Сабақтың түрі: Аралас.

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ- жауап,тест жұмыстары.

Көрнекілігі: Карта, тірек сызбалар, электронды тақта.

Сабақтың барысы : І Ұйымдастыру.

Оқушыларды түгелдеу.

ІІ. Жаңа сабақ. § 2 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс.

1916 жылғы Қазақстандағы ұлт- азаттық қозғалыстың тууына әсер еткен жағдайлар:

1. Столыпин реформасы кезінде жергілікті халықтың егіншілікке жарамды жерін тартып алудың кең етек алуы;

2. Бірінші дүние жүзілік соғыстың халық үшін ауыр зардаптары;

3. дәстүрлі қазақ шаруашылығының дағдарысқа ұшырауы;

4. өлкені тонаудың күшейе түсуі, алым салықтардың еселеп өсуі;

5. орыстардыру саясатының асқына түсуі, ұлттық саяси теңсіздік.

Басты себептері:

  1. Қазақ жерін отарлауы.

  2. Қазақ жерлерінің Ресей империясының мемлекеттік меншігі болып жариялануы.

  3. Петербург сарайының «бұратаналарды» қара жұмысқа тарту туралы 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығының шығуы.

Негізгі қозғаушы күші:

  • қазақ ауылының еңбекші шаруалары;

  • жұмысшы табы өкілдері;

  • байлар, билер, молдалар;

  • болыс басшылары;

  • зиялы қауымның әр-түрлі топтары.

Мақсаты:

Қазақ халқының ұлттық және саяси тәуелсіздігін көздеді.

Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыған қозғалыс;

  • Жетісу облысында Ж Мәмбетов, Ұ.Саурықов, С.Қонаев, Қ.Шорманов, Қ.Құдайбергенов, Т.Бокин,Б.Әшекеев;

  • Торғай облысында Ә. Жанбосынов, А.Иманов,Ә .Жангелдин;

  • Ақмола облысында Ә.Майкөтов;

  • Бөкей даласында С.Меңдешев;

  • Ақтөбе облысында Б.Алманов;

  • Сырдария облысында Т.Рысқұлов;

  • Орал облысында Ә.Әитиевтер болған.

Адамдар тізімінің , 19 және 31 жас арасындағы ер азаматтар тіркелген құжаттардың болмауы қосымша қиындықтар тудырды.

Аталған жарлық қазақ даласын өте ауыр жағдайға қалдырды. Тыл жұмыстарына жұмылдыру егін өнімдері мен пішен жинау, малды қысқы жайылымдарға айдауға дайындық кезінде жүргізілді.Ұлт-азаттық қозғалысқа қазақ жұмысшылары да қатынасты. Спасскы мен Қарқаралы зауыттарындағы,Успенскі мен Жезқазған кеніштеріндегі Қарағанды мен Екібастұз көмір кендеріндегі, Ембі мұнай кәсіпшіліктеріндегі, Омбы, Орынбор- Ташкент темір жолындағы жұмысшылар жұмыстарын тастап көтерілісшілерге келіп қосылды.

Қазақтарға тыл жұмыстарына алу жөніндегі патша жарлығы Орынборға 1916 жылғы 28 маусымда жетті.Торғай облысының әкімшілігі метрополияның тікелей өкілдігі ретінде патша жарлығын сөзсіз , бұлжытпай орындау жөнінде шешім қабылдады.Алайда халық наразылығы күн санап өсе түсті.

Қостанай,Ырғыз, Ақтөбе уездерінде шаруалардың стихиялы бас көтерулері басталды.Көтерілісшілер тау шатқалдарына топтасып, пошта бекеттеріне шабуыл жасады, темір жолды бұзды, болыстық басқармаларды талқандап, болыстарды өлтірді.Көтеріліс Солтүстік Қазақстанның көптеген облыстарын қамтыды.

Торғай уезінде Амангелді Иманов бастаған ірі көтерілісшілер жасағы құрылды. Көтеріліске дейін - ақ Амангелді даладағы халық бостандығын жақтаушы, отарлық тәртіптің бітіспес қарсыласы ретінде танылған.Ол бірнеше рет түрмеге де түсті,заңсыз сотталған жерлестерінің ісімен Петербургке де барып келді.

1916 жылы шілдеде Амангелді шашыранды қазақ жасақтарын көтерілісшілердің біріңғай сапына жинай бастады. Көтерілісшілер Амангелдіні көтерілісшілер әскерінің бас қолбасшысы- сардарбек, Оспан Шолақты оның көмекшісі етіп, Әбдіғаппар Жанбосыновты хан етіп сайлады.Сарбаздар ондық, жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді.Басқару жұмысы штаб міндетін атқарған Әскери Кеңес арқылы жүзеге асырылды.Бейбіт халық пен сарбаздардың арасындағы даулы мәселелерді елбегі шешті. Көтерілісшілер үшін салықтар мен азық түлікті жасақшылар жинады, қаражат жөніндегі жұмыстарды арнайы тағайындалған қазынашы атқарды.

Көтерілісшілер жасағын мойындаған халық битамал- 4 сомдық салықтан өзге салықтардың барлық түрінен босатылды., пошта жүйесі жолға қойылды.1916 жылғы қазан айына қарай Торғай мен Ырғыз уездерінде әрқайсысында 2-3 мың адам болған 20-дай көтерілісшілер жасағы болды. Көтерілісші жасақтар үш ірі жасаққа топтасты.

Қазанда көтерілісшілер Қарабұтақ селосын қоршап,Қожакөл мен Татыр көлдері ауданында жазалаушы отрядқа шабуыл жасады. 23

Қазан күні Амангелді бастаған 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Қазан әскери округы әскерлерінің қолбасшысы әскери министрге жолдаған хабарында: «Торғай және Ырғыз уездеріндегі жағдайдың тез нашарлап бар жатқанын, Торғаймен тек телеграф байланысы ғана емес, барлық қарым- қатынастың үзілгенін, Ырғыздың қоршала бастағанын» баяндайды.Сонымен бір мезгілде көтерілісшілердің Торғай мен Ырғызды басып алып,Орынбор- Ташкент темір жолындағы қозғалысты тоқтатып тастау ойының бар екендігі хабарланды.

Торғай көтерілісшілеріне көрші облыстардың қазақтары қосылды. 1916 жылдың қарашасында көтерілісшілердің саны 50 мыңға жетті.Жазалаушы отрядтар көтерілісті баса алмады.Патша үкіметі ең соңғы шешімге бел буды. Құрамына майданнан әкелінген бөлімдер енген генерал Лаврентьев басқарған арнайы экспедициялық корпус құрылды.Корпус шабуылды бірден үш бағыттан- Қостанай, Ақтөбе, Шалқардан бастады.

Көтерілісшілер Торғайды ала алмады.Қарашаның екінші жартысында көтерілісшілер Торғайдан 150 шақырыымға шегініп , Батпаққара шатқалы ауданында, бір бөлігі Аққұм құмында топтасты.Көтерілісшілермен күрес жүргізу үшін Самарадан генерал Макаровтың жаңа жазалаушы экспедициясы шығып, оған Орынбордан әскери бөлімдер қосылды.

ІІІ Пысықтау сұрақтары:

  1. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт- азаттық қозғалыстың тууына әсер еткен жағдайлар?

  2. Басты себептері?

  3. Негізгі қозғаушы күші кімдер?

  4. Мақсаты қандай болды?

  5. Торғай облысындағы көтерілісті кім басқарды?

  6. Қазақ әдебиетінен осы ұлт- азаттық қозғалысқа байланысты кімдердің шығармаларын білесіңдер? М.Әуезов «Қилы заман», Ж.Аймауытов «Қартқожа».тб

Сөздікпен жұмыс.

Милитаризм- әскери күш -қуатты арттыру, қауырт қарулану мен соғысқа дайындықтағы белсенділік саясаты.

Аграрлық мәселе- 1) жер иелену, жерді пайдалануға байланысты мәселе.

2) Өнеркәсіптен гөрі ауыл шаруашылық өндірісінің басымдығын сипаттайтын мәселе.

Реквизиция-мүлікті мемлекеттік меншікке немесе уақытша пайдалану үшін еріксіз тартып алу.

Метрополия-отарлары бар мемлекет.

ІҮ Үй тапсырмасын сұрау.

§1 Қазақстан бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарында.

Тест тапсырмалары.

  1. Толықтыру тесті.

  1. Ондай сылтау 1914 жылдың жазында ----- қаласында -----

Ұлтшылдарының ---- - ---- , империясы тағының мұрагері

----- Франц Фердинандты өлтіруі болды.

  1. 1915 жылы мамырда ----------- әскерлері майданды бұзып өтіп, -----, Польша мен ------- аумағын тұтастай жаулап алды.

  2. Халық арасындағы наразылықтың өсуіне ------ ұзаққа созылатын және көлемі жағынан бұрың-соңды болмаған ---- соғысты жүргізуге қажетті берік ---------- техникалық негіздің болмауы да өзіндік рөл атқарды.

  3. Орталық өкімет орындарының ----- ------ қызмет бабын пайдалану етек алды. Көптеген тура және ------ салықтардан тыс қазақтардан мал мен киіз үйлерді жинайтын әр-түрлі «қайырымдылық» ------ алынды.

  1. Реттік тест.

1. 1914 жыл жаз ІІ Николай жалпыға бірдей мобилизация жариялады

2.1914 жыл 30 шілде. Серб ұлтшылдары Франц Фердинандты өлтірді.

3.1915ж жаз Путилов зауыты шеберханаларының жұмысшылары

ЖҰМЫСҚА ШЫҚТЫ.

4. 1918Ж 18 АҚПАН Екібастұз және Қарағанды көмір кендерінен Спасск

Зауытының қазақ жұмысшыларыереуіл жасады.

2.

1. 1916 жыл 25 маусым Қазақтарда тыл жұмыстарына алу жөнінде

Патша жарлығы Орынборға жетті.

2.1916ж 28 маусым «Бұратана» халықтарды тыл жұмыстарына

Алу жөнінде Жарлық шықты.

3. 1916ж қазан Көтерілісшілердің саны 50 мыңға жетті.

4 . 1916 жыл қараша Торғай мен Ырғыз уездерінде әрқайсысында

2-3 мың адам болған 20-дай көтерілісшілер

жасағы болды.

3. Балама тест.

1. Бірінші Германия Ресейге соғыс ашты ма?

«ия» «жоқ»

2.1914 жылы жазда Сараево қаласында Әрцгерцог Франц Фердинанд өлтірілді ме?

«ия» «жоқ»

3.Соғыс жылдары егіс көлемі, мал саны қысқарды ма?

«ия» «жоқ»

4.Монархия жоғарғы билік өкілі ме?

«ия» «жоқ»

  1. Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914-1920 жылдарға созылды ма?

«ия» «жоқ»

  1. Шовинизм ұлтшылдықтың шектен шыққан түрі?

«ия» «жоқ»

4. Қатесін тап

  1. Соғыстың үш жылының ішінде Түркістан өлкесінен 10 мың жылқы, 12,7 мың түйе,13мыңнан аса киіз үй әкетілді.

  2. 1915 жылы жазда Екібастұз бен Қарағанды көмір кендері мен Риддер зауытының қазақ жұмысшылары ереуіл жасады.

  3. 1918жылғы 18 ақпан күнгі Успен зауытының жұмысшылармен ынтымақтастықтың белгісі ретінде Петроградтың басқа аудандарында да ереуіл болып өтті.

  4. Бірінші дүние жүзілік соғыс 1914ж 1 тамыздан 1919жыл 11 қарашаға дейін созылды.

  5. Таңдау тесті

1 .Бірінші дүниежүзілік соғыс ненің күшеюіне алып келді.

А) Ресейде монархиялық биліктің, соның ішінде Қазақстанда ұлттық- отаршылдық езгінің күшеюіне

ә) революциялық өрлеудің жаңа кезеңіне

б) отарлық экспанцияның күшеюіне

в) Ресейдің Германиямен қарама- қайшылықтарының шиеленісуіне

г) 1914-1918 жылдардағы экономиканың қауырт өсуіне

2. Бірінші дүниежүзілік соғыстың сылтауы:

А) серб ұлтшылдарын тұтқындау

ә) Германиядан қорқыныш

б) Австрия- Венгрия империясы тағының мұрагері эрцгерцог Франц Фердинандты өлтіруі

в) Австрия- Германияның майдан шебін бұзып өтуі

г) Түркияның Дарданел бұғазын жабуы.

3. Қазақтардан ақшалай алымдар мен салымдардан қанша түрі жиналды.

А) 20 -ға жуық

ә) 25-ке жуық

б) 10-ға жуық

в) 15-тен астам

г) 30-дан астам

4. 1916жылғы көтерілістің себептері қандай?

А) болысты өлтіру

ә) отарлық саясат

б) либерал- демократиялық зиялылардың ұрандары.

В) бұратана халықтарды «реквизициялау» жөніндегі жарлық

Г) жерлерді тартып алу

5. 1916 жылғы 25 маусымдағы тыл жұмыстарына реквизициялау жөніндегі жарлыққа халық немен жауап берді?

А) көтеріліспен

ә) жергілікті әкімшілікке наразылық көрсетумен

б) жалпыға бірдей мобилизациялау

в) еріктілер бригадаларын құрумен

г) мұсылман дінбасыларының наразылығымен.

6. Сәйкестендіру тесті.

1. Антанта 1)капиталистік елдердің ықпал ету

Аймақтары,шикізат көздері,дүниежүзілік

Үстемдік жолындағы қарама-қайшылық-

Тарының шиеленісу нәтижесі.

2. Дүниежүзілік соғыс 2)құрамына Ұлыбритания,Франция мен

Ресей енген әскери одақ.1904-1907

жылдары қалыптасты.Бірінші

дүниежүзілік соғыста Германия бастаған

Үштік одаққа қарсы соғысты.

3. Бірінші дүниежүзілік соғыс 3бір мемлекеттің қарсыласымен

өз одақтастарының келісімінсіз жасасқан

бітім шарты немесе бітімі.

4. Сепараттық білім 4)1914-1918 жылдар аралығында Австрия-

Герман блогы мен Англя,Франция және

Ресей коалициясының арасындағы

Сонымен бірге Қиыр және Таяу

Шығыстың,Африканың т.б көптеген

Елдері қатынасқан соғыс.

5. Қарусыздану 5)революцияға дейінгі Ресейдегі патшаның

Шектеусіз жоғарғы билігі.

6. Самодержавие 6) жаппай қарулануды тыюға, соғыс жүргізу

Құралдарын шектеу.

2- тапсырма

Математикалық ойындар

600*3+116= Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс.

4000/ 2-86= Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған жыл.

600*3+118= Петроградтың аудандарында ереуіл болды.

480*3+476= Жарлықтың шыққан жылы.

Қорытындылау

Бүгінгі сабақта 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің мақсаты , басты себептері,Торғайдағы ошағы жайлы мағлұмат алдыңдар

Сабақты Ж. Молдағалиевтың «Мен қазақпын» өленімен аяқтағым келеді .

Мен қазақпын мың өліп ,мың тірілген

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Бағалау. Үйге тапсырма беру. § 2 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс

Реферат . Зерттеу жұмыстары.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал