7


Сәулет ескерткіштері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Сәулет ескерткіштері Сабақтың мақсаты: орта ғасырлардағы сәулет өнері, архитектуралық құрылыс жүйелерінің ерекшеліктерін аша отырып, олардың тарихтағы алатын орнын анықтау Сабақтың міндеттері: білімділік: оқушыларға жалпы сәулет өнері туралы түсін
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы: Сәулет ескерткіштері
Сабақтың мақсаты: орта ғасырлардағы сәулет өнері, архитектуралық құрылыс жүйелерінің ерекшеліктерін аша отырып, олардың тарихтағы алатын орнын анықтау
Сабақтың міндеттері: білімділік: оқушыларға жалпы сәулет өнері туралы түсінік бере отырып, Қазақстандағы орта ғасырлардағы сәулет өнерінің дамуы, тарихи ерекшелігі жайындағы мәліметтерді ұғындыру
Дамытушылық: Қазақстандағы сәулет өнері туындыларынан мысалдар келтіре отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерін, сөйлеу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: орта ғасырлардағы сәулет өнерінің туындыларын қазіргі заманғы архитектураның озық үлгілерімен салыстыра отырып, оқушылардың сәулет өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, эстетикалық тәрбие беру
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, кесенелер суреттері
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық."Әр елдің сәлемдесуы"

Қазақстан- қол алысады,

Италия- құшақтап амандасады,

Зимбабва- арқаларымен төс қағысу

Македония- шынтақтарын тигізе амандасу,

Никорагуа-иық қағысады

Бразилия- арқа сипайды

Австралиялық аборигендер- қол шапалақтап, аяқпен секіреді, жамбаспен көршісін қағады.

2.Топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша жұмыс.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Миға шабуыл:

Сәулет өнері туралы не білесіздер?

Кесене деген не?

Жауабы:

Сәулет өнері (архитектура) -құрылыс, тұрғын үй салу және жобалау өнері.

Кесене - қайтыс болған адамдардың басына тұрғызылған құрылыс
Біз орта ғасырлар деп қай ғасырларды атаймыз?
Орта ғасырлардағы сәулет ескерткіштері .
Қазақстан жерінде осы кезеңге дейін сақталған ортағасырлық сәулет туындыларынан айтамыз. Айша бибі, Қарахан, Жошы хан, Қожа Ахмет Иассауи т.б.кесенелер.Алаш хан, Арыстан баб, Бабаджа қатын.
Картадан орналасқан жерлерін көрсету


Мағынаны тану.Топпен жұмыс.Оқушыларды топқа бөліп, кесенелер суреті таратылады.Әр топ өздеріне берілген кесене туралы оқулықтан тауып, ерекшеліктерін дәптерлеріне жазып алады және осы топтан бір оқушы өздеріне берілген кесене туралы мәліметтермен таныстырады.
Қолдану. Деңгейлык тапсырмалар. Жұмыс дәптермен жұмыс.

IV. Оқушыларды бағалау.
Сабаққа белсене араласып, сабаққа қатысып отырған оқушыларды бағалау.


V. Үйге тапсырма.
§38.Өзің тұрған өлкеде сәулет өнерінің ескерткіштері бар ма?
Мәліметтер жинау


Тренинг.Сәулет ескерткіштерінің тұрғызылған жерлерін сәйкестендіру.
Сәулет ескерткіштері-----------Орналасқан жері
1. Айша бибі кесенесі----------А)Жезқазған қаласы
2. Қарахан кесенесі-------------Ә)Түркістан
3. Жошы хан күмбезі-----------Б)Тараз
4. Алаша хан кесенесі----------В)Қарағанды
5. Қожа Ахмет Йассауи--------Г)Тараз
6. Бабаджа қатын---------------Д)Тараз
1 2 3 4 5 6
б г а в ә д

6.Карта бойынша жұмыс. Аталған кесенелердің Қазақстан аумағындағы орындарын көрсету


Көп қабатты үйлер
Театр үйлері
Қонақ үйлер
Алматыдағы собор
Бәйтерек
Ақ Орда
Нұрмешіт т.б

Мұғалім:Қазіргі кездің сәулет өнері қарыштап дамуда.Дегенмен әлі күнге дейін ортағасырлық ескерткіштердің салыну деңгейінен асу қиын.Олар ғасырлар мен мыңжылдықтар өтсе де сыр бермей, әлі де өзіндік ерекшеліктерімен таң қалдыруда.
- Осыған байланысты біздің міндетіміз қандай болады деп ойлайсыздар?
- Ескерткіштерді сақтау, қорғау, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу

IV.Сабақты қорытындылау:

«Орнына қой» ойыны арқылы оқушылардың алған білімдері тексеріліп сабақ бекітіледі.
Құрылыс, тұрғын үй салу өнерін _____________дейді.Еңбек құралдары, шаруашылық түрлерінің көбеюіне байланысты адамдар біртіндеп ____________салуды үйренді.Жерді қазып жасаған үйді ______________деп атады.Көшіп -қонған кезде түйеге артып жүруге, құрастыруға ___________қолайлы еді.Құрылыс салуға сапалы материалдар ____________қолданған.Қожа Ахмет Йассауи кесенесін қазақ халқы қасиетті ____________есебінде құрметтейді.

Керекті сөздер:Жеркепе, киіз үй, сәулет өнері, пантеон, тұрғын үй, тас, күйдірілген кірпіш

V. Үйге тапсырма.
§38.Өзің тұрған өлкеде сәулет өнерінің ескерткіштері бар ма?
Мәліметтер жинау

IV. Оқушыларды бағалау.
Сабаққа белсене араласып, сабаққа қатысып отырған оқушыларды бағалау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал