7


  • Учителю
  • Поурочные планы на казахском языке курса Алаштану

Поурочные планы на казахском языке курса Алаштану

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№ 1 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : Кіріспе

Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу

Сабақтың түрі : лекция

Сабақтың әдісі : лекция, ауызша баяндау

Сабақтың барысы :

Биылғы жаңа оқу жылынан бастап «Алаштану» факультативтік курсы орта мектептерден бастап оқытылатын болды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері Айгүл Айтбаева айтты. Алаштанушылар бұл мәселемен 1988 жылдан бастап тұ-рақты түрде айналысты. Міне осы 20 жылдан астам уақытта сан-салалы зерттеулер жүргізіліп, том-том деректер жинағы шығарылды. Ғылыми-теориялық және практикалық санаттағы конференциялар өткізіліп, жекелеген тұлғаларға және Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихына байланысты елімізден өзге Түркия, Жа-пония, Ресей елінде монографиялар мен ғылыми еңбектер және диссертациялар қорғалды. Әйтсе де бұл жұмыстар Алаш құндылығын толық танып - білуде аздық етті. Себебі әлі күнге дейін әртүрлі деңгейде әкімшіліктердің ішкі саясат бөлімдері, тіпті зиялы қауым өкілдерінің өздері Алаш десе кірпідей жиырылатыны жасырын емес. Бұлай қара аспанды төндіре берген де дұрыс емес. Өйткені бұған дейін екі мәрте, яғни, 2008 және 2012 жылдары ҚР Үкіметінің қаулысы шығып, Алашты кең көлемде насихаттайтын іс-шаралар еліміздің әр түкпірінде атқарылды. Міне осыдан кейін барып еліміздегі ресми және бейресми ұйымдар Алаш дегенде үрке қарамайтын жағдайға жетті. Оқу пәнінің базалық мазмұнына қыс-қаша тоқталып өтсек. «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алар орны қандай болмақ? Бұл сұрақ әрбір азаматты толғандыратыны анық. «Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы» атты бөлімде ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы сөз болады. Яғни Столыпин реформасынан кейін Ресей империясының ұлттық аймақтарындағы жер мәселесі және қазақ зиялылары мен ресейлік саяси қозғалыстар туралы оқушылар мағлұмат алады. Ал «Қазақ мемлекеттілігін қайта жаңғырту бастамалары және Алаш қайраткерлігі» деген бөлімде Әлихан Бөкейханның аграрлық экономика саласындағы бастамашыл істері және баспасөз бетінде саяси жүйе мен отаршылдыққа қарсы сынның күшеюі баяндалады. Сондай-ақ «Алаштану» факультативтік курсында «Қазақ қоғамы және Алаш партиясы», «Алаш автономиясы және Алашорда үкіметінің құрылуы», «Алашорда және кеңес өкіметі», «Алашорда үкіметі және оның қызметі», «Алашорда қозғалысы қайраткерлерінің кеңестік Қазақстан тұсындағы қоғамдық-саяси қызметтері», «Алаш қайраткерлерінің мәдени-ағартушылық қызметтері және ғылыми ізденістері», «Ел тарихында Алаш қайраткерлері есімдерінің жаңғыртылуы» деген тақырыптарға аса мән берілмек.
Жалпы алғанда «Алаштану» курсы мектеп оқушыларының Алаш тарихынан мол мағлұмат алуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ жас жеткіншектің тарихи жадының қалыптасып, өзіндік ой қорыта алуына бұл пәннің қосар үлесі айрықша. Бұған дейін мектеп оқулықтарында алашқа қатысты деректің там-тұмдап берілгені белгілі. Осы олқылықтардың орнын «Алаштану» курсы толтырып, тыңнан түрен салмақ. Ұзын сөздің қысқасы, өз тарихын танып-білмеген ұлттың болашағы жарқын болмақ емес. Мұны өз заманында Әлихан Бөкейхан «Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады» деп айтып кеткен.

Сабақты бекіту үшін оқушылардың «Алаштану» курсы жайлы жеке пікірлерін тыңдау

№ 2 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : ХХ ғ басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайы.Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы. 1905 ж Қарқаралы құзырхаты.

Сабақтың мақсаты : Алаш қозғалысының қалыптасуы жайлы, Столыпин реформасынан кейін ресей империясының ұлттық аймақтарындағы жер мәселесі жайлы айтып түсіндіру.

Сабақтың түрі : лекция сабақ

Сабақтың әдісі : түсіндіру, лекция, баяндау

Сабақтың барысы : Столыпиннің аграрлық реформасы - патшалық Ресейдегі шаруалар үлесіндегі жер иелігіне жасалған реформа. 1906 жылы 9 қарашада патша жарлығымен басталып, Уақытша үкіметтің 1917 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен жойылды. Осы реформаны жүргізуге ұсыныс жасаған Министірлі Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпиннің есімімен аталды. Стольпиннің аграрлық реформасында Ресейдің ішкі аудандарындағы жер тапшылығын шешумен қатар, орыс шаруаларын көшіру арқылы шалғайдағы отар аймақтарды игеру көзделді. Шалғайдағы отар аймақтарға қоныс аударған шаруаларға үкімет тарапынан көмек көрсетілетін болды. Бұл іс Қоныс аудару басқармасына жүктелді. Қо-ныс аударушыларға шет аймақтарда жер бөлу жұмыстары жүргізілді. 1906 - 15 жылдары аралығында Қазақстанда қо-ныс аударушылардың пайдасына қазақтардың иеліктеріндегі 21 млн. десятинадан астам шұрайлы жер бөлініп, қазақтар шөлейт, тастақты жерге қоныстана бастады. Стольпиннің аграрлық реформасы негізінде Қазақстанға 700 мыңнан астам орыс және украин шаруалар қоныс тепті.Қазақстанның XX ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Отарлық қоныстандыру саясатының күшеюі. Столыпин аграрлық реформасы. 1905-1907 жылдардағы революция жеңілгеннен кейін Ресейде реакция кезеңі басталды. 1907 жылы 3-маусымда Екінші мемлекеттік Думаның таратылғаны, Үшінші мемлекеттік Дума сайлауы туралы ережеге өзгерістер енгізілгені жөнінде патша жарлығы шықты. Заң бойынша қазақтар мен өлкені мекендеген басқа шағын халықтар сайлау құқынан айырылды. Осы кезде революциялық ұйымдар мен қозғалысқа қатысқандарды сотсыз және тергеусіз жазалайтын тәртіп енгізілді. Патша өкіметі тек қана қудалау жасаумен ғана шектелмеді, сонымен қатар шаруалар қауымын күшпен ыдырату саясатын жүргізе бастады. 1906 жылы 9-шы қарашада Столыпин шаруаларды қауымнан хуторға бөлу туралы жаңа жер иелену заңын шығарды. П. А. Столыпин 1906-1911 жылдары Министрлер Кеңесінің төрағасы болған кезде өзінің аграрлық реформаларын әзірледі. Оның бірінші шарты шаруаны жердің иесі етіп бекіту болатын. П. А. Столыпиннің аграрлық саясатының мәні үш заң актісінде көрсетілді. Бұл Сенаттың қарауына берілген 1906 жылғы 9-қарашадағы «Шаруалардың жер иеленуіне және жер пайдалануына қатысты қолданылып жүрген заңның кейбір қаулыларын толықтыру туралы» жарлық. Ол III-Мемлекеттік Думада 1910 жылы 14 маусымдағы «Шаруалардың жер иеленуі жайлы кейбір қаулыларды өзгерту мен толықтырулар туралы» заң етіп қайта қаралып толықтырылды. 1911 жылғы 29-мамырда «Жерге орналастыру туралы» заң қабылданды. Аграрлық реформалар бойынша шараларды жүргізу оның барысында шаруалардың көшіп-қонуына еркіндік берілді, нәтижесінде олардың шет аймақтарға, соның ішінде Қазақстанға жаппай көшуі кеңінен өрістеді. 1910-1911 жж. жаңа экономикалық өрлеуге байланысты Қазақстанда ереуілдік қозғалыстар жандана түсті. 1911 жылы мамыр айында Перовск және Түркістан станциялары теміржол шеберханаларының жұмысшылары, «Атбасар мыс рудалары» акционерлік қоғамы рудниктеріндегі кеншілер ереуілге шықты. 1912 жылы Ресейдің жұмысшы қозғалысында жаңа революциялық өрлеу басталды. Сол жылғы мамырда Қазақстанда Спасск мыс қорыту зауытында басталған ереуіл 1913 жылдың маусым айына дейін созылды. 1913 жылғы қыркүйекте Торғай уезінің Шоқпаркөл көмір кендерінде болған жұмысшылардың толқуы 1914 жылдың бірінші жартысында Ембі мұнайшыларының ереуілдерімен ұласты. Жаңа революциялық өрлеу кезінде Қазақстанның жұмысшы табы жалақыны арттыруға, қожайындардың айыптарды көбейтуден бас тартуына қол жеткізді. Өлке жұмысшыларының ереуілдері патша өкіметіне қарсы шаруалар толқуларының артуына, ұлт-азаттық қозғалысының дамуына ықпал етті.

Алаш қозғалысы - 20 ғ-дың алғашқы ширегінде империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі, қазақ жерінің орыс мемл-нің меншігі етіп жариялануы, осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке жарамды жерлерден ығыстырылуы, дәстүрлі қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Бірақ ендігі уақытта жеке батырлар бастаған қол түзіп, қару асынып көтеріліске шығу нәтиже бере қоймайтын еді. Қалыптасқан жаңа саяси ахуалға лайық жаңа күрес құралдары, әдіс-айла қажет болды, ең негізгісі халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат-мүдделерін түсіндіріп жеткізетін, сөйтіп оны заман талабына сай күрес құралдарымен қаруландырып, азаттық үшін қоғамдық қозғалысты бастап кете алатын мүлдем жаңа саяси-әлеум. күшке сұраныс үлкен еді. Ал ондай саяси күштің қалыптасып келе жатқанын 1905 - 07 жылдардағы оқиғалар көрсетіп берді. Ол күш - сан жағынан аз болғанымен, бірақ саяси күрес қазанында қайнап, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция болатын.

  • А.Байтұрсынов М.Дулатов Ә.Бөкейханов

Осы бірінші орыс революциясы жылдары ұлттық зиялылар кейін А.қ. атанған қоғамдық қозғалыстың негізін қалады. 1905 ж. Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарақаралы хұзырхаты (петициясы) оның бағдарламалық құжаты болатын. Осы мезгілден бастап , , жетекшілік еткен ұлттық зиялылар жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа нысаналы сипат беру үшін газет шығару, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату, Мемл. Дума жанындағы мұсылман фракциясы жұмысына, жалпыресейлік мұсылман, түркішілдік қозғалыстарға атсалысу сияқты қазақ қоғамына бейтаныс күрес әдістерін игере бастады. Ал 1911 жылдан шыға бастаған журналы, 1913 жылдан жарық көріп, жалпыхалықтық басылымға айналған "Қазақ", оның артын ала өмірге келген "Бірлік туы", "Сарыарқа", "Ақжол" газеттері ұлт-азаттық күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті. А. қ-ның басты мақсаты - қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемл. жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемл. құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал ш-н өркендету, сонымен қатар егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқын және басқа демокр. принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Бірінші орыс рев-сы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917 ж. ақпан және желтоқсан айлары аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы жылдың жазы мен көктемінде Қазақ к-ттерінің пайда болуы, күзіне қарай Алаш партиясының, ал соңына қарай Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы) және Алашорда үкіметтерінің құрылуы бұл қозғалыстың нақты нәтижелері болатын. 1917 ж. пайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылғанымен, ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Мемл. тәуелсіздік, жер және кезінде алаш зиялылары күн тәртібіне қойған қоғамдық-саяси басқа да мәселелерді басты талабы етіп, ұлт-азаттық қозғалыс жаңа сипатта , С.Асфендияров, С.Қожанов, С.Садуақасов, Ж.Мыңбаев қызметінде одан әрі өрши түсті.

Елде тоталитарлық жүйе біржола орнағаннан кейінгі уақытта енді ол жаңа саяси жағдайға байланысты шетелдік эмиграция күшімен жүргізілді. Мұстафа Шоқайұлының қызметі, оның басшылығымен Берлинде 10 жыл бойы (1929-39) шығып тұрған "Яш " журналындағы материалдар соның айғағы еді. Негізгі мақсаты - ұлттық бостандық болған А.қ. көрші түркі, мұсылман халықтарымен күш біріктіруге тырысты. Сөйтіп, 20 ғ-дың алғашқы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30 жылдарға дейінгі тарихи кезеңді қамтыды. Кеңестік тоталитарлық билік алаштық атанған аға буын зиялылардың ең белсенді бөлігін, сондай-ақ олардың кеңестік-партиялық қызметтегі ізбасарларын қуғын-сүргінге ұшыратып, жауыздықпен жазалады. қ. Алаш ісі.

Сабақты бекіту.

  1. Столыпин реформасының қазақ халқына тигізген әсері ?

  2. Қазақ жері қанша млн гектарға кеміді ?

  3. Қарқаралы хұзырхатының тарихи мәні мен негізі ?


№ 3 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : Ұлт зиялылары- алаш қозғалысының тірегі. Алаш қозғалысы және ресей Мемлекеттік Думасы

Сабақтың мақсаты : ХХ ғ бас кезіндегі Алаш қозғалысы ұлт зиялыларының атқарған қызметі жайлы түсіндіре отырып, оқушылардың танымдық қабілетін арттыру

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : түсіндіру, ауызша баяндау

Сабақтың барысы : Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов (1866-1937) қоғам және мемлекет қайраткері, бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ауылында дүниеге келген. Ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі, публицист ғалым, аудармашы. Әлихан Бөкейханов Орта жүздің ханы Бөкейдің ұрпағы (Бөкей-Батыр-Мырзатай-Нұрмұхамед-Әлихан). Әкесі оны бала күнінде Қарқаралыға алып барып медресеге оқуға берген, алайда ол оқуды қанағат тұтпай қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепте оқиды. 1879-1886 жылдары Қарқаралыдағы қазақ балаларына арналған мектепте білім алады. 1886-1890 жылдары Омбыдағы техникалық училищеде оқып, «техник» мамандығын алып шығады. 1890-1894 жылдары Санкт-Петербургтегі орман институтының экономика факультетінде оқиды. Студент болып жүрген кезде саяси талас-тартыстарға белсене араласып, ұлт-азаттық қозғалыстарға қатысқан. Сол кездің өзінде «саяси белсенділігі үшін» патша жандармериясының қара тізіміне іліккен. Патша өкіметі кезінде қазақ елінің тәуелсіздік үшін күресін басқарды және Павлодарда, Семейде бірнеше рет қамауда отырған. 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен «Алаш» партиясының екінші съезінде Ә. Бөкейханов Алашорда үкіметінің төрағасы болып сайланды. Кеңес өкіметін мойындамады. Қазақтың егеменді ел болуы үшін күресті. 1937 жылы ату жазасына кесілген.

Ахмет Байтұрсынов (1873-1938) қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, лингвист, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Атасы Шошақ мінезі салмақты, шындықты бетке айта білетін ақылды да беделді адам болған. Мырзалығы сондай, немересі Ахмет дүниеге келгенде құтты болсын айтқан адамдарға бір ат, бір түйеден сүйінші берген. Торғай мен Орынборда білім алғаннан кейін А. Байтұрсынов Ақтөбеде, Қостанайда, Қарқаралыда орыс-қазақ мектептерінде сабақ берген. 1909 жылы саяси белсенділігі үшін Семей түрмесіне жабылады. 1910 жылы Орынборға жер аударылады және 1917 жылға дейін сонда болады. Өзінің сенімді достары Ә. Бөкейханов, М. Дулатовпен бірге 1913 жылдан бастап ұлттық «Қазақ» газетін шығарып, редакторы болды. Ресейде патша өкіметі құлағаннан кейін қазақ жерінде «Алашорда» үкіметін құру үшін бар күшін салды. Большевиктерді мойындамады, қарсы шықты. 1921-1928 жылдары Қазақ халық ағарту институтында сабақ береді. 1929 жылы 2 маусымда Алаш қайраткерлерімен бірге Алматыда тұтқынға алынады. Ресейдің солтүстік облыстарына жер аударылды. Кейіннен босап шығып, бірақ қайтадан 1937 жылы қамауға алынып, атылады.

Міржақып Дулатов (1885-1935) қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданында дүниеге келген. Көрнекті қазақ ақыны, жазушы, педагог, қоғам қайраткері. 20-жылдардың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі. 1902 жылы Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ педагогикалық училищесін бітірген. 1902-1918 жылдары мұғалім болған, «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде қызмет еткен. 1917-1918 жылдары «Алаш» партиясын, Алаш автономиясын, Алашорда үкіметін құрушылардың бірі ретінде, Қазақ мемлекетін құру ісіне белсене атсалысты. 1928 жылы репрессияға ұшырап, 1935 жылы айдауда жүріп қайтыс болды. Міржақып әдебиет пен мәдениетте жаңа демократиялық бағыттың кеңінен орын алып, дамуына зор үлес қосты. Бұл идея «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағында қуатты ұран болып естілді.

Мұстафа Шоқай (1890-1941) Ақмешіт, қазіргі Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ ойшылы, оқымысты, мемлекет және қоғам қайраткері, XX ғасыр басындағы еліміздің тәуелсіздігі мен бостандығы жолындағы күрескерлердің ірі өкілі. Мектепте мұсылманша білім алып, Ташкент гимназиясын, Санкт-Петербург университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген. Мұстафа Шоқай 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін Ресей Мемлекеттік Думасының Мұсылман фракциясы Саяси бюросында Түркістан халықтарының өкілі болды. Ұлы Түркістан мемлекетін құру идеясын ұстанды. 1917 жылы 22 қарашада Қоқанда мұсылман ұйымдары конгресс өткізіп, Түркістан автономиясын жариялады. Шоқай үкімет мүшесі болып сайланып, көп кешікпей ол орыннан кеткен премьер-министр М. Тынышбаевты алмастырады. Мұстафа Шоқай Алашорда үкіметінің құрамына да енді, бірақ Қоқан автономиясы талқандалғаннан кейін иммиграцияға кетуге мәжбүр болады. Иммиграцияда жүріп Кеңестерге қарсы идеялық күресін жалғастырады. Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы күресі тарихындағы аса ірі қайраткер тұлғаларының бірі Мұстафа Шоқай 1941 жылы Берлинде беймәлім жағдайда қайтыс болды.

Жақып Ақбаев (1876-1934) қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушы, қоғам қайраткері, қазақ халқынан шыққан тұңғыш құқық магистрі. Санкт-Петербург университетінің заң факультетін 1903 жылы алтын медальмен бітірген. 1905-1907 жылдары Омбы, Петропавл, Семей, Павлодар, Баянауыл, Қарқаралы қалаларында демонстрацияларға қатысып, митингілер мен жиналыстарда сөз сөйледі. «Степной край» (Омбы) газетінде отарлау аппаратының озбырлығы мен жүгенсіздік әрекеттерін, самодержавиенің халыққа жат саясатын әшкерелеген мақалалар жазып, еңбекшілерді патша өкіметінің отаршылдық саясаты мен езгісіне қарсы күреске шақырды. 1917 жылы Алашорда үкіметінің мүшесі болып сайланды. Жақып Ақбаев патша өкіметіне қарсы күресін тоқтатпағаны үшін 1910 жылы Тобыл қаласына жер аударылды. 1917 жылы шілдеде Колчактың әскери-далалық соты оны Кеңес өкіметін қалпына келтіру үшін халықты көтеріліске шақырды деген айыппен өлім жазасына кесті, 1929 жылы Кеңестік билік жалған айыптармен қуғындап, Воронежге жер аударды. Халқының бостандығы жолында үнемі қуғын-сүргінге ұшыраған Ж. Ақбаев ауруы меңдеп 1934 жылы қайтыс болады. Ж. Ақбаевтың өмірі мен қызметі, саяси және құқықтық көзқарастары оның саяси серіктері А. Байтұрсынов және т. б. Алаш ардагерлерімен үндес келеді. Ж. Ақбаев қазақтың әдет-ғұрып заңдарын, соның ішінде публицистикалық материалдар жариялады.

Мұхамеджан Тынышбаев (1879-1937) қазіргі Алматы облысы Сарқанд ауданы Тынышбаев ауылында дүниеге келген. XX ғасыр басындағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, Алаш қайраткері, тұңғыш кәсіби-техникалық маман, тарихшы-ғалым. 1900 жылы Верный гимназиясын алтын медальмен, 1906 жылы Санкт-Петербург Жол қатынасы институтын үздік бітірген. 1907 жылы Жетісу губерниясынан II Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланады. Думада патшаның отаршыл саясатына қарсы бағыт ұстанды. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі болып тағайындалып, Жетісу өңіріндегі 1916 жылғы көтерілістің зардабын жоюда, қырғыз және қазақ босқындарына көмек ұйымдастыруда белсенділік танытты. Алаштың 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өткен бірінші бүкілқазақ съезіне қатысады, 5-13 желтоқсан күндері өткен екінші съезде Алашорда үкіметі - Ұлт Кеңесінің құрамына мүше болып сайланады. М. Тынышбаев Түркістандағы Қоқан автономиясының тізгінін де ұстады. Ол Түрксіб темір жол жобасын жасауға, кейін магистральдің құрылысына белсене араласады. 1937 жылы репрессия құрбаны болды. М. Тынышбаев ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, Қазақстан тарихы мен қазақ халқының рулық-тайпалық құрамы туралы құнды еңбектер жазды.

Халел Досмұхамедов (1883-1939) қазіргі Атырау облысының Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Алашорда көсемдерінің бірі, дәрігер, ғалым, публицист. 1903 жылы Орал реалдық училищесін үздік, 1909 жылы Санкт-Петербург Императорлық Әскери академиясын алтын медальмен бітірген.

Қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы

Қазақтардың саяси сана-сезімінің елеулі түрде өскенін қазақ зиялы қауым көшбасшыларының Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуынан көруге болады.1905 жылғы тамызда II Николай патша Ресейдегі революциялық күштердің қысымымен империяның заң шығарушы және өкілетті органы ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифеске қол қойды.Бірақ ол манифест бойынша Ресей империясының бірқатар халықтарының, соның ішінде Орта Азия мен Қазақстан халықтарының да сайлауға және сайлануға құқығы жоқ болып шықты. Жергілікті билік органдарына сайлау науқанының алғашқы күнінен бастап-ақ қазақтарды «көшпелі және қаңғыбас бұратана халық» ретінде сайлауға үзілді-кесілді қатыстырмауға айрықша нұсқау берілді. Мұның өзі қазақтардың арасында бұрқ ете қалған наразылық пен ашу-ыза тудырды. Жергілікті халық өздерінің өкілдерін Ресейдің Мемлекеттік Думасына қатыстыруды батыл талап етті. Өлкенің бүкіл аймағын түгел қамтып өткен қуатты наразылық толқыны патша үкіметін халықтың талабына құлақ асуға мәжбүр етті. Сонымен қазақтар сайлауға қатысатын болып шықты.1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға қазақтардан Торғай облысынан - Ахмет Бірімжанов, Уфа губерниясынан - Сәлімгерей Жантөре, Орал облысынан - Алпысбай Қалменұлы, Астрахан губерниясынан - Бақтыгерей Құлманов, Ақмола облысынан - Шәймерден Қосшығұлұлы, Семей облысынан - Әлихан Бөкейхановтар сайланды. Бұлардың барлығы да сауатты, халықтың сый-құрметі мен сеніміне бөленген зиялы азаматтар еді. Бірақ Ресейдің I Мемлекеттік Думасы небары 73-ақ күн жұмыс істеді. Депутаттардың көтерген бастамалары көңілінен шықпай, риза болмаған II Николай Думаны таратып жіберіп, қайтадан сайлау туралы жарлыққа қол қойды. Ресейдің 1907 жылғы II Мемлекеттік Думасының құрамына бұл жолы Қазақстаннан мына азаматтар сайланды: Ақмола облысынан - Шәймерден Қосшығұлұлы, Торғай облысынан - Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан - Темірғали Нүрекенов, Сырдария облысынан - Тілеулі Алдабергенұлы, Жетісу облысынан - Мұхамеджан Тынышбаев, Орал облысынан - Бақытжан Қаратаев, Астрахан губерниясынан - Бақтыгерей Құлманов. Алайда бұл Думаның да қызметі ұзаққа созылмады, небары 104 күн ғана жұмыс істеді. II Мемлекеттік Думада қазақ депутаттары кадеттермен жақындасып, мұсылмандар фракциясының тобына кірді. Ресейдің ұлттық шет аймақтарындағы басқа да халықтардың өкілдерімен бірге, ішкі Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару үрдісін тоқтатуды талап етті. Б. Қаратаев II Мемлекеттік Думада Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару саясатының қазақтар үшін өте жағымсыз, ауыртпалықты болып отырғаны туралы арнайы баяндама жасады. Ол өзінің жалынды сөзінде былай деп атап көрсетті: «Сіздер мынадай сұмдық жағдайды түсінуге тиіссіздер: бүгінгі таңда қоныс аударушы орыс шаруаларына жер телімдерін беру үшін қазақтарды өздерінің ежелгі ата қоныс жерлерінен ғана емес, жеке меншік баспаналарынан да қуып шығарып жатыр».Қазақ депутаттар өз халқының заңды құқығын қорғап жоғары билік орындарына бірқатар үндеулер де жазды. Мәселен, Мемлекеттік Думаның депутаттары Б. Қаратаев, А. Бірімжанов, Т. Нүрекенов, Ш. Қосшығұлұлы 1907 жылғы наурызда өздерінің жасаған мәлімдемесінде былай деп жазды: «Көшпелілердің бірден-бір күнкөріс көзі - мал шаруашылығы, ал олардың Азияның шетсіз-шексіз кең даласында бір жерден екінші жерге үздіксіз көшіп-қонып жүруі әлдебір жанға жайлы, қызығы мол бос серуен құру емес, табиғаттың қиындықтарын жеңе отырып, өмір сүру болып табылады». Дума депутаттарының арасында көрнекті қоғам қайраткері Сәлімгерей Жантөренің есімі ерекше аталады. Ол Санкт-Петербург университетінің заң факультетін және Мәскеу мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін бітірген болатын. Алғашқыда судья болып қызмет етті, кейін бірнеше жыл бойы уездік және губерниялық земствоны басқарды. 1903 жылы Уфа губерниясынан Думаға мүше болып сайланды. Сәлімгерей Жантөре өзіндік ұлттық ерекшеліктері ескерілетін халық мектептерін ашу мәселесіне көп көңіл бөлді. Ол Мемлекеттік Думада кеңінен танылды. Башқұрт халқының атынан депутат болып сайланса да өзінің туған халқы қазақтардың проблемаларын да ешқашан есінен шығарған емес. Шәймерден Қосшығұлұлы (1874-1937) І және II Мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан екі рет сайланды. Ол өз жерлестерінің арасында өте беделді әрі құрметті азамат еді. Қазақ халқының шын мәніндегі біртуар ұлы болатын. Ш. Қосшығұлұлы өлкедегі мұсылман дінінің мүддесін қорғады. Сол үшін полиция тарапынан талай рет қуғын-сүргінге ұшырады.

Сабақты бекіту.

  1. Қазақтардың ресей мемлекеттік думасына депутат болып сайлануы.

  2. Думадағы сайлау жүйесінің қазақтарға қатысты тоқтауы.

  3. Ұлт зиялыларының атқарған қызметтері.



№ 4 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : Отаршылдыққа қарсы күрестің жаңа бағыттары. Ұлттық басылымдар («Айқап», «Қазақ» газеттері)

Сабақтың мақсаты : Отаршылдыққа қарсы күрестің жаңа бағыттарымен таныстыру, «Айқап», «Қазақ» газеттерінің тарихи мәнін ашу

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап, дамыта оқыту

Сабақтың барысы : М.Дулатов Санкт-Петербург сапарынан Торғайға белсенді қайраткер, саяси күрескер ғана емес, сонымен бірге шабытты ақын да болып оралады. Айрықша қарқынмен, жылдам жазып, түрлі тақырыптар төңірегінде ой толғаған тебіреністері бірер жылдың ішінде толыққанды жинақ болып түзіледі. Ақын оны Уфа қаласындағы «Шарқ» баспасынан «Оян, қазақ!» деген атпен 1909 жылы бастырып шығарады.

Қазақ халқының рухани өмірінде дәл сол, 1909 жылы Санкт-Петербургте Кәкітай бастырып шығарған Абай өлеңдерінің жинағы, Крылов шығармаларынан аударылып басылған АБайтұрсыновтың «Қырық мысалымен» қатар, «Оян, қазақтың» да маңызы ерекше болды. Сондықтан алдыңғы екеуі сияқты «Оян, қазақ» та қолдан қолға, ауыздан ауызға тарап, шамалы уақыт ішінде ақынның атақ-даңқын алты Алашқа әйгілі етті.

Бірақ бұл кітап жас авторға осындай абырой-беделмен бірге, патша әкімшілігі тарапынан қуғын-сүргінді де ала келді. Басы тергеуге түсіп, «Оян, қазақ» жаппай тәркіленді. Жандармерияның Ахаң мен Жахаң, Әлихан аға Бөкейханов жайындағы жазғандары 1917 жылы «Қазақ» газетіңде жарияланған. Онда Орынбор жандарм мекемесінің бастығы полковник Кашинцев 1916-жылы Орынбор губернаторына былай деп жазған екен:

"Орал губернаторының телеграммасы бойынша "Қазақ" газетін шыгарушы Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Ғалихан Бөкейханов үшеуінің өкіметке қарсы істеріне қатысты мағлұмат беремін: Ахмет Байтұрсынов 1909 жылы Қарқаралыда өкіметке қарсьі іс істегені үшін абақтыга жабылган, министрдің жарлыгы бойынша екі жылга жер аударылған. Орал губернаторының телеграммасында Байтұрсынов 25 жарлығына қарсы қазақты құтыртты дейді.

Міржақып Дулатов 1911 жылы маусым ішінде "Оян, қазақ" атты кітабын таратқаны үшін Семейде абақтыға жабылып, 103 һәм 129 статъялар бойынша айыпталып, Окружной соттың үкімі бойынша 19 ай қамауда отырды. Орал губернаторының телеграммасы бойынша Дулатовтың үйіне және редакцияда тінту болды, бірақ ештеңе табылмады.

Ғалихан Бөкейхановтың 1911, 1912 жылдары с.р. партиясына қатынасып жүргені сезілді. Орал губернаторының телеграммасы бойынша Самара жандарм мекемесіне білдірдім, олардың сыртынан бақылап жүрміз деген хабар алдым».


Қазақ ұлттық баспасөзінің дамуы. Ресми емес қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасуы XX ғасырдың басындағы жалпы азаттық қозғалыспен тығыз байланысты. Ол 1905-1907 жылдардағы революциның арқасында ғана туды. Алайда бұл басылымдар дүниеге едәуір қиындықпен келді. 1907 жылғы 28 наурызда II Мемлекеттік Думаның депутаты Шаймерден Қосшығұловтың бастамасымен «Улфат» газетіне қосымша ретінде «Серке» газетінің бірінші нөмірі шықты. Ш. Қосшығұловтың айтуынша, небәрі 3-4 нөмірі шығарылған. Цензура оны қауіпті деп тауып, газет жабылып қалған. 1907 жылғы наурызда Троицкіде «Қазақ» газетінің бірінші (әрі соңғы) нөмірі шықты.

Қазақ қоғамы демократияшыл жұртшылығының ұлттық баспасөз ұйымын құру жөніндегі ынтасы күшейе берді. 1911 жылғы 16 наурызда Орал қаласында қазақ және орыс тілдерінде шағын көлемді «Қазақстан» газеті шықты. 1913 жылы қыркүйектен желтоқсанға дейін Петропавлда «Ешім даласы» газеті шығып тұрды.


Алайда таралымы шектеулі бұл газеттер орасан үлкен аймақтың түрлі топтарының өскелең талап-тілегін қанағаттандыра алмады. Жалпыұлттық көлемде мерзімді баспасөз құру бұрынғысынша жалпыұлттық проблема болып қала берді.

«Айқап» журналы. 1911 жылғы 10 қаңтарда Троицкіде қазақ халқының тарихындағы тұңғыш «Айқап» ұлттық журналының бірінші нөмірі шықты. Ұйымдастырушы және баспагер, идеялық басшысы және редакторы М. Сералин (1872-1929) бұрын педагогтік және журналистік қызметпен айналысқан, сол кезге қарай белгілі ақын, әдебиетші, қоғам қайраткері болған

«Айқап» журналы 1911 жылғы қаңтардан 1915 жылғы қыркүйекке дейін әуелгіде айына бір рет, ал сонан соң екі рет шығып тұрды. Барлығы 88 нөмірі шықты, таралымы 1000 данаға дейін жетті. «Айқап» журналы ағарту ісі мен мәдениеттің жаршысы болды.

М. Сералин «Айқап» беттерінде мұсылмандардың қасиетті кітабының мазмұнын ыңғайлы, түсінікті нысанда баяндауға тырысқын авторлардың мақалаларын жариялап отырды. «Айқап» журналының қазақ фольклорын зерттеудегі, абайтануды қалыптастырудағы, орыс және дүниежүзілік классикалық әдебиетінің рухани мұрасын насихаттауда атқарған рөлі зор.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы жағдайында едәуір шиеленіскен зор қаржы қиындықтары, зиялылардың бір бөлігінің сол кезге қарай өзінің көркемдік толысқандығымен, қазақ әдеби тілін түлетуімен, стилінің сындарлылығымен және ең бастысы толғағы жеткен жалпыұлттық проблемаларды қоюымен әйгілі болған «Қазақ» газеті жағына шығуы 1915 жылдың тамызында «Айқап» журналы шығуының тоқтатылуына себеп болды.

«Қазақ» газеті. «Қазақ» газеті апталық басылым болып шықты. 1913 жылғы ақпаннан 1918 жылғы қаңтарға дейінгі кезең ішінде 3000 дана таралыммен 265 нөмірі жарық көрді. Жекелеген нөмірлері 8000 данаға дейін жететін таралыммен шықты. Редакциялық алқа 1914 жылғы жаңа жылдық 45-нөмірінде газетті 10 облыстың қазақтары жаздырып алатынын хабарлаған. Бұған қоса оны Орынбор, Уфа, Қазан, Петербург, Мәскеу, Томск қалаларындағы, басқа да бірқатар қалалардағы, сондай-ақ Түркия мен Қытайдағы оқырмандар алып тұрды.

«Қазақ» газетінің редакторы Орынборда айдауда жүрген кезінде сол кезге қарай ағартушылық қозғалыстың танымал көшбасшысы болған, аса көрнекті ақын, көсемсөзші, түркі тілінің маманы, ой-өрісі кең және ұлт дамуының жолдарын көре білген жалынды қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов болды. 1914 жылғы 19 мамырда Баспасөз істері жөніндегі бас басқарманың кеңсесі М. Дулатовқа «Қазақ» газетінің екінші жауапты редакторы міндетін атқаруға рұқсат етті. «Қазақ» газеті 1918 жылы (№№261 - 265) Жанұзақ Жәнібековтың редакциялауымен шықты.

"Айқап" - қоғамдық-саяси және әдеби журнал. 1911-1915 жылы Троицк қаласында басында айына бір рет, кейіннен айына екі рет шығып тұрған. 1-2 мың данамен 88 нөмірі жарық көрген. Алғашқы редакторы - М.Сералин. "Айқап" қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. Журналды шығару жұмыстарына А.Ғалымов, С.Торайғыров қатысқан. Журналда А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, Б.Майлин, Б.Өтетілеуов, С.Көбеев, Н.Құлжанов, т.б. сияқты белгілі жазушылар белсенді қызмет атқарған. Абай, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин өлеңдерімен қатар халық ауыз әдебиетінің шығармалары, шығыс, орыс және еуропа әдебиетінің туындылары жарияланған.

Сабақты бекіту.

  1. «Қазақ» газетінің қазақ қоғамындағы ерекше мәні

  2. Алашордалықтардың орталығы болған қала ?

№ 5 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : 1916ж көтеріліске қатысты Алаш қозғалысы жетекшілерінің ұстанымдары мен қайраткерлік қызметтері

Сабақтың мақсаты : 1916ж көтеріліске қатысты Алаш қозғалысы жетекшілерінің ұстанымдары мен қайраткерлік қызметтері жайлы айтып түсіндіру

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : лекция, баяндау

Сабақтың барысы : 1916 жылғы көтеріліс кезеңінде патшалық өкімет орындары қазақ халқына арнайы контрибуция салды, оның бүкіл ауыртпалығы еңбекші бұқараның мойнына түсті. Көтеріліске қатысқан-қатыспағанына қарамастан олардың мүлкі мен малы тартып алынды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған соң, Қазақстан өнеркәсібі де соғыс қажеттері үшін жұмыс істеді. Өлкедегі кен өнеркәсібінің маңызды салаларының бірі Успен және Сасық-Қарасу кеніштерінен темір кенін өндіру болды. Мыс рудасын негізінен «Спасск мыс рудалары», акционерлік қоғамы «Атбасар мыс кендері» акционерлік қоғамдары өндірді.

1915 жылғы қыркүйектің ортасында 80 адамнан тұратын Жетісу әскери-өнеркәсіп комитеті құрылды. Жылдың аяғына қарай Қазақстанның барлық облыс орталықтарында және уездік әкімшілік орталықтарының көпшілігінде ӘӨК (әскери-өнеркәсіп комитеті) құрылды.

Қазақстандағы ӘӨК құрамына қарағанда, оларда көбінесе буржуазияның өкілдері болды, облыстық ӘӨК комитеттерінде армия, жабдықтау және интенданттық сұраныс керек-жарағымен, кәсіпорындарды жұмыс күшімен және отынмен, медициналық қызмет көрсетумен айналысуға тиісті 5-7 бөлім болды.

Соғыс жылдарында жүн өніміне сұраным ұлғайды. Өлкедегі шұға өндіретін тұңғыш Қарғалы фабрикасы әскери тапсырыс орындап, шинельге арналған сұрғылт армия шұғасын дайындай бастады. Соғыс армияны консервіленген ет өнімімен тұрақты жабдықтауды қажет етті. Бұл жылдарда Петропавлда ет-консерв комбинаты, Оралда армия интенданттығының тапсырыстары бойынша жұмыс істеген мал соятын орын салынды.

Кәсіпшіліктерден ең көп таралғандары балық аулау, тұз өндіру және тасымалдау кәсіпшіліктері болды.

Соғыс жылдарында патша үкіметі қазақтардан жерді тартып алуды жалғастырды. Ауылдың ең кедей бөлігі бұрынғысынан да зор қайыршылыққа түсіп, біржола күйзелді. Малынан, жерінен айырылып, кулактар мен байларға батырақ болған немесе өнеркәсіп орындарына, кеніштерге, кен орындарына күнкөріс іздеп кеткен қазақтар саны барған сайын көбейе түсті. 1917 жылға қарай Семей облысында ғана 17 мыңға жуық батырақ қазақтар тіркелген.

Әр түрлі алымдардың 10-ға тарта түрі болды. 1916 жылы 3 миллиард сомға жаңа мемлекеттік заемға жазылу науқаны жүргізілді, ол да қазақ халқының мойнына ауыр салмақ болып түсті. Соғыс басталуына байланысты қазақ халқына тағы бір ауыртпалық: әскери салық салынды, ол әскери міндеткерлік атқармайтындар ретінде қолданылды. Сонымен бірге отаршылдық әкімшіліктің қысымымен қазақ халқына майданға көмек көрсету үшін әр түрлі ерікті қайырымдылық жасау міндеттелді.

Соғыс жылдарында кедейлер мен орташалардың жағдайы нашарлады. Запастағы шен иелері отбасыларының жағдайы өте ауыр еді, олар не кулактар шаруашылығында батырақтар болуға немесе табыс табу үшін өнеркәсіп орталықтарына кетуге мәжбүр болды. Қазақстанда әкімшілік-полициялық езгі жыл өткен сайын күшейтілді.


1916 жылғы 9 қыркүйекте Министрлер кеңесі Сібір мен Дала және Түркістан өлкелерінің облыстарында полициялық күзет енгізу туралы мәселе қарады. Соғыс жылдарында халық бой көрсетулерінің кең таралған нысаны «әйелдер бүліктері» дейтіндер болды, оларды өкімет орындары үкіметке қарсы бой көрсету деп қарады. Солдаттар бұқарасының бой көрсетулері жергілікті әкімшіліктің жазалау шараларын қатайтуына әкеп соқты. Көтерілістерге қатысқаны үшін, ереуілдер ұйымдастырғаны және басқа әрекеттер үшін өлім жазасы енгізілді. Халық бұқарасының соғысқа және патша өкіметіне қарсы қозғалысы 1915 жылдың екінші жартысында ерекше күшейді. 1916 жылдың басында майданнан революциялық күрес тәжірибесі бар жұмысшылар қайтып орала бастады. Жұмысшы қозғалысы қайтадан өрістей бастады. Семей қаласында еңбекшілердің ерекше бой көрсетуі болып өтті. Онда 1916 жылғы 19-20 қарашада 17 дүкен қиратылды. 1916 жылдың екінші жартысында жұмысшы қозғалысының дамуына қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы зор ықпал жасады. Тыл жұмыстарына шақыруға қарсы көтеріліспен байланысты Қазақстанның кең кәсіпорындары мен темір жолдарында жұмысшылардың ірі толқулары атап өтілген. Бұл толқулар жұмысшы қазақтардың жұмыстан жаппай кетіп қалуына ұласты. Жұмысшы қозғалысын басуға тырысып, өкімет орындары үш айға дейін түрмеге қамауға немесе 3 мың сомға дейін ақшалай айыппұл салуға қатаң шаралар қолданды. 1916 жылдың орта шеніне қарай кедейлер әбден ашынған жағдайға жеткізілді. II Николай патшаның «бұратаналарды» тыл жұмыстарына алуы туралы жарлығы Қазақстанның барлық облыстарындағы көтеріліске ұшқын түсірді.

1916 жылдың аяғына қарай Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыс халықтың барлық топтарын қамтыды: өнеркәсіп орындарының, кеніштер мен кен орындарының жұмысшылары ереуілдер жасады, қалалар мен селоларда дүкендер мен дүңгіршіктерге ойран салынды, Қазақстанның бүкіл аумағы ұлт-азаттық қозғалысының өртіне оранды.


Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі.


Қазақ жастарын майдандағы тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерілуіне себеп болды. Қазақтардың тууы туралы куәлігінің жоғын пайдаланып, болыстық басқармалар мен ауыл старшындары жастарының асқандығына қарамастан кедей жігіттерді майданға жұмысқа алынатын «қара тізімге қосты», ал феодалдар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын жасап бақты. Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды.

Қазақстандағы бұл қозғалыс көпшілік аудандарда ұлт-азаттық сипатта болып, патша өкіметіне, отаршылдыққа, империалистік соғысқа және жергілікті жерлерде патша өкіметіне сүйеніш болып отырған феодал-байларға қарсы бағытталды. Бұл қозғалысты еңбекші халықтың өкілдері басқарды. Торғай даласында қазақ жастарын Әліби Жангелдин мен Амангелді Иманов, Орал облысы мен Бөкей ордасында Сейітқали Мендешев, Ақтөбе даласында - Әділбек Майкөтов, Жетісуда - Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Тұрар Рысқұлов т. б. басқарды.

1916 жылғы шілде, тамыз айларында көтеріліс бүкіл қазақ даласын қамтыды. Оны басу үшін патша өкіметі жазалаушы отрядтар жіберді. Оның құрамына жақсы қаруланған әскер бөлімдері, казак-орыс шоғырлары кірді. Көтерілісті басу үшін патша үкіметі өзінің ескі «бөліп ал да билей бер» деген тактикасын да кеңінен қолданды. 1916 жылғы 23 тамызда Түркістан генерал-губернаторы Куропаткиннің жарлығымен майдан жұмыстарына шақырылудан қанаушы таптардың бірқатар өкілдері босатылды.


1916 жылғы қазақ халқы көтерілісінің басты аудандарының бірі - Жетісу еді. Мұнда ол 1916 жылғы шілденің алғашқы күндерінде Жаркент - тараншы болысының Городское селосындағы тыл жұмыстарына жіберілетін жігіттердің тізімдерін жасауға қарсылық көрсетуімен басталды. Жетісудағы көтеріліс басшыларының және қазақтың демократияшыл зиялыларының бірі - Тоқаш Бокин. Ол халықтар арасындағы үгіт жұмысына басшылық етті, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді, үстем феодал-байлар тобының сатқындық рөлін әшкерелеп, патша жарлығын орындамауға шақырды. 1916 жылғы тамыздың бас кезінде революциялық қызметі үшін ол қамауға алынды. Түрмеде Тоқаш Бокин Ақпан төңкерісінің жеңісіне дейін отырды. Жазалаушылармен соңғы ұрыс 1916 жылғы қыркүйектің аяғында Қапал уезіндегі Быжы өзенінің маңында жүрді. Көтерілісшілердің жасақтары жеңіліске ұшырап, қалғандары тауға кетті. Жетісудағы көтеріліс 1916 жылғы қазанда басып-жаншылды. Көтерілістің ең бір күшті болған орталығы Торғай облысы еді. Мұнда көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтеріліс Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерін қамтыды. Торғай уезінің қыпшақ руының қазақтары өздерінің ханы (әмірі) етіп Нияз бидің немересі Әбдіғапар Жанбосыновты сайлады. Ал оның әскерінің бас сардарбегі (әскер қолбасшысы) болып Амангелді Иманов тағайындалды. Арғын руының болыстарын Оспан Шолақов басқарды. Амангелді Иманов 1873 жылы Торғай уезінің Қайдауыл болысындағы ауылдардың бірінде, кедей шаруаның семьясында туған. Әкесінен ерте айырылған Амангелді байлардың есігінде жүріп, бала күнінен-ақ жоқшылық пен мұқтаждық көрді. Амангелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Көтерілісшілердің штабы (орталығы) Торғай даласының қиыр түкпірінде, Батпаққара маңында орналасты. Ол отрядтарын 10, 50, 100 және 1000 адамнан құралған топтарға бөлді. Олардың басына онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасы тағайындалды.

1916 жылғы қазанға қарай Торғай және Ырғыз уездерінде 20-ға тарта көтерілісшілер отряды құрылды. 23 қазанда Амангелді Иманов бастаған 15 мың көтерілісшілер Торғай қаласын қоршап алды. Бірақ олар қаланы ала алмай, қоршау бірнеше күнге созылды. Амангелді бастаған көтерілісті басу үшін патша үкіметі генерал А. Д. Лаврентьев басқарған 10 мың әскер жіберді. Лаврентьев әскерлерінің келе жатқанын естіп, көтерілісшілер Торғайды қоршауды қойып, оған қарсы аттанды. Жазалаушылар көп шығынға ұшырап, көтерілісшілер қатарын әрең бұзып өтіп, 16 қарашада Торғай қаласына келіп кірді.

Қарашаның екінші жартысында көтерілісшілердің негізгі тобы Торғайдан 150 шақырым жерге қашықтап шегініп, Батпаққараның төңірегіне жиналды. Мұнда соғыс қимылдарына басшылық ететін кеңес құрылды. Амангелді Имановтың басшылығымен осы жерде жазалаушыларға қарсы көтерілісшілердің партизандық күрес әдістерін кеңінен пайдаланды. Бірақ қыстың ерте түсуі көтерілісшілердің қимылын қиындатты. Көтерілісшілер өздерін азық-түлікпен қамтамасыз етіп, алыс жерлерге жертөлелер салды, киіз үйлер тікті. Сөйтіп, 1917 жылдың басынан бастап, А. Иманов күресті әрі қарай жалғастыруды көздеді. Патша жазалаушылары мен Амангелді Имановтың көтерілісшілері арасындағы соғыс қимылдары 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін де жалғаса берді. Торғай облысында Амангелді Имановпен бірге көтеріліске басшылық етіп, оның дүниетанымын қалыптастыруға зор ықпал жасаған большевик Әліби Жанкелдин еді. Ол 1884 жылы Торғай уезінің Қайдауыл болысында кедей семьясында туған. 1902 жылы орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін, ол Қазан семинариясына оқуға түсті. 1905 жылы Қазақ студенттерінің революциялық қозғалысына қатысқаны үшін, семинариядан шығарылды. 1906 жылы революциялық қызметі үшін, оны осының алдында ғана оқуға түскен Мәскеу семинариясынан шығарды. 1915 жылы большевиктердің Петроград ұйымы оны партия мүшелігіне қабылдады.


Көтерілістің бірыңғай басшылығы және ұйымдастырушы орталығы болмаса да, Қазақстанда болып жатқан оқиғалар басқа аймақтарға ықпал жасап, өзара байланысты болып отырды. Көптеген аудандарда көтеріліс антифеодалдық сипат алды. 1916 жылғы көтеріліс қазақ еңбекші бұқарасының таптық сана-сезімін арттыруда зор рөл атқарды. Көтеріліс патшаның малайлары ретінде феодалдық рулық жоғары топтың шын сиқын қазақ шаруаларына айқын көрсетіп, ауылдағы тап күресін жаңа сатыға көтерді.

Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың топтары, сондай-ақ жаңадан туындап келе жатқан жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілері еді. Оған қазақ халқының өзге топтарының, сонымен бірге демократиялық интелегенцияның өкілдері де қатысты. Жалпы алғанда, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, дұнғандар және кейбір өзге халықтардың өкілдері қатысқан тұтас бір ұлттық сипатқа ие болды. Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы - Ресей империализмі дағдарысының бір көрінісі еді. Бұл қозғалыс Ресейдегі азаттық күресінің жалпы тасқынына ұласты. Ол империядағы саяси және әлеуметтік дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды, әскери-феодалдық және әскери отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтты.

Сабақты бекіту.

  1. 1916 ж ұлт - азаттық көтерілістің тарихи мәні, сипаты, маңызы

  2. Алаш қозғалысы мүшелерінің ұлт - азаттық көтеріліс жайлы ұстанымдары

№ 6 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : Ресей отаршылдығы және дүниежүзілік антимпериалистік күрес аясындағы қазақ оппозициясы. Ресей мұсылмандары қозғалысы

Сабақтың мақсаты : Ресей мұсылмандары қозғалысының мәнін ашып түсіндіру, оқушылардың жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап, түсіндіру

Сабақтың барысы : XX ғасырдың бас кезінде қазақ өлкесінде мұсылман қайраткерлерінің әрекеті жандана түсті. Олар исламның ықпалын күшейту арқылы қазақтарды патша үкіметінің орыстандыру және шоқындыру саясатына қарсы тұруға үгіттеді. Діни қайраткерлердің осындай қозғалысы әсіресе Петропавл, Көкшетау, Ақмола және Семей қалаларында елеулі түрде кеңінен тарады. Көкшетау қаласында молда Наурызбай Таласов ерекше белсенділік танытты. Ол халық арасында Науан хазірет деген атпен кеңінен белгілі болды. Науан хазірет халықты патша үкіметіне қарсы күреске шақырды, оған қарсы үгіт таратты. Патшалық билікке қарсы жазылған хаттар ел арасындағы ықпалды да беделді қазақтарға арнайы жолданды. Ондай хаттардың авторы таза діни уағыздарға қоса қазақ қоғамындағы көптеген әлеуметтік маңызы бар мәселелерді қозғады. Атап айтқанда, қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрыптары мен салт-санасына қысым көрсетуді жою, қазақ тілінің кеңінен қолданылуына еркіндік беру, қоныс аударушы орыс шаруаларының ағылып келуін тоқтату, шаруалар бастықтары деген лауазымды қызметті жою мәселелерін көтерді.1902 жылы Көкшетау қаласына Омбыдан арнайы келген дін таратушы осындағы жергілікті халықты христиан дініне енгізу мақсатын көздеді. Ол тіпті «Тауратты» қазақ тіліне аудартып ала келген. Алайда әлгі діни қызметкердің әрекеттері жергілікті мұсылман халықтың ашу-ызасын тудырды. Жергілікті ықпалды діни қайраткерлер Науан хазірет, Шәймерден Қосшығұлов және басқалары Омбыдан келген миссионерді тез арада қуып шыққан. Бұл оқиға жергілікті жандармерия тарапынан діни қайраткерлердің қуғын-сүргінге ұшырауына себеп болған. Науан хазірет пен Шәймерден Қосшығұловтар Шығыс Сібірге, бір қиянда жатқан Якутияға жер аударылған.1903 жылдың көктемінде Ақмола облысына қарасты Көкшетау уезіндегі сегіз болыстың қазақтары Ресей империясы Ішкі істер министрінің атына мына төмендегі мазмұнда хат жазды: «Біздің атам заманнан бері мекендеп келе жатқан жерімізді қоныс аударып келген шаруаларға тартып алып беріп, бастықтар бізді құнарсыз жерлерге қуып шықты... «Құранымызды», қасиетті кітаптарымызды нәжісті жерлерге лақтырды, медреселерімізді жауып тастады. Біз бүйтіп шариғаттан бас тартқаннан гөрі өлімге бас тіккенімізді артық көреміз».1904 жылғы ақпанда Көкшетау уезінің бастығы молда Құдияр Рыстаевтың қазақтарға жолдаған осындай бір хатын қолға түсірді. Онда ол халықты патша үкіметіне қарсы белсенді күреске шақырып, былай деген: «Біздің әкелеріміз хан Кенесары Қасымовтың сенімді серіктері болған еді. Қасиетті дініміз жолында ер жүрек азаматтар ретінде қолымызға қару алып, өлгеніміз әлдеқайда артық».1905 жылы мұсылман діни қайраткерлері Төменгі Новгородтағы және Петербургтағы мұсылмандардың Бүкілресейлік съездеріне қатыса бастады. Мұсылмандардың съезінде «Иттифак-әл-Муслимин» (Мұсылман одағы) атты Бүкілресейлік мұсылмандар партиясы құрылды. Жаңа партияның Орталық Комитеті құрамындағы 15 мүшенің екеуі қазақ болды. Олар Сәлімгерей Жантөреұлы мен Шәймерден Қосшығұлұлы еді.Патша үкіметі отаршыл билікке қарсы шыққан халықты аяусыз жазалауға көшті: тінту жүргізді, түрмеге қамады, жер аударды, мешіттер мен медреселерді жауып тастады. Мұның өзі жергілікті халық тарапынан қатты наразылық туғызды.

Сабақты бекіту.

  1. Ресейдегі мұсылмандар партиясының құрылуы жайлы не білесіңдер ?

  2. «Иттифак - әл - Муслимин» сөзінің мағынасы қандай ?

№ 7 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : Ұлттық мұраттар. Діни-ағартушылық тұғырнамалар.

Сабақтың мақсаты : Ұлттық мұраттар. Діни-ағартушылық тұғырнамалар жайлы түсіндіру

Сабақтың түрі : лекция сабақ

Сабақтың әдісі : лекция, ауызша баяндау.

Сабақтың барысы :ХХғасырдың басында патша үкіметінің мақсаты-орыс және орыс-қазақ зиялы мектептерін ашу және кеңейту.1912ж Торғай облысының Қостанай уезінде 9 ер балалар және қыздар мектебі болған. Медреселерде бала саны 70-тен аспады.Оқушылар жасы:8-20жас ,кейде 30-40 жас, «Ереже» бойынша 16-ға дейін қабылдау оқу бағдарламасы 3,4,5,10 жылға созылды. Оқу жылы мамырда басталып тамызда аяқталды.

Петропавлдағы мұсылмандар кітапханасы Думаның қаржыландыруымен 1910ж дейін жұмыс істеді. Патша үкіметі саясаты мұсылман мектебінің ықпалы әлсіз болды.Бұған қазақ зиялылары қарсылық шараларын ұйымдастырды.

Сабақты бекіту.

  1. Ресейдегі патша үкіметінің мұсылмандық шараларға қарсылығы?

  2. Түркі мемлекетінің негізгі бастамасы қандай шаралар болды.?


№ 8 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : 1917ж Ақпан төңкерісі

Сабақтың мақсаты : 1917 ж Ақпан төңкерісінің Ресейге қазақ жеріне тигізген әсері туралы әңгімелей отырып, оқушылардың ой - өрісін дамыту

Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : дамыта оқыту, шығармашылық жұмыс

Сабақтың барысы : Қазақстан 1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде

1917 жылдың басында Ресейдің революциялық жаңа толқыны көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстың пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында, оның ішінде Қазақстанда да сезілді. Өлке халқының арасында революциялық өрлеудің өрістеуіне бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түсіп, Қазақстан жеріне айдалған Австрия-Венгрия мен Германия соғыс тұтқындары да елеулі әсер етті. 1917 жылы олардың жалпы саны 41.285 әскери адамды құрады. Бұлардың басым көпшілігі Омбы, Ақмола, Павлодар, Семей уездерінде орналасты. 1917 жылы 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық-демократиялық революция жеңіске жетті. Патша өкіметі құлатылып, министрлер мен көрнекті шенеуніктер тұтқынға алынды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуніктері, эсерлер, меньшевиктер және ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша үкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары жұмысшылар, шаруа және солдат депутаттарының кеңестері құрылды.

Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азаттық алудың бастамасы ретінде қабылдады. Революцияшыл халық бұқарасының белсенді қимылдары нәтижесінде өлкеде бұрынғы өкімет өкілдері орындарынан түсіріліп, тұтқынға алынды. Буржуазиялық-демократиялық ақпан төңкерісінің жеңіске жетуі өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды.

Қазақстанда кеңестер 1917 жылы наурыз-мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т. б. жерлерде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының кеңестерімен қатар сәуір-мамыр айларында шаруа депутаттарының кеңестері құрылды. Бұл кеңестерде көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды. Сонымен бірге буржуазиялық уақытша үкіметтің жергілікті органдары 1917 жылы наурыз-сәуір айларында құрылды. Бұлардың басында бұрынғы патша өкіметінің отарлаушы шенеуніктері, қанаушы таптардың өкілдері тұрды.

Ақпан төңкерісі

жылы Ақпан төңкерісінің жеңісі күллі қазақ деген ұлт зиялыларының басын бір жерге қосуға мүмкіндік әкелді. жылдың - айларында көптеген облыс-уезд орталықтарында аймақтық қазақ сиездері өткізіліп, қазақ комитеттері құрыла бастады. Олардың жекелеген өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдары болған облыстық және уездік атқару комитеттерінің құрамына енгізілді. жылы Қазақ сиездері Орынбор (Торғай облыстық), Орал (Орал облыстық), Семей (Семей облыстық), Омбы (Ақмола облыстық) т.б. қалаларында болды. Қазақ сиездерін өткізуге ұлт зиялылары белсене кірісті. Орал облыстық қазақтардың 1-ші сиезі 1917 жылы 19-22 сәуір аралығында Орал қаласында өтті. Сиезді уақытша қазақ комитетінің төрағасы Ғұбайдолла Әлібеков ашып, құттықтау сөз сөйледі. Осы сиезде бірінші кезекте Мемлекетті басқару туралы, Уақытша үкімет туралы және жүріп жатқан импералистік соғысқа көзқарас туралы мәселелер қаралды. Сиез төрт күнге созылды, сиездің соңғы төртінші күні облыстағы оқу-ағарту, мәдениет және т.б. мәселелер қаралды. Сиез делегаттары Орал облысында қазақтар арасында бастауыш, орта, жоғары білім беру жүйесі қанағаттанғысыз деп тауып, төмендегі шешімдерді қабылдады: - мұғалімдер сиезін шақыру қажет; - Орал қаласында уақытша орта оқу орнын ашу қажет, ерлер гимназиясының бағдарламасы негізінде қазақ балаларына арнайы оқу орнын ұйымдастырып, оны қазақтар қаражатына салынған бұрынғы кәсіптік мектептің үйіне орналастыру жөн деп табылсын; - қазақ тілінде газет, брошюралар шығару қажет деп табылсын; Сиезде бұдан басқа да мәселелер қаралды, басқа қаралған мәселелерді қосқанда саны 23-ке жеткен. Орал сиезінің қарарында облыс орталығында орта мектеп ашу және кәсіби мамандардың қатысуымен халық ағарту ісін реформалау мәселелерін талқылау үшін мұғалімдер құрылтайын шақыру қажеттілігі көрсетілді [4]. Осы сиезде Жаһанша Досмүхамедов: «Біздің мақсатымыз - ел билеуді халықтың өз қольша беру, қазақ халқы автономияға ие болып, алдағы уақытта тағдырын өз қолына алады. Қалың қазақты аяусыз қанаған патша орнынан түсті. Ендігі жерде қазақты елдің тұрмысын, тілін білетін, мінез-құлқын, әдет-ғұрпын білетіндер ғана басқарады. Осыған байланысты қалай болғанда да біз Ресейден автономия алуға тиістіміз», деп өз ойын білдіреді [5]. Жаһаншаның жалынды сөзінде мемлекеттің саяси құрылысы мен оның мемлекеттік тілі, оның қолдану аясы ашық түрде айқын айтылғанын біздер ұғынуымыз керек. Кешегі өткен 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының құрбандары болған жастар да Жаһаншаның ой-пікірін қайталағанын біз еске түсірмей кете алмаймыз. XX ғасырдың басындағы алаш ардақтылары халықты ұлтаралық бірлікке шақырды, олар ұлтшылдықты арқау еткен жоқ, керісінше ұлтын сүйген ұлтжанды азаматтар екенін танытты.

Сабақты бекіту

  1. Ақпан төңкерісінің басталу себебі, монархияның құлауы.

  2. Ақпан төңкерісінің қозғаушы күштері кімдер болды ?

  3. Ақпан төңкерісінен кейінгі қазақ жерінің қоғамдық - саяси өмірі.


№ 9 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : 1917ж Қазан төңкерісі және Алаштың көзқарасы

Сабақтың мақсаты : 1917ж Қазан төңкерісі және Алаштың көзқарасы жайлы түсініктерін қалыптастыру

Сабақтың түрі : лекция сабақ

Сабақтың әдісі : лекция

Сабақтың барысы :

Қазан төңкерісі - 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды. Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, В. И. Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады. Алғашқысында 1914 ж. басталған І-дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің үкіметтері мен халықтарына аннекциясыз және контрибутциясыз демократиялық бітім жасау ұсынылса, Жер туралы декретте жерге жеке меншік жойылып, ол жалпы халықтық мемлекеттік меншік болып жарияланды. Съезде В.И. Ленин басқарған және жұмысшы-шаруа үкіметі аталған Ресей ХКК құрылды. Сонымен қатар Кеңестердің Бүкілресейлік ОАК-нің (БОАК) жаңа, большевиктендірілген құрамы сайланды. Съезд В.И. Лениннің жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға арналған үндеуін қабылдап, ол арқылы халықты барлық жерде жаппай Кеңес өкіметін орнатуға шақырды. Кеңес үкіметі көп ұлтты Ресей еңбекшілерін өз жағына тартуда айтарлықтай насихатшылдық рөл атқарған екі саяси құжат жариялады. Біріншісі 2 (15) қарашада жарияланған Ресей халықтары құқықтарының декларациясы, екіншісі 20 қарашадағы (3 желтоқсан) Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне деген үндеу болды. Бұл құжаттарда Ресейді мекендеген халықтардың теңдігі, олардың өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешуге құқылы екендігі айтылып, ұлттық және этностық топтардың еркін дамуына, бұрынғы езілген ұлттардың өздерін-өздері билейтіндігіне кепілдік беріледі делінді. Мұның үстіне Кеңес өкіметі мен большевиктер партиясы Зауыттар мен фабрикалар жұмысшыларға!, Жер шаруаларға!, Теңдік бұрынғы езілген ұлттарға! деген ұрандарды үзбей қайталаумен болды. Осы уәделер мен ұрандарға әуел баста бұқараның айтарлықтай бөлігі, ең алдымен, қоғамның жаппай кедейленген мүшелері сенді, сондықтан олардың өкілдері Кеңес өкіметін орнату үшін күреске қатысты. Петроградтан кейін 1917 ж. қарашаның басында Кеңес өкіметі Мәскеуде, елдің өнеркәсіпті орталығы аудандарында жеңіске жетті, көп кешікпей бұл жағдай мемлекеттің ұлт аймақтарын, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Бұл кезде Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен өлкенің басқа да ірі елді мекендерінде орнады. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Кеңес өкіметінің орнауы азамат соғысы басталғанға дейін, тіпті одан кейінгі жылдарға дейін жалғасты. Бұл өлкенің әлеуметтік-экономикалық артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болуынан, ұлтаралық қатынастардың күрделілігінен шиеленісіне түсті. Мұның үстіне ұлттық-демократия Алаш қозғалысының жетекшілері Қазан төнкерісі мен Кеңес өкіметінің идеяларын қабылдамады. Ал Қазақстанда орналасқан Орал, Жетісу, Батыс Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметтері Кеңес өкіметінің орнауына қарулы қарсылық көрсетті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда жеңіске жетуіне негізінен славян текті халықтардың (ең алдымен, орыстар мен украиндардың) өкілдерін біріктірген жергілікті гарнизонның солдаттары мен жұмысшы-солдат және шарауалар кеңестеріне топтасқан қоғамның кедейленген мүшелерінің өкілдері барынша ат салысты. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Ә.Майкөтов, И.Дубынин, К.Шугаев, Я.Ушанов, А.Иманов, С.Цвиллинг, Т.Рысқұлов, Т.Бокин, П.Виноградов, Л.Емелев, Т.Өтепов, А.Розыбакиев, т.б. неғұрлым белсене қатысты.

Қазан төңкерісі кеңестік тарихнамада, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының құжаттарында күллі адамзат тарихына түбірлі өзгеріс енгізген, жаңа заманды капитализмнен социализмге өту дәуірін ашқан 20 ғ-дың басты оқиғасы деп дәріптеліп келді. Шын мәнінде Қазан төңкерісі көп ұлтты Ресейдің, оның құрамына енген көптеген елдер мен халықтардың табиғи, эволюцияның даму жолын күштеп [[революция |революцияшыл]] қайта өзгерістер үрдісіне түсірді. 74 жыл өмір сүрген Кеңес Одағында ел өмірінің барлық салалары (экономика мен саясат, мәдениет пен руханият) сталиндік нұсқада, әміршілдік мәндегі тәжірибелер жасау алаңына айналды. Олардың барлығы да қазан төкерісі, социализм идеяларын жүзеге асыру үшін жүзеге асырылды деп түсіндірілді. Түбегейлі өзгерістер жасау тәжірибесінің зиянды салдарлары аз болмады. Олардың қатарына ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру мен көшпенділердің зорлап отырықшыландырылуы нәтижесінде елді жайлаған ашаршылық салдарынан сан мыңдаған адамдардың қырылуы мен басқа елдерге ауа көшуін, көптеген мемлекет, қоғам, мәдениет, ғылым қайраткерлерінің әміршілдік жүйе ұйымдастырған саяси қуғын-сүргіннің құрбандарына айналуын, демографиялық саясат пен мәдени-рухани салада орын алған келеңсіздіктерді жатқызуға болады. Солай болса да, қазан төңкерісінен кейінгі 74 жыл Кеңес Одағы үшін, оның құрамдас бөлігі болған Қазақстан үшін, тек қана бос кеткен кезең емес. Атап айтқанда, Республиканың материалдық өндіріс жүйесі түбегейлі жаңарды, халықтың білім деңгейі күрт өсті, сапалы ғылым жүйесі қалыптасты, адамдар арасындағы қарым-қатынастар жақсарды. [1]

1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен дағдарысқа ұшырады: бірінші - экономикалық , екінші - саяси дағдарыс.

Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, теміржол қатынасы бұзылды, ауыл шаруашылығы күйреді. Бұл дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды.

Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару қабілеті төмен болды.

Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917 жылы ақпан айында құлауына себеп болды. Оны Ақпан төңкетісі деп атайды. Осы төңкерістің нәтижесінде қос өкімет - жұмысшылар мен шаруалардың кеңесі және буржуазиялық Уақытша өкімет құрылды.Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері, эсерлер, меньшевик- тер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары-жұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттарынң кеңестері құрылды. Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті органдары құрыла бастады.Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері ұйымдастырлды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Торғай облысында Әлихан Бөкейханов Жетісу облысында Мұхамеджан Тынышпаев, Түркістанда Мұстафа Шоқаев тағайындалды.Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азат алудың бастамасы ретінде қабылдады. Бұл жеңіс өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды. Қазақстанның әртүрлі қалаларында қазақ жастарының 20 шақты үйірмелері мен топтары пайда болды. Олар халық арасында листовкалар, сол күндердің көкейтесті мәселелеріне арналған тақпақ-өлеңдер таратты. Әулиеатада Тұрар Рысқұлов «Қазақ» жастарының революцияшыл одағы деген ұйым құрды. Оның құрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатардағы жастар енді Буржуазиялық уақытша өкіметке үміт артқан қазақ зиялылары өз халқын еркіндікке жеткізуді, отарлаудан құтылуды арман етті. Осы мақсатқа жету үшін олар қазақтың ұлттық саяси партиясын құру жолын іздеді. Олар «Қазақ» газеті арқылы қазақ халқына арнайы үндеу жолдады.

Сабақты бекіту

  1. Қазан төңкерісінің басталу себебі

  2. Қазан төңкерісінің қозғаушы күштері кімдер болды ?

  3. Қазан төңкерісінен кейінгі қазақ жерінің қоғамдық - саяси өмірі.


№ 10 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : Қазақ Комиттерінің құрылуы, алғашқы қазақ облыстық съездері

Сабақтың мақсаты :Алғашқы қазақ облыстық съездердің пайда болуы,олардың негізгі атқарған қызметіне тоқталу

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі :түсіндіру

Сабақтың барысы :

1917ж сәуірде қазақтардың жетісудағы облыстық съезі болды.

Қаралған мәселелер:

-Халықты азық-түлікпен жабдықтау

-өзін-өзі басқару

-сот-ісі, салық салу,білім беру және ағарту ісі,аграрлық мәселе,босқындарды қытайдан қайтару,қазақ-орыс қатынасын реттеу.

1917ж 27 сәуір-7 мамыр-қазақтардың Семей облыстық съезі.

Қаралған мәселелер:

-Автономия құру

-Ресейдегі Ұлыстардың еркіндігі,теңдігі және ерекшеліктеріне сәйкес қайта құру мүмкіндігін беру.

Дала генерал-губернаторлығы және приставтар,уряднигтерді тарату.1917ж 21-26 шілде-Орынбор жалпықазақ съезі.

Қаралған мәселелер:

-мемлекеттік басқару, қазақ облыстары автономиясын құру, жер мәселесі, халық милициясын құру,білім беру, сот ісі, дін мәселесі.

«Алаш» саяси партиясын құрып оның бағдарламасын жасап құрылтай жиналысын шақыру.

1917ж мамыр мұсылмандардың бүкілресейлік съезі

Қаралған мәселелер:

-соғысты тоқтату туралы бітім жасау,мұсылман әйелдерінің саяси және азаматтық құқықтары жағынан ерлермен тең құқығы болуы,көп әйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық,8-сағаттық жұмыс күнін енгізу.

Сабақты бекіту

  1. Семейдегі облыстық съездің тарихи мәні?

2.Алаш партиясынқұру қай съезде қаралды ?


№ 11 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : Қазақ ұлттық-либералдық партиясының бағдарламалық жобасы

Сабақтың мақсаты : ұлттық-либералдық партиясының бағдарламалық жобасы оның негізі туралы баяндау

Сабақтың түрі : жаңа сабақ

Сабақтың әдісі :әңгімелеу

Сабақтың барысы :

1917ж 21 қарашада «Алаш» партиясы бағдарламасының 10 бөлмдік жобасы жарияланды:

  • «Алаш» партиясы-әділдікке жақ,нашарларға жолдас,жәберлерге жау.

  • Дінді мелекеттен бөлектеу

  • Сот ісін қазақ тілінде жүргізу

  • Әскери қызметті өз жерінде атқару

  • Жұмысшыларды заңмен қорғау

  • Оқудың жалпыға бірдей және ақысыз болуы

  • Жиналыс,сөз,баспасөз еркіндігі

  • Жерді алдымен жергілікті халыққа беру

Бағдарлама жобасының маңызы: сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып,қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды.

Буржуазиялық-демократиялық ,ұлтазаттық революцияны аяқтауға бағытталған жолды көрсетті.1917ж қараша-1918ж қаңтар аралығында өткен сайлау қазақ еңбекшілерінің көпшілігі Алаш партиясының бағдарламасын қолдайтынын көрсетті:Жетісу губерниясында-57.5℅, Семей уезінде 85.6℅Торғай,Орал губерниларында 75℅

1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдос Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдулхамид Жүндібаев және Ғазымбек Бірімжановтар құрастырған «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Бағдарлама жобасында он тарау бар. Олардың әрқайсысына тақырыпша қойылған.

«Алаш» партиясы багдарламасынын жобасы

Мемлекет қалпы: Россия демократиялық, федеративтік республика болу. (Демократия мағынасы - мемлекетті жұрт билеу. Федерация мағынасы - құрдас мемлекеттер бірлесуі. Федеративтік республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Әрқайсысы өз тізгінің өзі алып жүреді.) Үкімет басында Учредительное собрание мен Г.Дума қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер Учредительное собрание мен Г. Дума алдында жауапты болу.Депутаттар тегіс, тең, төте һәм құпия сайлаумен болады. Сайлау хұқында қан, дін, еркек-әйел талғаусыз болу. Законды жалғыз ғана Г. Дума шығару һәм Г. Дума үкімет үстінен қарап, ісін тексеру, запрос (сұрау) жасау хұқы да Г. Думала болу. Мемлекет салығы Г. Думасыз салынбау.

Жергілікті бостандық

Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия Республикасының федерациялық бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болу, реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болу. Қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алу. «Алаш» партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етерге көңілді адамдар болуына жаһид қылады. Земстволардың управаларында, милицияларында таза қызметші боларлық адамдардың атын халық қалауына салады. «Алаш» партиясы әділдікке жанашарларға жолдас, жәбірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұрт тарақи ету жағына бастайды.

Негізгі хұқық

Россия республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға - еркіншілік; үкімет қызметшілері иесінен рұқсатсыз ешкім табалдырығын аттамаушылық; законсыз жолмен ешкімді үкімет адамдары ұстамаушылық; сот сұрамай, билік айтылмай тұтқын қылмаушылық; қылмысты болған адам судья бар жерде 24 сағат ішінде, судьясыз жерде бір жетіден қалмай судьяға тапсырылып, жабылса, судья үкімімен жабылу. Кісі хатын ашқанға - айып, оқығанға жаза болу.

Дін ісі

Дін ісі мемлекет ісінен айырулы болу. Дін біткенге тең хұқық. Дін жаюға [3]. ерік. Кіру-шығу жағына бостандық. Муфтилік қазақта өз алдына болу. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істес моллада болу, жесір дауы сотта қаралу.

Билік һәм сот

Әр жұрттың билік пен соты тұрмыс ыңғайына қарай болу. Би һәм судья жергілікті жұрттың тілін білу. Аралас жерде соттың тергеу-тексеруі һәм үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылу. Би һәм судья орнынан тергеусіз түспеу. Билік һәм сот жүзінде жұрт біткен тең болу; Кұдайдан соңғы күшті би һәм судья болып, кім де болса, олардың үкіміне мойынсұну. Айтылған үкім тез орнына келу. Зор жазалы қылмыстар присяжный сотпен қаралу. Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болу. Присяжныйлар қазақтан алыну. Қырдағы ауыл, болыс ішіндегі билік пен сот жұрт ұйғарған ереже жолымен атқарылу.

Ел қорғау

Ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмау. Әскерлік жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету: әскер табына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару.

Салық

Салық әл-ауқат, табысқа қарай байға байша, кедейге кедейше әділ жолмен таратылу.

Жұмысшылар

Жұмысшылар закон панасында болу. (Қазақ жерінде завод-фабрика аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. «Алаш» партиясы жұмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевик табының программасын жақтайды.)

Ғылым-білім үйрету

Оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық һәм ақысыз болу; жұртқа жалпы оқу жайылу. Бастауыш мектептерде ана тілінде оқу; қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашу; оқу жолы өз алды автономия түрінде болу; үкімет оқу ісіне кіріспеу; мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылу; ел ішінде кітапханалар ашылу.

Жер мәселесі

Учредительное собрание негізгі закон жасағанда жер сыбағасы алдымен жергілікті жұртқа берілсін деу; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орналасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеу; бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайту; қазаққа тиетін жер сыбағасын жергілікті комитеттер кесу; сыбаға өлшеу - норма жердің топырағымен шаруалық түріне қарай жасалу; сыбағадан артылған жер земство қолында болу; артық тұрған жерден ел өскенде ауық-ауық сыбаға кесіліп берілу; Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесілу; жерді қазақ үй басына иеленбей, ауыл-аймақ, туысқан табына меншіктеп алу; өзара әділдік жолмен пайдалану.

Жер законінде жер сату деген болмау, әркім өзі пайдалану. Пайдасынан артық жер сатылмай, земствоға алыну. Жердің кені, астынғы байлығы қазынанікі болып, билігі земство қолында болу. Аса зор ағаш, зор өзендер мемлекеттікі болып, аз ағаш һәм қол байлықтары земство мүлкіне саналу.

Жоба жасаушылар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдулхамид Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов.Атап айтылғандай, бағдарламаның жобасы Құрылтай жиналысының сайлауында «Алаш» партиясының үлкен жетістіктерге жетуін қамтамасыз етті.

Сабақты бекіту

  1. Алаш бағдарламасының тарихи мәні?

2. Алашордалықтардың мемлекет ішіндегі саяси басқаруы?


№ 12 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : Алаш автономиясы және Алашорданың құрылуы (құрылымы, рәміздері)

Сабақтың мақсаты : Алаш автономиясы және Алашорданың құрылуы (құрылымы, рәміздері) жайлы білімдерін кеңейту

Сабақтың түрі : лекция сабақ

Сабақтың әдісі : лекция, баяндау

Сабақтың барысы : Алаш Орда

«Алаш» партиясының басшылары, 1917, солдан оңға қарай: , ,

.

Ә. Бөкейхановтың Жаза кесімі

Ол үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды., оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа аутономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір аутономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ құрамында Қазақ аутономиясы құрылмақ болады.

Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, ж. желтоқсанында жарияланып, Ә. Бөкейханов сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады.

Ә. Бөкейхановтың қуғын-сүргін кезеңінен 2 жыл алдындағы мен ату жазасының күніндегісі. жылы большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә. Бөкейханов қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады.Бірақ, ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай белсенділердің көрсетуімен ол жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Әлихан Бөкейханов жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды жылы тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 67 жасында Мәскеуде ату жазасына жазасына кеседі. жылы КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.

Алаш Орда (1917-1920) - мен соң ж. құрылған қазақ-қырғыз Алаш автономиясының үкіметі.

.Алаш Орда құрылтайы

ж. - өткізілді.

Құрылтайдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды. Олардың ішіндегі ең негізгілері: қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция һәм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мәселелері болды.

Құрылтай делегаттары құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін, «уақытша Ұлт Кеңесі» түріндегі берік билік құру, оған «Алаш Орда» деген атау беру (төрағасы , Ұлт Кеңесі құрамына 25 адам кірді), сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы - (кейін Алаш-қала атауын алды) қаласы еді. Бұл туралы кейіннен Ә. Бөкейханов ( ж. ) былай деп мәлімдейді: «съездің бұл шешімі қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына (яғни қазақтар үшін жат-таптық жіктелу) жол бермеу мүдделерінен туындады…». Үкімет төрағалығына үш қайраткер - Бөкейханов, Құлманов және Тұрлыбаев ұсынылды. Көп дауыс алған Бөкейханов төраға болып сайланды. А. азамат соғысы жылдарында Кеңес құрылысына жау күштер жағында болды. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш партиясы мен А. үкіметін таратты. Кеңес өкіметі Алаш пен А-ны Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен аластауда алдау мен арбау әдісін де, қару жұмсап, күштеу жолын да қолданды. Кезінде (1919, 1920 ж.) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына белсене қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, олар түгелге дерлік сталиншіл әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандарына айналды. Сол кезде Ресейде орын алған жағдайда қазақтардың жарияланған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы - большевизммен күрес тұрды.Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда үкіметіне Кеңестерге қарсы жақпен бірігуге тура келді. Өйткені Кеңес үкіметі кеңестік негіздегі автономияларды ғана қолдап, көтермелесе, ал ақтардың Алаш автономиясына көзқарасы басқаша болды. Соңғыларының қолдауына сүйене отырып, қазақ халқы, дәлірек айтқанда Ә.Бөкейханов бастаған зиялылар тобы белгілі бір деңгейде дербестікке жетуге болады деп санады. Бұл жолдағы күрес оқиғалары төмендегідей өрбіді.Алаш қайраткерлеріне Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің 1919 жылғы 4 сәуірдегі және 1920 жылғы 15 сәуірдегі шешімімен амнистия жарияланса да, Кеңес үкіметі күшіне мінгеннен кейін, олардың өткенін ешуақытта ұмыта да, кешіре де алған жоқ. Түрлі әдіспен бүркеленген қудалау ақыры, Алаш зиялыларын жаппай қырғынға ұшыратты. Бұл зобалаңнан аман қалған саусақпен санарлық зиялы қазақ, өмірлерінің соңына дейін Мемлекеттік Қауіпсіздік Комиеті назарынан тыс қалмады. Ал атылғандардың үрім-бұтақтары да соңғыларының кебін киді.Бұдан кейінгі Қазақстанның саяси тарихы бәрімізге белгілі. Алдымен 1920 жылы құрылған Қазақ Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы, кейіннен 1936 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы болған тұсында қазақтар отаршылдық қамытынан қол үзген жоқ. Қазақ халқы өз тілін, дінін, әдет-ғұрпын, саяси санасын жоғалту алдында тұрды. Өз тілінен жеріген ұрпақ пайда болды, мәңгүрттік пайда болды

№ 13 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : Бүкілресейлік құрылтай.Ойыл уәлаяты.Түркістан мұхтарияты

Сабақтың мақсаты : Жаңа сабақты түсіндіру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу қабілеттерін дамыту

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : ой қозғау, жеке шығармашылық жұмыстар

Сабақтың барысы : Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы - 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Ресейде қалыптасқан саяси жағдайға байланысты мемлекет өмірінің негізгі мәселелерін шешу және басқару пішімін айқындау мақсатында шақырылған халық өкілдерінің жиналысы. Оның нақты заңды статусы 2 наурызда Мемлекеттік думаның Уақытша к-ті мен Санкт-Петербург кеңесінің атқару к-ті келісімге келуі нәтижесінде жасалды. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына партиялық тізім бойынша 730 делегат белгіленді. Сайлау 17 қыркүйекте өтіп, жиналыс 30 қыркүйекте шақырылатын болды. Бірақ Уақытша үкіметтің 9 тамыздағы шешімімен сайлау 12 қарашаға, ал жиналыстың шақырылуы 28 қарашаға қалдырылды. Ресей империясы көлемінде 73 сайлау округі құрылды. Қазіргі Қазақстан жерінде Жетісу, Сырдария, Орал және Дала сайлау округтері ұйымдастырылды. Қазақ зиялылары Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына үлкен үмітпен қарап, халықты сайлауға әзірлеу жолында қолдан келген мүмкіндіктердің бәрін пайдаланып қалуға тырысты. "Қазақ", "Бірлік туы", "Сарыарқа" газеттері арқылы халықты сайлауда ауызбірлік танытуға шақырды. Облысы қазақ к-ттері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, халық арасына өз өкілдерін жіберді. 1-жалпықазақ съезінде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына на кандидаттар тізімі ұсынылды (қ. Бірінші жалпықазақ съезі). Олар Алаш партиясының атынан тіркелді. Сайлау барысында Алашпартиясы барлық қазақ облыстарында ең көп дауыс алды. Бірақ Қазан төңкерісі нәтижесінде өкімет басына келген кеңестік билік сайлау нәтижелерін мойындамады. 1918 ж. 5 қаңтарда Санкт-Петербургте "Барлық билік Құрылтай жиналысына берілсін!" деген ұранмен көшеге шыққан халыққа большевиктер тарапынан қару қолданылды. 6 қаңтар күні ашылған Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына на қатысуға келген депутаттар күшпен қуылып таратылды. Сөйтіп Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының іске кірісіп, алдына қойған демокр. мақсат-мүдделерді жүзеге асыруына мүмкіндік болмады.

Түркістан мұсылмандарының IV төтенше съезі 1917 жылы 27 карашада Қоқан қаласында ашылды. Оған Түркістан аймағының әр бөлігінен келген 300-дей өкіл қатысты. Мұнда «Түркістан территориялық автономиясы» (Түркістан мұхтарияты) жарияланды және оның Халық кеңесі сайланды. Түркістан автономиясының төрағалығына М.Тынышбаев, министрлер болып Мұстафа Шоқай, Ш.Шахиахметов, А.Қожанов, Ә.Оразайұлы, Х.Ағаев т.б. сайланды. Халық кеңесі төрағалығына С.Лапин бекітілді.

Сабақты бекіту сұрақтары

1. Бүкілресейлік құрылтайдың мәні неде ?

2. Қоқан қаласындағы ашылған съездің тарихи маңызы ?

3. «Түркістан мұхтарияты» ұғымы

№ 14 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : 1918ж 28 қаңтарында Алашорда үкіметі қызметінің басталуы

Сабақтың мақсаты : Алашорда үкіметінің құрылуы жайлы тың мәліметтермен таныстыру, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту

Сабақтың түрі : жаңа сабақ

Сабақтың әдісі :түсіндіру, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы : Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдай Уақытша үкіметтің баска да шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ұлт өміріне қатысты ең өзекті мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұраксыз саяси билікке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия, зорлық пен зомбылыкка ұласуы еді. Қазақ облыстарында асқынған жер мәселесін шешуге бағытталған әрекеттің болмауы, атты қазақ әскері, қарулы солдат пен қоныстанушылардың панасыз жергілікті халық үстінен жүргізген озбырлығының өрши түсуі соның айғағы болатын.Осындай жағдайда қазақ зиялылары арасында ұлттың мемлекеттілігі туралы мәселе талқылауға түсті. Сөйтіп, бұл мәселені қараған Жалпықазақ-қырғыз съезі 1917 жылы 5 желтоқсанда Орынбор қаласында ашылды. Оған барлық қазақ облыстарынан, сондай-ақ одан тыс жерде тұратын Алтай губерниясы мен Самарқан облысы қазақтарынан және Жетісу облысы қырғыздарынан барлығы 82 өкіл қатысты. Съездің күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе, әрине, ұлттық автономия мәселесі еді.Съезд қазақ автономиясы мәселесі бойынша бірауыздан қаулы қылды:1) Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы және Әмудария бөліміндегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы және Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі - халкы қазақ-қырғыз, халі, тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға;2) қазақ-кырғыз автономиясының жер үстіндегі түгісуы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын;5) қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халыктың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бәрі бүкіл мекемелерде санына қарай орын алады;6) Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уакытша Ұлттық Кеңес құрылсын. Мұның аты «Алашорда» болсын. Алашорданың ағзасы 25 болып, 10 орын қазақ-кырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылады. Алашорданың уакытша тұратын орны - Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қырғыз-қазақ халқының билігін өз қолына алады.Съезд Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) ұлт кеңесінің құрамын сайлады. Алаш автономиясы үкіметінің, яғни - Алашорданың төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. II Жалпықазақ съезі қырғыз-қазақты бүліншіліктен қорғау үшін... ешбір тоқтаусыз милиция түзу туралы шешім қабылдап, оның Алаш автономиясына кіретін әрбір облыс пен уездегі санын анықтап, оларды соғыс өнеріне үйрету мен қажетті қару және киім-кешекпен қамтамасыз ету жолдарын айқындады.Бірақ осы шешімді жария ету мәселесіне келгенде пікір алшақтығы байқалды. Ә.Бөкейханов бастаған топ мемлекеттік автономия туралы шешімді қазақ арасында тұрып жаткан орыс қауымының келісімін ала отырып іске асыруды ұсынды. X. Досмұхамедов пен оны қолдаушылар автономия туралы шешімді бірден жария етіп, оны нығайту қамына кірісіп кетуді жақтады. Съезд бұл хабарды Түркістан өлкесі құрамындағы қазақтардың Алаш автономиясы құрамына енуге байланысты пікірін анықтап алған соң барып ресми түрде жария ету жөнінде келісімге тоқтады.Съезд белгілеген - әскер жасақтау, ұлт қазынасын құру, оку-ағарту жүйесін қалыптастыру және баска шаралар ұлттық мемлекеттіктің шаңырағын көтеруге бағытталған әрекеттің көрінісі еді.1917 жылғы II Жалпықазақ съезінде бүкіл қазақ жерін, оның халқын біртұтас мемлекет туы астына жинауға бағытталған батыл қадам жасалынды.Съезд өз жұмысын аяқтаған бетте Алашорда үкіметі Сырдария қазақтарының құрылтайын шақыру туралы тиісті жерге жеделхаттар жолдады. Ә.Бөкейханов пен М.Шоқайдың қолдарымен бекітілген бұл хатта «Алаш баласын біріктіріп, өз алдына автономия ету» мақсатында оңтүстік қазақтарының келісімін алу үшін Сырдария облысының съезі шақырылатындығы айтылды. 1918 жылдың қаңтарында Түркістан қаласында өткен съезд Алаш автономиясына қосылу мәселесін үш күн ұдайы талқылаған соң, осындай сын сәтте Сырдария облысының Түркістан автономиясы құрамынан бөлініп кетуі өлке ұлт-азаттық қозғалысына ауыр соққы болып тиерін негізге ала отырып, «1. Сырдария облысы қазіргі уақытта ... әзірше Түркістан автономиясында калады. 2. Алашорда өз алдына автономия иғлан қылып болып, Түркістан автономиясымен союз (одақ) болса, Сырдария қазақ-қырғыздары Түркістан автономиясынан шығып, Алаш автономиясына кіруге қарар қылады», - деген шешімге келді.

II Жалпықазақ съезі қаулысына сәйкес ұлттық-территориялық Қазақ автономиясы 1918 ж. 28 қаңтарда «Сарыарқа» газеті арқылы ресми түрде жарияланды. Ал, нақты қазақ автономиясы және оның Уақытша Ұлтгық Кеңесі «Алашорданың» іс жүзіндегі көрінісі сол кезде бірден шешілмеді. Е.Сайлаубайдың30 «Семейдегі Алашорда үкіметінің құжаттары мен іс-қағаздары» атты мақаласы Алашорда үкіметі тарихының ғылыми зерттеу арнасын кеңейтуде әрі аталмыш үкіметтің қызметін жан-жақты көрсетуде Семей қаласындағы «Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы қазаіргі заман тарихының құжатнама орталығы» архив қорларында ҚР ШҚО Қазіргі заман құжатнама орталығы. Р-37-қор. 1-тізбе.126-іс. сақталған құжаттар біршама мүмкіндіктер береді26.[№4,45б] Алаш қозғалысы мен Алаш Орда үкіметіне қатысты құжаттар құжатнама орталығындағы Бүкілресейлік Уақытша үкіметтің Семей облыстық басқарушысы (48-қор), Бүкілресейлік Уақытша Үкіметтің Семей уездік басқарушысы (50-қор), Семей уездік земство басқармасы (Р-37-қор), Алаш қалалық қоғамдық басқармасы (Р-133-қор), т.б. қорлардағы істер кездеседі. Аталған мұрағаттық қорларда Алашорда қайраткерлері Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, Х.Ғаббасов, т.б. қайраткерлердің қолтаңбалары қойылған іс-қағаздары сақталған. Құжаттарды бірнеше мағыналық топқа бөледі: 1) Алаш әскери ұйымын құру және оны жабдықтау; 2) Алашорда үкіметінің жергілікті ісіндегі түрлі саяси күштермен саяси экономикалық қарым-қатынас: 3) Алашорда үкіметі және Қазақ облыстық соты; 4) Алашорда үкіметінің орталық және жергілікті Колчак үкіметімен арақатынастық байланысын көрсететін құжаттар;

Алашорданың кеңселік іс-қағаздарының қолданысы 1918 жылдың маусым айынан басталып, 1919 жылдың қазан айына дейінгі аралықты қамтиды. Алашорда үкіметінің кеңселік іс-қағаздарының бланктеріндегі әртүрлі қалыптағы штамптар баспаханалық әдіспен басылған. Алашорда үкіметінің мөрі 1918 жылдың маусым және қазан айларындағы кеңселік іс-қағаздары бланктерінде қойылған.

Сабақты бекіту сұрақтары

  1. Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдай ?

  2. ІІ Жалпықазақ съезі жайлы жеке көзқарастарың ?

  3. Алашорда үкіметінің басшысы кім ?


№ 15 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : 1918ж маусым оқиғалары. Қазақстан аймақтарында Кеңес өкіметінің құлатылуы

Сабақтың мақсаты : Қазақстан аймақтарында Кеңес өіметінің құлатылуы жайлы түсіндіру

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі :сұрақ-жауап, миға шабуыл, ауызша баяндау

Сабақтың барысы :

Автономияның елге түсетін салмағының ең ауыры - қазына жинау ісі болды. «Пұл жағынан істі тоқтатпастың жалғыз-ақ шарасы - ақшаны қазір қарызға алу, жұрттан ақша жиналған соң орнына салу. Олай болса Орданьң өзі де, жергілікті комитеттері де қарызға берілетін ақшасы бар жерлерді қарастыру» идеялары да көтерілді. Мұндағы мақсат ұлт қазынасы жиналғанға дейінгі уақытты бос жібермей, ұтымды пайдалану еді.

Алаш жетекшілері Сібір, Самара (Комуч) үкіметтеріне, Уфадиректориясына сенім артып, біртутас мемлекет ретіндс Алаш автономиясын мойындайды деп үміттенді. Соған орай Алаш автономиясын ресми тану жөніндс өтініштер жасап, әр турлі деңгейде көмек беруді сұрайды.

Уфа мемлекеттік мәжілісінен (8 қыркүйек, 1918 ж.) автономияға ұмтылған халықтардың бәрі де үмітті еді, бірақ ол үміттері ақталмады. Уакытша жалпы Ресей үкіметінің 1918 ж. 4 қарашадағы жарлығы бойьшша Алашорда үкіметі таратылып, оның орнына қазақтардың мәдени-тұрмыстық және экономикалык мұқтаждарын қанағаттандыру ісін басқаратын Алаш жөніндегі Бас өкіл тағайывдалды. Мұндай жарлықтар Алашордадан басқа Сібір, Орал, Башқұрт, Самара сияқты облыстық үкіметтер туралы да шықты.

Алашорда үкіметі 2-ші жалпы қазақ съезінің шешімдеріне сөйкес 1918 жылы 11-24 маусымында заңдық күші бар 8 пунктен тұратын қаулы-қарарлар қабылдады. Соған орай Колчак үкіметінің Ішкі істер министрі А.Гатгенбергер Ә.Бөкейхановқа бірнеше рет жеделхаттар жолдап, «Алашорда» шығарған жарлықтарды, жасаған зандарды ала келіңіз,»- дейді. Ә. Бөкейханов қазақ большевиктеріне қарсы нақты күрес жүргізуді назардан тыс қалдырмады. Оның С.Қадырбаевқа жолдаған «қазақтан шыққан большевиктерге еш рақым қылмаңыз» деген жедел хатынан Алашорда үкіметініц ісі қатаң тәртіпке негізделгені байқалады. Қазақ большевиктерінің іс-әрекеттері басқа облыстармен салыстырғанда Семей меи Орал облыстарында басымырақ болды. Солармен күресу мақсатында 1918 жылдың 8 маусымында «большевик заманында Алашқа қастық ойлап, зияншылық қылғандарды тергеуге «военно-полевой сот» ашу жөніңде, одан кейін 1918 ж. 31 шілдесінде «ерекше қазақ соты мен тергеу комиссиясын кұру жөнінде қаулы қабылдайды32. Сарыарқа. 1919.№67.[№5,295-297б.]

Сабақты бекіту сұрақтары

1. Алашорда үкіметінің құлауына себеп болған жағдайлар ?

2.Алашордалықтардың алдарына қойған мақсаттары мен нақты әрекеттеріне сипаттама беріңдер.


























№ 16 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : Алашорда үкіметі және оның қызметі (қаулылары,шешімдері,саясаттағы ұстанымдары)

Сабақтың мақсаты : Алашорда үкіметінің құжаттары жайлы жаңа білмдерін қалыптастыру, өзіндік іздене білу қабілеттерін дамыту

Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі :түсіндіру, лекция, баяндау

Сабақтың барысы : Қазақ өлкесінде аса үлкен саяси маңызы алған Алашорда үкіметі туралы Тәуелсіздік жылдарынан бері ғылыми түрде терең зерттеліп жүр. Ол жайлы деректер баспа беттерінде көптеп жарияланып жатыр. Алашорда қозғалысы тарихының деректемелік негіздерінің алғашқы ғылыми жіктелу үлгісі зерттеушілер Д.Аманжолова, К.Нұрпейісов және М.Қойгелдиевтің еңбектерінде көрсетілген.Зерттеуші К.Нұрпейісов «Алаш һәм Алашорда» деген еңбегінде деректерді төрт топқа бөліп көрсетеді:

1) 20-30-шы жылдарда жеке жинақтарда жарияланған деректер;

2) 1913-1918 жылдарда қазақ ұлттық баспасөзінде жарық көрген деректер;

3) Қазақстанның, Ресейдің, Америка Құрама Штаттарының, Францияның, Түркияның т.б. елдердің мұрағаттары мен кітапханаларында сақталған деректер;

4) Алаш қозғалысының Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Мұстафа Шоқайұлы, Мұхаметжан Тынышбаев сияқты жетекші қайраткерлерінің жеке мұрағаттары мен жарияланған еңбектерінде кездесетін деректемелер.

Қазіргі кезде Алашорда қозғалысының қызметін жан-жақты көрсететін құжаттар жинағын жаңа деректер негізінде шығару қажеттігі және оның алынатын көздері туралы айтылуда.

Семей қаласындағы «Қазіргі заман тарихы құжаттамасы орталығының» археографы Л. Қадырова Алаш үкіметінің кеңселік іс-қағаздарының бланктері әр түрлі сипатта болғанын айтады:

1.Алашорда үкіметі мен Семей облыстық Алашорда комитеті кеңселік іс-қағаздары бланктері түсі ақ, қалың, ал Алаш әскери ұйымы штабы қолданған бланктер сары, жұқа, көлемі жағынан кішірек болып келеді;

2. Алашорда үкіметі мен Семей облыстық Алашорда комитеті бланк қағаздарының көлемі өзгермелі.

3. Бланктерде сол жағында штамптер басылған.

Штамптердегі жазулардың мәтіні қазақ және орыс тілдерінде. Ал құжатқа қойылған мөрлерде қазақ және орыс тілдерінде, арабша төте жазылған жазуларды байқауға болады. Жалпы қойылған мөрлердің түсі, сиясы күлгін, ашық көк болып келген. Алашорда үкіметінің мөрі 1918 жылдың маусым айынан қазан айына дейінгі кеңселік іс-қағаздар бланктеріне қойылған екен, ал Семей облыстық Алашорда комитетінің мөрі 1919 жылдың қыркүйек, қараша айларындағы іс-қағаздарына қойылған. Осы құжаттарға қарап Алашорда үкіметінің кеңселік іс-қағаздарының толтырылу мазмұнына сәйкес, осы үкіметтің атқарған қызметтерін көруге болады.

Тағы бір айта кететін мәселе бұл Алашорда үкіметінің ресейлік аймақтық үкіметтермен қарым-қатынас жасауы және үлкен саяси күштермен арасындағы байланысты айқындайтын деректер мұрағат қорынан табылады. Мысалы, Сібір Облыстық Кеңесі (Сібір думасы және Сібір автономиясы атауларымен де белгілі желтоқсан 1917 жыл-қаңтар 1918 жыл), Сібір Уақытша үкіметі («Уақытша Бүкілресейлік үкімет» деп аталған маусым-қазан 1918 жыл), Самара Құрылтай жиналысы мүшелерінің комитеті

(«Комуч» үкіметі, маусым-тамыз 1918 жыл ), Уфа Директориясы (қыркүйек -қараша 1918 жыл), Колчак үкіметі (қараша 1918 жыл-желтоқсан 1919 жыл) және Кеңес өкіметі (ақпан -маусым 1918 жыл). Сонымен қатар аталған саяси күштердің жергілікті бөлімдерімен арақатынастық сипатын көрсететін де - осы құжаттар.

Алаштанушы азаматтарымыздың бірі Е.Сайлаубай Семей мұрағатында сақталған құнды құжаттарды бірнеше мағыналы топқа бөліп көрсетіп жазады: 1) Алаш әскери ұйымын құру және жабдықтау; 2) Алашорда үкіметінің және жергілікті ісіндегі түрлі саяси күштермен саяси-экономикалық қарым-қатынас (облыстық комиссариат, облыстық басқарушы, облыстық земство, уездік земство, қалалық дума, т.т.); 3) Алашорда үкіметі және Қазақ облыстық соты; 4) Алашорда үкіметінің орталық және жергілікті Колчак үкіметімен арақатынастық байланысын көрсететін құжаттар. Жалпы айтқанда, Алашорда үкіметінің ең елеулі, басты бағытты мақсат-міндеттерінің бірі - ұлттық әскери жасағын (милиция ) құруды іске асырып орындау болды. Осы міндеттің шешілу жолын айқындап, зерттеуге мұрағаттағы құжаттар негіз болады. Сонымен бірге Алашорда үкіметінің кеңселік іс-қағаздарының мөрлері, штамптері басылған құжаттар көптеп саналады. Құжаттарға сүйенсек, Алашорданың кеңселік іс-қағаздарының қолданылуы 1918 жылдың маусым айынан бастап, 1919 жылдың қазан айына дейінгі уақытты қамтиды.


Сабақты бекіту сұрақтары

1.Алашорда үкіметінің қабылдаған қаулылары мен шешімдерінің маңыздылығы.

№ 17 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : Алашорда бөлімдері

Сабақтың мақсаты : Алашорданың шығыс және батыс бөлімдеріне кеңірек тоқтала отырып, оқушылардың білімдерін кеңейту

Сабақтың түрі : лекция сабақ

Сабақтың әдісі : лекция, ауызша баяндау

Сабақтың барысы : Алашорданың Батыс бөлімі, Күнбатыс Алашорда, Батыс Алашорда - XX ғасыр басында Батыс Қазақстан аймағында орнаған ұлттық-мемлекеттік «Алаш автономиясының бір қанаты (немесе құрамдас бөлігі)». 1918 жылы қыркүйекте Уфа Директориясын кұру мәжілісіне Алашорда үкіметі тарапынан 12 делегат қатысты. Олар 11 қыркүйекте автономиялық үкімет төрағасы Әлихан Бөкейхановтың және Халел, Жаһанша Досмұхамедовтер (Орал), Бақтыгерей Құлманов, Уәлитхан Танашев (Бөкей ордасы), Сағындық Досжанов (Орынбор), Есенғали Тұрмұхамедов, Бижан Жанқадамов (Ақтөбе), сондай-ақ Ахмет Бірімжанов (Торғай), Әлімхан Ермеков, Мұхаметжан Тынышбаев (Жетісу) сияқты үкімет мүшелерінің катысуымен төтенше мәжіліс өткізді.Мәжілісте Алаш автономиясының жергілікті басқару жүйесі туралы мәселені талқылап, бұрынғы «Ойыл уәлаяты» Уақытша үкіметін тарату, оның орнына Алашорданың Батыс бөлімін құру туралы шешім шығарды. Ол ресми түрде «Алаш автономиясының батыс бөлігін басқару жөніндегі бөлімше» деп аталды. Оның төрағалығына Ж.Досмұхамедұлы сайланды. Алашорданың Батыс бөлімінің әкімшілік құзіретіне бұрынғы «Ойыл уәлаятының» жеріне коса Бөкей ордасының, Ақтөбе, Ырғыз уездерінің (Закаспий облысы) аумағы кірді. Яғии Уфа мәжілісінің шешімінен кейін бұрын «облыстық қазақ комитеті», «Ойыл уәлаяты» аталған Күнбатыс Алашорданың жер аумағы 2 есе өсіп, тұрғын халқының жалпы саны 1,5 млн. адамға жетті.[1] Үкімет мүшелерінің біразы Семей маңындағы Алаш қаласы атанған (қазіргі Жаңа Семей) елді мекеніне келіп, өздерін Алашорданың шығыс бөлімі деп жариялады. Үкімет мүшелерінің екінші бөлігі Орал облысындағы Жымпиты қаласына келіп, өздерін Алашорда үкіметінің батыс бөлімі немесе Ойыл уалаяты деп атады. Үкіметтің тағы бір бөлігі Жетісу облысында әрекет етті. Елде азамат соғысы басталған 1918 жылдың жазында Алашорда бастаған күштер және Кеңес өкіметінің соңынан ерген күштер қарама-қарсы жақта қалып, өкімет үшін бір-бірімен ашық күреске шықты. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін таратты. Кезінде (1919, 1920) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына белсене қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, олар түгелге дерлік сталиншіл әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандарына айналды.

Сабақты бекіту сұрақтары

1. Алашорданың шығыс бөлімінің орналасу аймағы ?

2. . Алашорданың шығыс бөлімінің орналасу аймағы ?

№ 18 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : Алашорда және Ресейлік саяси күштер азаматтық қарсыласу кезеңінде

Сабақтың мақсаты : Алашорда және Ресейлік саяси күштер азаматтық қарсыласу кезеңінде жайлы айтып түсіндіру.

Сабақтың түрі : лекция сабақ

Сабақтың әдісі : түсіндіру, ой қозғау, лекция

Сабақтың барысы : Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасын құлдырауға әкеп соқты. Ауыл шаруашылығында өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Ол құнарлы жер көп болған, егіншілікпен оны жақсы меңгерген және орыстың қоныс аударушы шаруаларынан тәжірибе алған халық айналысқан аудандарда бәрінен де жақсы дамыды. Соғыс егін шаруашылығына елеулі өзгерістер енгізді. Ең алдымен, ауыл шаруашылық бақша дақылдарының егіс көлемі ұлғайды.

Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да құлдырауына әкеп соқты. Ұсақ мал көбірек, ал ірі мал азырақ өсіріле бастады.

Соғыс жылдарында қазақтың мал шаруашылығы бірінші кезекте жайылымдық алаптарды одан әрі тартып алу салдарынан зардап шекті. Бұл мал санының азаюына әсер етті. Қазақтардан тартып алынған жерлерде капиталистік үлгідегі ірі мал өсіретін шаруашылықтар құрыла бастады. Соғыс жылдарында мал санының қысқаруына ауық-ауық өткізіліп тұратын реквизиция да әсер етті. Патша өкіметі соғыс қажеттері үшін жергілікті халықтан түйе, жылқы, сиыр, жинады. Мал санының қысқаруы ең алдымен қазақ халқының армия қажеттері үшін мәжбүрлеу тәртібімен ет беруге болғандығынан орын алды. Сан миллиондық армияның өсе түскен қажеттерін қанағаттандыру мүмкін емес еді. Осының салдарынан соғыс тапсырыстары көбінесе орындалмай қалатын.

№ 19 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : Алашорда және Түркістан байланыстары

Сабақтың мақсаты : ХХғ 17 ж Түркістан мұсылмандары мен алашордалықтар арасындағы байланысының тарихи маңыздылығын ашып көрсету

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : миға шабуыл, ой қозғау, түсіндіру

Сабақтың барысы : 1917 жылы 26-29 қарашада Қоқанда өткен IV Төтенше өлкелік мұсылмандар съезі Түркістан (Қоқан) автономиясы - Мұхтариаттың құрылғанын жариялады.[4]. Съезде сөйлеген Мұстафа Шоқай былай деп атап көрсетті: «Орталықта болып жатқан жағдайлар шет аймақтарды ұлттық төңкерісті (1917 жылғы Ақпан төңкерісін айтып отыр. - авт.) өздерінің қорғап қалуына мәжбүрлеп отыр. Большевиктердің Қазан қан төгісін бастан өткізген Ресей мен Түркістан өз тағдырларын өздері шешуі керек».[5]. Түркістандағы Алаштың оңтүстік қанатының көсемдері Кеңес өкіметіне қолынан келгенше үш-ақ ай белсенді қарсылык көрсетті. Алаштың Сібір облыстық думасы көлеміндегі сібірлік «автономистерімен» одағы аз уақытка созылды. Алаш қайраткерлері Сібірлік автономистер үкіметінің құрамында Сібір көлемінде қазақтың аумақтық және ұлттық федералдық автономия құру принципін байқап көруді ойластырған еді.

II Бүкілқазақ съезі Түркістанда тұратын қазақтардың Алаш автономиясына қосылуы туралы мәселені Сырдария облысы өкілдерінің съезі шешуге тиіс деген қорытындыға келді. Сырдария қазақтарының съезіне Алашорда тарапынан Б. Құлманов, М. Дулатов және Т. Ибрагимов өкіл етіп жіберілетін болды. Ә. Бөкейханов пен Мұстафа Шоқай біріге отырып қол қойған құжатта съезді шақыру, бұрын М. Шоқай жариялағанындай 1918 жылғы 10 қаңтарда емес, 5 каңтарға ауыстырылды.

Сабақты бекіту сұрақтары

1. Алашорда мен Түркістан байланыстарының тарихи мәні.

2. Алашорда мен Түркістан автономиясы арасындағы келісімдер.

№ 20 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : Алашорданың 1919 ж тарихи қалыптасқан жағдайлар барысындағы қызметі

Сабақтың мақсаты : Алашорданың Комучпен, Уфа Директориясымен және Колчак үкіметімен саяси қарым - қатынасы жайлы айтып түсіндіру

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : баяндау, сұрақ - жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы : Сыртқы істері

Алаш Орданың ақтармен бұл бағыттағы алғашқы байланысы, 1918 жылы 8-ақпанда большевиктер тұтқындаған Сібір облыстық Думасының орнына құрылған Уақытша Сібір үкіметімен болды. Алаш Орда жетекшілері атаман, мүшелері Комитетімен (), де байланыс жасады. Басталып кеткен азамат соғысы Алаш Орданың ұстанар бағытында айқындауды қажет етті. Сөйтіп, қазақ аутономиясы өлкеде әлеуметтік-саяси негізі жоқ Кеңес үкіметіне қарсы күреске шығып, ақтарға қосылуға мәжбүр болды.

Уақытша Сібір үкіметі бастан-ақ қазақтарға ұлыдержавалық пиғыл танытты. Олар Алаш қайраткерлерінің ел ішіндегі беделін өздерінің мақсаттарын жүзеге асыруға мәселен, қажет кездерде әскер күшін жасақтау, соғыстың бүкіл салмағын халық мойнына арту т.б. жағдайларға пайдалануды көздеді. Бұл үкімет Алашорданың белгілі бір үкімет органы ретінде дербес, белсенді әрекет жасауына келісе қоймады. Архив деректері, Сібір үкіметінің мүддесін жүзеге асырушы эмиссарларға Алашорданың батыл қарсылық білдіріп отырғанын көрсетеді. Мұның соңы қазақ автономиясының өзін ресми тану туралы мәлімдемесін, Сібір үкіметінің «нағыз сепаратизмнің белгісі» деп айыптауымен аяқталды.Бұдан кейін Алашорда Бүкілресейлік биліктен үміткер тағы бір үкімет - Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелері комитеті (Комучпен) қарым-қатынаста болды. 1918 жылы 8 маусымда өмірге келген негізінен эсерлер басқарған бұл үкімет, демократиялық принциптерге беріктігін бірден-ақ байқатты. Бұл олардың Алашордаға көзқарасынан-ақ байқалады. Тамыз айында Комуч құрылып жатқан басқа үкіметтердің қатарында Алаш Орданы да мойындайтындығын мәлімдеді. Комитет құрамына - Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. және Х. Досмұхамедовтер, А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, М. Шоқай және т.б. кірді. Бірақ бұл табыс та ұзаққа бармады.Оппозициялық күштерді біріктіру мақсатында Комуч ұйымдастыруымен 1918 жылдың 8-23 қыркүйегінде Уфа кеңесі өтеді. Кеңеске жоғарыда аталған қайраткерлер қатынасты. Бұратана халықтар атынан сөйлеген Ә. Бөкейханов өздерінің сепаратизмнен аулақ екендігін, демократиялық-федеративтік Ресеймен біртұтас екендігін айтты.Кеңес жүріп жатқан кезде 11-қыркүйекте Ә. Бөкейхановтың төрағалығымен Х. және Ж. Досмұхамедовтер, М. Тынышбаев, У. Танашев, Ә. Ермеков, А. Бірімжанов қатысқан Алашорданың төтенше мәжілісі өтеді. Онда қазақ автономиясын Алашорданың бір өзі басқаратыны, ал бұрынырақта (18-мамырда) батыс Қазақстандағы саяси жағдайға байланысты уақытша құрылған Ойыл уәлаяты таратылатыны шешілді. Оның онына жол қатынасы нашарлығымен соғыс жағдайы себебінен Алашорданың батыс бөлімшесі құрылды. Бұл болашақта шақырылатын Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы қарсаңында, бірауыздан құрылған автономия бар екенін Кеңеске қатысушыларға көрсету болатын.

23-қыркүйектегі Кеңестің соңғы күнінде Уақытша Бүкілресейлік үкімет - Директория жарияланды. Бірақ бұл Директория өзі жойылардан аз ғана бұрын 4-қарашада шыққан бұйрығымен, бөлінбейтін Ресейді қалпына келтіру үшін барлық облыстық үкіметтермен бірге Алашорданың орталық үкіметін таратып, оның облыстық, уездік ұйымдарын ғана қалдырды. Орнына мәдени-тұрмыстық мүдделерді басқаратын Бас Уәкілдік қызметін енгізді.Бас Уәкілдік мәселесі 18-қарашада Омбыдағы төңкеріс нәтижесінде өзін «Жоғары Билеуші» деп жариялаған адмирал Колчак кезінде қаралды. «Николайдың заманы мен тәртібі келген уақытта да» қазақ зиялылары көздеген мақсатынан таймады.

Колчак үкіметі Бас уәкілдің міндеті туралы Ережені талқылап, оған керекті материал жинау үшін қазақ даласына өз өкілдерін жіберді. 2-мамырда Семейге келген Ішкі Істер Министрлігінің өкілі Г. Малахов, аталған мекеменің Алашорда тағдыры туралы жоспарын бір топ қазақ интеллигенттеріне таныстырады.1919 жылы 6-мамырда А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, Р. Мәрсеков, А. Қозбағаров, С. Дүйсембинов, Х. Ғаббасов өлкені басқару туралы жаңа Ережеге өз көзқарастарын білдіріп, Ішкі Істер министрлігінің «Бұратаналар» бөліміне Семейден хат жолдайды. Онда ұлттық-территориялық автономия құру туралы шешім қабылдаған ІІ жалпықазақ сьезі, 1917 жылдың өн бойында өткен облыстық сьездердің қорытындысы болғанын, сол съезд шешіміне қарай қажетті жағдайларда әрекет жасағандарын (Ресей мемлекетін қалпына келтіру үшін Кеңес үкіметіне қарсы ортақ күреске қосылғандарын) сондықтан да қазіргі ауыр жағдайда Ресей мемлекетін қалпына келтіруге кедергі келтірмес үшін ұлттық мүддені қоя тұрып, Уақытша Бүкілресейлік Өкіметтің 1918 жылғы 4-қарашадағы бұйрығына көніп отырғандарын, бірақ бұл жарлықтағы қазақ өлкесін басқаратын арнайы органның құрылуы туралы ереженің кешігуі, қазақ халқын алаңдатып тұрғаны айтылды.Одан әрі хатта, бұл мәселені шешуді жолсапарға өз өкілдерін жіберу арқылы емес, Омбыдағы үкіметпен келіссөз жүргізіп жатқан Алашорда өкілдері пікіріне жүгіну жолымен шешу дұрыс болатыны ескертілді. Сондай-ақ, хат иелері қазақ халқын басқару туралы Малахов әкелген жоспар-жобаға байланысты өздерінің мынадай ұсыныстарын да көрсетті:

1) Бас уәкілдік туралы. Алаш автономиясын құрайтын қазақ облыстарын басқаратын Бас уәкілдік жекелеген бір министрлік өкілдігі болмауы керек, ол қазақ халқын ұлттық басқару органы болуы тиіс. Сондықтан Бас уәкілдік Ішкі Істер министріне тәуелсіз болып, тек Министрлер Кеңесіне ғана бағынуы керек. Сонымен қатар Бас уәкілдіктің жанында жолдастарымен (орынбасар) қоса, Кеңес құрылуы тиіс.

2) Жергілікті жерлердегі басқару туралы. Бұл басқару ұлттық принципке негізделіп, облыстық әкімшілік және милиция басқармасы қазақ ұлттық басқару органына бағынсын. Ол үшін облыс-уез, болыстарда тікелей Бас уәкілдікке бағынатын ерекше органдар құрылуы қажет. Біздегі земство түрінде ойлайтын, өзін-өзі басқару органдарына келсек, қазіргі облыстық, уездік земстволар (барлық ұлтқа ортақ) сол күйінде қалып, ал болыстық земстволар қазақ, орыс халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінің өзара айырмашылығы жер мен көктей болғандықтан, қазақтардікі орыс халқынан бөлек болғаны жөн. Болыстардағы әкімшілік органы земство мекемелеріне қосылып, оның міндеті земствоның бір мүшесіне жүктелсін.

3) Жекелеген мәселелер туралы. Діни істермен айналысатын жоғары инстанция - Бас уәкілдік жанындағы Кеңес болып, ол діни лауазымдары бар адамдармен толықтырылып отырса. Орыс бодандығындағы қазақтардың, шекаралас шет мемлекеттермен байланысы туралы істеріне қазақ ұлттық басқармасынан да адам қатыстырылуы қажет деп санаймыз.

Колчактың қазақ даласын басқаратын Бас уәкілдік тағайындау туралы жаңа Ережені жаңғыртқан әрекеті алайда жүзеге асқан жоқ. Мұның себебі, бір жағынан күннен-күнге жеңіліске ұшырап жатқан Ақ Армиядағы сәтсіздіктер болса, екінші жағынан ұлттық қозғалыстарға жауыға қарайтын орыс үкіметтеріне тән қасиетті бойына сіңірген Колчак билігінің өзінен болды.

Алашорда сонымен бірге Кеңес үкіметімен байланыс жасауға тырысты. және ,, сондай-ақ Сталинмен келіссөз жүргізді. Мұның нәтижесі - аутономияның мәдени мұқтажына орталықтың көмегі, бүкілқазақтық құрылтайды шақыру, өлкеде азаматтық бітімге келу туралы уәделер болды.


Сабақты бекіту сұрақтары

1. Алашорданың 1919 ж тарихи қалыптасқан жағдайлар барысындағы қызметі жайлы өз ойларыңды білдіріңдер ?





























№ 21 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : Алашорда және Кеңес өкіметі (1919-20ж.ж.)

Сабақтың мақсаты : Алашорда мен Кеңес өкіметі арасындағы байланыстарды аша отырып, толық мағлұматтар беру.

Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : түсіндіру, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы : 1919 жылы жақсы қарулаыған және дайындықтан өткен Қызыл Армия Қазақстанның барлық майданында үлкен жеңістерге жете бастады. Кеңес республикасын Түркістанмен біріктіру үшін Түркістан майданының әскерлері тамыз айында жаппай шабуылға көтерілді. Астыртын жұмыстағы большевиктік ұйымдар мен партизан отрядтары Қызыл Армияның ұрысқа шыққан бөлімдерімен тығыз байланыста болды. Колчакшылар Қарқаралы совдепінің мүшелерін жазаға тартуды ойластырған 1919 жылы 1 желтоқсанға қараған түнде Семейде большевиктердің бастауымен қарулы көтеріліс болып, жеңіске жетті. Жаңа құрылған әскери-революциялық комитет қалада және өңірде Кеңес өкіметін қалпына келтіруге ұмтылды. Ескі шекарасы басқа губернияларға қарағанда кең ауқымды жерді алып жатқан, бір миллионнан астам халқы бар Семей облысында 1919 жылы 16 желтоқсанда уақытша облыстық революциялық комитет өз жұмысын бастады. Оның құрамында Скиба, Большаков, А. Бобра, В.А. Курамжина сияқты белгілі адамдар кірді. Қарқаралы өңірінде де сол күндері колчакшылардың жүгенсіздігіне қарсылық күшейді. Осы жылдың 12 желтоксанында Қарқаралыны Қызыл Армия бөлімдері азат етті. 1920 жылы 8 кантарда уездік революциялық комитет құрылып. А. Радченконың төрағалық етуімен Қарқаралы уезі делегаттарының съезі өткізілді. Осы жылғы 20 наурызда РКП(б)-нің Семей губерниялық бюросы Қарқаралы уездік бюросының құрамын бекітті.Жалпы, Кеңес өкіметі жеңгеннен кейін Қазақстанда да ескі мекемелер, оның ішінде Уақытша үкіметтің комиссарлары, отарлау-шенеуніктік, әкімшілік, қоныстандыру басқармасы, бұрынғы сог жүйесі жойылып, өкімет билігі жұмысшы, солдат депутаттары Кеңестері арқылы жұмысшы, шаруалардың қолына өте бастады. Мұндай өзгерістердің іске асуында Қазақстан қалаларында құрылған төңкерістік комитеттердің ролі зор болды. Олар қызыл ұландар бөлімдерін, жұмысшы жасақтарын құрды, кедейлерге арқа сүйеп, қанаушы таптардың қарсылығына тойтарыс берді, өкімет билігінің Кеңестердің қолына өткендігін жариялап, олардың нығаюы үшін ат салысты. Кеңестер билікті ойдағыдай жүргізу қабілетіне ие болған жерлерде төңкеріс комитеттері өз міндетін Кеңестерге өткізіп отырды. Уездік төңкерістік комитет жанында еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық, білім беру, әскери, жер, заң, пошта, телеграф, азық-түлік, жұмысшы-шаруа инспекциясы және халық шаруашылығы бөлімдері ашылды. Кейінірек бұл бөлімдердің саны өсті.1918-1920 жылдарда шетел басқыншылары мен елдің ішіндегі төнкерісті жақтайтын күштердің қарсылығы жеңілгеннен кейін, Қарқаралы өнірінде де экономиканы калпына келтіру, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмыстары жүргізілді. Онын көкейкесті мәселелері қазақ жұртшылығының съездерінде талқыланды. Сол 1920-жылы алғашқы ауыл шаруашылық артельдері, коммуналар, совхоздар пайда болды. Қаланын жастарынан алғашкы комсомол ұйымы құрылды. Оны ұйымдастырып, іргесін қалаған осы қаланың үстін басып, Семейге қарай аттанған Разин атындағы қызыл әскер полкінің жауынгерлері еді.

Сабақты бекіту сұрақтары

1. Кеңес өкіметінің Алашордалықтармен байланысы

2. Алашорда үкіметінің ішкі саяси дамуы


№ 22 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : Алашорда қозғалысы қайраткерлерінің Кеңестік Қазақстан тұсындағы қоғамдық -саяси қызметтері

Сабақтың мақсаты : Алашорда қайраткерлерінің Кеңес өкіметімен мәмілеге келуі, Кеңес өкіметі тарапынан амнистия жариялануы жайлы сабақта кең түрде ашып түсіндіру

Сабақтың түрі : лекция сабақ

Сабақтың әдісі : лекция, ауызша баяндау

Сабақтың барысы : Алашорда сонымен бірге Кеңес үкіметімен байланыс жасауға тырысты. Халел және Жанша Досмұхамедовтер Ленин, Сталинмен, сондай-ақ Халел Ғаббасов ұлт ісі жөніндегі халық комиссары Сталинмен келіссөз жүргізді. Мұның нәтижесі - аутономияның мәдени мұқтажына орталықтың көмегі, бүкілқазақтық құрылтайды шақыру, өлкеде азаматтық бітімге келу туралы уәделер болды.Алаш қайраткерлеріне Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің 1919 жылғы 4 сәуірдегі және 1920 жылғы 15 сәуірдегі шешімімен амнистия жарияланса да, Кеңес үкіметі күшіне мінгеннен кейін, олардың өткенін ешуақытта ұмыта да, кешіре де алған жоқ. Түрлі әдіспен бүркеленген қудалау ақыры, Алаш зиялыларын жаппай қырғынға ұшыратты. Бұл зобалаңнан аман қалған саусақпен санарлық зиялы қазақ, өмірлерінің соңына дейін Мемлекеттік Қауіпсіздік Комиеті назарынан тыс қалмады. Ал атылғандардың үрім-бұтақтары да соңғыларының кебін киді.Бұдан кейінгі Қазақстанның саяси тарихы бәрімізге белгілі. Алдымен 1920 жылы құрылған Қазақ Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы, кейіннен 1936 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы болған тұсында қазақтар отаршылдық қамытынан қол үзген жоқ. Қазақ халқы өз тілін, дінін, әдет-ғұрпын, саяси санасын жоғалту алдында тұрды. Өз тілінен жеріген ұрпақ пайда болды, мәңгүрттік пайда болды.

Сабақты бекіту сұрақтары

1. Алаш қызметкерлерінің Кеңестік қазақстан тұсында атқарған қызметтерінің мәнін ашу.

2. Алаш мүшелері Кеңес өкіметімен байланыс жасаған қайраткерлер есімі


№ 23- сабақ

Сабақтың тақырыбы : Кеңес билігінің Алаш қозғалысына қатысушыларға қатысты көзқарасы мен шешімдері

Сабақтың мақсаты : Алаш қозғалысы , «Кіші қазан» науқанының қазақ халқына тигізген кері әсері жайлы айтып түсіндіру

Сабақтың түрі : лекция сабақ

Сабақтың әдісі : баяндау, сұрақ жауап, лекция

Сабақтың барысы : БК(б)П Қазақ Өлкелік Комитетінің бірінші хатшылығына 1925ж. қыркүйекке байланысты республикаға қысым жасау саясаты күшейіп, ерекше қатаң сипат алды. Бұл өкімет билігінің барлық демократиялық институттарын алмастырып біткен партия органдары енді, өздері құрған жүйенің тұтқынына айналды. Ф.И.Голощекин өлкелік комитеттің құрамына және хатшысы болып кооптация арқылы сайланды.

20ж. екінші жартысында Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі күрт өзгерді. 1925ж. желтоқсанда өткен өлкелік партия комитетінің V Конференциясының "Ауылды кеңестендіру" туралы шешімі тап күресінің ишеленісуіне ықпалын тигізді. Республикада "Кіші қазан" төңкересін өткізу үшін идеологиялық негіз жасалды, бұл күшпен ұжымдастыру және 1937-1938жж. жаппай жазалау кезеңінде қазақ халқын үлкен қайғы-қасіретке ұшыратты.

Ұлттар мен ұлтшыл-уклонистер туралы қақтығысты ушықтыруға және жергілікті кадрларды құдалауға Н.И.Ежов аз "үлес" қосқан жоқ. Ол Марий обкомынан БК(б) П Семей губкомының хатшысы қызметіне жіберілді, одан кейін өлкелік партия комитеті ұйымдастыру-нұсқаушылық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Сол кезде, онымен қатар Қазақстанда голощекиндік-сталиндік үлгі бойынша "қайта құрумен" келіспеген ірі жауапты қызметкерлердің қарсылығы жанышталып тасталды. 1927-1929жж. көрнекті мемлекет қайраткерлері Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Қожанов, М.Мырзағалиев республикадан аластатылды. Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Ж.Мынбаев, Ағарту халық комиссары С.Сәдуақасов, Жер халық комиссары Ж.Сұлтанбеков және басқалар қызметінен алынды. Қазақ қызметкерлерінің көпшілік бөлігі топқа бөлініп, жікшілдік күресіне қатысты деп кінәләнді. Бұл жағдайға 1927ж. қарашада өткен 3-өлкелік партия конференциясының қарарлары куә. БК(б)П Орталық бақылау комиссиясы негізгі "топқа бөлінушілердің" бірі С.Сәдуақасовтың ісімен арнайы шұғылданғанына қарамай, мұндай топтардың бар екендігін таба алмады. И.В.Сталинге, В.М.Молотовқа, Л.М.Кагановичке жазған хатында Н.И.Ежов барлық қазақ кадрлары, барлық қазақ коммунистері ұлтшылдықпен және жікшілдік күреспен ұланған, олардың арасында діні сау партиялық күш жоқ деп мәлімдейді. Болашақ КСРО Ішкі істер халық комиссары Москваға ауысар алдында өзінің лаузымына осылай "даярланды", 1937ж. жаппай жазалау соның жанталасуымен жүргізілді. 20ж. аяғына қарай жағдайды ұшықтыру мен күдікшілдік жаппай сипат алды. Орталықта троцскишіл-зиновьевшіл оппозициямен және "оңшыл оппортунистермен" күрестің күшеюі ұлт республикаларында ұлт-азаттық қозғалыстарының өкілдерін жазалау сипатында көрініс тапты. 1928ж. "буржуазияшыл ұлтшылдар" деген айдармен - бұрынғы Алашорда қайраткерлерінің ішінен 44 адам жалған айыптармен қамауға алынды. Олардың ішінде А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Ғаббасов және басқалар бар еді. Құрамында М.Тынышпаев, Х.Досмұхаметов, Ж.Досмұхаметов, Ж.Ақбаев, Қ.Кемеңгеров және басқалары бар (40 адам) басқа тобы 1930ж. қыркүйек-қазан кешікпей олардың ішінен 15 адам (М.Тынышпаев, Ж.Ақбаев, Х.Досмұхамбетов, Ж.Досмұхамбетов, К.Кемеңгеров және басқалар) Ресейдің Орталық-қаратопырақты облыстарына жер аударылды. Осылардың барлығына дерлік 1937-1938жж. жазаланды.

Сабақты бекіту сұрақтары

1. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің қуғынға ұшырау себептері

2. «Кіші Қазан» идеясының тарихи мәні














№ 24 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : Ұлт қайраткерлерін қуғындау, репрессиялау. 1937ж зұлмат

Сабақтың мақсаты : ХХғ 30-40 жж ұлт қайраткерлерінің қуғын - сүргінге ұшырауы, қуғын - сүргіннің демографияға әсері жайлы түсіндіре отырып, оқушылардың ой - өрісін дамыту

Сабақтың түрі : лекция сабақ

Сабақтың әдісі : лекция, түсіндіру, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы : 30ж. үшінші жартысы саяси репрессияның жаңа толқынымен белгіленді және ол жалпылама сипат алды. Сталиннің жеке басқа табынушылық саясатының күшеюі негізінде "халық жауларын" түгелдей тамырымен жою үшін партиядағы басқарушылар мен кеңес қызметкерлері арасында тазарту процессі жүргізілді. 1937-1938жж. "ұлтшыл-фашистер" мен сатқындық кінәсі Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Ходжанов, У.Құлымбетов, О.Исаев, О.Жандосов, А.Досов, А.Асылбеков, С.Садуақасов, С.Сафарбеков, Т.Жургенов және т.б. тағылды. Қазақтың ғылымы мен мәдениеті орны толмас шығынға ұшырады. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж. және Х.Досмухамедовтар, М.Тынышпайұлы, М.Жұмабай, С.Сейфуллин, И.Жансүгүров, Б.Майлин, С.Асфендияров, Ж.Исанин, К.Кемеңгеров кінәсіз жазалаудың құрбандары болды. Оларға тағылған негізгі кінәлар ауыл шаруашылығындағы тоқыраушылық, 20-30жж. көтерілістер жапон разведкасымен байланыста болғандықтары, Қазақстан аумағын бөлуге жасаған шаралары болды. Қарағандыда және бірнеше аудандарда "халық жауларын" соттау процессі арқылы жүргізді. Алайда, "халық жауларының" негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының үштігінің мәжілісінде шешті.Қазақстан аумағы үлкен лагерьге айналды. Көптеген өндіріс өнеркәсіп орындарына жұмыс күші жазаланғандар санымен толтырылды. Қазақстан лагері бойынша жүздеген мың жазаланушылар өтті. 30ж. аяғында республикаға түгел халықтарды жер аудару процесі басталды. Қиыр Шығыстан корей халықтарын көшіру саясатынан басталды. 1937ж. "жапон шпионаждығынан сақтандыру" үшін 180 мың адам туған жерінен Қазақстан мен Өзбекстан көшірілді. Соғыс алдындағы жылдарда Қазақстанға Украина мен Белоруссиядан 102 мың поляктар жер аударылды. Жер аударылып келген халықтар жаңа жерлерін тастап кетуге және азаматтық құқықтарынан айырылды. Негізінен Қазақстанға басқа ұлт өкілдерін күшпен көшірілу процесі Соғыс жылдарында күшейтілді.

Сабақты бекіту сұрақтары

1. 1937 - 38 жж ұлт қайраткерлерінің қуғынға әділетсіз ұшырауы

2. Халық санының күрт төмендеу себептерін ашып көрсетіңдер ?


№ 25 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : Кеңес өкіметі жылдарындағы Алаш туралы таным-түсінік эволюциясы.

Сабақтың мақсаты : Алаш жөніндегі түрлі пікірлердің шығуына, кейінгі ұрпақтың алашқа деген көзқарасы жайлы айтып түсіндіру.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : кубизм стратегиясы, жеке шығармашылық жұмыс

Сабақтың барысы :

XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы дағдарысқа ұшырағанымен Кеңестік билік тұсында да өзінің идеялық жалғасын тапқандығы, тоталитарлық саяси жүйеге қарсы қазақ жастарының іштей наразылықтарының болғандығы, қоғамдық ұйымдарға бірігіп күрес жүргізуге тырысқандықтары байқалады. Өткен ғасырдың 20-жылдары қазақ зиялыларының бір тобы Ташкент қаласына шоғырланып, Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, К.Жәленов және т.б. 1922 жылы қазақ халқының арасында мәдени-ағартушылық жұмыстарын ілгерілету мақсатында «Талап» қауымын құрған [72, 114 б.]. Қазақ жастарының арасында Кеңестік билікке қарсы наразылықтың болғандығын, комсомол ұйымының өзінде жікшілдіктіктің орын алғандығын 1928 жылы Ордада оппозициялық бағыттағы «Лениншіл жастар одағы» ұйымының құрылғандығы дәлдей түседі. Бұл ұйымның құрамына М.Бекқалиев, Г.Қайыржанов, Ғ.Бейсенов, Ә.Ілиясов, М.Шынтайбеков, Черников, Юсубалиев сияқты жастар кірген [73, 3-5 пп.].

Сонымен қатар Кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің қыспағына қарамастан Орал облысының Жалпақтал ауданының жастары 1941 жылдың қыркүйек айына қарай «Қазақ халқын қорғаушылар одағы» атты ұйым құрған. Бұл ұйымның құрылуына Ғ.Әнесов жетекшілік жасап, өзімен тілеулес жастар С.Бажекенов, Ғ.Тұрымов, С.Молдағалиев, С.Шорабаев, М.Нұралин, И.Мұхамбетқалиев, М.Әлиев, М.Ахметов, И.Насыров, К.Мақұлбаев, Ө.Аманов, С.Қаражанов, Қ.Сапаралиндерді ұйым мүшелігіне тартқан [74, 8 б.]. Зерттеуші Ж.Қыдыралинаның деректері бойынша 1951 жылы Б.Ысқақов, А.Нарешов, Темировтердің бастамасымен құрылған « ЕСЕП » (Елін сүйген ерлердің партиясы ), 1960 жылдардың басында З.Игіліков пен Қ.Жүнісовтың ұйытқысымен құрылған «Жас қазақ» ұйымдары өз қызметтерін ұлттық бағытта жүргізуге тырысқан [75, с. 109-110]. 1963 жылы Мәскеудің жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген қазақ жастарының бір тобы « Жас тұлпар» атты шығармашылық бірлестігін құрған. Мұндай жерлес қазақ жастарының ұйымдары кейінірек Ленинградта, Украинада, Прибалтикада құрылған [76, 1 п.].

«Жас тұлпар» үлгісі бойынша қазақ жастарының жерлестер бірлестіктері мен топтары Қазақстанда және оның шет аймақтарында да құрыла бастаған. Мәселен, осы кезеңде Қарағандыда мединституттың бір топ студенттерінің ұйымы, Павлодарда Қаниев пен Р.Нұрбасаровтың ықпалымен «Жас ұлан» жасырын жастар ұйымы, Қостанай облысында Әжібаев пен Мырзабековтің басшылығымен «Жас түлек» ұйымы, ҚазМУ-дың студенттері Б.К.Төлеубаев пен Т.Т.Әлиевтің бастамасымен «Сарыарқа» ұйымы құрылған [75, с. 114-116].

Сабақты бекіту сұрақтары

1. Қазақ жерінде құрылған әр түрлі ұйымдар мен партиялардың жүргізген ұстанымдары және бағыт - бағдары жайлы қандай пікірдесіңдер ?























№ 26 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : Алашорда қайраткерлерінің көзқарастары, білім мен ғылым жайындағы пікір-пайымдары, рухани мұрасы

Сабақтың мақсаты : Алашорда қайраткерлерінің көзқарастары, білім мен ғылым жайындағы пікір-пайымдары, рухани мұрасымен таныстыру

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : түсіндіру, ауызша баяндау, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы :Халыққа білім беру жүйесінің дамуы және жаппай сауатсыздықпен күрес-кеңестік тәртіп тұсындағы бірден-бір сөзсіз жетістік болды. 1918 жылы "Бірыңғай еңбекші мектебі Декларациясы мен "Бірыңғай еңбек мектебінің ұсынысы" қабылданып, онда кеңестік білім беру жүйесінің басты принциптері жарияланды - ақысыз, бірлескен ұлдар мен қыздар оқуы, құдайды уағыздап оқыту тәртібін жою, жазалаудың барлық түрін өзгерту, мектептік өзін-өзі басқару. Барлық мектептер екі сатыдан тұрды - бірінші, 8-13 жас аралығындағы балаларға арналған, ал екіншісі - 13-17 жас аралығындағы балалар. Кеңестік медрессе, мектеп және орыс-қазақ мектебі бірден белсенді жұмыстар атқарып кетті. Азамат соғысы аяқталған тұста Қазақстанда 2410 мектеп болып, онда 114 мың оқушы оқып, оның 31 мыңы қазақтар болды.

20-ш30-шы жылдары мектептерді әдістемелермен қамтамасыз ету үшін үлкен жұмыстар жүргізілді. 1921 жылы Семейде Ахмет Байтурсынов пен Міржақып Дулатовтың "Есеп құралы", "Оқу құралы", "Тіл құралы" атты оқулықтары басылып шықты, Мемлекеттік баспадан зиялылар редакциялық коллегиясының жаңа оқу құралдары басылды; А.Бөкейханның ("География"), М.Жұмабаевтың (История Казахстана; Педагогика), Ж.Аймауытұлының ("Дидактика"), Б. Омаровтың ("Алгебра"), және басқа да белгілі ұлттық интелегенция қайраткерлерінің жұмыстары басылды. 1927-28 оқу жылы қазақ мектептеріне арналып 30-ға жуық оқулық жалпы 575 мың экземпляр болып басылып шықты.

1929 жылы қазақ тілінің араб графикасынан латынға ауысуы білім беру жүйесіне ауыр соққы болып тиді. Біртіндеп жүргізілген сауатсыздықпен үкіметтің күресі қазақтардың ғасырлар бойғы рухани мұраларын жоя бастады, араб шрифіндегі кітаптар қолданыстан шықты. А.Байтұрсыновтың 1924 жылғы шыққан кітабын қазақтармен қатар түрік тілдес халықтар да түсінетін, бірақ араб графикасындағы кітаптарды оқу саяси қателік болып саналды. Жүздеген мың араб графикасымен оқи алатын қазақтар сауатсыздарға айналып, жаңа әліпбиге көшуіне тура келді.

ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиеті жоғары деңгейде болды. Қазақ әдебиетінің классиктері - А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытұлының шығармалары көпшілік құрметіне ие болды. Олар өз шығармаларында жалпы адамзаттың құндылықтарды, гуманизм принциптерін ұстанды. Сол жылдары "пролетарлық" әдебиеттің жас әдебиетшілер буыны пайда болды - С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсіреповтың және М.Хакімжанованың алғашқы еңбектері жарық көрді.

20-шы жылдардың бірінші жартысы әдебиеттегі Абай салған классикалық бағыттау үстемдігімен сипатталады. Бірақ үгіт-насихаттың әдебиет арқылы жүргізілуінің тиімділігін жақсы түсінген өкімет қазақтың "социалистік реализм" бағытын құруға үлкен күш салды. Бұл ойлар 1925 жылғы өлкелік партия конференциясында, 1924 жылғы Москвадағы жоғарғы оқу орындарындағы қазақ студенттерінің жиналысында және 1979 жылы Ташкенттегі қазақ студенттерінің жиналысында айтылды. 20-шы жылдардың ортасында қоғам өміріндегі әдебиеттің орны мен ролі және қазақ "пролетар" әдебиетінің көлемі жөнінде пікір-талас қыза түсті. Осы пікір-талас барысында М.Жұмабай, Ж.Аймауытұлы, А.Байтұрсын, М.Дулатұлы, К.Кеменгеров сынды ақын және жазушылар ұлтшылдықпен анықталынды. 20-шы жылдардағы осы авторлардың әдеби шығармашылығы антикеңестік қастандық деп айыпталып, репрессиялуға сылтау болды. Онымен қатар "пролетарлық" жазушылар мен ақындардың шығармашылығына саяси бақылау орнату жұмыстары жүргізіліп жатты. Осындай мақсатта 1926 жылы өзінің "Құс жолы" баспа органы бар қазақ пролетар жазушыларының ассоциациясы (КазАЛП) құрылды. Бұл альманах "буржуазияшыл" және "ұлтшыл" әдебиетшілерді сынаудың негізгі қаруына айналды. Осылайша, 30-шы жылдардың басында Қазақстанда әдебиетке қатаң бақылау орынаталады, бірнеше төл жанрлар, тақырыптар және бағыттардың жазылуына тиым салынады және қазақ әдебиетінің одан әрі дамуы үкімет саясатының жетегінде жүзеге асты.

Сабақты бекіту сұрақтары

1.Алаш зиялыларының әдеби құндылықтарының мәні неде ?

2. қазір «Оян, қазақ ! » ұранының өзектілігі жойылды ма?


№ 27 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : Әлихан Нұрмұхаметұлы Бөкейхан-ұлттық қозғалыс көсемі

Сабақтың мақсаты : Әлихан Нұрмұхаметұлы Бөкейханның өмірі, еңбектеріқайраткерлігі жайлы кеңінен тоқталу, оқушылардың қосымша білімдерін кеңейту

Сабақтың түрі : лекция сабақ

Сабақтың әдісі : түсіндіру, лекция

Сабақтың барысы : Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866-1937) - соңы мен басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті және қайраткері, ұлт-азаттық және қозғалысының жетекшісі, автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.

Өмірбаяны

ж. бұрынғы , , То­қы­рауын болысының 7-ші ауылында туған. Бұл қазіргі бұрынғы Қаратал кеңшарының жеріне қарасты, жылы шешімімен Ә.Н. Бөкейханов есімі берілді.

Әлихан ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата тегі: Бөкей - Батыр - Мырзатай - Нұрмұхамед - Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды канағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны "техник" мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті.

Ата тегі үлкен ұлы тарайтын тұқымы. Арғы атасы атақты . Қазақтың соңғы хандарының бірі осы баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.

Әлиханды әкесі тоғыз жасында апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады.

Бұдан кейін ол қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан 1888 жылы Омбы техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды.

Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, жылы елордасы барып, Орман шаруашылығы институтының экономика факультетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды.

Қоғамдық-саяси әрекеттері

Солдан оңға қарай: Әлихан Бө­кей­­ханов, Халел Ғаббасов, Халел Досмұхамедов

Оқуын бітіріп, оралғанда Ә. Бөкейханов қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады.

қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына күндері ерекше ықпал етеді. жылдан бастап (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында , жиындар өткізген. патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған.

жылы Әлихан Бөкейханов қазақтарының атынан 1-ші депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші жұмысына қатыса алмады. Өйткені Ә.Н. Бөкейханов өз жұмысын бастаған кезде Дала өлкесі негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай абақтысында отырды. Ал абақтыдан шығып жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол кездегі Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә.Н. Бөкейханов да солардың артынан аттанып қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға түрмесіне жабылды. жылы Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степи», «Омич» және «Иртыш» газеттерінде, жылы жарық көрген меньшевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» гәзеттерінде редакторлық қызмет атқарды.

- жж. «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеді.- ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді.

20 ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі мен бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді.

Бар күш қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде-ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін қаласына жер аударылып, онда тек ғылыми-шығармашылық қызметпен айналысуға ғана мәжбүр болды.

1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самардан келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады.

Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің I және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі болды.


Сабақты бекіту сұрақтары

1.Ә. Бөкейханның кеңес билігі кезеңіндегі қайраткерлігі мен шығармашылығына тоқталыңдар

2.Уақытша үкіметтің құрамындағы қызметі жайлы не білесіңдер ?


№ 28 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : Алаш қайракерлерінің ағартушылық саласындағы қызметі және ғылыми ізденістері

Сабақтың мақсаты : Алаш қайракерлерінің ағартушылық саласындағы қызметі және ғылыми ізденістеріне кеңінен тоқталу, оқушылардың шығармашылық ізденістерін қалыптастыру

Сабақтың түрі : лекция сабақ

Сабақтың әдісі : лекция

Сабақтың барысы : Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласы - әдебиеттану ғылымындағы алғашқы зерттеу еңбектердің бірі. Мақалада ұлы ақын Абайдың тарихи миссиясы, рухани болмысы, өлеңдерінің ұлттық сөз өнеріндегі маңызы, көркемдік-эстетик. сипаты баяндалды. Ол Абай өлеңдерінің даралығын, «сөзі аз, мағынасы көп, тереңдігін», сыншылдығын ұғындырды. Байтұрсыновтың ақындық шеберлігі, поэзияға деген көзқарасы туралы ғылыми тұжырымдары қазақ әдебиеттану ғылымында жалғасын тапты. Оның «Әдебиет танытқыш» деген зерттеуі () қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі ғылыми-теориялық еңбек. Байтұрсынұлы әдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасады. Халық тілінің бай қоры көзінен мағынасы терең, ұғымдық аясы кең сөздерді термин етіп алып, соның негізінде қазақ әдебиетінің барлық жанрлық формаларын топтап, жіктеп берді. Мысалы, , ,, , т.б. ғылыми-теориялық еңбекке қазақ әдебиетінің ең бейнелі, мазмұны мен мағынасы терең шығармаларын мысал ретінде пайдаланды. Сөз өнері жайында жазылған әлемдік ғылымның ең үздік үлгілерін пайдалана отырып, әдебиеттанудағы ұғым, термин, категориялардың соны ұлттық үлгілерін жасады. Мысалы, меңзеу, теңеу, ауыстыру, кейіптеу, әсірелеу, алмастыру, шендестіру, үдету, түйдектеу, кекесіндеу, т.б. «Әдебиет танытқышта» ақындық дарын табиғаты, шығарм. психологиясы, шабыт стихиясына ғылыми тұжырым берілді. Өлеңге жан-жақты зерттеу жасап, ,, , , , т.б. ұғымдарға анықтама берді.

Байтұрсынұлы қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін ғылыми негізде топтап берген. «Әдебиет танытқыш» - сан-салалы әдебиет табиғатын жан-жақты ашып, талдап-түсіндірген ғылыми- зерттеді. Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқышымен» қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салды. Сондай-ақ ол - әдебиет тарихының мұрасын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған зерттеуші ғалым. Көркемдігі айрықша «Ер Сайын» жыры (1923) мен қазақ тарихының төрт жүз жылын қамтитын «23 жоқтау» жинағын () кітап етіп шығарды. Халық мұрасына үлкен жанашырлықпен қараған Ахмет Байтұрсынұлы «әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, оның адасып кететіндігін» айтты. Байтұрсынұлы - қазақ кәсіби журналистикасын қалыптастырған ірі қайраткер. Ол қазақ халқына, зиялы қауымға газеттің қоғамдық қызметін ұғындырып, баспасөздің өркениетті, тәуелсіз елге аса қажет нәрсе екенін жанкешті іс-әрекетімен көрсетті. Байтұрсынұлы ұйымдастырып, бас редактор болған «Қазақ» газеті қоғамдық ойға ірі қозғалыс, рухани санаға сілкініс әкелді. «Қазақ» газеті халықтың рухын сергіткен ірі құбылысқа айналды. Байтұрсынұлы - әлеум. мәселелерге, қоғамдық ой-пікірге ықпал жасаған публицист. Оның мақалалары ғылыми байыптауымен, өткір ойларымен сол кезеңнің шындығынан хабар береді. Абайдың қоғам өмірінің демокр. құрылысы туралы ойларын дамытып, саяси-әлеум. жағдай, оқу-ағарту, халықтың тұрмыс-тіршілігі туралы мәселелерді қозғады. Қазақ зиялыларының жан-жақты білімдар әрі саяси күресте шыңдалған легін қалыптастыруда Байтұрсыновтың публицист, баспасөз ұйымдастырушы ретіндегі еңбегі ұшантеңіз. Ол - қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор.

Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалды. Ол Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде (, ), (, ) араб жазуындағы әліпбидің қажеттілігін, құндылығын жан-жақты тұжырыммен дәлелдеген ғылыми баяндама жасады. Бұл әліпби ұлттық жазудың қалыптасуындағы ірі мәдени жетістік болып табылады. Ол халыққа ғылым-білімнің қажеттілігін түсіндірумен ғана шектелмей, білім беру ісін жолға қоюға күш салды. , мектептерінен оқып шыққан ұлт мамандарының өз тілін қолданудағы кемшіліктерін көріп: «[[Әр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде де сондай басқалық болады. Біздің жасынан не орысша, не ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды не жазса да қиындықпен жазады, себебі, жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық» деп жазды. Байтұрсыновтың « (1912) - қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. Бұл әліппе оқытудың жаңа әдістері тұрғысынан өңделіп, 1925 жылға дейін бірнеше рет қайта басылды. «Оқу құралы» қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде бағаланады. Байтұрсынұлы қазақ тілінің тазалығын сақтау үшін қам қылды. Өзі жазған «Өмірбаянында» (1929): «...Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім; одан кейін қазақ әліпбиі мен емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жат әсерінен тазартуға әрекеттендім; төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу тәжірибесіне ыңғайластыру үшін ғылыми терминдерді қалыптастырумен айналыстым» деген. Б. қазақ мектептерінің мұқтаждығын өтеу мақсатында қазақ тілін пән ретінде үйрететін тұңғыш оқулықтар жазды. Оның үш бөлімнен тұратын «Тіл - құрал» атты оқулығының арналған бөлімі жылы, морфологияға арналған бөлімі ж., синтаксис бөлімі жылдан бастап жарық көрді. «Тіл - құрал» - қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Оқулық қазіргі қазақ тілі оқулықтарының негізі болып қаланды. « қазақ тіл білімінің тарау-тарау салаларының құрылымын жүйелеп, ғылыми негізін салған зерттеу. Оның тілдік ұғымдарға берген анықтамаларының ғылыми тереңдігі, дәлдігі қазіргі ғылым үшін өте маңызды. Ол тұңғыш төл граммат. терминдерді қалыптастырды. Мысалы, ,, , , , үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, шылау, сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, т.б. жүздеген ұлттық терминдерді түзді. Сондай-ақ Байтұрсынұлы практикалық құрал ретінде «Тіл жұмсар», мұғалімдерге арналған «Баяншы» деген әдістемелік кітаптар жазды. Ол - қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаған ғалым-ағартушы. Байтұрсынұлы оқулығындағы тілдік категорияларды ұғындыру мақсатында енгізген «сынау», «дағдыландыру» деген арнайы бөлімдер қазіргі заманғы әдістеме ғылымы үшін де өз маңызын жойған жоқ.

М. Дулатов 1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады. 1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне "Жастарға" деген өлеңін, бүркенпік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба алмайды. 1909 жылы Петербургте М. Дулатовтың "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл кітап та патша әкімшілігінің қуғындауына ұшырайды.
1913 жылы ол Ахмет Байтұрсыновпен бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы "Ақ жол" газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.

Сабақты бекіту сұрақтары

1. Алаш қайраткерлерінің ғылыми ағартушылық қызметтерінің бірлігі жайлы айтып түсіндіріңдер


№ 29 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : Алаш зиялыларының Түркістан кезеңі

Сабақтың мақсаты : Х. Досмұхамедұлының ұйымдастырушылық қызметімен таныстыру

Сабақтың түрі : лекция сабақ

Сабақтың әдісі : лекция, түсіндіру

Сабақтың барысы : Халел Досмұхамедов (1883-1939) қазіргі Атырау облысының Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Алашорда көсемдерінің бірі, дәрігер, ғалым, публицист. 1903 жылы Орал реалдық училищесін үздік, 1909 жылы Санкт-Петербург Императорлық Әскери академиясын алтын медальмен бітірген.

1905 жылдан бастап, саяси күреспен айналыса бастады. «Алаш» партиясына кіріп, Алашорда үкіметінің мүшесі болды. 1918 жылы қыркүйек айында Батыс Алашордасы құрылып, оның басшылығына Жанша және Халел Досмұхамедовтар тағайындалады. Халел Досмұхамедов Алаштың өзге қайраткерлерімен бірге Алаш партиясының жұмысына, Алаш автономиясын жариялау ісіне, Алашорда үкіметін құруға белсене ат салысып, оның басшылары қатарында болды. 1920 жылы Алаш қызметіне тыйым салынған соң Х. Досмұхамедов бүкіл күш-жігерін ғылым-білімге жұмсайды. Алашордаға қатысқаны үшін саяси айып тағылып, 1939 жылы атылған.

Халел Досмұхамедов қазақ ғылымының қалыптасуына орасан еңбек сіңірді. Ғалым соңына медицина, тіл білімі, тарих, этнография және әдебиет жанры бойынша қыруар мұра қалдырды. «Мұрат ақын сөздері», «Исатай-Махамбет», «Аламан» атты жинақтар шығарды.

XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы дағдарысқа ұшырағанымен Кеңестік билік тұсында да өзінің идеялық жалғасын тапқандығы, тоталитарлық саяси жүйеге қарсы қазақ жастарының іштей наразылықтарының болғандығы, қоғамдық ұйымдарға бірігіп күрес жүргізуге тырысқандықтары байқалады. Өткен ғасырдың 20-жылдары қазақ зиялыларының бір тобы Ташкент қаласына шоғырланып, Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, К.Жәленов және т.б. 1922 жылы қазақ халқының арасында мәдени-ағартушылық жұмыстарын ілгерілету мақсатында «Талап» қауымын құрған [72, 114 б.].


Сабақты бекіту сұрақтары

1. Х. Досмұхамедұлының атқарған қызметі, оның қайраткерлігі

2. «Талап» ұйымы жайлы мәліметтер































№ 30 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : Алаш зиялыларының мәдени ұйымдары және олардың маңызы

Сабақтың мақсаты : Қазақстанда 1917 ж ашылған мәдени - ағарту ұйымдары, олардың атқарған жұмыстары жайлы кең түрде түсіндіру

Сабақтың түрі : лекция сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап, ауызша баяндау

Сабақтың барысы :

1917 жыл Қазақстанда түрлі саяси ұйымдар мен партиялардың белсенділік танытуымен сипатталады. Олардың біразы Ресейдегі революциялык қозғалыстың тікелей ықпалымен бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қалыптаса бастаған. 1905 жылы социал-демократиялық топтар Верный, Қостанай, Перовск, Орал, Ақтөбе және Семей қалаларында қалыптаса бастайды. Олардың құрамында темір жол, баспахана, пошта және телеграф жұмысшылары, жергілікті зиялылар өкілдері болды. Басым түрде орыс және басқа славян тұрғындар өкілдерінен құралған бұл топтардың мүшелері өздерінің жабық құпия отырыстарында марксистік әдебиеттермен танысты және оларды халық бұқарасы арасында насихаттау ісін қолға алды.

1913 жылы Омбыдағы түрлі оқу орындарында оқитын қазақ жастары «Бірлік» қоғамын құрды. Қоғамның мақсаты бастапқы кезенде, негізінен, ағартушылык қызметтен тұрды, ал оның басқарушы тобы құрамында Мұхтар Саматов, Нығмет Нұрмақов, Мағжан Жұмабаев, Шаймерден Әлжанов, Сәкен Сейфуллин сияқты жастар бар еді. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейінгі оқиғалар тұсында «Бірлік» ұйымы екі қанатқа жарылып кетті. Оның бір қанаты (Ә. Досов, Ж.Сәдуақасов, Жүсіпбеков, т.б.) кеңестік билік жағында болса, екінші қанаты (Қ.Кемеңгеров, С.Сәдуақасов, т.б.) Алаш партиясының бағдарламасын қолдады, өздерін «жас алашшылар» санады.

Түрлі саяси ұйымдар мен партиялардың саяси белсенділігінің арта түсуі 1917 жылға тұспа-тұс келді. Құрамы жергілікті зиялылар мен оқушы жастардан тұратын бұл ұйымдардың саны жиырмадан асып түсетін еді. Олардың арасында Ақмоладағы «Жасқазақ», Орынбордағы «Еркін дала», Ордадағы «Жігер», Петропавлдағы «Талап», Меркідегі «Қазақ жастарының революциялық одағы» және басқалар бар еді. Бұл қоғамдық ұйымдардың көздеген мақсаты біркелкі болған емес, олардың қайсыбірі жалпыұлттық ұстанымда болса, екінші біреулері соңынан белгілі бір әлеуметтік топтарды ертуді көздеді.

1917 жылы қарашада Мұқан Әйтпенов және Шаймерден Әлжанов бастаған бір топ Омбы зиялылары «Үш жүз» аталатын саяси партия құрағандарын мәлім етті. Бұл партияның өмірге келуі қазақ зиялылар тобының білімі мен саяси мәдениеті түрғысынан біркелкі емес, сондай-ақ түрлі саяси ұстанымда екенінің айғағы. Келесі жылдың басына қарай бұл саяси ұйымдағы басшылық Көлбай Тоғысовтың қолына көшеді. Өздерін саяси партия ретінде жариялаған алғашқы күннен бастап-ақ үшжүздіктер Алаш партиясына қарсы ұстанымда болды. Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлау науқанына дербес тізіммен түсіп, сайлауда бірде-бір өкілін өткізе алмады. Үшжүздіктердің қазақ қоғамы арасында беделінің жоқтығы басшылығында ел мойындаған саяси тұлғаның болмауына, сондай-ақ партияның халықты соңына ерте аларлық нақты бағдарлама ұсына алмауына байланысты еді. «Үш жүз» қазақ арасындағы мұсылмандықты қолдайтындығын және қорғайтындығын айта отырып, сонымен бірге атеистік ұстанымдағы большевиктермен қоян-қолтық жұмыс істеуге күш салды. Өз ретінде большевиктер үшжүздіктерді Алаш партиясының беделін түсіру мақсатында пайдалануға тырысты. Өзін социалистік ұстанымдағы партия санаған «Үш жүздің» қызметінде үйлесімсіз қайшылықтар көп еді, сондықтан да оның қызметі ұзаққа созылған жоқ. 1917 жылы құрылған саяси ұйымдардың бірі «Ислам жолындағылар кеңесі» («Шуро-и-Ислам») болды. Орталығы Ташкент қаласында құрылған бұл ұйымның қызметі жалпы Түркістан өңіріне ықпалды болды, сондай-ақ оның басшылығында Мұстафа Шоқай, Сералы Лапин болды.


Сабақты бекіту сұрақтары

1. 1917 ж мәдени - ағарту ұйымдарының өнер, білім, ғылым саласын дамытудағы миссиясы

2. «Бірлік» - тұңғыш ұлттық жастар ұйымы жайлы қандай мәліметтер білесіңдер ?

№ 31 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : «Алаш» баспасөзі және қазақ қоғамы

Сабақтың мақсаты : «Алаш» баспасөзі және қазақ қоғамы жайлы кең түрде түсіндіру

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап, ауызша баяндау, түсіндіру

Сабақтың барысы : Қазақтың жазба әдеби тіліндегі публицистикалык стильдің қалыптасуы 1905-1918 жылдар аралығында баспасөз құралдарының көбейе түсуімен түсіндірілетіндігі белгілі. Осы тұстағы баспасөз беттерінен тіліміздегі публицистикалық стильдің қалыптаса бастағанын көреміз. «Қазақ», «Сарыарқа», «Бірлік туы», «Алаш», «Жас азамат» газеттерінен және «Айқап» журналынан т.б. баспасөз құралдарынан қазақ сөзінің коғамдық-әлеуметтік саланың әртүрін көрсететін лексиканың стильдік реңктерге ие бола бастағанын байқаймыз. Осы баспасөз беттерінде саяси-қоғамдық лексикамен бірге, мәселен, жаңа мазмұндағы салтанатты стильдің де ерекше үлгілерін аңғарамыз.Алаш қозғалысы Қазақтың жазба тіліндегі құжат тілінің де белгілі бір қалыптарын түзді. Айталық, уездік, облыстық, жалпықазақ сиездерінің хаттамалары, қаулылары, «Алаш» партиясының бағдарламасы, қатынас хаттары құжат тілінің жаңа бағыттағы лексикасын қалыптастырды. Бүған қоса, Алаш қозғалысы дәуірінде эпистолярлық жанрдың қауырт дамығанын әбден аңғаруға болады. Ә.Бөкейханның, А.Байтұрсынұлының, М.Шоқайдың, М.Тынышбаевтың, Ж.Сейдалиннің, Х.Досмұхамедұлының, М.Дулатовтың т.б. хаттары осы жанрдың тарихындағы үздік үлгілер. Жазба әдебиетіміздің тарихындағы алаштық кезеңді зерттеуде қазақ лексикасының зор мүмкіндіктерін айқындайтын мысалдар жеткілікті. Сөз қолдану, ұғымды беру, тың сөз тіркестерін жасау - олардың ұлттық ойлау жүйесін, сондай-ақ Батыc пен Шығыс ілімін ізденгіштікпен зерделегенін байқатады. Алаш қайраткерлері мен қаламгерлерінің бұл жоралы жолы із-түссіз кеткен жоқ. Оның тамаша дәстүрлері өзінен соңғы сырты советшіл әдебиеттен көрініс тауып жатты. Бұл да зерттелуін қалап тұрған үлкен тақырыптың бірі. Алаш қозғалысын қазақ руханиятындағы тағылымды орасан құбылыс болды десек, соның бір парасы - қазақ әдеби тілінің жаңа сатыға көтерілуімен сабақтас.




































№ 32 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : Алаш қозғалысы кезеңіндегі қазақ әдебиеті және ұлт-азаттығының сарындары

Сабақтың мақсаты : Алаш қозғалысы кезеңіндегі қазақ әдебиеті және ұлт-азаттығының сарындары жайлы кең түрде түсіндіру

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап, ауызша баяндау, түсіндіру

Сабақтың барысы : Қазақ қоғамының оянуына, сілкінуіне сол кезеңдегі қазақ баспасөзі өлшеусіз үлес қосты. Бұл қатарда ұлттық қозғалыстың серпінді болуына, қарқынды өрістеуіне зор ықпал жасаған «Қазақ» газеті алдымен аталады. Ахаң басында тұрған бұл ұлы басылым Алаш идеясын қазақ сахарасына тарата отырып, өзінің зор миссиясын абыроймен орындады. «Қазақтан» кейінгі алаштық идеяны Х.Ғаббасов пен Р.Марсеков шығарушылары болған «Сарыарқа» газеті және М.Шоқай шығарған «Бірлік туы» газеті өрістетіп отырды. Бұл газеттер қазақ баласының бойына ұлттық сезімді, ұлттық ождан мен абыройды сіңірді.Қазақ ғылымының тууына Алаш зиялыларының тікелей ықпалы тигені бәрімізге белгілі. Қазақ тіл білімі мен әдебиеттануының басында Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы тұрса, медицина, биология, табиғаттану салаларынан Х.Досмұхамедұлы , математикадан М.Дулатов пен Ә.Ермеков, психологиядан Ж.Аймауытов, педагогикадан М.Жұмабаев, ауыл шаруашылығынан Т.Шонанұлы , Қ.Кемеңгерұлы арнайы еңбектер жазды. Қазақ жазуының, ұлт грамматикасының дүниеге келуіндегі Ахаңның еңбегі айрықша аталады. М.Әуезовтің сөзімен айтсақ: «...Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік үраны - «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдагы қан жылаган қазақ баласына істеген еңбегін, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз үмытсақ та, тарих үмытпайтын істер болатын». Алаш зиялылары қазақ ғылымын қалыптастыра отырып, оның терминологиясын да жасағанын және оның өміршең болғанын да атап өткеніміз дұрыс.

XIX ғасырдың екінші жартысындағы жазба әдебиетке Ыбырай Алтынсарин, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы , Нарманбет Орманбетұлы т.б. кейбір жекеленген әдебиет өкілдерінің шығармашылығы мысал бола алса, келесі ғасырдың басында жазба әдебиет өкілдерінің саны еселеп артты. Жазба әдебиеттің жарық көретін қалыптары - баспасөз, кітап басу ісінің дамуы жазба әдебиетті өркендете түсті. Ендігі жерде әдебиет оқырманға арнала бастады. «Айқап» журналы, «Қазақ» т.б. газеттер көркем ойды мыңдаған оқырманға жеткізушіге айналды. Үшіншіден, көркем проза, драма, әдеби сын үлгілері туып қалыптасты. Әдеби сынның қалыптасуы, оның шығармаға, әдеби мұраға, әдеби процеске баға беруі - жазба әдебиеттің есейе бастағандығының айғағы болды. Абай шығармаларының түңғыш жинағының жарық көруі - жазба әдебиеттің қал ыптасуына игі ықпал етсе, Міржақыптың «Оян, қазағы!», Ахаңның «Масасы» әдебиеттегі ұлтшылдық, елшілдік ұрандарды күшейтті. Сөйтіп бұл жаңашыл дәстүрді Жүсіпбек, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Мұхтар, Бейімбет секілді жас дарындар соны көркемдік сапада, тың қырынан жалғастырып әкетті. Соның нәтижесінде, Алаштың қалам кайраткерлері қазақтың түңғыш романдары мен драмалық шығармаларын, алғашқы әдеби-сын мақалаларын дүниеге келтірді.

Сабақты бекіту

1, ХІХ ғ - ХХ ғ қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуы

  1. Ұлттық әдебиетшілердің еліміздегі кері оқиғаларды сынға алуы.

№ 33 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : «Алқа» тұжырымдамасы және ҚазАПП

Сабақтың мақсаты : жаңа сабақты түсіндіру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Сабақтың түрі : лекция сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап, ауызша баяндау, түсіндіру

Сабақтың барысы : 1924 жылғы Москвадағы жоғарғы оқу орындарындағы қазақ студенттерінің жиналысында және 1979 жылы Ташкенттегі қазақ студенттерінің жиналысында айтылды. 20-шы жылдардың ортасында қоғам өміріндегі әдебиеттің орны мен ролі және қазақ "пролетар" әдебиетінің көлемі жөнінде пікір-талас қыза түсті. Осы пікір-талас барысында М.Жұмабай, Ж.Аймауытұлы, А.Байтұрсын, М.Дулатұлы, К.Кеменгеров сынды ақын және жазушылар ұлтшылдықпен анықталынды. 20-шы жылдардағы осы авторлардың әдеби шығармашылығы антикеңестік қастандық деп айыпталып, репрессиялуға сылтау болды. Онымен қатар "пролетарлық" жазушылар мен ақындардың шығармашылығына саяси бақылау орнату жұмыстары жүргізіліп жатты. Осындай мақсатта 1926 жылы өзінің "Құс жолы" баспа органы бар қазақ пролетар жазушыларының ассоциациясы (КазАЛП) құрылды. Бұл альманах "буржуазияшыл" және "ұлтшыл" әдебиетшілерді сынаудың негізгі қаруына айналды. Осылайша, 30-шы жылдардың басында Қазақстанда әдебиетке қатаң бақылау орынаталады, бірнеше төл жанрлар, тақырыптар және бағыттардың жазылуына тиым салынады және қазақ әдебиетінің одан әрі дамуы үкімет саясатының жетегінде жүзеге асты.


№34 - тақырып

Сабақтың тақырыбы : Қорытынды қайталау

Сабақтың мақсаты : а)жыл бойына өткен материалдарға қайталау жасау, пысықтау, өткен тақырыптарды еске түсіру

ә)Логикалық ой өрісін , жақсы қасиеттерді, шығармашылық қабілеттерін дамыту дамыту

б)Дінін, тілін, елін , жерін құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі : қайталау сабақ

Сабақтың әдісі : түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

3. Жаңа сабақ.

Әрбір оқушы өздерінің «Алаштану» таңдау курсы бойынша жинақтаған материалдарын, арнайы бір файл папкаға жинақтап, жыл соңындағы қайталау сабағында өз жұмыстарын қорғап шығады. Мұғалім қорытындысын шығарып, жақсы нәтижеге жеткен оқушыларды марапаттайды.







Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Н.Назарбаев Қазақстан халықтарына арнаған жолдауы. Алматы, 2005.

  2. М.Шахановтың өлеңдері // Қазақ тарихы. 2005. №5

  3. Құл-Мұхамед. Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы. Алматы: Атамұра, 1998.

  4. Д.Сүлейменова. Алашорданың Батыс бөлімінің тарихы. Тарих ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға арналған диссертация. Алматы, 2004.

  5. Ж.Ақбаев. Жанша. Орал, 1994.

  6. Әбжанов X., Әлпейісов Ә. Қазақ интеллигенциясы мен мәдениеті туралы.

  7. -А., Республикалық мәдениет қызметкерлерінің мамандығын арттыру институты, 1992.

  8. 29-6. (128).

  9. 2. Байтұрсынов А. Ақжол. А., Жалын, 1991. 252-6. (464).

  10. 3. Кекілбаев Ә. Тәуелсіздік толғауы // Егемен Қазақстан. 2001. 28 ақпан.

  11. 4. Рыскулов Т. Собрание сочинений в трех томах. Том 3. - А., Казахстан, 1998.

  12. 268-6. (444 6.).

  13. 5. Рысқұлұлы Т. Төңкеріс және қазақ халқы // Еңбекші қазақ, 1926,8 маусым.

  14. Соныкі. Жастардың хатына жауап // сонда 1926 маусым, Рыскулов Т. Избранные труды. -

  15. А-А., Казахстан, 1984.206-212, 226-6. (260).

  16. 6. Аспандияров С. Қазақстан тарихының очерктері. А., Санат, 1994. 91-6. (120).

  17. 7. Сулейменов Р.Б. Ленинские идеи культурной революции и их осуществление в

  18. Казахстане. - А.- А., Ғылым, 1972. (494).

  19. 8. Сүлейменов Р.Б. Ұлт интеллигенциясының қалыптасуының кейбір қырлары //

  20. Қазақстан коммунисі. 1982. № 9.86-91 6.; Сонікі. История культурного строительства в

  21. Казахстане в публицистике и литературе 20-х - первой половине 90-х годов // Известия

  22. АН КазССР. Сер. обществ. наук. 1987. № 6. С. 23-35.; Сонікі. Ответы на вопросы журнала

  23. "Вестник АН КазССР" // Вестник АН Каз ССР, 1990. № 8. С.3-5.

  24. 9. Сулейменов Р.Б., Бисенов Х.И. Социалистический путь культурного прогресса

  25. отсталых народов. (История строительства советской культуры Казахстана. 1917-1965

  26. гг.). - А-А., Наука, 1967. 132-6. (424).




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал