7


Қазақ халкынын 550 жылдыгы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ хандығына 550 жыл!

1-жүргізуші:

  • Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл, Ұлы Отан соғысының жеңісіне 70 жыл, ҚР-ның Конституциясына және Қазақ халқы ассамблеясына 20 жыл, ҚР-ның Тәуелсіздігіне 24 жыл толып отыр.

2-жүргізуші:

  • Бейбарыс, шын мәнінде биыл қазақ халқы үшін атаулы жыл екен ғой. Төлеген Айбергенов атамыз жырлап кеткендей,

Бір тойым болатыны сөзсіз менің,

Дәл қай күні екенін айта алмаймын.

Бірақ, бірақ... - дегендей, бүгін сол күнгі той десеңші.

1-жүргізуші:

  • Иә, Бикетай. Төлеген атамыз айтқандай

Біздің үйді сол күні бетке ал қауым,

Нысанаға ап қуаныш тоқталмауын.

Кім білсін талай күнгі арманым еді,

Мәңгілік тарқамауы да мүмкін оның -

деп, бүгінгі атаулы мерекеге де біздің аяулы мектебіміздің 10 - сынып оқушылары да өз үлестерін қоспақшы.

2-жүргізуші:

  • Ендеше, аяулы ұстаздар, құрметті шәкірттер қауымы бізбен бірге болып, Тәуелсіз Қазақ елінің тарихынына, өткеніне көз шолып, тарихымызды еске түсіріп көрейік.

1-жүргізуші:

  • Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті. Осыдан кейін қазақ сұлтандары Керей мен Жәнібек елмен ақылдаса отырып, өз алдына дербес ел болу керектігін ұғынды. 1465 жылы Әбілқайыр хандығы Ақсүйектер кеңесінде



Көрініс: «Сұлтандар кеңесі»

/Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді/

-Ассалаумағалейкум,ағалар.

-Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.

Ақсүйектер басшысы:-Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей -берекетсіздік басып алды.Хан-екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?

Жәнібек:-Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.

Керей: - Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.

Жәнібек:-Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді.Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?

Керей: Ия,көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.

Сұлтандар: -Біз дайынбыз бастаңыздар көшті.Біз сіздермен біргеміз.

Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзінің бір бата беріңіз.

Керей:

Жолыңды Алла қолдасын,

Жаманшылық болмасын.

Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,

Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.

Барған жерде құшақ жая қарсы алсын

Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.

Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын

Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,

Көңілің шат, ат-көлігің арымай,

Отбасыңмен аман-есен табысқын.

Әумин.



2-жүргізуші:

  • Иә, сөйтіп Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алып, Шудағы Қозыбасыға қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465 жылы Қазақ хандығы құрылды.

1-жүргізуші:

  • Күй ойнайды қазағымның қанында,
    Күй ойнайды қазағымның жанында.

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.

Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген,
Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген-дегендей қазақтың қара домбырасына кезек берелік.

Мырзағалиев Айбар «Көреғұл» күйі

2-жүргізуші:

  • Ендігі кезекте алдарыңызға 10-сынып оқушыларын шақырамыз. Қазақ елінің тарихын өлең жолдарымен баяндап берсін. Қол соғып, қошаметпен қарсы алайық.

Оқушылар тақпағы

1-жүргізуші:

  • Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта қоймас. Десек те 1986-ның қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек. Себебі тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар арманынан туындап жатқан жоқ па? Осыдан 29-жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рұсқұлбеков, Е.Сапатаев, Л.Асанова және т.б. апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.
    1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.

2-жүргізуші:

  • Бұл тарих шындықтарды електейді,
    Десең дағы керексіз, керек мейлі.
    "Желтоқсан" деген сөзді естігенде
    Көз алдыңда сол күндер елестейді.

Көрініс: Қайраттың қамалуы
2-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасының басты қаһарманының бірі Қайрат Рысқұлбековке телеорталық инженері С.Савицкийдің өліміне кінәлі деген айып тағылды. Сөйтіп, Семейдегі № 21 камераға қамайды. (Күй ойнайды)




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал