- Учителю
- Ашық сабақ 'Қазақ даласындағы ән-күй өнері' (5 класс)
Ашық сабақ 'Қазақ даласындағы ән-күй өнері' (5 класс)
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы
«Қоссейіт» жалпы орта мектебі
Тарих пәнінің мұғалімі
Базарова Алия Саматовна
Қысқа мерзімді жоспар
Тарих пәнінің мұғалімі: Базарова Алия
Пәні: Қазақстан тарих
Сыныбы: 5 «А»
Сабақтың тақырыбы: Қазақ даласындағы ән-күй өнері
Сабақтың мақсаты: Қазақ даласындағы ән-күй өнері туралы мәлімет бере отырып, өз бетімен жұмыс жасауға үйренеді.
Модульдердің кіріктірілуі: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО,АКТ-ны пайдалану, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,Оқытуды басқару және көшбасшылық, Талантты және дарынды балаларды оқыту, Оқушылардың жас ерекшелігіне сай оқыту.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ресурстар
Еске түсіру.
3 мин
Ұйымдастыру кезеңі.
«Ізгілік доп» тренинг өткізу арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Баянауыл», «Қарқаралы», «Көкшетау» қасиетті жерлері арқылы 3 топқа бөледі.
«Ізгілік доп» тренинг өткізу арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты.«Баянауыл», «Қарқаралы», «Көкшетау» қасиетті жерлері арқылы 3 топқа бөлінеді.
Ноутбук, суреттер
Білу
10 мин
Үй тапсырмасын сұрау. Өтілген сабақты сұрап бекітеді. Бағалау парақшалары арқылы балаларды ынталандыру
Берілген сұрақтарға жауап береді.
Кеспе қағаздар
Түсіну
7 мин
Себебін анықтаңдар: тапсырмасы беріледі. Мысалы: Неліктен Баянауыл, Қарқаралы, Көкшетау қазақтың дамыған орны болып табылады?
Оқушылар берілген тапсырмаларға топпен бірлесе отырып жауап жазып, өз ойларымен бөлісіп қорғап шығады.
А 4 қағазы
Жинақтау
6 мин
Тақырыптың басты идеясын сызба ретінде толтыру
Ән
Күй
Флипчарт, стикер, маркер
Қолдану
8 мин
Мұғалім оқушыларға ән-күй өнеріне байланысты жұмбақтар жасырады.
1.Түсінде періштемен сырласатын,
Өлімнен қорқып талай қыр асатын.
"Қобыздың атасы"деп аты қалған
Қанекей,кім айтады оның атын?
-
2.Би-шешендер ұрпағынан таралады.
-
Өнері үшін халқы оны бағалады.
40-тан астам етіп күй шығарған
Қай күйші оны кімдер таба алады? т.б.
Әр топ жасырған жұмбақтарға жауап айтады.
Кеспе қағаздар,
Талдау
6 мин
Мұғалім оқушыларға тақырыпқа байланысты СТО қолдана отырып постер дайындау тапсырмасын ұсынады
Оқушылар «Қазақ даласындағ ән- күй өнері»тақырыбында
өз топтарында постер дайындайды
Флипчарт, маркер, стикер
Қорытынды
5 мин
Бағалау парақшасы арқылы топты бағалауын сұрайды. Кері байланыс Мұғалім оқушыларға стикер таратып екі жұлдыз бір тілек әдісі арқылы бағалайды. Үйге тапсырма: «Қазақ даласындағы ән-күй өнері» тақырыбына эссе жазу.
Стикерлерге бүгінгі сабақтан екі не үйренгенін, бір не үйренгісі келетінін жазады, күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.
Топ басшылары бағалау парақтарын өткізеді..
Флипчарт, стикерлер, бағалау парақшалары