7


  • Учителю
  • 'Оғыз, қимақ мемлекеттері' сабақ жоспары (10 сынып)

'Оғыз, қимақ мемлекеттері' сабақ жоспары (10 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақстан тарихы

Сынып: 10 «А»
Тақырыбы: Оғыз, қимақ мемлекеттері
Мақсаты:

Білімділік: мемлекеттердің құрылуы, жер аумағы, тайпалық құрамы және қоғамдық құрылысы, саяси жағдайы, шаруашылығы және кәсібі мен қолөнері туралы білім беру
Дамытушылық: оқушылардың өздігінен жұмыс істету арқылы олардың өрісін дамытып, өзіне деген сенімін, пәнге қызығушылығын арттыру

Тәрбиелік: оқушыларды еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақ типі: аралас
Әдіс-тәсілдері: ауызша баяндау, түсіндіру, интерактивті, тест,
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет, дүние жүзі тарихы
Көрнекілігі: ҚР саяси картасы, кесте, сызбалар, оғыз, қимақ мемлекеттерінің картасы
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру а) оқушыларды түгендеп, амандасу
ә) назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1-кезең тест

2-кезең «Кім айтты?» (тарихи деректермен жұмыс)
1) «Суяб қаласының батыс жағында бірнеше қала бар. Олар басқаларға тәуелсіз, бірақ түріктерге бағынышты өз билеушілері бар» қытай саяхатшысы, монахы Сюань Цзянь
2) «Соғдылардың ішінде түрікше сөйлемейтіндері жоқ» Махмуд Қашқари
3) «Қарлұқтарды қырып, басып алдық» Күлтегін жазбасы
4) «Қарлұқтар бұрын Тулис тауында тұрды және тоғыз оғыздарға құл болды. Мұнан кейін олар өз билеушілеріне қарсы көтерілді, түргештердің елін жаулап алды, ал ол жерден мұсылман елдеріне қарай жылжыды» әл-Марвази
5) «Қаған қаласының халқы көп, бекінісі мықты, іскері, қару-жарағы мол» әл-Идриси
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Сипаттама ОҒЫЗ МЕМЛЕКЕТІ, ҚИМАҚ МЕМЛЕКЕТІ


Оғыз мемлекеті

Қимақ мемлекеті

Өмір сүрген уақыты

ІХ ғ. соңы - ХІ ғ.ортасы

ІХ ғ. соңы - ХІ ғ.басы

Территориясы

Сырдарияның орта және төменгі ағысы

Алтайдың солтүстігі мен Ертіс өңірі

Орталығы

Жаңа Гузия (Янгикент)

Имақия (Ертіс өзені), Карантия (Алакөл көлі)

Тайпалық құрамы

Қытай деректерінде:байандур, имур,қайлар;

Махмуд Қашқари-24 тайпа

әл Марвази- 12 тайпа

7 тайпа (Гардизи): эймур, байандур, ажлар, ланиказ, татар, қыпшақ, имек.

Қоғамдық құрылысы

Ел-тайпалық одақтар (халық,мем-т)

Жабғу-жоғарғы билік иесі(мұрагерлік арқылы)

Инал-жабғудың мұрагері

Атабек -иналдың тәрбиешісі

Сюбашы - әскербасы
Күл еркіндер - жабғудың кеңесші

Халық жиналысы жылына 1 рет шақырылған

Қаңқаш-шонжарлардың кеңесі
Ел басұарудың ең жоғарғы орны - ұлы және кіші құрылтай: ұлы құрылтайда қаған өз ұлдарын "боз оқ" деп оң жағына, "үш оқ" деп сол жағына отырғызған

Тайпалық бөлімшелер: "бой", "оба", "көк"

Билеуші - ҚАҒАН (11 іс басқарушысы)

2 саты төмен - Ябғу (тайпа көсемдері)"имек байғу" "қимақ ябғу"

"шад түтік" -жеке тайпа көсемдері
ябғу, шад - лауазымдары шонжарларға берілген

Әскери қызметкерлер - беделді топ

Саяси тарихы

965 ж. оғыз + Киев Русі (Святослав) > хазарларға (хазарлар талқандалады)

985 ж. оғыз + Киев Русі (Владимир) > бұлғарларға ()

Х ғ.аяғы-ХІғ. Басында - Әли хан кезінде әлсіреді.

Шахмәлік 1041 ж. Хорезмді жаулап алды. Көтеріліске шыққан салжұқтардан қаза табады.

Қыпшақтар Сырдария, Арал бойынан ығыстырады.

ХІғ.ортасында құлайды

766-840 ж.ж. қимақтар Батыс Алтай, Тарбағатай мен Алакөл ойпаты аумағына қоныстанды.

ІХғ.- «тоғызғұз» жерінің бір бөлігін

Х ғ. Басында - тоғызғұздардың шекаралық қаласы Жамлекес қаласын басып алды

Х ғ. ІІ жартысында қимақтарға Қарахан мемлекеті шабуыл жасады.


ІV. Жаңа сабақты бекіту
1) Семантикалық карта


Лауазым

Астана

Тайпа

Қала

Жиналыс

Билеуші

Янгикент


+

Жабғу


+

Сюбашы

+


Қыпшақ

+


Карантия


+

Ажлар

+


Жамлекес


+

Қаңқаш

+


Күл еркін

+


Құрылтай

+


Қаған


+

2) Мағынаны ажырату. «КВН» ойыны (мәтінмен жұмыс).

I кезең: Берілген материалды тез оқып шығу, оқығаннан соң қол көтеру.

II кезең: Дәптерді үш бөлікке бөліп кестені толтыру.

а) жетекші ұғымдар;

ә) негізгі мазмұны;

б) сурет, сызба арқылы түсіндіру.

3) Баламалы тест. («Ия» немесе «Жоқ» жауап беру керек).

1) Сыма Цяньнің жазуы бойынша қимақтардың ішінде қыпшақтар болды ма? (Ия)

2) Қимақ қағанатының басқарушысы «қаған» деп атала ма? (Ия)

3) Қимақ қағанаты X ғасыр басы -XII ғасыр соңы аралығында өмір сүрді ме? (Жоқ)

4) X ғ. II-жартысындаҚарахан мемлекеті қимақтармен достық келісімде болды ма? (Жоқ)

5) Гардизи оғыздар туралы тарихи дерек жазған ба? (Жоқ).



4). «Басқатырғыш»

1-топқа. Мына сөздерді табындар: Эймур, байандур, қыпшақ, қимақ, .





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал