7


Тәуке хан

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Бұл жүктелінген мәлімет Тәуке ханның билігі жайында. Тәукенің билік құру қарсаңында Қазақ хандығының саяси жағдайы жайында мәлімет. Сонымен қатар Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы туралы айтылады. Оның Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасы туралы айтылады.Бір
предварительный просмотр материала

Ж.Баласағұн атындағы №6 жалпы орта мектеп



Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

(7-сынып ашық сабақ)



Орындаушы тарих және география пәні мұғалімі: Жаненова Г.С



7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §41. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

Сабақтың мақсаты:

  • Тәукенің хан болу қарсаңындағы және хандық құрған кезіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы туралы, Тәуке ханның «Жеті Жарғы» заңдары және жасауға қатысқан қазақтың ұлы билері туралы мәліметтермен оқушыларды жан-жақты таныстыру;

  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Тәуке ханның және ұлы билердің мемлекетті нығайту үшін атқарған қызметтерін көрсете отырып, оқушыларды адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтеп, оның дамуына үлес қосуға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, хан,билердің суреті

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Есім ханның алғашқы кездегі саяси жағдай қандай болды?

  • Бұхар хандығы мен Қазақ хандығының арасындағы талас-тартыс немен аяқталды?

  • Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы қайшылық неден басталды?

  • Тұрсын ханның бүлігі немен аяқталды?

  • «Есім ханның ескі жолының» қандай тарихи маңызы болды?

  • Тақырыптың тарихи-тәрбиелік маңызын неден байқауға болады?



Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Салқам жәңгір. Орбұлақ шайқасы

  2. Тәукенің хан билігіне отыруы.

  3. Тәуке ханның тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.

  4. «Жеті Жарғы» заңы

  5. Ұлы билер

Тәуке хан хандық билікті нығайтты

Тың өзгерістер енгізді

Тәуке хан

«Хандық кеңестің» және «билік кеңестің» рөлін арттырды

Феодалдық талас-тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қуатты қазақ хандығын құруға күш салды

Хан мен билер ғана соттық сансапты атқаруға тиіс болды

Билер жергілікті атқарушы өкіметке айналды



Жәңгірұлы Тәуке хан (1626-1718) - Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Шешесі - қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Күнделен-тайшының қызы. Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығының билік тізгінін қолға алған кезде (1680ж.) Тәуке ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын. Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тәукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытанын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде. Бұл ретте ол ұлы бабасы Қасым ханға қарай бейімделеді.



Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша назар аударады. Бірі - елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел аудырмағаны. Екіншісі - елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы. Ол төңірегіне топтан торай шалдырмайтын, сыртқа сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен жұртты жатқызып - өргізетін, беделімен елдің бірлік-берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты. Тарих дерегі сол кезде Тәукенің қасында Ұлы жүз Әлібекұлы Төле, Орта жүз Келдібекұлы Қазыбек,Кіші жүз Байбекұлы Әйтеке, қырғыз Қарашораұлы Көкім, қарақалпақ Сасық би, қатаған Жайма секілді халықтың ішінен уақыттың өзі екшеп шығарған, даналық сөзімен, әділетті ісімен, қара қылды қақ жарған тура билігімен аттары бұл күнде аңызға айналған атақты билердің болғанын айтады. Осындай алыптардың замана тынысын тамыршыдай тап басып танып, халықтың басын қосып, елдің бірлік - берекесін кетірер ішкі дау - жанжалды, барымта - сырымтаны тиып, елді ынтымақта ұстау мақсатында ой тоғыстырып, бір бағытта игілікті іс-қимыл жасау арқасында Қазақ хандығының жағдайы күрт жақсарып, сыртқа айбарын асырды. Жұрт ерді ел қолдаса - береке, ханды ел қолдаса мереке екенін көрді. Сол себепті де Тәуке хан ел билеген кез - халық есінде « қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» тыныш берекелі заман болып қалды.



Бірақ, бұл, әрине ол кезде ешқандай шапқыншылық болған жоқ, бірыңғай бейбіт күн туып, қазақ халқы сыртқы жаудан қаймықпай алаңсыз ғұмыр кешті дегенді білдірмесе керек. Керісінше, Тәукенің кезінде қалмақтармен қақтығыс жиілей түспесе, кеміген жоқ. Сонау 1681 жылғы қалмақтың қоңтайшысы Галдан Бошоктудың қалың қолмен Шу өзенінің бойына жетіп, Сайрам қаласын қоршағаннан басталған шабуылдар легі кейін оның немересі Цеван Рабтан билік басына келген кезде де толастаған емес. Ұсақ қақтығыстарды есептемегеннің өзінде 1711-1712, 1714, 1717 жылдары қазақ пен қалмақ арасында ірі соғыстардың болғаны белгілі. Бұл арада мәселе елдің өз ішінде тыныштық орнауында, халық арасында ырыс қазығы - ынтымақтың берік қағылып, ағайынаралық алауыздықтың жойылуында, осыған ұйытқы болған ел басшысының төңірегіне халықтың ақыл-ойының жоғары көтеруінде. Сондықтан тарихшылар Тәукені «Қазақ ордасының Ликургі» деп бағалайды.



Тәуке ханның тұсында тұрақты мемлекеттік органдар: хан кеңесі, билер кеңесі жұмыс істеп, жыл сайын үш жүздің шонжарларының съезін өткізу қалыптасты. Тарихқа «Жеті жарғы» деген атпен енген Тәуке ханның заңдарын зерттеушілер қазақтардың бұған дейінгі қолданылып келген әдеттегі құқық нормаларының бір жүйеге келтіріліп, толықтырылған нұсқасы деп қабылдайды.



Тәуке хан билік басында өте ұзақ, әбден қартайып, қаусаған шал болғанша отырып, 1718 жылы өз ажалынан қайтыс болды.

Орбұлақ шайқасы - қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы алғашқы бетбұрысты оқиға. Бұл соғыс 1643 жылдың жазында қазақ қолын басқарған Жәңгір сұлтан мен жоңғар қолын басқарған Батыр Қонтайшы арасында өтті.

XVII ғ. 30-жылдарындағы бытыраңқы ойрат тайпалары біртұтас мемлекетке бірігіп, Жоңғар хандығының негізін қалады. 1640 ж. қазақ жерін жорық нысанасы ретінде таңдаған құрылтай шақырды. Қазақстан мен Орта Азия турасында ойраттар ұстанған сыртқы саясаттың күшейуі қазақ-жоңғар қарым-қатынасын шиеленістіріп, жиі-жиі әскери қақтығыстарға әкеліп соқтырды. Жоңғарларға қарсы күресті Есім ханның ұлы, бұрын қалмақ тұтқынында болған Жәңгір хан (1629-1680) басқарды. 1643 ж. Батыр Қоңтайшының өзі бастаған ойрат қолы қазақ-қырғыз далаларына қарай қозғалды. Самарқаннан көмек келіп жеткенше оларды қарсы алуға бекінген Жәңгір хан 600 адам жинап, алдынан шықты. Жәңгір әскерінің аз болуы екі жағдаймен қарастырылады. Бірінші себебін М.Тынышпаев: «Жәңгір өкіметі әлі күшейген жоқ», - деп түсіндіреді. Немесе Орбұлақ шайқасы кезінде Жәңгір әлі хан болып жарияланбаған да болар. ХVІІ ғасырдың алғашқы 30-жылында жоңғарлар қазақ көшіне таяды. Абыржу да болды. Жәңгір аздаған күшпен тәуекелге бел байлады. Хан сайлауының созылып кетуі осы шешімге итермеледі. Бірақ бұл ойланған шешім еді

Жедел жүріспен Алшын руынан батыр Жалаңтас Самарқаннан Жетісуға дейін жасақшыларды жинай отырып, Қоянтау шыңының іргесінде 20 мыңдай әскерді алып келді, 10 мыңнан аса адамынан айырылып, күйрей жеңілген жоңғарлар кері шегінеді.

ҰБТ -ға дайындық сұрақтары: (әр оқушыға бөлініп беріледі)

Батыс Түрік қағанатында "Қара бұдындар"деп кімдерді атаған
А) Ақсүйектерді
В) Әскерді
С) Қарапайым халықты
D) Саудагерлерді
Е) Қолөнершілерді

"Қыпшақтар даласы"атанған аймақ:
А) Жетісу
В) Қазақстанның оңтүстігі
С) Алтайдан Еділге дейін
D) Оңтүстік Сібір
Е) Орталық Қазақстан

Жәнібек, Керей хандарымен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы атауы:
А) қазақ-қырғыз
В) өзбек-қазақтар
С) қырғыздар
D) қыпшақтар

965ж. оғыздар хазарларға қарсы әскери одақ құрды
А) Иранмен
В) Киев Русімен
С) Қытаймен
D) Арабтармен
Е) Парсылармен


Қарахан мемлекетін Хорезм шахы Мұхамед құлатқан жыл
А) 1212ж
В) 1214ж
С) 1221ж
D) 1213ж
Е) 1215ж

Елюй Дашы 1143 жылы қаза болған соң билікті қолына алған
А) Ағасы
В) Баласы
С) Әйелі
D) Інісі
Е) Атасы

Найман, керей жалайырлардың негізгі мекендеген жерлері
А) Монғолияның орта және Батыс аудандары
В) Қытайдың солтүстігі
С) Орталық Қазақстан
D) Шығыс Қазақстан
Е) Батыс Қазақстан

Шыңғыс хан империясы қанша әкімшілік билікке бөлінді?

А.90

Ә.93

Б.95

В.97


Алтын Орда мемлекетінің негізін кім қалады?

А.Батый

Ә.Берке

Б.Жошы

В.Шағатай

Сабақты бекіту:

  • Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, реферат жазу,жауап беру.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §41.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал