7


  • Учителю
  • Енді соғыс болмасын! Соғыс ешкiмге де қуаныш пен күлкi әкелмейдi. Тек қайғы-қасiрет, азап-қиындық. . . 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4-те тыныш ұйқыда жатқан елдi фашистiк Герма¬нияның қарулы әскерi Белорус¬сия жерiне басып кiредi. Мiне, осылай Ұлы

Енді соғыс болмасын! Соғыс ешкiмге де қуаныш пен күлкi әкелмейдi. Тек қайғы-қасiрет, азап-қиындық. . . 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4-те тыныш ұйқыда жатқан елдi фашистiк Герма¬нияның қарулы әскерi Белорус¬сия жерiне басып кiредi. Мiне, осылай Ұлы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Енді соғыс болмасын!Соғыс ешкiмге де қуаныш пен күлкi әкелмейдi. Тек қайғы-қасiрет, азап-қиынд 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4-те тыныш ұйқыда жатқан елдi фашистiк Герма­нияның қарулы әскерi Белорус­сия жерiне басып кiредi. Мiне, осылай Ұлы Отан соғысы бас­талыпты. Соғысқа
предварительный просмотр материала

Енді соғыс болмасын!


Соғыс ешкiмге де қуаныш пен күлкi әкелмейдi. Тек қайғы-қасiрет, азап-қиындық...

1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4-те тыныш ұйқыда жатқан елдi фашистiк Германияның қарулы әскерi Белоруссия жерiне басып кiредi. Мiне, осылай Ұлы Отан соғысы басталыпты. Соғысқа елiмiзден 1 миллионнан астам азамат аттанып, 800 мыңы қайта оралып, 600 мыңы ерлiгi үшiн түрлi марапатқа ие болған едi.

Соғыс жылдарында мыңдаған концлагерьлер салынып, ондағы адамдардың басым көпшiлiгi азапталып өлтiрiлген екен. Адамдарды газбен улап, пешке жаққан. Германияға күнделiктi тауарлар қажет болғандықтан, адамдардың шаштарынан - мата, майынан - сабын жасаған. Соғыстың осындай жан түршiгерлiк әрекеттерiн кiтаптан, ардагер ата-ағалардан естiген едiм. Соғыстың жалыны қазақ жерiн де шарпыды. Батыс Қазақстаннан 500 шақырым қашықтықтағы Сталинград түбiнде үлкен ұрыс болған.

Жылжып уақыт, жылдар өтсе де, қазақ халқының тарихында Ұлы Отан соғысының iзi мәңгi өшпейдi. Жеңiс үшiн қанша адам отбасын тастап, соғысқа аттанды. Бойларын рух пен намыс кернеген абзал азаматтар ел басына күн туған, ауыр кезде от пен оқтың ортасында жүрiп, Отан үшiн отқа түстi. Қанша азап тартса да, келер күннен үмiт үзбей, жеңiске, азаттыққа үмтылды.

Қазақ халқы ата-бабасы қорғап, келер ұрпағына мұра ретiнде қалдырған дарқан даласында қанат жайып, өркендеп, өсiп келедi. Бабалар ерлiгi өшпек емес.

Мiне, Жеңiстiң ұлы күнi. Осындай бейбiт күндi сыйлаған аталарымызға мың алғыс. Егер бабалар болашақ үшiн ерлiк көрсетпегенде, бiз осылай өмiр сүрмес те едiк... Олар жерi, елi үшiн шайқасқа түсiп, кеудесiн оққа тосты. Отан соғысында ерлiк көрсеткен жүзге жуық қазақ азаматы Кеңес Одағының батыры атағын алды. Әлия мен Мәншүктей апаларымыз қазақ қыздарының қайсарлығын көрсеттi. Бiздер, жастар, ғылымда озық, өмiрде тәрбиелi, ұлтжанды болуымыз қажет.

Бiз, батыр ұлттың ұрпақтары, соғысты болдырмауға және Отанымызды сатпауға, елiмiздiң тыныштығын сақтауға уәде беремiз.

Пернебай Анар

ОҚО, Созақ ауданы, Ақсүмбе ауылы

Сұлтанбек Қожанов атындағы жалпы

орта мектебінің 9 сынып оқушысы




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал