- Учителю
- Тарих пәні бойынша сыныптан тыс 'Туған елім-туған жерім' тақырыбының жоспары
Тарих пәні бойынша сыныптан тыс 'Туған елім-туған жерім' тақырыбының жоспары
«Туған елім - туған жерім»
Мақсаты: Оқушыларды өз отанын сүюге, өз республикасының әнұранын, елтаңбасы, мемлекеттік туды құрметтеп, оны қастерлеуге үйрету.
Қазақстан Республикасының тарихына шолу жасау, негізгі оқиғалар туралы баяндап өту, «тәуелсіздік» ұғымының оқушыларға түсіндіру.
Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру.
Топта жұмыс істеу арқылы өзгеріледі тындап, өз ой-пікірін білдіре білетін оқушыны тәрбиелеу. Оқушылардың таным белсенділіктер мен қызығушылықтарын дамыту.
Көрнекіліктер: Қазақ елінің рәміздері, , мақал-мәтелдер, дана адамдардың сөздері жазылған плакаттар, буклет.
-
Ұйымдастыру
-
Кіріспе сөз
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, қадірменді ұстаздар мен оқушылар! Қазақстан мемлекетінің құрылған, азаттық алған күнін өзінің тәуелсіз ел екендігін барша әлемге паш етті. «Тәуелсіздік» деген тәтті ұғым.
Қазақстан! Туды алтын дәуірің.
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Алтын заның құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым.
Бүгін сіздерге - «Туған елім - туған жерім» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.
Тәрбие сағатымызға екі топ қатысады:
Бірінші топ - «Ұландар»
Екінші топ - «Қырандар»
Бүгінгі сайысымызға баға беретін әділқазылар мүшелерімен таныс болыңы-здар.
Әділ қазылар тағайындалады.
III.Топтардың өзін-өзі таныстыру
Екі топ бірге:
Біз жас қыран самғаған білім көгінде,
Мақтанышы боламыз туған елімде,
Алғырмыз, оқимыз,
Көңілге бәрін-бәрін тоқимыз.
Мұғалім: Отан - адамның түп-тұқияны, ата-бабаларының бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп-өніп келе жатқан жері Сондықтан да қай елдің адамы болсын өз Отанын дүниедегі ең қымбатты, ең қасиеттісі, ең аяулысы - анасы-на балайды.
«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген халық даналығын-да үлкен мән бар. Туған жер - әрбір адамның жарық дүниеге шыр етіп келген киелі мекені, ең алғаш жұтқан ауасы, табанының бастапқы ізі түскен жері, аялып өсірген алтын бесігі. Адам тағдыры да туған жермен байланысты. Сондықтан әрбір адам өзі туып-өскен мекенін құрметтеп, оған қамқоршы бола білуі керек. Өз туған жерінің әр тасын, әр құсын қызғыштай қорып, оған деген
асқақ сезімін өз қамқорлығы арқылы көрсетіп ортырған адамды ғана туған жерін құрметтейтін адам деуге болады.
IV.Поэзия минуты
Өз елін мақтанышпен жырлаған ақын жазушылар қаншама?! Келесі сайысымызда оқушылар өлеңді мәнерлеп оқу бойынша бақ санасады.
-
Қазақстан, туған жерім - киелім,
Қастерлеймін, басымды да иемін.
Табиғаттың - таптырмас жан байлығын,
Бәрін-бәрін аялаймын сүйемін.
-
Арайлап таңым, асқақтап тауым,
Ән ойнап көгім, күй тартты көлім.
Қол жетті міне, аңсаған күнге,
Жасай бер, жаса, қазағым менің.
-
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
V.Мақал-мәтелдер айту.
Мұғалім: Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған.
Біздің ұшан-теңіз ертегі-аңыздарымыз, ұзақ дастандарымыз бен жырлары-мыз, мақал-мәтелдеріміз, ұлы жырауларымыз бен шешендеріміздің нақылдары туған жердің, Отанды ардақтауға толы. Олардың өзі қандай терең мәнді, көркем сөз маржандары десеңізші.
Келесі сайысымызда топтар Отан, туған жер, ел туралы мақал-мәтелдер айтып жарысады.
1-оқушы: Отан үшін отқа түс, күймейсің,
Арың үшін арпалыс өлмейсің.
2-оқушы: Ер жігіт өзі үшін туады,
Елі үшін өледі.
3-оқушы: Елдің көркі елімен,
Отан көркі жерімен.
4-оқушы: Ел барда ел құр болмас,
Ел барда ел қор болмас.
VI.Қортынды.
Алды әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықтан жеңу үшін білектің күші мен найзаның үшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып мерейін үстем етер, әлемтаң қалар, талай-талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы тәуелсіз еліміздің намыс қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңгі, болаш-ағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.
«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалам!» деген Абай өиетін естеріңе мықтап ұстаңдар!