- Учителю
- ХХ ғасыр басындағы АҚШ
ХХ ғасыр басындағы АҚШ
Сабақтың тақырыбы: § 5. ХХ ғасыр басындағы АҚШ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: АҚШ-тың дағдарысқа дейінгі кезеңдегідамуы туралы түсінік беруі
Тәрбиелік: Оқушылар бойында елжандылық, отаншылдық қасиеттерді шыңдау.
Дамытушылық: Оқушылардың өз пікірлерін, көзқарастарын айта білу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Түрлендірілген сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру.
Сабақтың барыс:
-
Ұйымдастыру
-
Сұрақ-жауап
-
Тірек-сызбамен жұмыс
-
Картамен жұмыс
-
Жылдармен жұмыс
-
Қорытынды
АҚШ-тың дағдырысқа дейінгі кезеңдегі дамуы. Бірінші дүние-жүзілік соғыстан кейін Америка капитализмнің материалдық-техникалық базасының дамуында алға басу байқалды. Жаңа техниканы өндіріске енгізудегі қол жеткен үлкен жетістіктер 1922 - 1929 жылдардағы өндірістің жедел дамуына мүмкіндік берді. Мқның өзі "гүлдену" (просперити) терминін тудырды. Америка кәсіпорындары өнімдерінің көбеюі өндірісті стандарттаумен де байланысты болды. Мыңдаған зауыттар миллиондаған детальдар мен құралдарды, аспаптарды жасауға мамандандырылды. Адамдар жұмыс үдерісін асқан дәлдікпен орындап, оны қайталай берді. Әйтсе де дайьш өнімнің сыртқы пішінінің әр түрлі болуына стандарт кедергі болмады.
1932 жылғы президент сайлауы. Франклин Делано Рузвельттің жеңісі. Сайлау қарсаңындағы күрес АҚШ билеуші топтары үшін күрделі және шиеленісті жағдайда өтті. Демократиялық партия президенттік орынға кандидат етіп Нью-Йорк штатының губернаторы Ф.Д.Рузвельтті ұсынды. Сайлау 1932 жылдьщ қараша айында етіп, демократтар 48 штаттың 42-сінде жеңіске жетті.
Франклин Делано Рузвельт, АҚШ-тың 32-і президенті, 1882 жылғы 30 қаңтарда Гайд-Паркте дүниеге келген. Рузвельттің арғы атасы Клаас Мартенсен, оның екі немересі Иоганн мен Яков Рузвельттер отбасының екі бұтағының негізін салушылар болды.
Президент Ф.Рузвельттің "Жаңа бағыт" саясаты. Рузвельттің билікке келуі дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың АҢШ-тағы өткір кезеңіне дөп келді. Кептеген зауыттар мен фабрикалар тоқтап, ағаш шеберханалары бос қалды. Елде жұмыссыздар 15-17 млн-ға жетті. Мыңдаған аш адамдар бір тілім нан үшін АҚШ-тың қалаларын кезіп жүрді. Көптеген фермалар сатылды немесе қараусыз қал-дырылды. 10 мыңнан астам банктер банкротка үшырады.
АҚШ-тың сыртқы саясаты: Ф. Рузвельттің екінші президенттігі уақыт бойынша Екінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында сай келді.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқу. Сөзжұмбақ құрастыру.