7


  • Учителю
  • Ерте темр дәуіріндегі тайпалық бірлестіктер мен ежелгі мемлекеттер

Ерте темр дәуіріндегі тайпалық бірлестіктер мен ежелгі мемлекеттер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Мерзімі 26.11.2015

Сабақ: Қазақстан тарихы

Мұғалімі: Исина Мадина Сатбековна

Сыныбы: 10 А сынып

Сабақ реті: 20

Сабақтың тақырыбы: Ерте темр дәуіріндегі тайпалық бірлестіктер мен ежелгі мемлекеттер (Қайталау)

Сабақтың ұраны: Рухы биік халықтың, іргесі берік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстан жерін мекендеген ежелгі тайпалардың тарихы, тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті жайында алған білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: Тарихи мәліметтермен, хронологиялық даталармен, картамен жұмыс істеу барысында жан-жақты іздену, талдау, сипаттау қабілеттерін дамыту, шығармашылық деңгейін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушының бойына ұлтжандылық сезімін ұялатып,елін, жерін сүйетін ұлттық рухы жоғары мәдениетті азамат тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Оқушылардың презентациялық слайд фильмдері, карта, интербелсенді тақта.таратпа матеиралдар. АҚТ құралдары (Онлайн интернет байланыс, PDF презентациялық көрсетілім, бейне материал)

Түрі: Қайталау сабағы

Әдісі: Топтық жұмыс, ізденіс жұмысы, тест , кесте толтыру, картамен жұмыс, деректерді интерпретациялау; алгоритмдік талдау, семантикалық карта, оқулықпен жұмыс, аналитикалық талдау түрлері, сұрақ-жауап.

Сабақ кезеңдері:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Білім өзектілігі (Актуализация знаний)

  3. Сабақты түсіну және қабылдау

  4. Алған білімді қорыту және жүйелендіру

  5. Үй тапсырмасын беру

  6. Бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

  • Сынып бөлмесін әзірлеу

  • Оқушыларды топқа бөліп отырғызу

1 топ : Сақтар

2 топ: Үйсіндер

3 топ: Қаңлылар

4 топ: Ғұндар


Қоңырау соғылады

а) Оқушылармен амандасу

б) Оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру

в) Оқушылар назарын сабаққа аудару

г) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

2.Үй тапсырмасын тексеру

1. Алгоритмдік талдау

- сынып оқушылары шағын топтарға бөлініп үй тапсырмасы «Темір дәуіріндегі тайпалық бірлестіктер мен алғашқы мемлекеттер» тақырыбындағы презентациялық шығармашылық жұмыстарын қорғайды. Шығармашылық жұмыс белгіленген алгоритм бойынша құрылу қажет.

Алгоритмдік талдау:

А) Тарихи сипаттама

- хронологиясы, орналасқан жері; деректердегі атауы; астанасы

В) Саяси тарихы

- ішкі сыртқы саясаты; тайпалар арасындағы алғашқы соғыстар:

С) Қоғамдық құрылымы

Д) Шаруашылығы

  • 1 топ- САҚТАР

  • 2 топ- ҮЙСІНДЕР

  • 3 топ- ҚАҢЛЫЛАР

  • 4 топ- ҒҰНДАР


  1. Білім өзектілігі (Актуализация знаний)

  1. Жазбаша деректерді интерпретациялау

Әр топқа тарапта материалдар таратылады. Таратпа материалда ежелгі тайпалар туралы жазбаша дереккөздер берілген. Әр топ өз тақырыбына сай деректерді тауып тарихи контекст шеңберіне салу арқылы жауап береді. (Бұл тарсыпма оқушылардың алған білімдерін қолданып, деректерді талдауға үйретеді)

Тапсырма: Деректі тарихи контекст шеңберіне сал.

А) берілген деректің авторын анықта, қысқаша сипаттама бер

В) Тарихи деректе көрсетілген оқиғалардың себеп-салдарының байналысын анықта.

С) Деректегі тарихи оқиғаның контексін талда.

Тапсырма

  • «Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтірілді»

  • «мемлекеттің аумағына Сырдың төменгі ағысынан Отырарға дейінгі аймақтар енген. Орталығы- Отырар»

  • «Алғашында олар ғұндарға тәуелді болғанымен, кейін күшейген соң олардың қол астында болуды қаламады.Сөйтіп шығысында Ғұндармен, сотүстік-батысында Қаңлылармен, батысында Дауаниямен, оңтүстігінде әр түрлі тұрақты иеліктермен араласып тұрды»

  • «Қазір олар күшті елге айналыпты. Мол сыйлық-тартулар ұсыну арқылы оларды шығыстағы атамекеніне көшіріп әкелуге, оларға ханшамызды ұзатып, күнбимен құдандалық байланыс орнатып, жауға қарсы қолдануға болады»

  • «Бір көрген адам оның нағыз азиялық екенін бірден айтады. Басы үлкен, орта бойлы, мығым денелі. Қараған жерін тесіп өтетіндей, көзқарасы сұсты. Қозғалысы шапшаң, сенімді. Дауысы күмістей сыңғырлайды әрі құлаққа жағымды»

  • «Ферғананың сотүстік-батысында, шамамен 2 мың ли қашықтықта орналасқан көшпелі мемлекет. Үлкен юэчжилермен тұрмыс-салты өте ұқсас, 90 мың әскері бар янсай кангюйлердің солтүстік батысында 2 мың ли жерде. Әскері 100 мың адам, әдетте, кангюймен араласып тұрады. Ол Ұлы көлге жапсарлас жатыр»

  • «Ертелі-кеш ат үстінен түспейді. Маңызды істер туралы кеңесетін болса, кеңесті де ат үстінде отырып өткізеді. Олар өздеріне төніп тұрған патшаның қатал әмірін сезбейді, ал егер тайпа ақсақалдарының біреуі басшылық жасаса, жолында кездескенінің бәрін жайпап өтеді»

  • «қорқып қашқан көшпелілердің соңынан қуа жөнелгенде, Спитамен кері бұрылып шабуылға шықты. Гректер өзендегі кішкентай аралға қашты. Спитаменнің атты әскері оларды қоршауға алды да, садақпен атып, түгел қырып салды»

  • «Олар үнемі көшіп-қонып жүреді, бір өңірде тұрақтамайды. Хань империясынан бері тегі юэжидден шыққан. Ғұндар оларды тас-талқанын шығарғанда батысқа ауып, Памир асып кеткен. Содан өз мемлекетін құрған»

  • «Шығысында-ғұндармен, батыс жағында кангюй елімен шектеседі. Жері ұлан-байтақ, кең әрі жазық, жауын-шашыны көп. Ауа-райы суық, тауларында қалың қарағай өседі»

  • «Біздің кең-байтақ даламызда ата-бабаларымыздың зираттары бар, сендер соларға тиісіп көріңіздерші, сонда біз қандай ұрыс жасар екендігімзіді көрерсіңдер»

  • «.... таңертең үйден шығысымен, есік алдында тұрып халықтың мұң-мұқтажын тыңдады, күні бойы әлемнің әр түрлі елдерінен келген елшілерді қабылдады, ал кешке бізбен бірге тамақ ішті. Бәрі күміс ыдыстан ас ішті, ал ол ағаш ыдыстан тамақ жеді»


  1. Семантикалық талдау: Оқушылар берілген етістіктердің сәйкестігін табады

ТАЙПАЛАР

Оңтүстік Қазақстанды мекендегендер

Антропологиялық монголойдтық белгі

Б.з.б. ІІІ ғасыр - б.з V ғасыр аралығында өмір сүрген

Грек, парсы, Рим тарихшылар жазады

Полихромдық стиль

Ат әбзелдері, қару жарақтар, аң стилі

Түркітілдес халықтардың атасы

Көшпелі және отырықшы тұрғындар арасындағы саяси, мәдени, сауда байланысы

Қоғамдық құрылым 3 сатыдан тұрады

Егіншілік кәсібі дамыды

Қасқыр бейнесіндегі археологиялық жәдігерлер тән

Қаңлылар


Сақтар


Үйсіндер


Сарматтар


Ғұндар

  1. Тарихи уақыт сызығы

Аталған уақыт аралығында көшпелеліер тарихында болған елеулі оқиғаларды атау.

Картамен жұмыс- болған оқиғаларды картадан көрсету

530 ж

490 ж

170-160жж

55 ж

248-247 ж

209 ж

451ж

93 ж

107ж

ІІІ. «Мәдени мұра»

Тарихи артефакт

  1. Археологиялық деректерге аналитикалық талдау жасау.

Оқушыларға интербелсенді тақтадан бейне материал көрсету.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ МҰРАЖАЙЫ-

«Алтын залға» виртуалды саяхат

бейне--материалды көріп, әр топ бір археологиялық жәдігерді таңдап алып, аналитикалық жұмыс парағына талдау жасайды

Артефакты талдауға арналған аналитикалық жұмыс парағы


АРТЕФАКТ ТҮРІ

1

Артефактың қандай материалдан жасалғанын сипаттаңыз: сүйек, керамика, металл, ағаш, тас, былғары, шыны, қағаз, картон, мақта, пластик, басқа материал




2

АРТЕФАКТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


3

АРТЕФАКТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

  1. Ол не үшін қолданылған болуы мүмкін?



  1. Оны кім қолданған болуы мүмкін?



  1. Ол қайда қолданылған болуы мүмкін?



  1. Ол қашан қолданылған болуы мүмкін?


4

АРТЕФАКТ БІЗГЕ ҚАНДАЙ АҚПАРАТ БЕРЕДІ?

  • Ол бізге жасалған және қолданылған уақыттағы технология туралы не айтады?



  • Ол бізге жасаған және қолданған адамдар өмірі мен уақыты туралы не айтады?



  • Сен бүгін бұған ұқсас затты атай аласың ба?



ІІІ. Алған білімді қорыту және жүйелендіру

«Ғажайып 7»- ойыны

    1. Сақтардағы «Аң стилі»

    2. Б.з.б 46-36 жж болған оқиға

    3. «Усинго», «Синго» ұғымдарының мағынасы

    4. Арыс өзенінің сол жақ жағалауындағы 100 шақырымдай аумақта орналасқан төбелердің бірі

    5. Ұзындығы 35 см, ені-4,7 см екі бедерлі алтын тіліктен жасалып, аң-құстар бейнелерімен өрнектелген.

    6. Сақтарға тән «3» санының мәнін аш

    7. Алғашқы мемлекеттер тарихы туралы жазған ертедегі тарихшыла

    Оқушылар белгілі бір ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру керек.



Тест

  • Оқушыларға 10 сұрақ тест беріледі. Тест орындау уақыты 5 мин. Тесттің дұрыс жауабын интербелсенді тақтада жауап кілті арқылы тексереді.

  1. Бағалау

Оқушылардың сабақ барысындағы белсенділігін, білімін бағалау. (дискриптор)

  • Топтық жұмыс барысындағы іс-әрекеті

  • Оқушының жекелей жұмыс бағалау.

  • Қортытынды тест тапсырмасының ұпайы.

Жалпы ортақ қорытынды бағасы

4.Сабақты қортындылау

Сабақты оқушылар өз ойларын ортаға салып, түйіндейді. (рефлексия)

Қазақ елінің тарихы тереңде. Жарқын болашақтың кепілі болатын жастар өз елінің тарихын терең түсініп, құрметтеп, асқақтатып, өзгеге танықса қазақ тарихы мәңгілік тарих болмақ. Біз үшін ортақ тағдыр - бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Мәңгілік ел - тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

  1. Үйге тапсырма беру


  • 11-18 параграфтарын қайталау

  • тесттер жинағы «модуль 1/3»



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал