- Учителю
- Абылай хандығы. 7-сынып. Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы
Абылай хандығы. 7-сынып. Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы
«Қарапайымнан - күрделіге" жетектейтін технология -
ҮӘЖ технологиясы
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы №51
М.Қаратаев атындағы орта мектебінің
тарих пәні мұғалімі:
Нақыпов Талғат Абилқайырұлы
тел:+77023872119
Осы уақытқа дейін дәстүрлі білім беру жүйесі дене тәрбиесі мен мінез-құлық тәрбиесіне көңіл бөліп келді.Рухани тәрбие айтылғанымен іс жүзінде орындалған жоқ. Ж.Қараевтың сөзімен айтқанда дәстүрлі білім беру «75% технократтық, 3 % эстетикалық, 0 % рухани тәрбие» берді. Бұл жағдай қоғамымызда әртүрлі келеңсіз көріністермен салдарын берді.
Қазіргі жағдайда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Білімді сауатты адамдар - бұл XXI ғасырда адамзат дамуының қозғаушы күші» болып отыр.
90-жылдары тиімді әдістер ретінде В.Ф . Шаталовтың тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясын сабағыма қолданып келдім. 2006- жылдардан бастап деңгейлеп-саралап оқыту немесе үш өлшемдік әдістемелік жүйеге көштім. В.Ф. Шаталовтың технологиясын пайдалану маған материалды түсіндіру барысында тірек конспектілерін жасай алуды үйретті. Оқушы мен бірге өзімнің әдістемелік тұрғыдан дамуыма зор әсерін тигізді.
Ал деңгейлеп -саралап оқыту барысында деңгейлік тапсырмалар жасау арқылы оқушылардың белсенді жұмысын туғызып, өзімнің сабақ үстіндегі өзімнің жұмысымды азайтқым келді. Осы уақытқа дейін тарих сабағында оқушы сөйлеуге, түсінігін айта білуге үйрету керек деген пікір басымдық етіп келеді. Бірақ баланы ойлауға үйрете алмасақ, сөзі қандай болмақ? Адамзат эволюциясында бірінші ой, содан кейін сөз пайда болған жоқ па?
Деңгейлік тапсырмаларды сыныпқа таратып берген кезде, алдындағы ойымнан айнуыма тура келді. Өйткені әр баланың жеке проблемалары , түсінбеген сұрақтары бойынша сұрақтары көбейді. Бұрынғы жағдайда материал мазмұнын топқа, сыныпқа түсіндіруге тырыссам, енді әр баламен жеке жұмыс жасауыма тура келді.
Оқушының сұрақтары бойынша бағыт-бағдар беруіме, жалпы айтқанда білімді қайдан алуға болатындығын үйретуім керек болды. Сабақ материалы өзінен-өзі деңгеймен, әр баланың танымдық деңгейіне қарай , іздеген сұрағын оқулықтан іздеп табуына жағдай жасала басталды. Сыныпта қарбалас белсенділік, тірлік басталды да кетті. Яғни баланың танымдық сұранысы өз міндетімен байланыстырылды.
Мен байқағаным «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» арқылы оқыту әсіресе, мұғалімнің кәсіби-пәндік дамуына ықпал етеді. Оның ізденісі артады. Рефлексиялық толғанысқа түседі. Ал тарих сабағын «үш өлшемді әдістемелік жүйе» бойынша өтіп, шығармашылық деңгейге жету үшін Блум таксономиясын, ТРИЗ технологиясының элементтерін біліп, жалпы сұрақ қоюды шығармашылық деңгейге көтергенде ғана табысты бола түседі.
Ал оқушылар 100 пайыз өзіндік ізденіске тартылады. Оқулықты пайдалану арқылы тапсырмаларды іздеу, шешу, оның ақпараттық құзырлылығының қалыптасуының басы емес пе? Бұрын баға қажет болған кезде сабаққа дайындалып, келіп баға алатын оқушы енді барлық тақырып бойынша ізденуіне тура келеді. Өйткені барлық тақырып бойынша бағаланады .
Мектеп жеке тұлға қалыптастыру үшін әр баланың бойындағы қабілеттерді дамытуға күш салады. Бұл бағытта барлық балаға бірдей қарауға болмайды. Өйткені бала құқықтары бойынша тең болғанмен, қабілеттері бойынша бір-бірімен тең бола алмайды. Сонымен бірге балаға қабілетінің төмендігін айта беру, сынау да құқына нұқсан келтіреді. Сондықтан сыныптағы әртүрлі деңгейдегі баланың қабілеттерін дамыту үшін деңгейленген тапсырмалар керек. Меніңше баланың танымдық сұранысы өз еңбегімен табылған кезде, онда танымдық қанағаттанушылық пайда болады. Бұл бала бойында өзіне деген сенімділікті қалыптастырады. Ал өзіне сенімді оқушы 3-4 деңгейлік жұмыстарды шешуге талпынады. Онда шығармашылық жұмыстарға ынталылық қалыптасады.
Қазіргі таңда терең логикалық сұрақтарға негізделген (тарих пәні бойынша) жұмыс дәптерлері жоқ.
Сонымен бірге осы «үш өлшемді әдістемелік жүйені» қолдану үшін, тарих кабинеттері қазіргі заманғы талап қа сай жабдықталмаған. Осы кемшіліктер жөнделсе, бұл технологияның оқушыны «қарапайымнан - күрделіге» жетектейтін қасиеті мол.
Қазақстан тарихы. 8-сынып.
Тақырыбы: §4. Абылайдың хандығы.
Балалар, төмендегі бос орындарға жауап жазыңдар.
(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)
Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:
І кезең. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап орындап келу дәрежесі тексеріледі; в) төмендегі «Көпір» тапсырмаларын тексереді (алдымен жеке тексеріп шығады, сосын фрондалды тексереді).
«Көпір»
тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеріге негіз болатын қайталау тапсырмалары
1. XVIII ғасырдың II жартысында Ресей патшалығы каспий теңізі мен Жайық өңіріндегі шұрайлы жерлерді казактарға оп-оңай тартып әперді.
Ең құнарлы жер орыс помещиктері князь Юсупов пен граф Безбородконың қолына өтті. Неліктен?
Ж: Себебі кіші жүз ханы Нұралы мен Батыр сұлтан арасында кикілжің (алауыздық) туындады.
2. 1758 жылы Жоңғария толық талқандалып, халқының оннан төрт бөлігі
аурудан, қайыршылықтан қырылды, оннан екі бөлігі Ресейге қашты, оннан үш бөлігі Цинь әскерлерінің қолынан қаза болды. Неліктен?
Ж: Себебі үздіксіз соғыс пен жоңғар тайпаларының арасында тақ-талас (алауыздық) орын алды.
3.XVIII ғасырда Қазақ жерінде орталықтанған мемлекет болмауын көршілері өз пайдасына шешуді ойлады. Орта Азиядағы Бұқара мен Хиуа хандықтары қазақтың қай жерлерін алуды ойлады?
Ж: Сырдария бойын.
ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.
1-қадам: теория бойынша «Білу» үшін тақырып мазмұнынан кім? Не?
кімнің? кімге? кімді? кімде? кімнен?кіммен? Қандай? Қай? Қашан? Не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі керек..
Бос орындарға қажетті сөздерді жаз:
1.Абылай - қазақ феодалдық мемлекетінің бұрынғы шекарасын қалпына келтіріп, өз хандығы кезінде елдің саяси-экономикалық дамуына түбірлі өзгерістер енгізген атақты мемлекет қайраткері.
2. Географиялық жағынан екі ірі мемлекеттің қыспағында болған Қазақ хандығының билеушісі Абылайдың басты мақсаты - мемлекет дербестігін қалай да сақтап қалу және жоңғар шапқыншылығы кезінде олар уақытша басып алған шекаралық өңірдегі қазақтардың тарихи иелігін қайтарып алу еді.
3. Цинь және Ресей империалары арасында қыспақта тұрған елдің жағдайын түсіне білген Абылай және басқа да ірі феодалдар ел мүддесі үшін Ресейге арқа сүйеуге тырысты.
4. 1745 жылы жоңғар қонтайшысы Қалден-Сереннің өлімінен кейін азамат соғысына тап болған Жоңғария Қазақ мемлекетіне қауіп төндіруден қалды.
5.Қытай әскері 1757 жылдың маусым айында Қазақстандың Алтайдағы Ресей империясының тау-кен өндірісіне, қазақ жеріндегі шекаралық бекіністерге қауіп төндірді.
6. Абылай ханның кеңесшісі әрі қазақ хандығы дербестігінің жаршысы
Бұқар жырау ішкі және сыртқы саясатқа мейілінше әсер еткен дарынды адам болды.
7. Абылай хан қазақ хандығын билеуде «Есім ханның ескі жолында», «Қасым ханның қасқа жолында», «Жеті жарғы» заңдарында хан билігіне қойылған шектеулерді мойындамады.
8. 1781 жылы дүние салған соң, Абылай хан Түркістандағы Ахмед Иассауи кесенесіне жерленді.
9. Сызбаны толтыр.
?
АБЫЛАЙ
Батыр
дипломат
Шешен
Хан
Күйші
10. Сәйкестендіріңдер:
1
Абылай
4
1
1758 ж
2
Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама
1
2
жырау
3
Қалдан-Серен
5
3
Қытай
4
Бұқар
2
4
Қанішер
5
боғдыхан
3
5
Әмірсана
2-қадам: теорияны «Түсіну» үшін неге? неліктен? себебі? не үшін? Дәлелде, түсіндір сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады (оларды тереңдету үшін)
Себебін анықта:
1. Абылай хан 1761 ж. Императрица II Екатеринаға жолдаған хатында ағаштан үй тұрғызу үшін бірнеше ұста және 200-300 пұт астық жіберуді сұраған. Ағаштан үй тұрғызу үшін ұста сұрағаны түсінікті. Ал астықты неге сұраған? Әлде қазақ халқы аштыққа ұшырап жатырма еді? Ондай болса, аштыққа ұшырап жатқан елге ағаш ұстасы не керек?
Ж: Қазақтарға егін егуді үйрету үшін керек болды.
2. 1740- жылы тамыз айында Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен Абылай Орскіге келіп, Ресей империясының билігін мойындады. Не үшін?
Ж: Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте Ресейге арқа сүйеу үшін.
3. Жоңғар қонтайшысы Қалдан-Сереннің қайтыс болып, елде азамат соғысының басталуының себебі не?
Ж: Жоңғариядағы қонтайшы ұрпақтарының таққа өзара таласы болды.
4. Абылай хан Тарбағатайдағы және Іле өзені өңіріндегі байырғы дәстүрлі мал жайылымдарын қайтарып алды. Неліктен?
Ж: Себебі ол 1779 жылы Алатау қырғыздарын жеңіп, өзіне бағындырды.
5. Әбілмансұр неге «Сабалақ» атанды?
Ж: Себебі аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады.
1. Ресеймен тату көршілік қарым қатынас орнатуға тырысты.
2. Қытаймен теңдік қарым-қатынас орнатуға тырысты.
(И.Крафтың айтқаны)
3. Қырғыздарды , қоқандықтарды, Еділ қалмақтарын бағындырды
1. Бір орталықтан
басқарылатын
мемлекет құрды.
2. Сот билігін күшейтіп, билер мен батырларға арқа сүйеді.
3. Руаралық жанжалды
тоқтатты. Егіншілік пен сауданы дамытуға тырысты.
3-қадам: теорияны «Талдау» үшін
(1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.
1-3). Қазақ хандығы мен Жоңғарияны Венн диаграммасы арқылы салыстыр.
Абылай ханның Қорытынды сыртқы саясаты.
ішкі саясаты
1. Қазақ халқының
этникалық
аумағын
бекемдеді.
2. Қазақ мемлекеттілігі мойындалды.
3. Отан соғысында
жеңіске жетті.
4. Тақырыптың басты идеясы неде?
Ж: а) Қазақ хандығығының ерекшелігі: Ол 1465 жылы құрылды. Хан басқарды. Өз елінің азаттығы үшін күресті. Халқына Отанды сүю, ерлік, батырлық, ақыл-ойдың кемеңгерлігі сияқты қасиеттер тән болды;
ә) Жоңғарияның ерекшелігі: Ол 1635 жылы құрылды. Қонтайшы басқарды (толықтыруға болады) в) Қазақ хандығы мен Жоңғарияның ұқсастығы: олардың екеуі де Көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Жауынгер халық (жоғарыда берілген ақпараттардан алып толықтыруға болады).
б) Алауыздық пен соғысқұмарлықтан Жоңғар елі жойылып кетті.
Ал қазақ елі өзінің ұлттық ерекшеліктерін сақтап қала алды. (Қазіргі кезеңдегі жетістіктерімізді айтуға болады)
4-қадам: теорияны «Жинақтау» үшін Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады.
1. Тақырыптың басты идеясы бойынша құрылған тірек-сызбаны толтыр
Абылайдың хандығы
Хандықтың өмір сүрген .
1771 -1781 жылдары
Ішкі саясаты
Сыртқы саясаты
Қорытынды.
(Абылай)
1. Қолбасшы.
2. Саяси дипломат
3. Реформатор.
4.Стратег.
5. Ұлттық мәдениетіміздің бір өкілі.
1. Бір орталықтан
басқаратын мемлекет
құрды.
2. Сот билігін күшейте
түсті.
3. Қазақ рулары мен
тайпаларының
арасындағы қақтығыстар
мен барымта алуды
тоқтатты.
1. Ресей, Қытай, Орта Азия
елдерімен экономикалық
және сауда байланысын
орнатты.
2. Қырғыздарды , қоқандықтарды, Еділ қалмақтарын бағындырды
3. Отан соғысында жеңіске
жетті.
Оқулықпен жұмыс (5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады.
5-қадам: практика жүзінде «Қолдану» (оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады
Картадан аталған елдерді белгілеңдер:
"Былай барсаң Қоқан бар,
Қоқандаған әкең бар.
Былай барсаң Қалмақ бар,
Күшіңді еппен алмақ бар.
Былай барсаң Қытай бар,
Жапырағыңды бұтай бар.
Былай барсаң орыс бар,
Балаңды берсең қоныс бар".
6-қадам: : практика жүзінде «Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады
1) Бос орынды толтырыңдар.
Қазақстан қазіргі жағдайда сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:
1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.
2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.
3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе - ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте - Ресеймен, шығыста - Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.
2) Ал Абылай хан сыртқы саясатында қандай мәселелерге көңіл бөлді деп ойлайсың?
-
Елін жоңғар басқыншыларынан азат ету.
-
Ресей мен Қытай сияқты алпауыт елдердің отарлауынан сақтану.
-
Сыртқы сауда саттықты дамыту.
ІІІ кезең (кері байланыс - бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.
І деңгей (5 балл)
1-қадам: теория бойынша «Білу» үшін тақырып мазмұнынан кім? Не?
кімнің? кімге? кімді? кімде? кімнен?кіммен? Қандай? Қай? Қашан? Не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі керек..
Бос орындарға қажетті сөздерді жаз:
1-тапсырма: 1.Абылай - қазақ феодалдық мемлекетінің бұрынғы шекарасын қалпына келтіріп, өз хандығы кезінде елдің саяси-экономикалық дамуына түбірлі өзгерістер енгізген атақты мемлекет қайраткері.
2. Географиялық жағынан екі ірі мемлекеттің қыспағында болған Қазақ хандығының билеушісі Абылайдың басты мақсаты - мемлекет дербестігін қалай да сақтап қалу және жоңғар шапқыншылығы кезінде олар уақытша басып алған шекаралық өңірдегі қазақтардың тарихи иелігін қайтарып алу еді.
2-тапсырма: 3. Цинь және Ресей империалары арасында қыспақта тұрған елдің жағдайын түсіне білген Абылай және басқа да ірі феодалдар ел мүддесі үшін Ресейге арқа сүйеуге тырысты.
4. 1745 жылы жоңғар қонтайшысы Қалден-Сереннің өлімінен кейін азамат соғысына тап болған Жоңғария Қазақ мемлекетіне қауіп төндіруден қалды.
5.Қытай әскері 1757 жылдың маусым айында Қазақстандың Алтайдағы Ресей империясының тау-кен өндірісіне, қазақ жеріндегі шекаралық бекіністерге қауіп төндірді.
3-тапсырма: 6. Абылай ханның кеңесшісі әрі қазақ хандығы дербестігінің жаршысы
Бұқар жырау ішкі және сыртқы саясатқа мейілінше әсер еткен дарынды адам болды.
7. Абылай хан қазақ хандығын билеуде «Есім ханның ескі жолында», «Қасым ханның қасқа жолында», «Жеті жарғы» заңдарында хан билігіне қойылған шектеулерді мойындамады.
8. 1781 жылы дүние салған соң, Абылай хан Түркістандағы Ахмед Иассауи кесенесіне жерленді.
4-тапсырма: 9. Сызбаны толтыр.
?
АБЫЛАЙ
Батыр
дипломат
Шешен
Хан
Күйші
10. Сәйкестендіріңдер:
1
Абылай
4
1
1758 ж
2
Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама
1
2
жырау
3
Қалдан-Серен
5
3
Қытай
4
Бұқар
2
4
Қанішер
5
боғдыхан
3
5
Әмірсана
2-қадам: практика жүзінде «Қолдану» (оқулықпен жұмыс.
ІІ кезеңнің 5-қадамындағы қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)
5-тапсырма: Төмендегі пікірлермен келісесің бе?
№
Пікірлер
Иә
Жоқ
1
Әбілмансұр 1711 жылы Түркістанда дүниеге келді.
+
2
1771 жылы Абылай Орта жүздің ханы болып сайланды
+
3
Абылай Қазақ хандығының императоры
+
4
Абылай шығыстың жеті тілін білген
+
5
Абылай Арғын тайпасының Атығай атты руынан шығады.
+
Жылдар сөйлейді. (хронологиялық жұмыс)
ЖЫЛДАР
ОҚИҒАЛАР
1724 жыл
13 жасында жетім қалып, Орта жүз ханы Әбілмәмбетті паналады
1726 жыл
15 жасынан жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске қатысты.
1729 жыл
18 жасында жоңғарлармен болған Аңырақай шайқасында Сабалақтың аты шығып, алғаш көзге түсті.
1731 жыл
жоңғарларға қарсы соғыста жоңғар баһадүрі Шарышты жекпе-жекте жеңіп, жеңіске жетті.
1740 жыл
Абылай сұлтандық дәрежеге жетті.
1771 жылы
Абылай хан сайланды.
1-аралық нәтиже:
Бірінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі (бірінші аралық өлшемі): - «дұрыс», «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю.К.Бабанский). Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі - бес балл = «сынақтан өтті» = «қанағаттандырарлық» білім деңгейінің өлшемі = «3» журналға қойылады, егер келесі деңгей тапсырмаларын меңгере алмаса.
ІІ деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл)
3а-қадам: теорияны «Түсіну» үшін неге? неліктен? себебі? не үшін? Дәлелде, түсіндір сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады (оларды тереңдету үшін)
1-тапсырма: Сөздерден сөйлем құраңдар:
1. Абылай қазақ рулары мен тайпаларының арасындағы өзара қырқыс, алауыздықтан туындайтын қақтығыстар мен барымта алуды тоқтатты.
Рулары, өзара, туындайтын, қазақ, барымта, мен,мен, тоқтатты, Абылай, алауыздықтан, алуды, арасындағы, қақтығыстар, қырқыс, тайпаларының
2. Абылай хан ақын-жырау, әнші -күйшілер мен діни қайраткерлерге қамхорлық жасап отырды. Әнші-күйшілер, қайраткерлерге, жасап, қамқорлық, мен, ақын-жырау, хан, Абылай, отырды, діни.
3. Абылайдың замандастары оны батылдығы, ержүректігі және әбжілдігі үшін қатты құрметтейтін. Замандастары, ержүректігі, құрметтейтін, және қатты, Абылайдың, батылдығы, оны, үшін, әбжілдігі.
3б-қадам: теорияны «Талдау» үшін
1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. ІІ кезеңде Венн диаграммасы арқылы орындалған тапсырманы кесте түрінде беріп, баланың білімін тексеруге болады.
2-тапсырма: Оқиғаларды ретімен белгіле:
1
...Үйсін Төле бидің
Түйесін баққан құл едің...
1
2
Абылай Орскіге келіп, Ресей империясының билігін мойындады.
3
3
Абылай жекпе-жекте Жоңғар нояны Шарышты өлтірді.
2
4
Орта жүз ханы болып Уәли сайланды.
4
3-тапсырма: Кестені толтыр:
Абылай
Өмір сүрген жылдары
( 1711-1781 жж)
Хандық құрған жылдары ( 1771-1781 жж)
Ішкі саясаты -шапқыншыларға қарсы
Қазақ батырларының басын біріктіру, біріккен өкімет құру,
өз елінің шаруашылығына, қоғамына өзгерістер енгізу
Сыртқы саясаты -
Қытай, Ресей, Орта азия елдерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты
Ол кім? Зерделі саясаткер, дарынды қолбасшы, білімді дипломат, реформатор, халқының мәдениетінің жанашыры, дарынды күйші
4-қадам: практика жүзінде «Қолдану. ІІ-кезеңдегі қарапайым тапсырмаларының өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады.
4-тапсырма: Көрсетілген оқиғаларды ретіне қарай белгіле.
1
Арқа жерінде бірнеше рулар Абылайды ұлыс ханы ретінде тани бастады.
3
2
Жоңғар нояны Шарышты жекпе-жекте өлтірді.
2
3
Абылай Орта жүздің ханы болып сайланды.
5
4
Абылай жоңғарларға тұтқынға түсті
4
5
Абылай Төле бидің қасында жасырын атпен жүрді.
1
Абылайдың өсу жолы.
Әбілмансүр
Сабалақ
Абылай
1711 ж Көркем Уәли сұлтанның үйінде дүниеге келді.
Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады.
Жоңғар нояны Шарышты жекпе-жекте өлтіреді.
Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 30-40 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді. Жоңғарларды жеңді. Қазақтарды бір орталыққа біріктіре білді.
АБЫЛАЙДЫҢ ҮШ АРМАНЫ:Ұлы хан дүниеден өтер алдында қоштасуға келген Бұқар жырау: «Хан ием, не арманың бар?», - деп сұрайды. Абылай хан сонда: «Үш арманым бар. Біріншісі, менің елім мал емшегін емген ел еді, аяғына дейін жер емшегін емгізе алмадым. Екінші, менің тұсымда қан көп төгілді. Соған өкінемін. Егер мен жаудың қанын төкпесем, ол менің қанымды төгетін еді. Үшінші, елімде телі мен тентек көп болды, бастарын біріктіру қиынға түсті», - деген екен.
Абылайдан кейін хан болсаң осы үш арманды қалай орындар едің?
2- аралық нәтиже:
Екінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік деңгейдің сапалық өлшемі (екінші аралық өлшемі): - оқушының бірінші деңгейдегі «дұрыстылық» пен «толықтылдық» деп аталатын білім сапасының түрлеріне «тереңділік» пен «әрекеттілік» сияқты түрлері қосылады. Білім, біліктілік сапасының сандық өлшемі - алғашқы жинаған бес баллға + 4 балл = 9 балл = «4» , яғни «жақсы» деген баға журналға қойылады, егер оқушы келесі деңгейді меңгере алмас
ІІІ деңгей (9 балл + 3 балл = 12 балл)
5-қадам: теорияны «Жинақтау» үшін Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады.
ІІ-кезең, 4-қадамда «жинақтауға» берілген тапсырма басқа формада беріліп, баланың білім деңгейі бағаланады.
1-тапсырма: Кестені толтырыңдар:
Басқыншылардың қазақ жерін жаулаудағы мақсаттары.
Қазақ елі.
Жоңғария
Қазақстанды, Ұлы жібек жолы бойындағы қалаларды өзіне қарату
Қытай
Жетісуды жаулап алу
Ресей.
Қазақ жері Орта Азияға енетін қақпа. Кілт.
2-тапсырма: Сөзжұмбақты шешіңдер:
-
Жоңғар қалмақтарының атақты батыры.
-
Әбілмәмбеттің ұлы
-
1756 жылы қай мемлекетпен дипломатиялық қатынас орната бастады.
-
Абылайдың кеңесшісі болған жырау.
-
Көкшетау аумағындағы қырғыз елі.
Ы
Р
Ш
А
Ш
Е
Й
І
З
Ә
Б
П
І
Л
Қ
Ы
Й
Т
А
І
Д
Л
Ә
А
Қ
Р
Б
Ұ
Р
Ғ
Ы
З
Б
А
Ы
Й
Қ
6-қадам: : практика жүзінде «Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмаларды орындату арқылы оқушының жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге қолдана алу дәрежесі бағаланады.
3-тапсырма: "Қазақстан-2030 стратегиясы". Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық:
1. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау.
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту.
3. Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу.
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығының білімі мен әл-ауқатын көтеру.
5. Энергетика ресурстарын жете пайдалану.
6. Инфрақұрым, көлік, байланысты дамыту.
7. Демократиялық кәсіби мемлекет құру.
1. Абылайхан орнында болсаң, қандай ұзақ мерзімді басымдықтарды
таңдар едің. Жауап беру кезінде сол кезеңнің ерекшеліктерін ескер.
2. Егер Абылайхан біздің заманымызға келсе ... (не айтар еді?)
3-нәтиже:
Үшінші деңгейдің нәтижесі (түбегейлі көзделген нәтиже): алғашқы екі деңгейде жинаған 9 баллға + 3 балл =12 балл = «5» журналға қойылады. Оқушының білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «толық», «әрекеттілік» пен «тереңділік»-ке «жүйелілік» пен «саналылық» қосылып, барлығының жиынтығы «берік» білім болып саналады (Ю.К. Бабанский).
Пайдаланған әдебиет:
1. Кобдикова Ж.У., Үшөлшемді әдістемелік жүйе - білім беру сапасын арттырудың тиімді құралы, «Ұстаз шеберханасы» топтамасы, «Арман-ПВ» баспасы, 2012 ж. 120 бет.