7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы Үйсіндердің қоғамдық құрылысы. 6 класс

Сабақтың тақырыбы Үйсіндердің қоғамдық құрылысы. 6 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Оқушыларды ежелегі үйсіндердіңқоғамдық, әлеуметтік жағдайымен таныстыра отырып, қоғамдық құрылыстың дамуы,жекеменшіктің, мемлекеттің пайда болуына әкелгенін үйсіндер қоғамында болғанөзгерістерді ашып көрсету. дамытушылығы:Тарихи фактілер мен құбылыстарды салысты
предварительный просмотр материала


Есеналиев Оспан

№201 орта мектептің тарих пәні мұғалімі

Қызылорда облысы

Жалағаш ауданы

Сыныбы: 6 сынып

Тақырыбы: §19Үйсіндердің қоғамдық құрылысы

Сабақтың мақсаты:

білімділігі.Оқушыларды ежелегі үйсіндердің қоғамдық, әлеуметтік жағдайымен таныстыра отырып, қоғамдық құрылыстың дамуы, жекеменшіктің, мемлекеттің пайда болуына әкелгенін үйсіндер қоғамында болған өзгерістерді ашып көрсету.

дамытушылығы:Тарихи фактілер мен құбылыстарды салыстыру, ұқсас белгілерін анықтау сияқты жұмыс түрлеріне оқушыларды белсенді түрде қатыстыра отырып, олардың ойлау қызметін одан әрі дамыиуға жағдай жасау.

тәрбиелігі: оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру.Тек қажырлы еңбектің арқасында адамзат қоғамына ілгері баса түсетінін дәлелдеу.,

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, салыстыру, тест тапсырмалары

Көрнекілігі:Интерактивті тақта, карта, электронды оқулық 6 сынып

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Өтілген материалмен жұмыс.

§18Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы

Ойлан тап;(сұрақ-жауап)

І қатар

1.Жетісу өлкесінің мал шаруашылығына қолайлы болғандығын дәлелде.

2.Малдың қандай түрлері өсірілді?Олардың қандай пайдасы болды?
ІІ қатар

1.Үйсіндер қандай егін екті?Жетісудің егіншілікке қандай тиімді жақтары болды?Егін шаруашылығықай жерлерде дамыды?

ІІІ қатар

1.Күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдардан үйсіндер қандай заттарды жасады?О заттар үшін нені пайдаланды?

Жаңа материалмен жұмыс: §19Үйсіндердің қоғамдық құрылысы

Жоспары:

1.Үйсін қоғамы

2.Меншік қатынастары

3.Үйсіндердің көршілерімен қарым-қатынастары





Әлеуметтік теңсіздіктердің шығу себептері





Мал санының көбеюі

Малға жеке меншіктің күшеюі








Жерді жеке иелену






Әлеуметтік өзгерістер үйсіндердің қоғамдық құрылысын да өзгертті.Бұрынғы ру ақсақалдары, тайпа басшылары көсемдерге айналды, олар жерге (қозғалмайтын мүлік), мал-мүлікке, дүниеге (қозғалмалы мүлік) ие болды. Тайпа көсемдерінің басын біріктіріп, ортақ мәселелерді шешетін ұлы көсем керек болды. Ондай адамдарды ұлы бек деп атады, тайпа көсемдері - бектер, ру басылары ұлы бекке бағынды. Өзінің байлығын қорғау үшін ұлы бекке алдымен әскер керек болды. Осылайша басқару жүйесі біртіндеп пайда бола бастады. Сөйтіп көшпелілер мемлекеті дүниеге келді.



Үйсіндердің көрші халықтармен қарым-қатынасы

Сабақты бекіту:Тест

1.Ертедегі Қытай жазбаларында «Усун» атауы қай ғасырдан бастап кездеседі?

1.Б.з.б.ІІІғ.

2. Б.з.б.ІІғ:

3. Б.з.б.Іғ.

4. Б.з.б.ІҮғ.

2.Үйсіндердің астанасы қай қала?

1.Суяб

2.Қызыл аңғар

3.Қойлық

4.Тараз

3.Үйсіндерде егіншіліктің болғандығын дәлелдейтін қыстау, қоныстың аты?

1.Ақтас

2.Шу өңірі

3.Талас бойы

4.Іле аймағы

4.Қытайдың қай тарихшысы деректерінде «үйсіндердің адам саны 630 мың, үй саны 120 мың, соғыс бола қалған жағдайда 180 мың жауынгер шығара алады» делінген?

1.Помпей Трог

2.Сыма Цянь

3.Геродот

4.Арриан

5.Үйсіндердің археологиялық ескерткіштері көбіне қай жерде көп тараған?

1.Жетісу

2.Солтүстік Қазақстан

3.Оңтүстік Қазақстан

4.Батыс Қазақстан

6. Үйсіндердің обаларын археологтар салынған уақытына қарай қанша топқа бөлінген?

1.2

2.1

3.4.

4.3

7.Үйсіндер батысында кімдермен көршілес болды?

1.Қаңлымен

2.Ғұндармен

3.Ферғанамен

4.Шығыс Түркістанның отырықшы халқымен

8.Үйсін обасынан табылған алтын жүзіктің бетінде қандай жануар бейнеленген?

1.Жылқы

2.Қой

3.Түйе

4.Ешкі

9.Үйсіндер ыдыс жасау үшін қандай ағаш пайдаланған?

1.Тал

2.Қайың

3.Тобылғы

4.Қарағай

Венн диаграммасы арқылы Үйсіндер мен Ғұндарды салыстыру


Үйге тапсырма: §19Үйсіндердің қоғамдық құрылысы

Үйсіндер туралы сөзжұмбақ құрастыру




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал