- Учителю
- Дүние жүзі тарихынан 'Рим империясы' тақырыбындағы сабақ жоспары /6 класс/
Дүние жүзі тарихынан 'Рим империясы' тақырыбындағы сабақ жоспары /6 класс/
Сабақтың тақырыбы: §1. Ежелгі Герман тайпасы және Рим империясы
Сабақтың мақсаты:
-
Герман тайпалары және олардың Батыс Рим империясына басып кіруі, Франк мемлекетінің құрылуы, олардың мемлекеттіңк құрылымы туралы оқушыларға баяндау. Франктер мемлекетіндегі биліктің жаңа түрі-феодалдық монархияның қалыптасып, империяға айналып, кейін қайтадан ыдырау себептерін түсіндіру.
-
Белсенді, білімді азамат тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта суреттер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
-
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
-
Өткен жылға материалдарды қайталау.
Жаңа сабақтың жоспары:
-
Герман тайпалары және олардың Батыс Рим империясына басып кіруі.
-
ІҮ-Ү ғасырлардағы ғұндар
-
Б.з.б. 50 жылдары Қытайдан жеңіліп, ғұндардың бір бөлігі Орал тауының оңтүстігіне қоныс аударған. Ал ІҮ ғасырдың 70-жылдары ғұндардың Батысқа қарай жаппай жөңкіле көшуі басталды. Олардың осы Батысқа қарай жылжуы тарихта «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталды.
-
Франк мемлекетінің құрылуы.
-
Мемлекеттің негізін салушы салий франктерінің мереовей руынан шыққан көсемі Хлодвиг.«Сали ақиқаты»
-
Мемлекетті басқару.
-
Ел бірнеше аймақтарға бөлінді. Оларға салық жинайтын, әскерге басшылық жасайтын, сот ісін жүргізетін басшы-граф тағайындалып қойылды.
-
Жер иелену
-
Франктердің христиан дініне енуі.
-
Майордом билігі
-
«Майордом» латынша «үйдің үлкені», «басшысы» дегенді білдіреді.
-
Карл мартелдің жерді сыйлыққа үлестіріп беруі Еуропада жаңа қоғамдық құрылыс-феодализмнің қалыптасуының бастауы болды.
-
Меровингтер әулетінің ақыры. Қортық Пипиннің билігі.
-
Ұлы Карл және оның империясы
Империяның ыдырауы.
-
Ұлы Карл өлгеннен кейін оның империясы үшке бөлініп, үш корольдік пайда болды. Кейіннен олардың орнына Франция, Германия және Италия мемлекеттері дүниеге келді.
Ұлы Карл кезіндегі империя мәдениеті.
-
Ұлы Карл тарихқа, тарихи шығармаларға зор мән берді. Оның сарайында аннал (латынша «жыл») деп аталған маңызды оқиғалардың шежірелік тізбегі жазылып отырды.
Сабақты бекіту:
-
Рим империясының әлсіреуінің басты себебі неде?
-
Герман тайпаларын неліктен Рим жеріне басып кірді?
-
«Халықтардың ұлы қоныс аударуын» кімдер басқарды?
-
Франктердегі жер иелену тәртібі қандай болды?
-
Франктер неліктен христиан дінін қабылдады?
-
Құл иеленуші қоғам қашан жойылды?
-
Қортық Пипин король атағына қалай қол жеткізді?
-
Ұлы Карл империясы қай жылдары өмір сүрді?
-
Ұлы Карл империясы неліктен ыдырай бастады?
-
Ұлы Карл мәдениетті дамытуға қандай үлес қосты?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §1-2.