7


  • Учителю
  • Урок: 'Ежелгі Қытай мәдениетіә

Урок: 'Ежелгі Қытай мәдениетіә

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала




Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы

Кантемир НМ

Абильмажинова Н.Р.

тарих пәні мұғалімі



6 сынып

Ежелгі Қытай мәдениеті.

Сабақтың мақсаты:

1.Жазуы мен әдебиетінің ерекшеліктеріне тоқталу. Кун-фуцзы, Сыма Цянь туралы, олардың оқымыстылығы мен данышпандығы туралы баяндау.

2.Білім мен ғылымның ежелгі Қытайдан бастау алғаны туралы айтып, оқушыларды білім алуға деген құштарлығын арттыру.

3.Ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақтың түрі :аралас сабағы

Сабақтың көрнекілігі: суретттер, иероглиф суреттер, слайд

Сабақтың жүру барысы:

І.Ұйымдастыру

1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу (1-минут) зейінін сабаққа аудару

2. Топқа бөлу Кун-фуцзы (Конфуций) және Сыма Цянь болып 2 топқа бөлінеді ,( 2 -минут)

ІІ. Жаңа сабақ жоспары:

► Жазуы мен әдебиеті

► Кун-фуцзы (Конфуций) - ЕжелгіҚытайданышпаны. СымаЦянь - қытайтарихыныңатасы

► Ғылымибілімі мен өнертабыстары

Бейне ролика қарау «Қытай ».

Статиста сабаққа шақыру .

Статист- Асемгуль.

Қытай Халық Республикасы Азия құрлығының шығысы мен Тынық мұхиттың батыс жағалауына орналасқан тарихы ұзақ, халқы көп үлкен ел. Құрлықтағы территориясының көлемі 9 млн 600 мың шаршы шақырым, жер көлемі жағынан Ресей мен Канададан кейінгі үшінші үлкен елге жатады. Теңіздегі аралдарының саны 7600 ден асады, Тайван аралы Қытайдың ең үлкен аралы, оның көлемі 35798 шаршы шақырым. Қытай құрлықта 14 елмен, теңізде 8 елмен көрші.

Қытайдың 23 провинциясы, 5 ұлттық автономиялы өңірі, орталыққа тіке қарасты 4 үлкен қаласы және 2 ерекше әкімшілік ауданы бар. Мемлекетінің бүкіл халқы 56 ұлттан құралған, халқының жалпы саны 2 миллиардқа жетті, оның ішінде этникалық қытайлардың саны бүкіл халық санының 92 пайызын құрайды. Путонхуа - Қытайдағы халықтардың ортақ тілдік диалектісі.


1.ЖАЗУЫ МЕН ӘДЕБИЕТІ

Қытай оқымыстылары бірнеше мыңға жуық иероглифтерді біліп және көркем жаза білген.

Цан Цзе - Цинь әулетінің тарихшысы (б.з.б 3 мыңжылдығында Қытай иероглифтардың қалаушысы).

Цзи юнь - иероглифовтардың бірінші жинағы - 53 525 белгіден құрылды.

Қытай иероглифовтардың мағынасы жеке сөзден тұрады, жаңа сөзді жазу үшін алдында жазған иероглифовтарды қайталап жазып отырды.Сендер де осы оңай емес сызықты істі қолға алыңдар.

Тапсырма: Сәйкеске келтір.

Слайдпен жұмыс

  1. ЖЕНЩИНА + РЕБЁНОК

ӘЙЕЛ+ БАЛА

А. ПЕЧАЛЬ

ҚАЙҒЫ

  1. СЕРДЦЕ + НОЖ

ЖүРЕК+ ПЫШАҚ

Б. ПЕСНЯ

ӘН

  1. ЖЕНЩИНА + ЖЕНЩИНА

ӘЙЕЛ+ ӘЙЕЛ

В. ЛЮБОВЬ

МАХАББАТ

  1. РОТ + ПТИЦА

АУЫЗ+КҰС

Г. ВЕТЕР

ЖЕЛ

  1. ПАУК + ПАУТИНА

ӨРМЕКШІ+ ӨРМЕК

Д. БОЛТЛИВОСТЬ

МЫЛЖЫҢДАУ

Жауабы

  1. ЖЕНЩИНА + РЕБЁНОК

ӘЙЕЛ+ БАЛА

В. ЛЮБОВЬ

МАХАББАТ

  1. СЕРДЦЕ + НОЖ

ЖүРЕК+ ПЫШАҚ

А. ПЕЧАЛЬ

ҚАЙҒЫ

  1. ЖЕНЩИНА + ЖЕНЩИНА

ӘЙЕЛ+ ӘЙЕЛ

Д. БОЛТЛИВОСТЬ

МЫЛЖЫҢДАУ

  1. РОТ + ПТИЦА

АУЫЗ+КҰС

Б. ПЕСНЯ

ӘН

  1. ПАУК + ПАУТИНА

ӨРМЕКШІ+ӨРМЕК

Г. ВЕТЕР

ЖЕЛ



Тапсырма. Иероглифпен сөйлем құрастырып жазу.

Иероглифпен сөйлемді бояу және қылқалам көмегімен жазу.

2. КУН-ФУЦЗЫ (КОНФУЦИЙ) - ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ ДАНЫШПАНЫ ЖӘНЕ СЫМА ЦЯНЬ - ҚЫТАЙ ТАРИХЫНЫҢ АТАСЫ.

Хабарлама Аяжан.

Кун-фуцзы(Конфуций)-ежелгі Қытай данышпаны:өмірбаяны.шәкірттеріне айтқан нақылдары.

М.Кемелдің аударған Конфуцийдің нақылдарынан үзінді.

Кун-фуцзы б.з.б 551-479 жж өмір сүрді.Оның шын аты Кун-Цю. Ол өз халқының салт-дәстүрін ,өлең-жырларын жақсы біліп өсті. Ол:


Балалықты тастадым, білім қудым он бесте,

Отыздарға келгенде кісі болу түсті еске.

Қырық жасқа келгенде ойдағы желді тастадым,

Елулердің кезінде аға бола бастадым.

Өтірікті шындықтан ажыраттым алпыста,

Жетпісімде жетіліп, қария болдым расында - деп жазады.


Жастар оны өз ұстазымыз деп есептеген.Оның өсиеттері «Нақылдар» деп аталады.Оған бір шәкірті «Жамандыққа жақсылық жасау керек пе?» деп сұрағанда, ол: «Онда жақсылықтың төлемі қандай?

Жамандыққа әділдігіне қарай төлем жаса, жақсылыққа жақсылық жаса»-деген екен.

Конфуцийдің даналығы қазақ халқының дүниетанымына өте ұқсас келеді:

Оның «Қайрымдылық бар жерде береке бар» немесе «Қайырымы жоқ кісі жарымайды. Ол қуаныштың не екенін шындап сезіне алмайды.Мейірімді кісі өзі де мейірім көреді» (М.Кемелдің аудармасынан) дегені қазақ халқының «Ақкөңілден армдық шықпас, арамдық шықса да жамандық шықпас» -деген мақал-мәтелімен ұқсастығын байқауға болады немесе «Білетін кісі күмәнданбайды, адамгершілігі бар уайымдамайды, батыр кісі қорықпайды»

(М.Кемелдің аудармасынан )-деген Конфуцийдің нақылы қазақтың «Білген кісі тауып айтады, білмеген кісі қауіп айтады» -деген мақалымен мағыналас десе де болады.



Лашынның хабарламасы.

Сыма Цянь (шамамен б.з.б. 140 - 86 ж.) - ежелгі қытай тарихшысы, әдебиетші. Қытай тарихнамасында іргелі еңбек саналатын "Ши цзидің" ("Тарихи жазбалар") авторы. Әкесі Сыма Тань Хань әулеті сарайының басты жылнамашысы болған. Сыма Цянь жас кезінде император сарайында күзетшілік қызмет атқара жүріп, ғылыми жұмыспен айналысты. Б.з.б. 108 ж. әкесі қайтыс болған соң үш жылдан кейін, оның орнына императорлық архивке орналасты. Жаңа қызметте ол әкесі жоспарлап, жазуды бастаған қытай тарихындағы аса іргелі еңбекті әрі қарай жалғастырды. Б.з.б. 104 ж. "Тай чу ли" күнтізбесін жасауға ат салысты. Б.з.б. 99 ж. көшпелі сюннулардан жеңіліс тапқан әскери қолбасшыға ара түскені үшін түрмеге қамалды.

Түрмеден шыққан соң, мемлекеттік кеңсенің хатшысы қызметіне тұрып, өзінің негізгі еңбегін б.з.б. 92 ж. жазып бітірді. Бұл шығармада көне замандағы Аңыздарда ғана айтылатын Хуан-ди императордан бастап, замандасы У-ди император билігінің аяқ кезіне дейінгі 24 ғасырлық тарихи оқиғалар баяндалған. Еңбек 130 тараудан тұрады, 528 мың иероглифті қамтиды. "Ши цзи" бес үлкен бөлімнен: әулеттер, текті отбасылар жылнамасы, генеологиялық тізімдер, сондай-ақ дәстүрлер, күнтізбелер, астрономия, экономика, география, суғару жүйелері туралы трактаттар мен көптеген тарихи тұлғалардың өмірбаяндарынан тұрады. Сондай-ақ шығармада Рим, Жерорта теңіз жағалауы елдері, Иран, Орталық Азия және Таяу Шығыс елдері, т.б. халықтардың тарихи географиялық, этнографиялық, саяси құрылымдары, т.б. туралы мәліметтер мол. Әсіресе, Қытайдың батысындағы көшпелі сюннуларға (ғұндар) айрықша тоқталып өтіп, олардың тұрмысына, салт-дәстүріне, әлеуметтік-саяси, әскери құрылымдарына сипаттама жасайды. Бірақ автор Қытайды қоршап жатқан басқа да халықтармен бірге оларды "жабайылар" етіп көрсетіп, олармен арадағы қарым-қатынасты бұрмалап жазған. Ол Конфуцийдің "Чуньцю" ("Көктем мен күз") кітабының үлгісімен бүкіл тарихи қолжазбаларды, құжаттарды, мәліметтерді өте мұқият түрде жинақтап отырған. Кейінгі қытай тарихшылары тарихты жазуда Сыма Цянь үлгісін жалғастырды. Сондықтан оны "Қытай тарихының атасы" санайды.



Статист. Асемгуль

«Қатені түзет» .

Оқушыларға өткен материал бойынша қателері бар теориялық материал беріледі. Олар берілген уақыттың ішінде қатені тауып, келесі оқушыға береді. Ары қарай осылай жалғаса береді. Кім көп қате тапса, сол жеңімпаз болады.



Кун-фуцзы (Конфуций) - Ежелгі Қытай данышпаны

Б.з.б 552 ж- туылған жылыБ.з.б 551 ж - туылған жылы

Б.з.б 525 ж-музыканы меңгерді Б.з.б 525 ж.-музыканы меңгерді

Б.з.б 528 ж- ұстаздық жолының басталуы Б.з.б 523 ж. - ұстаздық жолының басталуы

Б.з.б 481ж-Өсиет кітабының дүниеге келуі Б.з.б 481 ж -Өсиет кітабының дүниеге келуі

Б.з.б. 472ж. -Қайтыс болды Б.з.б. 479ж. -Қайтыс болды



Сыма Цянь - қытай тарихының атасы

Сыма Цянь Б.з.б. 155 жылы дүниеге келген. Б.з.б. 151 жылы дүниеге келген.

Сыма Цянның еңбегі кейінгі дәуірлердегі көптеген тарихшылар үшін үлгі болды


Тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңдар.


1.Ежелгі Қытайда ән-өлеңдері де,.................(ақындары) да көп болған.

2.Солардың бірі б.з.б. II ғасырда өмір сүрген...................(Сыма Сянжу ) атты ақын.

3.Қытайдың сонау ежелгі замандардағы..................( иероглифтік ) жазулары бүгінгі күнге дейін сақталған.

4.Сыма Цянь әкесі қайтыс болған соң, сарай................(тарихшысы ) болып тағайындалады.

5. «....................»( Тарихи жазбаларда) қытай тарихының өте үлкен кезеңіндегі-екі жарым мың жылдағы оқиғалар баяндалады.



3.ҒЫЛЫМИ БІЛІМІ МЕН ӨНЕР ТАБЫСТАРЫ.

Суреттермен жұмыс.

Суреттерде не бейнеленген және қандай шешімге келуге болады?

( Қытайдағы ғылыми білімі мен өнер табыстары).

Ғылыми білімі мен өнер табыстары:

Оқушылар қытайлардың ойлап тапқан дүниелері туралы айтады.

1.Жібек мата.

2.Жұлдызнамашылар (Аспан картасы).

3. Лотос аяғы.

4. Иероглифтер.

6. Кітап.

7. Инемен емдеу.

8.Ұлы Қытай қорғаны.

9. Сейсмограф .

10. Құбылнама.

11. Шай.

12. Өк дәрі.



«Үшінші артық». Артық сөзді алып себебін түсіндіру.

1.«Жібек мата. Жұлдызнамашылар.Қант.

2.Иероглифтер.Мақта.Сейсмограф.

3.Конфуций. Сыма Цянь.Геродот.

4.«Тарихи жазбалар» .«Рамаяна». «Нақылдар».



ІІІ.Қорытынды.

Ежелгі Үнді мәдениеті мен Ежелгі Қытай мәдениетін салыстырып сипаттау.

"Венн диаграммасы"

Ежелгі Үнді мәдениеті

Ұқсастығы

Ежелгі Қытай мәдениеті

Ежелгі дүниедегі ән мен жырға өте бай елдердің бірі Үндістан.Ауыздан -ауызға таралып,ұрпақтан-ұрпаққа жетіп сақталған екі жыр әлемдік әдебиеттегі «Махабхарата» және «Рамаяна» деп аталатын ең үздік шығармалары бар.

Ән-өлеңдері де ақындары да көп болған. Патша билеген. Үндістаннан да, Қытайдан да шәй шыққан.

Иероглифтік жазуды қолданған.

Қытайда өте ертеде иероглифтік жазу пайда болған. Қытай жазуы әлемдегі қиын және күрделі жазу.Соған қарамастан Қытайда б.з.б. I мыңжылдықтың бірінші жартысында-ақ кітаптар жазылған.Б.з. б. II ғасырда Қытайда қағаз пайда болды.Сөйтіп, әлемде бірінші рет қағазға жазу қалыптасты.




«Домино»

«Домино» ойыны шағын топтарда ойналады. Әр сұрақ жеке парақшаларға жазылады және олардың жауаптары да жеке парақшаларға жазылады. Жауаптар топтағы барлық оқушыларға бірдей жақсы көрінетіндей столдың орта тұсына орналастырылады. Осыдан кейін оқушылар кезекпен сұрақтарды тартып ашады. Кім бірінші үлгереді, столдың ортасында жатқан жауаптардың ішінен дұрыс жауапты тауып алып, сұрақты жабады. Осылай сұрақтар біткенше жалғаса береді.

Тапсырма.

Сұрақтары


Жауаптары


1

Өте ертеде иероглифтік жазу қайда пайда болды ?

А. Арнайы пеште қайнатып, қоймалжың күйге келтіріп,одан соң қағазға айналдырған.

2

Кун-фуцзы (Кунфуций) қашан дүниеге келген ?

В. Сөзі қытайлықтардан шықты.Алғаш шайды сырқат адамның күш-қуатын сақтайтын дәрі ретінде пайдаланған. Кейіннен сусын ретінде қолданды.Сөйтіп,ол басқа елдерге де тарады.

3

Сыма Цянь әкесінің өсиеті бойынша не жазуға кірісті ?

С. Қытай елінің тарихын жазуға кірісті.

4

Алғашшайдықалайпайдаланған ?

Д. Кун-фуцзы б.з.б. 551 жылы дүниеге келген.

5.

Қытайлықтар ұсақ,жұмсартылған маталардың қалдықтарын неге айналдырған ?

Е. Қытайда



«Иә және жоқ »

  • Қытай жазуының ерекшелігі иероглифте?Иә

  • Кун Фуцзы Қытай тарихының атасы.?Жоқ

  • Сыма Сянжу ежелгі Қытай данышпаны.?Жоқ

  • Сейсмограф бірінші Қытайда шығарылған. Иә

  • Мақта бірінші Қытайда шығарылған.Жоқ

  • Қағаз бірінші Қытайда шығарылған?Иә

  • Путонхуа Қытайдағы халықтардың ортақ тілдік диалектісі?Иә

  • Қытайда 23 провинциясы бар. Иә

Тестпен жұмыс

«Қытайша ет»

Идеясы, принципі және әрекет ету сызбасы «Қытайша десерт» әдісіне ұқсас. Айырмашылығы мынада: Әрбір оқушы орындап болғаннан кейін өз жұмысын орнында қалдырады да өзі келесі партаға көшеді. Барлығы жоғарыда сипатталған сызба бойынша жұмыс істей бастайды.


1."Ұлы Қытай қорғаны" қай тайпалардан қорғану үшін салынған?

а) Үйсіндерден.

в) Оғыздардан

с) Қыпшақтардан

д) Ғұндардан

2.Ежелгі Қытайдақайжылдаршамасындашағынмемлекеттерпайдаболған?

а) Б.з.б. ІІ мың жылдық

в)Б.з.б.ІІІмыңжылдық

с)Б.з.б. І мыңжылдық

д)Б.з.б. IVмыңжылдық

3.Ежелгі Қытайқайжердеорналасқан?

а)КішіАзияда

в)БатысАзияда

с)АлдыңғыАзияда

д)ШығысАзияда

4.Ежелгі Қытайдақайғасырдабірорталыққабағынғанмемлекетқұрылды?
а)Б.з.б.ІІІғасырда
в)Б.з.б.ІІғасырда
с)Б.з.б. І ғасырда
д)Б.з.б. IVғасырда

5.Ежелгі Қытайдағы ең алғашқы патшалық қалай аталды?
а)Ұжан
в) Цинь
с) Ле Бану
д) Үжау
6.Цинь патшалығы қанша әкімшілікке бөлінді?
а) 40
в) 20
с) 45
д) 36

7. Ежелгі Қытайда нешінші мыңжылдықтан бастап жібек өндіріле бастады?
а) Б.з.б.VI мыңжылдық
в) Б.з.б.Vмыңжылдық
с ) Б.з.б. ІII мыңжылдық
д) Б.з.б. II мыңжылдық

8.Ең алғаш қай мемлекетте қағаз ойлап табылған?
а) ЕжелгіҮндістанда
в) Ежелгі Қытайда
с) ЕжелгіПарсыларда
д) ЕжелгіХеттерде
9.Сыма Цянь қашан дүниеге келді?
а) Б.з.б.151ж
в) Б.з.б.155ж
с) Б.з.б. 160ж
д) Б.з.б. 140ж
10.Данышпан Кун неше жасында қайтыс болды?
а) 70жасында
в) 73жасында
с) 72 жасында
д) 74жасында

Тест жауаптары


Рефлексия.

"Зерттеушілік алжапқыш"

Оқушылардың қолдарында алжапқыш бейнеленген А4 парағы болады. Жоғарғы бөлігінде сабақтың тақырыбы, төменгі бөлігі қалта болып бөлінеді.Мысалы жылдар,тұлғалар жазылған.Оқушылар алжапқыш қалтасына өз білімдерін қаншалықты терең екендерін анықтай алады. Осы алжапқыш арқылы кім ең жақсы, ең білімді екені анықталады.

Жылдар

Өнер табыстары

Тұлғалар



ІҮ. Тапсырма: Ежелгі Қытай мәдениетіқосымша материалдармен жұмыс жасау.
Ү. Бағалау: Оқушылар білімін бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал