7


  • Учителю
  • ҚАзақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайы.

ҚАзақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайы.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақстан тарихы 9"а" сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайы.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға әкімшіл-әміршіл жүйе мен социализмнің сталиндік үлгісінің мәні мен сипатын түсіндіру, коммунистік партия билеген тұста Қазақстанның лагерьлер өлкесіне айналып, жазықсыз адамдардың жазаланып, азап шеккені жайлы баяндау.

Дамытушылық: Қоғамдағы құбылыстарды салыстыра отырып,айырмашылықтарды ажыратып білуге ,өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушылар бойында өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулу, оның қадір-қасиетін ұғынуға,халық қамын ойлаған ағалар ісін үлгі ету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдістері: мәтінмен жұмыс, мағынаны табу,кесте,шығармашылық ізденіс,топтық жұмыс, проблемалық сұрақтар

Сабақтың көрнекілігі: элертрондық оқулық,тірек кестелер,слайд,суреттер, "Аңыз адам" журналы

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті,дүние жүзі тарихы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.

А) Психологиялық дайындық (есімдер) Бағалау парағы беріледі. критерий

Сабақтың ұраны: Білімге апаратын үш жол:
Толғанушылық жолы - бұл ең абзал жол
Еліктеу жолы- бұл ең жеңіл жол;
Тәжірибе жолы- бұл ең ащы жол
(қытайлық философ Конфуций)
Бар білімімізді ортаға салайық.
-Балалар бүгінгі сабағымызда өткен тақырыптарға байланысты шолу жасаймыз.Тарих жылдарға негізделеді ..Бір сәт қазақ елінің тарихына қатысты болған оқиғалар тізбегіне,жылдарға мән беріп,қандай оқиғалар болғанына көз жеткізейік.
І."Таза тақта " ойыны
1916ж ,1917ж,ақпан, 1917ж,қазан 1918-1920жж, 1919, 1917-1920жж, 1917ж ,қараша,1920ж,тамыз,1917 қазан-1918ж наурыз, 1917ж 21-26 шілде,1913-1917жж,1917ж күз-1918 ж басы,1917ж қазан,1921ж Жетісу, 1924ж

ІІ.Ой қозғау.

миға шабуыл: Кеңес үкіметі тұсында елдегі ауыр экономикалық жағдайды жою үшін қандай саясат жүргізілді?

І топ ЖЭС ІІ топ Ұжымдастыру ІІІ топ Индустрияландыру

"Триада" (үш таған) кесте

А


Ә

ЖЭС

Индустрияландыру

Ұжымдастыру

Б

"А" - тарихи оқиғалардың себептері
"Ә" - тарихи оқиғалар
"Б" - көрсетілген тарихи оқиғалардың салдарлары

1.ЖЭС- тарихшылардың айтуынша шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген " керемет ғажайып саясат" болды дейді, сіздердің ойларыңыз.


2.Индустрияландыру- Индустрияландыру неге қажет болды?


3.Ұжымдастыру- Не себепті шаруалар өздеріне бостандық алып берген үкіметке қарсы шықты?

Міне оқушылар,тарихи оқиғаларға шолу жасай отыра бүгінгі тақырыбымызды, оның мақсатын айқындайтын боламыз. Біз қай жылдар аралығын қамтыдық?

Әрине бүгінгі тақырыбымыз "Қазақстанның 1920-1940 жылдарындағы саяси-қоғамдық жағдайына арналмақ.
Сабағымыздың өзекті мәселесі: Сталиндік социализмнен қазақ не ұтты, не ұтылды?

Осы сауалға жауап беру үшін бірнеше кезеңдерден өтуіміз керек.



ІІІ. тірек -сызба Электронды оқулық тыңдау.

Қазақстандағы әкімшіл-әміршіл жүйенің көріністері

Диктаторлық жеке билік
Тоталитарлық тәртіп


Көрініс беру түрлері

Экономиканың шикізаттық
бағытта қалыптасуы Ассимиляциялық саясат. Концлагерьлер құру.
Шынайы егемендіктің болмауы Жаппай қуғын-сүргін жүргізу
3,5 млн адамның азап шегуі.

ІҮ. Постер әдісі. Топтық жұмыс


І топ- Қазақстандағы әкімшіл-әміршіл жүйеге сипаттама беру


ІІ топ- 1937-1938 жж Сталиндік қуғын сүргіннің ақиқат зардаптарына сипаттама беру.


ІІІ топ- Қазақстандағы 1930 жылдарда құрылған лагерьлер жүйесіне сипаттама беру.

"Бір медаль, бір миссия" айту

Ү. Қолданылған термин сөздер:

Авторитаризм- жеке адамның шексіз билігі орнаған саяси билік жүйесі.
Репрессия- мемлекеттің өз азаматтарына қолданатын қатаң жазалау шаралары
ГУЛАГ- лагерьлер бас басқармасы
АЛЖИР-Ақмола қаласындағы әйелдерге арналған лагерь. Отанына опасыздлық жасаған отбасылардың мүшелеріне арналған лагерь. 26 нүкте деп аталған.22 мың әйелдер азап шеккен.
КарЛАГ- Қарағанды қаласындағы лагерь
Степлаг- далалы аймақтағы, Жезқазған маңындағы лагерь . 125 түрлі жазаны қолданған.

ҮІ. Тапсырмалар:
1.Артығын тап:
А. Карлаг, Степлаг, Джезлаг, АЛЖИР, ГУЛАГ
Ә. Оренбург, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қызылорда
Б. Ақтөбе ферроқорытпа заводы, Түрксиб,Балхаш тау-металлургиялық комбинаты, Соколов-Сарыбай комбинаты.

2. Жазаға ұшыраған қай жазушылардың шығармалары 1988 жылдардан кейін оқырмандарға қайтарылды?



3. Қанатты сөздер, кімнің сөздері?

"Қазақтар отар болып келді және солай болып қалады"

  • "Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды"

  • "Жұрт сендей соғылды,түнде ұйқыдан,күндіз күлкіден айырылды"



  • 4. "Мозаика" құрастыру
    мозаикада жасырылған тарихи оқиғаларды анықтап, оларды хронологиялық тарихи ретіне қарай орналастыру.Әрбір оқиғаға сәйкес жылы қойылуы керек.

Верный орталығы

салғырт

Алашорда

І дүниежүзілік соғыс

Азамат соғысы

ҚазКСР

Казревком

"Бесеудің хаты"

"халық жаулары"

ҮІІ. "Ой түйін"

  • 1920-1930 жылдардағы тарихи даму кезеңінің қорытындысы

Тиімді жағы Тиімсіз жағы




ҮІІ. Бейнебаян көрсету. Оқушы шығармашылығы: өз өлеңін оқу.



  • ІХ. Ой- толғау. Кері байланыс : " Уақыт шеңбері" ой бөлісу
    Барлығымыз тұрып шеңбер құра қоялық.
    Бүгінгі сабағымызда сіздерге қандай оқиға әсет етті?
    Елі үшін құрбан болған қоғам қайраткерлерінің арманы орындалды ма?
    Біз қандай елде тұрамыз?
    Елімізге қандай тілек тілер едіңіздер?

ІХ. Сабақты бекіту: тест сұрақтары (ОЖСБ-ға дайындық)

1.ХХ ғасырдың 30 жылдары тоталитарлық, казармалық жүйені енгізген қайраткер кім?

    1. И.В.Сталин

    2. К.С.Хрущев

    3. В.И.Ленин

    4. М:Т.Троцкий

  1. 1920-30 жылдары қазақ зиялылары қудалауға белсене араласқан кім еді?

    1. Н.Ежов

    2. Ф.Голощекин

    3. А.Андреев

    4. Е.Ерназаров

  2. 1930 жылы 4 сәуірде кімді атуға үкім шығарды?

    1. Ж.Аймауытов

    2. М.Жұмабаев

    3. С.Сейфуллин

    4. М.Дулатов

  3. 1930-32 жылдары аштық тарихта қалай аталды?

    1. Зұлмат

    2. «Жасанды аштық»

    3. Ұлы жұт

    4. «Кіші қазан»

5.Лаңкестік жаппай сипат алды:

а) 1941-45 жж. ә) 1937-38 жж.

б) 1927-31 жж. в) 1931-33 жж.

е) 1918-20 жж.

6. Ф.И.Голощекин ұсынған идея:

а) «ЖЭС». ә) «Әскери коммунизм».

б) «Азық-түлік салғырты». в) «Индустрияландыру».

е) «Кіші Қазан».


7.Түрксиб теміржол құрылысы қашан басталды?

а)1925ж
ә)1926ж
б)1927ж
в)1928ж
8. Ф.И.Голщекиннің "Кіші қазан "бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынған?
а)Қ.Сәтпаев
ә)Н.Нұрмахов
б)С.Өтебаев
в) С.Садуақасов

9. Қазақтан шыққан тұңғыш инженер
а) А.Ермеков
ә)В.Шатов
Б)Т.Рысқұлов
в) М.Тынышпаев
10. Ф.И.Голощекиннің "Кіші Қазан" төңкерісінің бағыты:
а)Өлкені шикізат базасы ету
ә) өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату
б) республикада ірі өнеркәсіп орындарын ашу
в) мәдени орталықтарын ашу

Рефлексия стикер "Білім ағашы" (бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз)

Үйге тапсырма 22, қосымша деректер,проблемалық сұрақтар дайындау

wwwtarikh.kz
wwwyoutobe.com : деректі фильмдер "Ашаршылық",

  • "Аңыз адам" журналдары
    Ш.Мұртаза "Қызыл жебе" романы

  • Б.Майлин "Күлпаш"


Бүгінгі сабағымызды Н. Ә. Назарбаевтың «еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында жан теріңмен еңбек ет, жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» деген сөзімен аяқтағым келеді.


Ү. Оқушыларды бағалау: Бағалау парағы бойынша оқушылардың өз-өзін бағалауы.

Бағалау критерийі 15-12-"5"
11-9 "4"
8-6 "3"

Шортанбай жалпы орта мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы: Қазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайы.

9"а" сынып



Өткізген тарих пәнінің мұғалімі: Калиева А.К



2015-2016 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал