- Учителю
- 'Сақтар – ежелгі Қазақстан тұрғындары' (10-сынып)
'Сақтар – ежелгі Қазақстан тұрғындары' (10-сынып)
Қордай ауданы №28 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Нысырбаева Марьяш Айкеевна
Сыныбы: 10 сынып
Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Сақ тайпалары
Сабақтың мақсаты:
Қазақстан аумағын мекендеген сақтардың тәуелсіздік үшін жүргізген соғыстарын талдап, қаіргі өмірмен байланыстыру.
Сабақтың міндеттері:
-
Ежелгі Қазақстан аумағын сақ тайпаларының мекендеген аймағы, өмір тіршілігі мен шаруашылығы туралы сипаттайды.
-
Сақтардың өз тәуелсіздігі үшін жүргізген соғыстары кезеңіндегі тарихи тұлғалар мен олардың ерліктерін суреттейді
-
Сақтарды ержүрек халық ретінде суреттей отырып, қазіргі өмірмен байланыстырады.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
-
«Шаттық шеңбері» тәсіл
-
«Тарихи тұлғалар» тәсілімен топқа бөлу.
-
Джигсо.
-
Биопоэма.
Бағалау түрлері:
-
«Бағдаршам» арқылы өзара бағалау.
-
«Басбармақ» арқылы өзін бағалау.
-
Суммативті бағалау.
-
«Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланыс парағы.
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивті тақта, постер, маркер, стикер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
-
Сәлемдесу. Түгендеу. Назарын сабаққа аудару.
-
«Шаттық шеңбері» тілек айту.
-
«Тарихи тұлғалар» тәсілімен топқа бөлу. /4 топ/.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ-жауап:
-
Қола дәуірін сипаттаңдар.
-
Қола дәуірінің ерекшелігін атап беріңдер.
-
Андрон мәдениеті туралы не білесіңдер.
4. Қола дәуірінің қандай ескерткіштерін білесіңдер.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіруге даярлау.
ІV. Жаңа сабақ
Тапсырма: Джигсо.
1 топ - Сақтар - ежелгі Қазақстан тұрғындары.
2 топ - Сақтардың өмір салты, шаруашылығы және тұрмысы.
3 топ - Парсылармен соғыс. Шырақтың ерлігі.
4 топ - Теңдесі жоқ жәдігер.
Бағалау: «Бағдаршам» арқылы.
Тапсырма: Биопоэма
1 топ - Томирис
2 топ - Спаргапис
3 топ - Дарий
4 топ - Шырақ
Бағалау: «Басбармақ» арқылы.
«Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланыс парағы.
Бағалау критерийлері:
-
Сақ тайпалар туралы және орлардың шаруашылығ мен тұрмысы туралы біледі.
-
Сақтардың тәуелсіздік жүргізген соғыстарын талдап, қорытынды шығара алады.
-
Сақтардың ер жүрек адамдарын екенін дәлелдеп, өмірмен байланыстырады.
V. Үйге тапсырма беру: п.16-17 /тест құрастыру/.
VІ. Бағалау.