- Учителю
- Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі.
Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі.
Күні:24.09.14 | 5 «а,б» сынып | Қазақстан тарихы |
Сабақ атауы | Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі.
| |
Сілтеме | Білім стандарты,пән бағдарламасы, "Қазақстан тарихынан әңгімелер", Алматы, « Атамұра» 2010жыл Ж.О.Артықбаев,Ә.Ә.Сабданбекова,Е.А.Әбіл.
| |
Жалпы мақсаты | Тас дәуірінің ерекшеліктері, туралы түсіндіру. | |
Күтілетін нәтиже | -тапсырмаларды орындауда өмірдегі білімі мен білетініне сүйену, - өз бетімен білім алушылық қабілетін қалыптастыру -сыни ойлау арқылы терең білім алу қабілеттерін дамыту
| |
Негізгі идеялар | Оқушылардың білімдерін жетілдіру, белсенділігін арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу. | |
Дереккөздер | Интернет деректері, «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналдары,сайттар,ресурстар,суреттер, энциклопедия. | |
Тапсырмалар | « Білім минуты» ( сұрақ - жауап ) Ой шақыру Қызығушылықты ояту Кестемен жұмыс Сөздікпен жұмыс Бекіту сұрақтары Қорытынды Бағалау
| |
Кейінгі тапсырмалар | Тас дәуірі реферат
|
І.Ұйымдастыру жұмыстары:
Амандасу
"Мен сізді таныстырғым келеді" тренингі
Сабақ мақсатымен таныстыру
І. Үй тапсырмасы
А). « Білім минуты» ( үлестірмелер арқылы өткен сабаққа шолу )
1.Алғашқы адамдар осыдан неше миллиондай жыл бұрын Африка мен Азияда өмір сүрген? / 3млн/
2.Жер бетінде ең алғашқы адамға ұқсас тіршілік иелері осыдан неше млн жыл бұрын өмір сүрген? /2,5-3/
3.Гоминид сөзінің мағнасы ? / маймыл тектес ең алғашқы жабайы адамдар/
4.Австралопитек латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? /маймыл адам/
5. Питекантроптың өмір сүрген жылы ? / б.з.б. 800-500 мың жыл бұрын /
6.Алғашқы питекантроптың сүйек қалдықтары қайдан табылды? / Ява аралы/
7. Синантроп адамының өмір сүрген жылы? / 500-200 ж.б./
8. Синантроптың қазақша мағынасы / қытай адамы/
9. Синантроп адамының табылған жері? / Чжоу-коу-дянь/ 10. Неандерталь адамының өмір сүрген мерзімі? /б.з.б. 200-40 мың жыл бұрын /
11.Дене бітімі , түр тұрпаты,ойлауы қазіргі адамға ұқсас адамды қандай адам деп аталды? /хомо сапиенс/
12. Саналы адамның өмір сүрген жылы ? / 40-35 мың жыл бұрын /
13. Саналы адамның өкілі ғылымда қалай аталған ? / кроманьондық/
14. Хомо хабилис сөзінің мағынасы / епті адам/
15. Қасым ханның таққа отырған жылы ?
16.Неандерталь баланың сүйегі табылған үңгір / Тесіктас/
17.Олдувай қандай жер ? / Шығыс Африкадағы австролопитек қаңқалары табылған жер /
ІІ. Ой қозғау
Тас дәуірі
ІІІ. "Қызығушылықты ояту"
Тас дәуірі 3 кезеңге бөлінеді.
-
палеолит (ежелгі тас ғасыры) - б.з.б. 2, 5 млн. - 12 мың жыл
-
мезолит (орта тас ғасыры) - б.з.б. 12- 5 мың жыл;
-
неолит (жаңа тас ғасыры)- б.з.б. 5 мың жыл - б.з.д. III-II мыңж.
ПАЛЕОЛИТ(ежелгі тас ғасыры)
Ерте орта (мустьер дәуірі) кейінгі
Б.з.б.2,6 млн- 100 мың. Б.з.б.100-40мыңж б.з.б. 40-12мыңж.
ТӨМЕНГІ ПАЛЕОЛИТ - Малтатас мәдениеті: чоппер, чоплинг
ЖОҒАРҒЫ ПАЛЕОЛИТ - Тастан жасалған еңбек құралдары (сықпалы ретушь)
МЕЗОЛИТ (орта тас ғасыры) - Б.з.д. ХII - V мыңж.
НЕОЛИТ (жаңа тас ғасыры) - Б.з.д. V -III мыңж.
ІҮ.Кестемен жұмыс:
Тас дәуірінің кезеңдері
Уақыты
Құралдары мен жетістіктері
Ежелгі тас ғасыры
Орта тас ғасыры
Жаңа тас ғасыры
Ү.Сөздікпен жұмыс :
Чоппер - / қатты тастан жасаған кескіш құрал/
Болас- / жіпке байланған домалақ тас /
Бумеранг- /имек ағаш сияқты аңға лақтыратын құрал/
Ү.Бекіту сұрақтары:
1.Ежелгі тас ғасырында қоршаған орта ,табиғат қандай еді?
2.Орта тас ғасырында аң аулайтын қандай құралдар болды?
3.Мезолит кезеңінде қандай өзгерістер орын алды?
4.Мезолит аңшылары қандай жетістіктерге жетті?
5.Жаңа тас ғасырында қандай ірі жаңалықтар жүзеге асты?
ҮІ.Қорытынды
YII Бағалау
YIII Үй тапсырмасы :Тас дәуірі реферат