7


  • Учителю
  • ҚАзақ даласындағы ән-күй өнері

ҚАзақ даласындағы ән-күй өнері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырыбы:Қазақ даласындағы ән-күй өнеріСабақтың мақсаты:Оқытушылық – қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетінің ерекшелігін аша отырып, оқушыларға қазақтыңұлттық ән-күй өнері мен оның дамуы туралы нақты мағлұмат беру. Дамытушылық – рухани мәдениетке деген көзқара
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Қазақ даласындағы ән-күй өнері

Сабақтың мақсаты:

Оқытушылық - қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетінің ерекшелігін аша отырып, оқушыларға қазақтың ұлттық ән-күй өнері мен оның дамуы туралы нақты мағлұмат беру.

Дамытушылық - рухани мәдениетке деген көзқарастарын, өз беттерінше мәдени құндылықтарды түсіне білу және оларды бағалай білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік - рухани құндылықты құрметтеуге үйрету, халқымыздың ұлттық мәдениетіне деген сүйіспеншілігін ояту, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі:Итербелсенді тақта ,оқулық , табиғат туралы суреттер, сызбалар.әнші-қүйшілердің суреттері.

Түрі: аралас сабақ

Әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру,топпен,жұппен жұмыс, баяндау

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру . (оқушыларды түгендеу, топқа бөлу)

ІІ. Үй тапсырмасын (тексеру топпен жұмыс)

ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын ашу. Сөзжұмбақ шешу

1.Тәуке 3.Кенесары 5. Исатай

2.Жәнібек 4. Түркістан

Сабақтын жоспары:

1. Дала әуендері

2. Ұлттық аспаптар

3.Ән-күй өнеріндегі белгілі тұлғалар.


- Музыка өнері дегенді қалай түсінесің? (Бесік жыры, Жоқтау, Той думан, Атаулы мерекелер)

Музыка өнері-халқымыздың дамыған ежелгі рухани мәдениеттерінің бір саласы болып табылады. Халқымызда ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша адам дүниеге әнмен келіп (Бесік жыры) о дүниеге әнмен (Жоқтау) аттанған. Осының өзі музыканың қазақ халқының арасында алатын орнының жоғары екенін айғақтайды.Қазақ халқында барлық той-думан, мерекелер ән-күйсіз өтпеген.


- Қандай әнші сазгерлерді білесіндер? (Жаяу Муса, Естай, Майра, Біржан сал, Ақан сері, Мәди, Әсет,т.б.) Өленді оқи отырып, кімнің өлеңі, ата?

  • Музыкалық аспаптардың түрлерін ата? (Суреттері бойынша аспаптарды сипаттау). Аспап үндерін тындай отырып, қандай аспап екенін анықтау.Аспаптардың қандай жағдайда қолданатыны қасиеті жайында әңгімелеу.


- Күй тындау, күй орындау мәнері, орындаушылық дәстүрі, тақырыптары әр алуан болады. Күй - шертпе, төкпе. Кімнің күйі? Қандай күйшілерді білесіндер?(Құрманғазы,Тәттімбет,Ықылас , Дәулеткерей, Қорқыт, Дина Нұрпейісова). Қорқыт туралы әңгімелеу, «Айгөлек»тілші Аймөлдір

Ітоп. Құрманғазы

ІІтоп.Тәттімбет

ІІІтоп. Ықылас


ІV.Қорытынды. Сабақты бекіту үшін сұрақтар қою .Не үйрендік, не білдік?

V. Бағалау

VІ. Үйге тапсырма - П-41 Қазақ даласындағы ән-күй өнері.

Белгілі әншілер мен күйшілердің шығармаларын жазып келу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал