7


  • Учителю
  • 'Монғол шапқыншылығы. Отырар – қаһарман қала' (5-сынып)

'Монғол шапқыншылығы. Отырар – қаһарман қала' (5-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қордай ауданы

№28 Ш.Уәлиханов

атындағы орта мектебінің

тарих пәнінің мұғалімі

Балмуратова Айнур Болсыновна

Сыныбы: 5 сынып

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Монғол шапқыншылығы.

Отырар - қаһарман қала

Сабақтың мақсаты:

1. Өз тарихында қилы оқиғаларды басынан кешірген ортағасырлық қаһарман қала - Отырардың қалыптасуы мен монғол шапқыншылығы кезіндегі ерлікпен қорғанысы туралы білім беру.

2.Отырардағы қала мәдениетінің монғол шапқыншылығына дейінгі және монғол шапқыншылығынан кейінгі жағдайын салыстыра отырып оқушыларды ой қорыта білуге дағдыландыру.

3.Отырарлық азаматтардың, Қадырханның ерлігі негізінде оқушыларды адалдыққа, туған жерін сүюге, басқыншылық соғыс атаулыны жек көруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

- сұрақ-жауап, көрнекіліктер арқылы түсіндіру.

«Шаттық шеңбері» тәсіл

Сабақтың көрнекілігі:

1. Қазақстанның саяси картасы, суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Түгендеу. Назарын сабаққа аудару.

«Шаттық шеңбері» тілек айту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ-жауап:

1.Жiбек жолы Қазақстандағы қандай қалалар арқылы өтeдi?

2. Ұлы Жiбек жолының қазақ елi үшiн қандай маңызы болды?

3. Қалалар қандай бөліктерден тұрған?

4. Түркістан, Сығанақ қалалары қазақ халқының тарихында қандай рөл

атқарды?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіруге даярлау.

ІV. Жаңа сабақ

Жоспары:

  1. Отырардың қалыптасу тарихы.

  2. Отырар қорғанысы.




Отырар

Ертеде Шығыс әлеміне танымал болған қала.

Мұнда алғашқы қоныстар осыдан екі жарым мың жыл бұрын пайда болған

VI-VIII ғ. Отырар түркі ұлыстарына астана қызметін атқарған.

ІХ-Х ғ. Сырдың бойындағы басты қала.

Қазақ хандығының сауда және экономикалық орталығы болған.

Ойрантөбе, Фараб деген атпен тарихта белгілі.

Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қала.

Мәтінмен танысу. «Кім көп біледі?»

«Отырар қаласына» сипаттама беру.


Отырарға жан-жақтан көпестер келіп-жетіп жатты. Мұнда медреселер, базарлар, ұстаханалар, тіпті қонақүйлер мен мешіттер, монша, сауда дүкендері жұмыс істеген.

Отырар қаласы өз заманында небір қырғын шайқасты басынан кешірген.

Оңтүстік Қазақстан қалалары ішіндегі Отырар сол кездегі ең мықты қалалардың бірі саналды. Оның билеушісі Қайырхан есімді әскербасы болды.

Қызығушылықты ояту. «Шыңғыс хан »

«Тұлғаны танып білу» Шыңғыс хан кім?

-1218 жылы Шыңғысхан басқарған монғолдардың қалың қолы Қазақстанның Жетісу өңіріне аттанады.

-1219 ж. 150 мыңға жуық монғол қолының Отырарға шабуылы.Алты ай бойы жауға берілмей шайқасқан отырарлықтардың арасынан Қараша атты сатқын қаланың дарбазасын жауға ашып береді.

-1220 жылы монғолдардың Отырарды алуы.

ІҮ. Бекіту

Тарихи тұлғаларды сәйкестендір

1.Қайырхан а Отырарлық сатқын

2 Шыңғысхан ә Отырар әміршісі

3 Қараша б Монғол империясы ханы


V. Үйге тапсырма беру: п.11 /тест құрастыру/.

VІ. Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал