- Учителю
- ҒЫлым, жоғарғы оқу орындары
ҒЫлым, жоғарғы оқу орындары
Сабақтың тақырыбы: Ғылым, жоғарғы оқу орындары
1920-1930 жылдардағы мәдени құрылыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстандағы білім және ғылымның дамуы,
өнер саласындағы жетістіктерді оқушыларға ұғындыру.
Дамытушылық: Тарихи оқиғалармен үдерістердің дамуын
тарихи - әдеби деректер арқылы баяндап оқушыларда өткенге ғылыми көзқарас қалыптастыру,салыстыра алу, таңдай білу,
пікірін білдіру, қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Жастардың Отан тарихын сүю, ұлтжандылық сезімдерін ояту, өзін - өзі бағалай алуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ауызша баяндау, талдау, сұрақ - жауап, түсіндірі, интерактивті, өзін-өзі бағалау.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, хронологиялық кесте, тест, кесте, топтама.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгелдеу, сабаққа назар аудару. Шаттықшеңбері. Топқа бөлініп отыру.Бағалау парақшаларын таратып беру. Критерилармен түсіндіру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
-
Балалар, өткен сабақта біз Қазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайын өтіп, алдын ала үй тапсырмасы ретінде 1937-1938 жылдары ату жазасына кесілген белгілі жазушылар мен ақындар жайында баспасөз материалдарынан , қосымша іздеу керек болды. Сабаққа дайынбыз ба?
ІІІ. Өтілген материал бойынша білімдерін тексеру
Оқушылардын тест жұмысын алу.Екі топтан да 5 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын алу.
-
Қазақ КСР Конституциясы қабылданған мерзім?
а) 1937 жылғы наурыз в) 1935 жылғы мамыр
ә) 1934 жылғы сәуір г) 1933 жылғы шілде
б) 1936 жылғы желтоқсан
-
Қазақстандағы ұлттық шеткері аймақтарды бағындыру саясатын белсенді жүргізушілер в)Т.Рысқұлов, Н.Ежев
а) Н.Ежев, Ф.Голощекин г) А.Байтұрсынов, Ф.Голошекин
ә) Н.Ежев, А.Байтұрсынов
б) Ф.Голощекин, Т.Рысқұлов
3. Қазақ АКСР - нің одақтас Республика болып құрылған жыл
а) 1932 жыл в) 1938 жыл
ә) 1936 жыл г) 1940 жыл
б)1937 жыл
4.Лаңкестік жаппай сипат алды
а) 1941-1945 жж в) 1937-38 жж
ә) 1927-1931 жж г) 1931-33 жж
б) 1918-1920 жж
5. Ф.И. Голощекин ұсынған идея
а) «ЖЭС» б) «Азық - түлік салғырты»
ә) «Әскери коммунизм» в) «Индустриаландыру»
г) «Кіші Қазан»
Жауабы: 1-а; 2-а; 3-б; 4-в; 5-г;
ІV. Мақсат қою кезеңі
-
Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
V. Жаңа материалды меңгерту
Жоспар:
-
Қазақстан халқы арасындағы сауатсызыдықты жою
-
Жоғарғы оқу орындары, мамандар даярлау
-
Ғылыми - зерттеу мекемелері, ғылымның дамуы.
-
Қазақ кеңестік өнерінің дамуы.
Екі топқа бөлініп отыру.
І - топ «Тапқырлар»
ІІ - топ «Алғырлар»
Жаңа материалды түсіндіріп, ауызша баяндау.
Екі топқа тапсырмаларын бөліп беру.
І - топ «Тапқырлар» тобына жоспар бойынша 1 - 2 тақырыпшаларды беру
ІІ - топ «Алғырлар» тобына жоспар бойынша 3-4 тақырыпшаларды беру
№ 1 тапсырма: Осы тапсырмаларды топпен постерге түсіру арқылы қорғау.
№ 2 -тапсырма
-
Екі топқа да «Сөйлемді толықтыр» тапсырмасы беріледі , топтамада берілген сөйлемдерді толықтырып жазулары тиіс.
ІІ - топқа І -топқа
1.1919 жылы Халық коммисар- 1.1918-1919жж.институт,........бөлім
лары Кеңесі ............................қол құрыл ды.
қойды.
2.Қазақстанда 1925 жылы .......... 2. 1932 ж КСРО ҒА-ның...................құрыл
.............болды. лып,...........институты ашылды.
3.1921 жылы алғаш............оқулық- 3. 1926 ж. жылы қаңтарда Қызылорда-
тары басылып шықты. да............театр ашылды.
-
жылы .......................араб
әріпбиінің негізінде жасалған 4. Қазақстанның тұңғыш суретшісі ........................әліпбиін жетілдірді. ..............................туындылар жазды.
-
1921 ж.үкімет сауатсыз-
дықты жою туралы................
...................пунктерін ұйымдас-н
айналысты.
VI. Жаңа материал бойынша түсінгендерін тексеру
3-тапсырма 2- топқа да сызба беріледі , сол сызбаны толтыру арқылы Қазақстан мәдениетіндегі жаңа құбылыстарды атап беру керек.
Қазақстан мәдениетіндегі жаңа құбылыстар атап беру
V.Бекіту кезеңі
4 - тапсырма «1920-1930 жылдардағы мәдениеттің дамуы» кестемен жұмыс.
Қазақстанда ашылған өнер ошақтары. Оқу орындары.
Ғылыми мекемелер
Қазақ суретшілері
Топ жеңімпаздарын анықтау . Медальдармен мадақтау.
VІ. Үйге тапсырма беру §24 түсініп оқу.
«Қазақстанда сауатсыхздықты жою»тақырыбында реферат жазу
Бағалау «Бағалау парақшалары арқылы» топ басшылары бағалау.