- Учителю
- Не?Кайда?Кашан? Интеллектуалдық ойын 7-сынып
Не?Кайда?Кашан? Интеллектуалдық ойын 7-сынып
Іс-шараның тақырыбы: «Не? Қашан? Қайда?» (интеллектуалдық сайысы)
Мақсаты: оқушылардың өз халқының тарихына деген қызығушылығын арттыру,
өз білімдерін нақты практикада қолдана білуге үйрету
Жоспары:
I. «Кім жүйрік?»
II. «Хронологиялық шеңбер»
III. «Жұмбақтар әлемі»
IV. «Ежелгі адам өкілдерін табу»
I. «Кім жүйрік?»
-
Бифас дегеніміз не? /Екі жағы өңделген, еңбек құрал/
-
Алғашқы адамдардың тобырдан кейін топтасу жүйесі? /Рулық/
-
Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы? /епті адам/
-
Ең ежелгі адамның еңбек құралы? /Қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар/
-
Егіншілік қалай пайда бола бастады? /аналар қауымы терімшілікпен айналыса жүріп, жерге жабайы жеміс-жидектін дәндері түсіп, шыға бастайды, оны байқаған адамдар дәнді жерге отырғызуға үйренеді/
-
Ұзындығы 1-2 см. Ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құрал қалай аталады? /Микролит/
-
Ғалымдардың есептеуінше мұздық қашан ери бастады? /13 мың жыл бұрын/
-
Қанша жыл бұрын жер беті күрт суи бастап, мұздық пайда болды? /бұдан 100 мың жыл бұрын/
9. А.Құнанбаев қай жылы дүниеге келді? /1845 ж./
10. Абайдың қанша қара сөздері бар? /45/
11. Қола дәуірінің Орталық Қазақстандағы ескерткіштерін ұзақ жылдар бойы зерттеген академик кім? /Ә.Марғұлан/
12. Тарих ғылымы нені зерттейді? /Адамзаттың ежелден бүгінгі күнге дейінгі басынан өткізген оқиғалары туралы ғылым/
13. Этнография дегеніміз не? /Халықтардың әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрін зерттейді/
14. Жаңа тас ғасыры? /Неолит/
15. Ертедегі темір өндірудің қарапайым тәсілі қандай? /пеш-көрік/
16. Ежелгі адамдар өз білімдерін не арқылы хабарлады? /пиктография/
17. Адамдардың шығу тегін жануарлармен байланыстыруы /тотемизм/
18. Ең бірінші қолданылған металл /мыс/
19. Неолит дәуірінің үлкен жаңалығы /қыш құмыралар заманы/
20. Балалар тобынан ересектер тобына өту ғұрпы /бағыштау/
II. «Хронологиялық шеңбер»
Палеолит - б.з.б. 2,6 млн жылдан - б.з.б. 12 мың жыл
Ерте палеолит - б.з.б. 2,6 млн жыл - б.з.б. 40 мың жыл
Кейінгі палеолит - б.з.б. 40 - 12 мың жыл
Олдувэй - б.з.б. 2,6 млн - 800 мың жылдар
Ашель б.з.б. 800 - 140 мың жылдар
Мустье - б.з.б. 140 - 40 мың жылдар
Орта тас ғасыры (мезолит) - б.з.б. 12-5 мың жыл
Жаңа тас ғасыры (неолит) - б.з.б. 5-3 мың жыл
Мыс-тас ғасыры (Энеолит) - б.з.б. 3000-1800 жыл
III. «Жұмбақтар әлемі»
-
Пайда болғанда адам баласы,
Қандай құралды алғаш қолданды? /Тас құралды/
2. Сырты нүкте, іші қуыс,
Тұрып жатты бар туыс. /Үңгір/
3. Екеуі екі түрлі бүтін,
Қосылса сапалы бүтін.
/Мыс пен қалайының қосындысынан қола/
4. Ұлты сайлаған Елбасшысы,
Халық таңдаған Көшбасшысы. /Н.Ә.Назарбаев/
5. Достық, ынтымақ пен бірліктің әлемге үлгісі,
Жойқын қарудан бас тартқан, жерұйықтың бесігі. /Қазақстан/
6. Мәдениет бар Атасу,
Мүмкін емес адасу.
Бар Беғазы мен Дәндібай,
Тауып көрші шатаспай. /Қола мәдениеті/
7. Күйлерімен күй атасы атанды,
Әрдайым домбырасы сайланды.
Адай күйін жүз ағызып қайланды,
Бірде «Кішкентай» күйімен байланды. /Құрманғазы Сағырбайұлы/
IV. «Ежелгі адам өкілдерін табу»
-
Франциядағы Кроманьон үңгірінен табылды. Бұдан 40-35 мың жыл бұрын. /Саналы адам/
-
Африкада Кения жеріндегі Олдувей шатқалында табылды. Осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын. /Епті адам/
-
1891 ж. Ява аралынан табылды. 1 млн жыл бұрын. /Питекантроп/
-
Солтүстік Қытайдан табылған, оған «қытай адамы» деген ат берілді. /синантроп/
-
Мустье кезеңінде өмір сүрген адам. Ол Германия жерінен табылды.
/Неандерталь/
-
Өзбекстанның Тесіктас үңгірінен табылды.
/Неандерталь баланың сүйегі/
-
Питекантроп пен синантропты кім деп атаймыз?
/Тік жүретін адам/
V. Қорытынды: Оқушыларды марапаттау.