- Учителю
- Сабақ жоспары 'Қазақ шаруларының қарулы көтерілістері. '
Сабақ жоспары 'Қазақ шаруларының қарулы көтерілістері. '
Пәні: Қазақстан тарихы
Күні:
Сыныбы: 9 а,ә,б
Сабақтың тақырыбы: §20-21. Қазақ шаруларының қарулы көтерілістері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстандағы өкімет орындарының жүргізген саясатына деген наразылығы, қазақ шаруаларының қарулы көтерілісі мен Кеңес үкіметінің жазалау шаралары, ұлт-зиялыларының қоғамдық-саяси көзқарастары туралы түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушылардың сол кезеңге деген өз көзқарастарын, ойлау қабілеттері мен саяси белсенділіктерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: Елін, жерін сүюге, патриотизмге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: зерттеу сабағы
Әдісі: интерактивті, белсінділіктерін арттыру
Көрнекілік: карта, сызба, түсінік сөздер, тест, топтық жұмыс таратпалары
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
-
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
1.Тест тапсырмасын беру. (10-15 мин)
2.Сұрақтар қойып, үй тапсырмасын қорытындылаймыз.
-
1931-1933 жылдардағы аштықтың себебі неде?
-
"Жұт" дегеніміз не?
-
Қазақстаннан тыс аймақтарға қанша адам?
-
Қанша қазақ шаруа қоныс аударды?
-
1931-1933жылдары Қазақстан халқының саны қанша болған?
-
Аштықтан қанша адам қаза тапты?
-
Жазалау шаралары, ОГПУ, ГУЛАГ сөздеріне түсінік беріңдер.
III.Жаңа сабақтың жоспары:
1.Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы.
2.Созақ көтерілісі.
3.Жетісудағы көтеріліс.
4.Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда округтеріндегі көтерілістер.
5.Маңғыстаудағы көтеріліс.
- Оқушыларды топқа бөліп тапсырмалар беру (10 мин)
-
Зерттеу тапсырмалары:
1-топ. Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы.
2 -топ. Созақ көтерілісі.
3-топ. Жетісудағы көтеріліс.
4-топ. Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда округтеріндегі көтерілістер.
5-топ. Маңғыстаудағы көтеріліс.
- Оқушылар зерттеу тапсырмаларын қорғайды. (15 мин)
Түсінік сөздер: (5 мин)
Жазалау шаралары - кек алудың, жазалаудың түрлері.
ОГПУ- Біріккен Мемлекеттік Саяси басқарма. 1923-1934 жылдары мемлеке қауіпсіздігін қорғау мақсатында құрылған ұйым.
ГУЛАГ - лагерьлердің Бас басқармасы.
Нәтижесінде:
-
1 млн 700 мың Қазақстаннан тыс аймақтарға - Қытайға, Монғолияға, Иран мен Ауғаныстанға көшіп кетті.
-
1930 жылдың басынан-1931 жылдың ортасына дейін Қазақстан аумағынан 281 230 шаруа қоныс аударды.
-
1931-1933 жылдары Қазақстан халқының саны 6,2 млн болса, аштықтан, суықтан және өзге де аурулардан 2,1 млн-дай қазақтар мен 200-250 мыңдай басқа ұлттардың өкілдері қаза тапты.
Сырдария округі, Бостандық ауданы - 1929 жылы 27 қыркүйек.
Басшысы- Тәліп Мұсабаев
Қостанай округіндегі көтеріліс - 1929 жылы күзде.
Басшылары - А.Бекежанов, С.Қадиев, А.Смұғалов т.б.
Созақ көтерілісі - 1930 жылы көктем-1938 жыл, С.Шолақов хан болып сайланды.
Жетісуда Ақсу ауданындғы көтеріліс - 1930 жылы 27 наурыз.
Басшылары - Е.Жанбаев, Қ.Қалиев, Ғ.Сатырбаев
Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда округтерінің көтерілісі - 1930 жылы 14 наурыз
Хан болып сайланғандар - А.Қанаев, Ж.Бәйімбетов, М.Сматов,И.Сатыбалдин, Айжарқын хан.
Маңғыстаудағы көтеріліс - 1931 жылы көктем
ОГПУ -дің деректері бойынша 1929 жылы қазақстанда жалпы саны 350 адамнан тұратын 31 көтерілісшілер отряды болды.
-
1930-1932 жылдары - 2 мыңға жеткен
-
1932-33 жылдары - 3,2 мыңға жеткен
IV.Сабақты бекіту:
-
1931-1933 жылдардағы аштықтың себебі неде еді?
-
Шаруалар Кеңес өкіметіне неге қарсы шықты?
-
1929-1933 жылдары қанша шаруалар көтерілісі болып өтті?
-
1930 жылдардың басындағы Қазақстандағы неғұрлым ірі көтерілісті атаңдар.
-
1931-1933жылдары Қазақстандағы адам шығыны қандай болды және бұл неге байланысты еді?
-
Қазақстандағы шаруалар көтерілістерінің тарихи маңызы неде?
V.Бағалау:
VI.Үйге тапсырма: §20-21.оқу, шығармашылық тапсырмаларға дайындалу