7


  • Учителю
  • Дінтану: Жаңа діни қозғалыстардың ерекшеліктері сабақ жоспары

Дінтану: Жаңа діни қозғалыстардың ерекшеліктері сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сынып: 9 «а» Күні: пән мұғ: Рахымбекова У.Т. Бекітемін: Пәні: Дінтану негіздері Сабақтың тақырыбы: Жаңа діни қозғалыстардың ерекшеліктері. Сабақтың типі: аралас Сабақтың түрі: Жаңа сабаты меңгеру, аралас сабақ Сабақтың әдіс-тәсілі: сыни
предварительный просмотр материала

Сынып: 9 «а» Күні: пән мұғ: Рахымбекова У.Т. Бекітемін:

Пәні: Дінтану негіздері

Сабақтың тақырыбы: Жаңа діни қозғалыстардың ерекшеліктері.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: Жаңа сабаты меңгеру, аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сыни тұрғыдан ойлау, диалогтік оқыту, оқуды бағалау, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, тест жұмыс.

Пәнаралық байланыс: дүние тарихы, география, математика ,орыс тілі

Негізгітүсініктер:

1.Миссионерлік

2. Идеологиялық ваккум

3. «Інжіл(Библия)», «Ислам»,Миссионерлік,

4.Дәстүрлі діндер.

5. Дәстүрлі емес діндер

Өткен сабақпен байланысы: Қазақстандағы католиктік. Тәуелсіз Қазақстандағы протестанттық.

Бағалау:

І.Бақылау

ІІ. Жұмысты оқушылар формативті бағалау бойынша бағалап отырады.

ІІІ.Сапалы білімді жиынақтап бағалау

Көрнекіліктері: Әлемдік діни ескерткіштер, флипчарттар,стикерлер, ҚР бейбітшілік пен келісім сарайының суреті, интерактивті тақта, слайдтар, компьютер, формативті бағалау кестесі және т.б.

Өлшемдік ойлау қабілеті: 9 «а»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың теологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып, логикалық ой өрісін дамыту, олардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.
Білімділік: Жаңа діни қозғалыстардың дәстүрлі діндерден айырмашылығын көрсете отырып, жалған діни ұйымдардың қауіптілігін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларды сұрақ қоя білуге, берілген теориялық білім нәтижесінде ой қорыта білуге, пікір айтуға дағдыландыру. Өз бетімен жұмыс жасау қабілеттерін жандандыру.
Тәрбиелік: Дін адамдарды имандылыққа тәрбиелейтін маңызды әдіс екенін жеткізу. Діннің маңызы мен қасиетін ұғындыру.
Өткенін біліп, келешегін болжай алатын ұрпақ тәрбиелеу.

Критерий бойынша формативті бағалау.

Формативті бағалау нормасы:

2-3- балл жинағандар бағасы «3»

4-5- балл жинағандар бағасы «4»

5-6-балл жинағандар бағасы «5»

Уақыты ж\е барысы

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Ұйымдастыру

3 минут


Сабақтың барысымен танысу:


Білу: 2минут


Қолдану: 5минут

Түсіну: 5 минут


Талдау: 8минут


Жинақтау:10минут


Қортындылау 7минут

Бағалау

3минут

Рефлексия 2минут

Сабақтың бөлімдері: І. «Менің пікірім» деп аталатын бөлімде оқушылар бейнебаян(ҚР католик дініне байланысты интернеттен бейнебаян) тыңдап өз ойларын ортаға топ болып флипчартқа түсіріп, қорғайды (Білу) СТО

ІІ. «Ой -танымдық сұрақтар» оқушылар арасында сұрақ - жауап (Қолдану) (ООЖТ) (диалог бойынша)

ІІІ. Жаңа сабақты жоспар бойынша оқулықтан оқып түсініктерін жинақтап ортадан бір оқушы жауап береді ( Түсіну) (АКТ, СТО)

І\/.Жаңа тақырып бойынша түсініктерін талдау мақсатында кестемен жұмыс жасайды(Талдау)

\/.Бекіту: «Ойымыз терең, ісіміз нақты болсын» «Ой толғау» Кілт сөздермен жұмыс: дәптерге орындау(жинақтау)

VI. Қорытынды: Алған білімді нақтылау мақсатында.топтар арасында сұрақ - жауап . (Қорытынды)

\/ІІ.Үйге тапсырма беру

\/ІІІ. Бағалау

ІХ. Рефлексия

Сабақтың барысы: Оқушылармен :

Сәлем сөздің анасы, сөз сарасы дегендей бір амандасып алайык.

Мұғалім шаттық шеңбер құрып, оқушыларды стикердегі жазылған сөздер арқылы топқа бөледі. Топ оқушылары стикерлердегі сөздерге байланысты топтың атын шығарады. Стикердегі сөздер: Азаттық, Теңдік, Бостандық

Сабаққа назарын аудару мақсатында мұғалім бір оқиғадан ұзінді айтады, сол оқиғаның қалай аяқталғанын сабақтың соңында оқушылар өз пікірін білдіре отырып, стикермен бірге жапсырады. (Жаңа тақырыпқа байланысты жаңалықтардан үзінді)

І. «Менің пікірім» деп аталатын бөлімде оқушылар бейнебаян(ҚР католик дініне байланысты интернеттен бейнебаян) тыңдап өз ойларын ортаға топ болып флипчартқа түсіріп, қорғайды (Қолдану) СТО

«Қазақстан - біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз» - деп, елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сөздерімен бүгінгі сабақты бастағалы отырмын. Мына бейнебаянда не көріп тұрсыздар?

1.Қазақстанда қанша ұлт пен этнос өкілдері мекендейді?

2. Қазақстан жер көлемі жағынан нешінші орында?

3. Қазақстанда неше конфессия бар?

4. Әлемде қандай діндерді білесіңдер?

Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да осыған байланысты «Жаңа діни қозғалыстар туралы түсінік, сипаты және ерекшеліктері». Әлемдік және ұлттық діндер ұзақ әрі бай тарихи кезеңнен өткен. Бұл діндер көптеген жүзжылдықтар, тіпті мыңжылдықтар бойы халықтың бүкіл тарихымен, мәдениетімен, рухани өмірімен, салт - дәстүрлері және әдет - ғұрыптарымен тығыз байланыста болып келген.


ІІ. «Ой -танымдық сұрақтар» (Қолдану) (ООЖТ) (диалог бойынша) (Әр оқушы келесі топтарға бір сұрақ қояды)

ІІІ. Жаңа сабақты жоспар бойынша оқулықтан оқып түсініктерін жинақтап ортадан бір оқушы жауап береді ( Түсіну) (АКТ, СТО)

ІІІ. Жаңа сабақ:

Дәстүрлі діндер мен дәстүрлі емес діндердің айырмашылығы. Жауабы: біреудің ала жібін аттама, адал бол, кісі ақысын жеме, өтірік айтпа,

сүйіспеншілік, мейірімділік, бейбітшілік т.б. ал дәстүрлі емес діндер немесе терроризм мен экстремизмнің мақсаты бұған мүлде қайшы, қантөгіс, қатыгездік, адамдар үшін қайғы-қасірет.

(дәстүрлі емес діндер, дәстүрлі емес табынушылар) - XX ғасырдың екінші жартысында пайда болған, әлемдік дін дердің басты принциптерінің идеяларына негізделген, қүрылымдық түрғыда дәстүрлі (әлемдік және үлттық) діндерге оппозициядағы жаңа конфессиялар. ЖДҚ-дың қалыптасуы, бір жағынан, дәстүрлі идеяларды модернизациялаумен байланысты болса (мысалы, мормондар іліміндегі - соңғы күндердегі Әулиелер шіркеуі жөне ), екінші жағынан, ЖДҚ-да батыстық және шығыстық дәстүрлі діндердің (мысалы, Бірігу Шіркеуі; Кришна санасының; және т.б.) қосылып, бірлесуі себеп болуда. Онымен қоймай, ЖДҚ-ға діни және ғылыми менталдылықты бірлестіру, сөйтіп, діни мифологияның жаңа түрін (мысалы, халықаралық шіркеу, Ресейдегі пүтқа табынушылар қозғалысы) қалыптастыру тән. ЖДҚ дамуының басты ісі - дәстүрлі діни қүндылықтарды киесіздендіріп, қазіргі ғаламдық мәселелерге жауап бере алатын жаңа жүйелерді қасиеттендіруге талпынуында: Шығыс пен Батыстың арасындағы дәстүрлі шекараларды бүзып, әлемдік діндерді біртүтастандырып, сонымен қатар, ғылыми және діни қағидаларды синтездеу арқылы адамзат табиғатын қайта қүруға тырысу. ЖДҚ идеологиясы мен тәжірибесі әлемді тануда қарапайым жолдарды іздестіретін қазіргі адамдардың талаптарына бағытталған ықшамдылығымен, қарабайырлығымен ерекшеленеді.

ІV.Бекіту: «Ойымыз терең, ісіміз нақты болсын» «Ой толғау» Кілт сөздермен жұмыс: дәптерге орындау

1.Миссионерлік

2. Идеологиялық ваккум

3. «Інжіл(Библия)», «Ислам»,Миссионерлік,

4.Дәстүрлі діндер.

5. Дәстүрлі емес діндер


VI. Қорытынды:Алған білімді нақтылау мақсатында топ аралық сұрақтар қойылады. (Әр топ бір сұрақтан қояды) (Қорытынды) (Диалог)


VII. Үйге: §14. Жаңа діни қозғалыстардың ерекшеліктері тақырыбына эссе жазу.


VIII. Бағалау:Топтың жеке бағалау кестесі бойынша бағалаудың қорытындысын оқушылар жариялайды.


ІX. Рефлексия : (инсерт стратегиясы бойынша) ББҮ кестесін толтырады

Рефлексияны «Өмір ағашы» деп аталатын ағаш макетіне жапсырады.


Мұғалім сабақтың мақсатын айтады, сәлемдеседі.

Сабақтың барысын жариялайды


Мұғалім шаттық шеңберді ұйымдастырады.

Топқа бөлінгенін қадағалайды

Флипчартты орындап жатқандарына бақылау жасайды

Оқушылардың флипчарттарын тексереді


Мұғалім әр бөлімнің тапсырмаларын түсіндіріп отырады


Оқушылардың тапсырманы орындап отырғанын бақылап жүреді.

Мұғалім жиынтық бағаларды қояды Оқушылардың бағаларын жинақтап, журналға қояды, үй тапсырмасын жариялайды


Оқушы

лар сабақтың мақсатын, барысын тыңдайды


Сабақтың бөлімдерімен танысады

Оқушылар талқылауға қатысады

Интербелсенді тақтадағы бейне баянды тыңдайды

Оқушылар мұғалім айтқан тапсырманы мұхият тыңдап орындайды


Оқушылар әр жауап бергендеріне топтық бағалау кестесіне балл алып өздері балдарын есептеп отырады

Жаңа сабақтың тапсырмаларын орындауға кіріседі

Оқушылар тақырып қорытынды жасайды.


Оқушылар тапсырмаларды бірлесе отырып орындайды.

Оқушылар әр жауап бергендеріне балл алып, өздері балдарын есептеп отырады

Оқушылар өздерінің бағаларын есептейді

рефлексия бойынша стикерлерге нені білетінін, білгенін, үйренгенін жазып іліп қояды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал