- Учителю
- 'Қазақ хандығының шаруашылығы' сабақ жоспары
'Қазақ хандығының шаруашылығы' сабақ жоспары
Сағит Мөлдір Азбекқызы
Күні: 07.04.2015 жыл
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының шаруашылығы
Сабақтың мақсаты:
-
ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы шаруашылықтың түрлері мен маусымдық көшу туралы, қолөнердің дамуы мен қалалардың тоқырау себептері туралы оқушыларды жан-жақты таныстыру;
-
Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық, ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
-
Оқушыларды өз елінің тарихын, тілін, дінін, ұлттық құндылықтарын құрметтеуге, Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, карточкалық тапсырмалар
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқу құралын тексеріп түгелдеу. Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
№1. Тапсырма
-
Қазақ қоғамында ұлттық басқару жүйесінің қандай тармақтары бар?
-
Қазақ ханы қалай сайланды?
-
Қарапайым халықты қандай атаулармен атады?
-
Қазақ қоғамында құл мен күңдер болды ма?
-
Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік құрамы қандай?
№2. Тапсырма. Тест тапсырмасы
1. Қазақ хандығында он немесе он бес аймақтан құрылған:
-
Ауыл
-
Ру
-
Арыс
-
Ұлыс
-
Жүз
2. Қазақ хандығында ұлыстың билеушісі:
-
Рубасы
-
Би
-
Сұлтан
-
Ақсақал
-
Ауылбасы
3. Хан сайлаудың басты шарты:
-
Малының көп болуы
-
Ақсүйек тұқымынан шығуы
-
Бидің тұқымынан шығуы
-
Шыңғыс ұрпағы болуы
-
Феодалдар тобынан шығуы
4. Сайланған ханның мал мүлкін бөліп алу:
-
«Ханталас»
-
«Ханталапай!
-
«Бөліп алу»
-
«Ханталау»
-
Бөліске салу»
5. Бейбітшілік жағдайда ханның рұқсатынсыз жол берілмейді:
-
Көшіп - қонуға
-
Соғысты бастауға
-
Салықты көбейтуге
-
Егінді жинауға
-
Жайылымды белгілеуге
6.Бүкіл қауым оның шешімін, билігін орындауға міндетті болды:
-
Рубасы
-
Би
-
Сұлтан
-
Ақсақал
-
Ауылбасы
7.Көпті көрген, мол тәжіриебелі, өте білікті, білгір адам болды:
-
Рубасы
-
Би
-
Сұлтан
-
Ақсақал
-
Ауылбасы
Жауабы: 1 - В, 2 - С, 3 - Д, 4 - В, 5 - А, 6 - В, 7 - А
Жаңа сабақтың жоспары:
-
Жартылай көшпелі мал шаруашылығы
-
Маусымдық көшіп қону
-
Қазақ халқының егін шаруашылығы
-
Қазақ халқының қолөнері
-
Қазақ қалалары және олардың тоқырау себептері
№1. Тапсырма Кесте
Маусымдық көшіп-қонудың түрлері
Орналасуы
Маусымдық көштерде атқарылатын жұмыс түрлері
№2. Тапсырма.
-
Күзеу - күзгі мал бағатын жер
-
Жатақ - малы жоқ, жермен айналысуға мәжбүр болған кедей.
-
Жұт - малдың қырылып қалуы.
-
Қыстау - қысқы мал бағатын жер
-
Атпа - жер суаратын құрал
-
Шығыр - арық, тоған суымен жер суаратын құрал.
-
Жер кепе - күн әбден жылынып, көк көтерілгенше жас төлдерді ұстайтын күрке
-
Тоғыту - малды тоған суымен айдап өту арқылы жуындыру.
-
Шуда - түйенің жүні
-
Қорық - қыстау жанындағы шөбі қалың, тоғайы мол жер. Оған малдың басым көпшілігін кіргізбеуге тырысқан.
№3. Тапсырма. Сәйкестендіру «Мал аурулары»
1
Ешкі
1
Топалаң
2
Түйе
2
Қарасан
3
Қой
3
Ақшелек
4
Сиыр
4
Жамандат
5
Жылқы
5
Кебенек
Жауабы: 1 - 5, 2 - 3, 3 - 1, 4 - 2, 5 - 4
Сабақты бекіту:
-
Жартылай көшпелі мал шаруашылығы дегенді қалай түсінеміз?
-
Маусымды көшіпқонудың қандай пайдасы бар?
-
Қазақ қыстауларындағы баспаналар қалай салынды?
-
Қазақтар егін шаруашылығымен қай жерлерде айналысты?
-
Қазақ қолөнерінің түрлерін атаңдар?
-
ХҮІІІ ғ. қалалардың әлсірей бастауына не себеп болды?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §43. «Қазақ шаруашылығы» атты тақырыпта эссе жазу.