- Учителю
- ҰБТ-ға дайындық бойынша ата-аналарға кеңес
ҰБТ-ға дайындық бойынша ата-аналарға кеңес
ҰБТ-ға дайындық бойынша ата-аналарға кеңес
2015-2016 оқу жылы
АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС
Құрметті ата-аналар!
Психологиялық қолдау- балаңыздың ҰБТ-ны сәтті тапсыруының бірден-бір маңызды факторы. Баланы қалай қолдау керек?
- Оның күшті жақтарына сүйеніңіз.
- Балаңыздың нашар жақтарын бетіне басудан аулақ болыңыз.
- Үйде достық жағдай қалыптастырыңыз.
- Үйде сабақ қарауға ыңғайлы орын дайындаңыз.
- Пән бойынша әртүрлі нұсқадағы тест тапсырмаларын дайындаңыз.
- Балаңызға әр күнге дайындық тақырыбын бөлуге көмектесіңіз.
- Бір уақытта қатал әрі мейірімді болыңыз, бірақ судья рөлінде болмаңыз.
- Балаңызды қолдаңыз, оның уайымдап жүргенін түсінетініңізді көрсетіңіз.
- ҰБТ-ның алдында баланың үрейін жоғарылатпаңыз - бұл нәтиженің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
- Баланың ҰБТ-ға дайындық режимін бақылаңыз.
- Уақытты үнемдеуге үйретіңіз.
- Тамақтануына көңіл бөліңіз: баланың ақыл-ой жұмысы уақытында нәрлі және алуан түрлі тағам қажет.
- Балаңыздың хал-жағдайын бақылаңыз, оның әбден жалығуына жол бермеңіз.
- Тестілеу алдында балаңыздың толық демалуын қамтамасыз етіңіз.
Есіңізде болсын: ең негізгісі - дұрыс ниет, баланың өз мүмкіндіктерін бағалай алуы, уақытты дұрыс бөлу және жүйелі дайындық.
Емтиханды сәтті тапсыру көбіне баланың көңіл-күйіне және соған ата-анасының қатынасына байланысты. Баланың емтиханға дұрыс дайындалуына көмектесу үшін бірнеше кеңесті орындап көріңіз:
· Балаңыздың емтиханда алатын ұпай саны сізді мазаламайтынын көрсетіңіз. Ұпай саны білімін толық көрсете алмайтынына сендіріңіз.
· Емтихан алдында балаңыздың үрейін жоғарылатпаңыз - бұл нәтиженің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Жас ерекшелігіне сәйкес бала өзінің эмоциясына ие бола алмай бірдеңе бүлдіріп қоюы мүмкін.
· Үйдегілердің ешқайсысы бөгет жасамайтындай баланың сабақ қарауына ыңғайлы орын қамтамасыз етіңіз.
· Тест тапсырмалары бойынша жаттығулар уақытында уақытты үнемдеуге және оны дұрыс бөлуге үйретіңіз.
· Емтиханға дайындық режимін бақылаңыз және шамадан артық оқуға жол бермеңіз.
· Тамақтануына көңіл бөліңіз. Балық, ірімшік, жаңғақ және тағы басқалар адам миының жұмыс істеуін жақсартады.
· Емтихан алдында балаңыздың толық демалуын қамтамасыз етіңіз, ол демалуы және ұйқысын қандыруы қажет.
· Емтиханнан кейін баланы сынамаңыз.
· ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: негізгісі - уайымын, үрейін төмендету және баланың сабақ қарауына жағдай жасау.