7


  • Учителю
  • ҚОжа Ахмет Ясауи еңбектерін тарих, дінтану пәндерінде пайдалану

ҚОжа Ахмет Ясауи еңбектерін тарих, дінтану пәндерінде пайдалану

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қожа Ахмет Ясауи еңбектерін тарих, дінтану пәндерінде пайдалану Қазақстан территориясында исламның түпкілікті орнығуы Қожа Ахмет Ясауи атымен тығыз байланысты. Түркілік сопылық жолды қалыптастырған дін ғұламасы Қожа Ахмет Ясауи қазақ жырауларында

Пәруәр пірдің басшысы -

Қожа Ахмет Ясауи,

Түркістанда бұ да өткен.

Туына жұртты түнеткен деп суреттеледі. Жыр жолдарындағы пір, сопы рөлін пайымдасақ, олар тек дін уағыздаушы, дін үйрету ғана емес, сонымен дүйім жұртты ерте білген қауым басшысы. Пәруәр пірлердің басшысы Қожа Ахмет Ясауидің «Туына жұртын түнетуі» оның осындай ерекше болмысын білдіреді. Мұсылман әлемінде аты әйгілі, орта ғасырлық сопылық әдебиеттің ірі өкілі, Қожа Ахмет Ясауи артына мәні өшпестей аса елеулі мұра қалдырған.

Ясауи бабамыз Испиджаб қаласында туылып ілімін Түркістан жерінде таратқан сондықтан есімі ежелгі Түркістан қаласының атауы Иасымен тығыз байланысты.

Төмендегі аңызға назар аударсақ:

Ахмет Ясауидің Түркістанға барып қайта бір оралғанда, әкесі одан ол жақтың елі қалай екен деп сұрайды. Сонда бозбала Ахмет: «ол жердің халқы арқаңнан қағып тұрады, аяғыңнан шалып тұрады» - дейді. «Осыны біле тұра онда неге кеттің», - дейді, «Жақсыны жолға салу оңай, енді жаманды жолға салып көрейін деп едім»,- дейді.

Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың түркі халықтары арасында, оның ішінде қазақ даласына деген ең маңызды шексіз қызметті- оның халықтар арасында ислам дінін таратуы, осы дінді халыққа сүйдіруі, халықтың психологиясы мен рухани дүниесін толықтырған Ясауи бабамыз, оларға ескі әдет-ғұрыптарын жоғатпай ислам дінің шарттарымен өмір сүруді үйретті. Хикметтерін Ясауи бабамыз Құран аяттары мен хадистерімен безендіріп отырған

Менің хикіметтерім Алладан пәрмен,

Оқып ұққанға бар мағанасы Құран

Ясауи бабамыз халықтың жүрегіне жыр жолдарымен жетіп жан дүниесіне ислам дінінің қағидаларын жазды. Міне сол себептенде Ясауидің хикіметтері, қазіргі таңға дейін кеңінен пайдаланылып, әсіресе бала тәрбиесіне қолдануға қолайлы әрі тиімді тәсіл болып келеді. Себебі бабамыздың өлеңдері адамды өмірді мәнсіз мағанасыз, қызық қуумен өткізбей, хақ жолына түсуге, адал өмір сүруге, шыдамды болуға, қиындықта төмізді болуға, имандылыққа шақырады. Сонымен қоса Ясауи бабамыздың хикімет өлеңдері кісі ақысын жемейге, арамдықпен мал жинауға, өтірік айтпауға, дүние байлыққа қазақпауға үйретеді.

Ясауи бабамыздың хикметтері көптеген ғасырлар бойы халқымыздың рухани әлемінде шешуші мәнге ие болып келеді. Оның әсіресе қазақ халқының ұлыттық минталитетін қалыптастыруға тигізетін әсері орасан зор. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Нақ осы Ясауи ілімі арқылы ислам қазақтарының рухани өмір салтына айналды да, кейінгі сегіз ғасырдың өн бойында соларды жебеп келеді. Қазақ хандығымен қазақ халқы құрылғанда солардың бастау бұлағы мен осы ілім тұрды. Егер қазақтардың рухани тарихы жазыла қалса, Қожа Ахмет Ясауидің хикіметтері оның бір бөлігі болып кіруі тиіс ».

Осындай құндылықтар мен ерекшеліктерге өте бай, әрі тәрбиелік мәні жоғары Ясауи бабамыздың хикіметтерін болашақ ұрпақ бойына дарыту үшін күнделікті Қазақстан тарихы мен дінтану пәндерінде қолданып келемін. Себебі әрбір жас бала өзінің елін, жерін, тілін, салт - дәстүрін сүюі тиіс. Осы себептен, бұл жастағы балаларға Ясауи ілімі арқылы маңызды мағлұматтар көптеп берілуі қажет.

«Диуани Хикмет» атты екі әлемнің де мән жайын сипаттайтын туындысы адамгершілік, имандылық, әділдік, инабаттылық тәрізді күрделі мәселелерді сипаттап ашып көрсетуге арналған. Бұл дүниедегі адамдар арасындағы әр алуан қарым-қатынас: мансап пен байлық, билік, кедейлік пен қанағатшылдық, нәпсі мен тәубашылдық, Хаққа сыйыну секілді түйінді жәйттер дін талабы тұрғысынан сарапталады. Бұл дүниенің баянсыздығы мен ол дүниенің бақилығын салыстыра отырып, қанағат, адамгершілік, мейірім-шапағат, адалдық, ізеттілік жайында сөз қозғайды. Осыған орай, ол Мұхаммед пайғамбардан үрдіс болып келе жатқан жол: жиған малдың қызығын тек өзі көрмей, өзге жетім-жесір, мүсәпірлерге де қайырымды болу, жасаған күнәңді дер кезінде түсініп, тәубаға келу, Аллаға сол туралы шын көңілмден жалынып- жалбарынудың қажеттілігін ұтымды түрде сипаттайды. Мысалыға төмендегі хикметке назар аударсақ:

Опасыз фәни-бұл жалған

Жұтады жуан - жұқаны.

Малыңа сенбе құлданған,

Құрайдың ол бір бұтағы.

Қай жақа кеті аттанып,

Пікір қыл, сонау көп халық?

Жетеді қуып ат-табыт,

Кигізіп жеңсіз лыпаны.

Аңдыма дүние қапысын,

Қылкөпір ертең тұтады.

Ұл-қызың, досың жорықтас,

Ешбірі жебеп жарытпас.

Жігерлен, сілкін, ғаріп бас,

Ғұмырың желдей зытады.

Құл Қожа Ахмет, тағат қыл,

Ғұмырыңды қай жан санап тұр?

Топырақ пен судан жаратты-

Топырақ қайта жұтады

«Диуани хикмет» әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейтін құдыретті күш, айқан бағдарлама деуге болады. Қожа Ахмет Ясауи әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан дүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты деген түйін жасайды. Ал имандылық дегеніміздің өзі Алланың құлына ғана тән, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, оны құдай жолына салып отыратын киелі күш деп түсіндіреді. Ақынның айтуы бойынша, имандылықтың ең басты көрінісі- мейірімді, кешірімді, өзгелерге жанашырлықпен қару болып табылады. «Диуани хикметте» әрбір адамға қажетті қанағат-ынсап сезіміне ерекше мән беріліп, нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екенін ақын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады. «Ақыл кітабы» адамның ішкі жан дүниесінің түрлі теріс ой-пиғылдардан, жаман ниеттерден таза болуын талдап, алла алдында пәк, кіршіксіз болуға шақырады.

Жараңдар бұрынғы өткен аулақ кетті,

Тақ-халас жасы жуды саулап бетті.

Сенің де ғұмырың тәмән-нәубет жетті,

Тәуба қыл күнің үшін ей, пәтшақар!

Не істемес ит нәпсіге берсең ерік?!-

Алла -жат, еңіресең де өршеленіп,

Жеңілсең -тіреледі, жеңсең-өліп,

Ұйқыңды құстай үркіт-түнде шырмар.

Шығармас нәпсі деген түрме құлып,

Аздырар жолдан бұрып мүрде қылып.

Сонымен сүрдің өмір бірге жүріп,

Нәпсіні, нәпсіні теп ей, пәтшағар!

Тұлдырсың-нәпсіге ерсең ақырдеме,

Қосады діннен қуып кәпірлерге.

Өлерде иман кетер ғафыл желге,

Нәпсіден ақылға ер де болғын бизар. Осы хикмет жолдарын дінтану пәнінде «Жиһад» ұғымымен танысқанда пайдаландым. Мұхаммед Пайғамбарымыз «жиһад» алдымен адамның өз нәпсісімен күресуі деген. Бұл мәселе Яссауи бабамыздың хикметтерінде керемет көрініс тапқан.

Мұхаммед пайғамбардан үрдіс болып келе жатқан жол: жиған малдың қызығын тек өзі көрмей, өзге жетім-жесір, мүсәпірлерге де қайырымды болу, жасаған күнәңді дер кезінде түсініп, тәубаға келу, Аллаға сол туралы шын көңілден жалынып-жалбарынудың қажеттігін ұтымды түрде сипаттайды.

Әулиелер уағдасы келді, міне,

Қияметтің күні жақын жетті, достар.

Ақылды құл кетеді айтып ендігіге,

Ел-халықтан мейір-шафқат кетті, достар.

Барша жұрттан әдеп кетті-қыйналған жоқ,

Әйелден-қыз, үлкеннен жас иба алған жоқ.

Расул айтты: «Ұят деген-иманнан» деп,

Арсыз қауым жайлады жер, көкті, достар.

Мұсылмандар өлтіреді мұсылманды,

Тура ісіңді нақақ бұрса,, ішің жанда.

Мүрит біткен пірді аямай ұшынған-ды,

Ондай сұмдар болады екен кекті, достар.

Дүние байлап жүрек көзін, шын асылға

Қолы жетпей қалды жұрттың, ұғасың ба?

Нәтиже жоқ дәруіштер дұғасында,

Сан бәлені ел үстіне төкті, достар.

Ғалым біткен кетті айналып сұм-зарыңда.

Әмірлер көп шаруасы жоқ мұң-залымға,

Жер бетіне сұмдық заман көшті, достар.

Қиямет күн жақын қалды- бұрмады бет,

Құл Қожа Ахмет айтты сөзін - тыңдары жоқ.

Өзі өзіне бір насихат қылғаны жоқ,

Насихатын халыққа айтып кетті, достар.

Дінтану пәнінде исламның әдет-ғұрыпы мен дәстүрлерін түсіндіргенде мұсылманның бес парызымен қатар Ахмет ясауи жолында шариғаттың 10 шарты бар екенін олар: 1) Алланың бірлігі мен Мұхамедтің елші екенін тану, осыған сену; 2) Намаз; 3) Ораза 4) Қажылық 5) Зекет, 6) Жылы сөзді болу; 7) Дінді пайғамбар жолына сай ұстау; 8) Жақсылық жасау; 9) Жамандықты тию; 10)Білім-ғылым табу; екенін айтып өттім. Ал Мұхамед Пайғамбар өмірін өткенде Яссауи бабамыздың Пайғамбарымызға арналған «Салауат» хикметімен таныстырдым

Он сегіз мың ғаламға сәруар болған Мұхаммед,

Отыз үш мың асхабқа сардар болған Мұхаммед.

Жоқшылық пен індетке қанағатшыл Мұхаммед,

Күнә тартқан үмбетке шапағатшыл Мұхаммед.

Бес уақыт намазда имам болған Мұхаммед,

Миғражда көргені Дидар болған Мұхаммед.

Ғаршы, Күрсі базарын иеленген Мұхаммед,

Сегіз бейіш төріне Кие берген Мұхаммед.

Міскін Ахмет құлына мұра қылған Мұхаммед,

Жетімдерге жүрегін шыра қылған Мұхаммед.

7- сыныптың Қазақстан тарихында «Алтын Орда» жайлы өткенде Өзбек ханның ислам дінін қабылдауын Яссауи шәкірттеріне қатысты аңыз - әфсанамен байланыстырдым. Осы сыныпта Яссауи еңбегімен таныстырғанда хикіметтерін толық сынып оқушыларына жаттаттым.

Яссауи ілімі-қоғамның әлеуметтік ынтымақ пен бірлікке ұйытқы болатын, жақсы қасиеттердің кені. Әрбір адам Ясауи ілімінің қыр сырын ашуға тырысуы қажет. Сонда ғана ұлыттық деңгейде жастарды имандылыққа тәрбиелеуге мүмкіндік болады. Адамдардың ойлау жүйесі мейілінше дамып, білімді әрі иманды жастар, келешекке үлкен азамат болып қалыптасады.

Қорыта айтқанда, бұрынғы өткен бабалардың рухани мұрасындағы олардың өсиеті мен өнегесін дұрыс пайдаланып ұлыттық мәдениет пен рухани мұраны халқымыздың қажетіне жаратқанда ғана болашаққа қарай қадам басқан салауатты ел боларымызға күмән жоқ.

Сөзімен аяқтамақпын

Менің хикметтерімді білгірлер алсын,

Мақсаттарына жетіп, бақтары жансын!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал