7


  • Учителю
  • 'Тәуелсіздік-қазақтың сан ғасырлық арманы' сыныптан тыс сағаты

'Тәуелсіздік-қазақтың сан ғасырлық арманы' сыныптан тыс сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік-қазақтың сан ғасырлық арманы!»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының себептері мен мақсаттары жастарды бұл жолға итермелеген әлеуметтік әділетсіздікке төзбеушілік екенің түсіндіру.

Дамытушылық. Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, еліміздің даму тарихы туралы жүйелі ойлау және еркін сөйлеу дағдыларын одан әрі қалыптастыру.

Тәрбиелік. Жас ұрпақты Отаншылдыққа, туған жерге деген сүйіспеншілікке және адамгершіліккке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, газет, журналдар, Желтоқсан құрбандарының суреттері, буклет, бейнетаспа, қанатты сөздер.


Сабақтын барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу,түгелдеу

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Кіріспе сөз:

Оқушылар ғасырларға созылған азаттық, тәуелсіздік жолындағы күресіміздің қайта жаңғырып, дербес ел, тәуелсіз мемлекет болуымызға жол ашқан «Желтоқсан оқиғасы».

Тәуелсіздік алу дүние жүзіндегі отаршыл болған халықтардың армандаған, аңсаған тілегі. Тәуелсіз ел болу сан ғасырлар бойы қазақ халқының арманы еді. Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Тәуелсіздік-қазақтың сан ғасырлық арманы!»деп аталады.

Негізгі бөлім:

1-жүргізуші: - Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар!

2- жүргізуші: - «Тәуелсіздік-қазақтың сан ғасырлық арманы!»атты тарих кешін бастаймыз.

100 жыл өтсе де, 100 ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады.

1986 жылғы Алматы оқиғасы да алты құрлықты аралап кеткен оқиға.

1-жүргізуші:

Кез емес жаугершілік «аттан» атты,

Алаңның шеруі емес салтанатты.

Қытымыр қыстың басы сол бір айда,

Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты.

2-жүргізуші:

Желтоқсан таңы дірілдеп ызғар,

Жүректе жылы үміт пен ізгі ар.

Ақ құстай бейбіт арманы самғап,

Алаңға шықты жігіттер, қыздар.

1 оқушы: 1986 жылы 16 желтоқсан-Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің V пленумында 18 минуттық ұйымдастыру мәселесі қаралды. Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Г.П.Разумовский ұсынысымен Д.А.Қонаевты орнынан алынды. Қазақстан Үкіметінің басшылығына КОКП-ның Ульяновск облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып істеген Г.В.Колбин тағайындалды.Қоғамда жарияланған мақсаттар мен нақты өмір арасындағы күрделі қайшылық нәтижесі 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларына әкеп тіреді. 1986 жылғы 17 желтоқсан- Алматыда жаппай толқу басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады.19-25 желтоқсан күндері жастар ереуілдері мен толқулары Арқалықта, Жамбылда, Жезқазғанда, Шымкентте, Сарыөзекте, Қарағандыда, Көкшетауда, Павлодарда, Талдықорғанда, Шамалғанда және республиканың басқа да қалаларында болып өтті.


Бейне таспа көрсетіледі

1-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасын зерттеген комиссия қорытындысынан:

2-оқушы: 8,5 мыңнан астам адам ұсталып, қаланың сыртына әкетілді.

99 адам айыпталып, бас бостандығынан айырылды. 2- адам ату жазасына кесілді,

83 адам-1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев,Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова сынды қазақтың қайсар ұл-қыздары мерт болды, өлім жазасына кесілді.

2-жүргізуші: Өкінішке қарай, Желтоқсан оқиғасына байланысты қайтыс болған жастардың жалпы саны әлі де толық анықталмады. Шетел ақпарат агенттіктерінің мәліметі бойынша олардың саны 150-ден астам деп көрсетілген. Желтоқсан құрбаны- Қайрат Рысқұлбеков-Алматы архитектура құрылыс институтының студенті.1988 жылы КСРО Жоғары Кеңесі оған берілген ату жазасын 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды.1988 жылғы мамырда қайтыс болды. 1996 жылғы 9 желтоқсан- «Халық қаһарманы» атағы берілді.

3-оқушы:

Әрине суық қайғы, суық қайғы.

Көңілін халқын бірақ суытпайды,

Егерде халық өзін ұмытпаса.

Батыл бол, халқың сені ұмытпайды

Қайырымсыз қазаға -елің бас ұрмайды,

Саған деген сағыныш басылмайды.

Табытыңды жасырса, жер жасырар,

Ал уақыт өзіңді жасырмайды.

Ұзында емес, қысқа емес ортамын,

Жүрегі жоқ адамдардан қорқамын.

Қанды қақпан қармағына іліккен

«Қайрат аға» торқа болсын топырағың

4-оқушы:



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал