7


  • Учителю
  • 'Қазақстан жеріндегі ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (VI-IХ ғғ.) ' (10 сынып)

'Қазақстан жеріндегі ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (VI-IХ ғғ.) ' (10 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

10 сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 9. Қазақстан жеріндегі ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (VI-IХ ғғ.)

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттерге, олардың қоғамдық құрылымдары мен саяси жағдайларына тоқталу.

  • Алған білімін одан әрі дамыту.

  • Бәсекеге барынша қабілетті білімді, шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Карта

  2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба.

Үй тапсырмасын сұрау:

  • Қазақ халқының негізін құраған ежелгі тайпалар мен рулар туралы не білесіңдер?

  • Қаңлы, үйсін тайпалары қазақ халқының қалыптасуында қандай рөл атқарды?

  • Ерте орта ғасырларда қандай этностық өзгерістер болды?

  • Орта ғасырларда қандай этностық өзгерістер болды?

  • Қазақ халқы өзінің қалыптасу тарихында мәдени-тарихи дамудың қандай кезеңдерін бастан өткізді?

  • Қазіргі кездегі түркі тектес халықтардың қалыптасу кезеңдері туралы айтыңдар

  • Осман империясының негізінде қандай ірі халық қалыптасты? Оның өзіне тән қандай ерекшеліктер бар?

Сабақтың жоспары:

  1. Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттер.

  2. Алғашқы мемлекеттің қоғамдық құрылыстары мен саяси жағдайлары.

  3. Алғашқы мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары.

Сабақ жоспарының бірінші мәселесі бойынша хронологияны негізге ала отырып, тірек нүктелері арқылы түсіндіруге болады.

  • 552-603 жж.

  • Түрік қағанаты империясының құрылуы

  • 603-704жж батыс және Шығыс


  • Қара түркештер

  • 704 ж. Түркеш қағанаты құрылды

  • Қытайлар оларға жиі-жиі шабыл жасады


  • Қарлұқтар мен арабтар бірігіп Қытайларға 751 жылы Талас өзенінің түбінде соққы берді. Нәтижесінде 756-940 жж. Қарлұқ қағанаты орнады.

Жоспардың бірінші мәселесі бойынша ІХ ғасырдың соңында: «Оңтүстік Қазақстанда Сырдарияның орта және төменгі ағысында, Арал мен Каспий теңізі аралығында Оғыз мемлекеті, ал Шығыс және Орталық Қазақстанда Қимақ қағанаты құрылған. Сөйтіп, бес ғасыр ішінде Қазақстан аумағында бес мемлекет өмір сүрген»-деп қорытынды жасау.

Жоспардың екінші мәселесін түсіндіру барысында мына кестені пайдалану.

Қаған билігі атадан балаға мұра ретінде қалды.

Қазақ жерінде алған құрылған мемлекеттер Батыс пен Шығыстың арасын байланыстырушы рөл атқарған. Осыны картаны пайдалана отырып түсіндіріп, қазақ жерінде Тараз қаласынан табылған археологиялық қазба жұмыстарының ерекшеліктеріне тоқталу.

Жоспардың үшінші мәселесін оқушылардың өзіне оқытып, мына сұрақтар бойынша жауап беруін және оқыған мәтіндер бойынша жоспар жасауын тапсыру.

  1. Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс қазақстанда шаруашылықтың қандай түрлері дамыды?

  2. Ыстыкөл аймағынан Оңтүстік Қазақстанға дейін қандай қалалар өркендеп дамыды? Картадан көрсетіңдер.

Сабақты бекіту:

  • ҮІ-ҮІІ ғасырларда Қазақстан аумағында қандай мемлекеттер өмір сүрді? ҮІІІ-ХІ ғасырларда ше?

  • Алғашқы мемлекеттер Қазақстанның қай аумағында орналасты?

  • Алғашқы мемлекеттердің қоғамдық құрылысы қандай болды?

  • Алғашқы мемлекеттер қандай елдермен саяси қарым-қатынастыр жасады.

  • Алғашқы мемлекеттердің Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда шаруашылықты жүргізудің қандай түрлері болды? Олардың негізгі қайнар көздері не?

Бағалау:

Үйге тапсырма:§9.

Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру

10-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

  • І тоқсанда өтілген материалдарды қайталай отырып, алған білімдерін пысықтау. Ұлтжанды, білімді жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • ҮІ-ҮІІ ғасырларда Қазақстан аумағында қандай мемлекеттер өмір сүрді? ҮІІІ-ХІ ғасырларда ше?

  • Алғашқы мемлекеттер Қазақстанның қай аумағында орналасты?

  • Алғашқы мемлекеттердің қоғамдық құрылысы қандай болды?

  • Алғашқы мемлекеттер қандай елдермен саяси қарым-қатынастыр жасады.

  • Алғашқы мемлекеттердің Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда шаруашылықты жүргізудің қандай түрлері болды? Олардың негізгі қайнар көздері не?

Қайталанатын материалдар:

  1. Ежелгі тас дәуірі

  2. Соңғы тас дәуірі

  3. Қола дәуіріндегі Қазақстанның археологиялық ескерткіштері

  4. Қола дәуіріндегі ру-тайпалардың шаруашылығы қоғамдық қатынастары және мәдениеті

  5. Қазақстанда темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың зерттелуі

  6. Сақтардың қоғамдық құрылысы мен мәдениеті

  7. Қазақ халқының қалыптасуының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи кезеңдері

  8. Қазақстан жеріндегі ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер

Сабақты бекіту:


  • «Ия жоқ»

  • БҮҮ

  • Бетпе-бет

  • Венн диаграммасы

  • Эрудит


Бағалау:

Үйге тапсырма: § І тоқсан материалдарын қайталау.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал