- Учителю
- 1-2. ХХ ғасырдың басындағы Еуропаның жетекші елдері мен Солтүстік Американың дамуындағы негізгі бағыттар (10 сынып жаратылыстану бағыты)
1-2. ХХ ғасырдың басындағы Еуропаның жетекші елдері мен Солтүстік Американың дамуындағы негізгі бағыттар (10 сынып жаратылыстану бағыты)
Сабақтың тақырыбы: 1-2. ХХ ғасырдың басындағы Еуропаның жетекші елдері мен Солтүстік Американың дамуындағы негізгі бағыттар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жаңа индустриялық кезең, Еуропа мемлекеттерінің саяси құрылысы, ұлттық мемлекеттердің құрылуы, дүние жүзін бөліске салу, милитаризм, пацифизм, ұлтшылдық, нәсілшілдік, ХХ ғасырдың басындағы дүниежүзінің саяси картасы, Әлем өркениеті т.б. мәселелер туралы оқушыларға түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, салыстыру, талдауға үйрете отырып, шығармашылық ізденіске жетелеу.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларға әлем тарихын оқыта отырып, басқа елдің тарихын, салтын, дәстүрін құрметтеуге үйрету.
Көрнекілігі: Дүниежүзінің саяси картасы, кеспелер, кестелер.
Сабақтың әдісі: тірек-сигналдар арқылы оқыту
Пәнаралық байланыс: география, Қазақстан тарихы.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Жаңа сабақты меңгерту
-
Тірек-тақырыптармен жұмыс жүргізу
-
Термин сөздермен жұмыс
-
Тірек-сызбамен жұмыс
-
Топтастыру стратегиясы
-
Бекіту сұрақтары
-
Үйге тапсырма беру
Термин сөздерді іріктеу: монархия және республика, абсолюттік және конституциялық монархия, милитаризм, пацифизм, антисемитизм, империализм, доминион, протекторат, өркениет.
Термин сөздермен жұмыс:
№
Термин сөздер
Анықтамасы
1.
Монархия
Бір елді бір адам басқарып, оның билігі шексіз және билік мұрагерлікпен беріліп отырады. Монархия - аблсолюттік және конституциялық форма болып бөлінеді.
2.
Абсолюттік монархия
Монарх билігінің, оның құзырының шексіз екендігін білдіреді. Биліктің мұндай түрі - Ресейде, Австро-Венгрия мен Германияда болды.
3.
Конституциялық монархия
Мемлекет билеушісінің: монарх, король, император, хан, сұлтан билігі шектеулі. Мемлекеттің жоғарғы билігі мұндай жағдайда - монархқа және қандай да бір сайланушы органға (парламентке, кеңеске) тиесілі болды.
4.
Парламенттік монархия
Ұлыбританияда, Норвегияда, Швецияда, Бельгияда, Нидерландыда орныққан.
5.
Республика
Биліктің жоғары органдарын халық сайлайды және өкілетті жалпыұлттық мекемелер мен парламент болады. Бұл Францияда, Швейцарияда және АҚШ-да республикалық құрылыс.
6.
Милитаризм
Мемлекеттің әскери - соғыс қуатын күшейтү, мемлекеттік және қоғамдық өмірдегі әскери және әскери-соғыс мекемелердің ықпалын арттыру саясаты.
7.
Пацифизим
Соғыстың қандай түріне болмасын қарсы тұрып, бейбітшілікті жақтайтын саясат, қоғамдық қозғалыс, буржуазиялық - либералдық ағым. Пацифистер әлемдік бейбітшілікке адамзат қоғамының рухани мінез-құлқын жөндеу арқылы жетуге болады деген пікір білдіреді.
8.
Антисемитизм
Ұлттарға дұшпандықпен қарау, яғни еврейлерге дұшпандықпен қарау. ХІХ-ХХ ғасырларда қуатты саяси күшке айналды.
9.
Империализм
Басқыншылық саясатты, бөтен аумақты басып алуды, өзге жерді билеудің үстемдігін білдіреді.
10.
Доминиондар
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың басында еуропалықтар қоныстанған отарлар. Доминиондар өзін-өзі басқаруға құқық алды. Олардың қатарына Канада, Жаңа Зеландия, Аустралия, Оңтүстік Африка Одағы.
11.
Протекторат
Отарлық үстемдіктің бір түрі. Басқарушы мемлекет бағынышты елдің барлық сыртқы саясатына бақылау орнатып, отаршылдық үстемдік жүргізеді.
12.
Өркениет
Өркениет ұғымы ғылымға ХҮІІІ ғасырда енгізілді. Ол адамзат қоғамының мәдениеті, халықтың рухани ерекшелігі, дүниетанымы және дәстүрін бейнелейді.
Тірек-сызбамен жұмыс
Отар және жартылай отар елдер
Топтастыру стратегиясы:
Бекіту сұрақтары:
-
Капиталистік мемлекеттердің отар және жартылай отарларына айналған елдерді атаңдар.
-
Еуропа мен Американың жетекші державаларына Азия мен Африка елдерінің отар және жартылай отарларға айналуының қандай себептер болды?
-
Империя, император, империализм терминдерінің арасында мағыналық байланысын түсіндіріп бер.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқып, картамен жұмыс жүргізіп келу.