7


  • Учителю
  • 'Тарих ғасырлар куәсі' атты Қазақ хандығының 550 жылдык мерейтойына арналған сыныптан тыс шара

'Тарих ғасырлар куәсі' атты Қазақ хандығының 550 жылдык мерейтойына арналған сыныптан тыс шара

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныптан тыс тәрбие сағатының тақырыбы:

«Тарих ғасырлар куәсі»

Тәрбие сағатының мақсаты:

  • Білімдік:

Қазақ хандығының негізін салушы Жәнібек пен Керей хандар туралы мәліметтер бере отырып, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің алғашқы аумағы, этникалық құрылымы туралы мәлімет беру;

  • Дамытушылық:

Жас буынның ата тарихын терең оқып білуге деген қажеттіліктерін қалыптастыру, шығармашылық ізденісін ұщтау арқылы ой қорыту машықтарын дамыту;

  • Тәрбиелік:

Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға патриотизмге, өз Отанын ,елін-жерін қорғауға тәрбиелеу.

әдісі: «Әңгімені кадрлап бөлу» стратегиясы, «Стоп кадр», «Құмырсқа» стратегиясы
Сабақ көрнекілігі видео материал «Қазақ елі», презентация, суреттер


Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру:

  • Құрметті оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Тарих ғасырлар куәсі»

  • Сағатымыз Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналады.

  • Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан халқына арналған 2015 жылғы Жолдауы қалай аталады?(«Нұрлы жол болашаққа бастар жол» Жолдауы)

  • 2015 жылы қандай атаулы мерейтойларды тойланады? (Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Ассамблеясының және ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Ұлы жеңіске 70 жыл)


Тарихи деректермен жұмыс

«Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде былай дейді:

« Ол кезде Әбілхайыр хан биледі. Ол әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді.


Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды.

Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шетіндегі Шу мен Қозыбасы аймақтарын берді.


Олар барып орналасқан соң Әбілхайыр хан дүние салды да, Өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды.


Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті.

Қазақ сұлтандары (хижраның автордан) жылдары (-) билей бастады. Бәрін тек Алла біледі».


1499-1551 жж. өмір сүрген тарихшы, мемлекет қайраткері.

Еңбекте 14 ғ. ортасынан 16 ғ. 40-шы жылдарына дейінгі ,

тарихы баяндалады.

«Тарихи Рашиди» еңбегінің маңыздылығы - онда Қазақ хандығының құрылған уақыты мен орнына қатысты құнды көптеген мәліметтер бар.


«Керей хан мен Жәнібек хан», - деп жазады Махмұт ибн Уәли, «Бахр әл-асрар» еңбегінің авторы, - сол аумақта (Моғолстанда) ұзақ тоқтаған кезде Әбілхайыр ханды ұнатпаған қол астындағы белгілі және қарапайым адамдардың қай қайсысы болмасын олардан пана тапты».


«Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде былай дейді:

«Ол кезде Әбілхайыр хан биледі. Ол әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шетіндегі Шу мен Қозыбасы аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Қазақ сұлтандары жылдары (-) билей басталады.Бәрін тек Алла біледі».

1499-1551 жж. өмір сүрген тарихшы, мемлекет қайраткері. Еңбекте 14 ғ. ортасынан 16 ғ. 40-шы жылдарына дейінгі , тарихы баяндалады. «Тарихи Рашиди» еңбегінің ортағасырлық тарихы үшін маңызы өте жоғары. Онда Қазақ хандығының құрылған уақыты мен орнына қатысты құнды көптеген мәліметтер бар.

«Керей хан мен Жәнібек хан», - деп жазады Махмұт ибн Уәли, «Бахр әл-асрар» еңбегінің авторы, - сол аумақта (Моғолстанда) ұзақ тоқтаған кезде Әбілхайыр ханды ұнатпаған қол астындағы белгілі және қарапайым адамдардың қай қайсысы болмасын олардан пана тапты».

Ойын ережесі: Әрбір топтағы сұраққа бір рет жауап берген оқушы келесі ретте жауап бермей, басқаларға жол беруі керек. Топтағы жолдастарына дұрыс жауабы бар карточканы көрсетіп көмектесе алады. Ең соңғы карточка қалғанда сұрақты толық оқымай жартысын айтамын, оқушылардың өздері ол не туралы екенін жылдам айтады.

Карточкалар бойынша топтарға қойылатын сұрақтар тізімі (сұрақтардың көпшілігі түрлендірілген, оқушылар жауаптарын мағынасы бойынша табуы тиіс):

1. Дулати басқарған Әбілхайыр ханның қол астындағы сұлтандарға қысымы туралы қандай дерек бар?

2. Әбілхайыр ханнан бөлініп көшкен Керей мен Жәнібек хандар қай жерге көшті?

3. Моғолстан ханы Есен Бұға оларға қай жерді берді? (Қазақ хандығы қай жерде құрылды?)

4. Қазақ хандығы құрылған алғашқы жылдары қандай саяси жағдай қалыптасты?

5. Әбілхайыр хандығы жерінің үлкен бөлігінің Қазақ хандығына қосылуы сандық өзгерістер әкелді ме?

6. «Тарихи Рашиди» еңбегінде Қазақ хандығының құрылу уақыты туралы дерек бар ма?

7. М.Х.Дулати кім болған, қашан өмір сүрген?

8. М.Х.Дулати еңбегінде не туралы баяндалады?

9. «Тарихи Рашиди» еңбегінің Қазақ тарихы үшін маңызы неде?

10. «Бахр әл-асрар» еңбегінің авторы Қазақ хандығы туралы қандай дерек келтіреді? (жарты сұрақты ғана оқу)

2) Топтық тапсырма карточкаларды ретімен орналастырып одан жүйелі мәтін құру;

«Үздіксіз айту» 2-3 кілт сөздерді (карточкадағы мәтін бойынша бірнеше кілт сөздерді) өзім дайындап қойып, тақтаға шыққан оқушының 30 сек немесе 1 мин. ішінде сол сөздерді қолданып, есінде қалғанын әңгімелеп айтып шығуы керек.

Кілт сөздер: Тарих-и Рашиди, Керей мен Жәнібек, Қазақ хандығы

«Стоп-кадр» әдісі. Керей мен Жәнібек - Қазақ хандығының тұңғыш хандары тақырыбындағы суретті көрсету. Оқушыларды тақтаға шығарып, дәл суреттегідей кейіпке еніп тұруды ұсыну.

Сұрақ: Не көріп, не естіп, не сезіп, не ойладыңыз? диалог құру

Мәтінмен жұмыс. «Құмырсқа» стратегиясы тақырыпқа қатысты кілт сөздері бар мәтінмен жұмыс

«Таулар» тобына тапсырмасы:

XV ғасырдың басында Әбілхайыр билік еткен кезде (1428-68 жылдары) халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. пен Жетісудағы көшпелі халық феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде, хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып, біртұтас мемлекет етіп құруды бастады. Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан хандығының күш-қуаты әлсіреп, күйреу дәрежесіне жетті. 1460-жылдардың ортасында Қазақ хандығы дербес мемлекетке айналып, жер аумағын кеңейте бастады.

«Өзендер» тобының тапсырмасы

Керей хан (туған, өлген жылы белгісіз - 15 ғасырдың 70-жж.) - негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы. ханы Орыс ханның ұрпағы. Орыс ханнан , одан , одан Керей хан тараған.

дерегі бойынша, Керей хан - Болаттың жалғыз баласы. Керей хан мен арқасында ағасы Жүніске қарсы күресте сенімді, әрі мықты одақтас табады. Жүніс - жылы Есенбұға хан қайтыс болғанға дейін Моғолстан тағына қарсы ешқандай әрекет жасай алмайды.

«Қалалар» тобының тапсырмасы.

Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталығына айналды. Моғолстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Әмір Темір мұрагері Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуылынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді.

«Теңіз-көлдер» тобының тапсырмасы.

өлгеннен кейін хан тағы үшін болған өзара қырқысулар Дешті-Қыпшақта өрши түсті, оған туған жерге оралуды көздеп жүрген Жәнібек хан мен Керей хан да араласып кетті. Олар Әбілқайыр мұрагері және Мұхаммед Шайбани хандармен кескілескен шайқасқа түсті. М.Шайбани Мауараннахрдағы темір ұрпақтарының қолдауына арқа сүйеді. Қазақ хандары 30 жылдай уақыт бойы шайбанилықтармен табан тіресе шайқасты. Күрес ауыспалы жетістіктермен өтті де, ХV ғасыр соңы ХVІ ғасыр басына қарай Қазақ хандығы экономикалық жағынан нығайып алды және қазақтардың этникалық жерінің едәуір бөлігін өзіне қосып алып, аумақтық жағынан кеңейе түсті.

«Мемлекеттер» тобының тапсырмасы.

ХV ғасырдың екінші жартысы ХVІ ғасырда қазақ халқының негізгі этникалық топтары мен оның этникалық аумағының Қазақ хандығына бірігуі (консолидациясы) халықтың қалыптасуының аяқталуын жеделдетті. Монғол басқыншылығынан кейін Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның барлық дерлік түрік рулары мен тайпалары алғаш рет бір мемлекетке бірікті. ХV ғасырдың соңы ХVІ ғасыр басындағы кезең Орта Азия мен Қазақстан халықтары өмірінде маңызды оқиғаларға толы болды.

Осы бетбұрысты кезеңде қазақтардың мемлекетін басқару Керей ханның баласы Бұрындық хан мен Жәнібектің мұрагері Қасым ханның үлесіне тиді.

Презентация

Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (XV-XVI ғғ. басы). Интерактивті сабақты көрсетіп тыңдату.

Стоп-кадр 2. Екі хан образына кірген оқушыларды қайтадан тақтаға шығарып, алған білімін, эмоциясын пайдалана отырып, енді не көріп, не естіп, не сезіп, не ойладың деген сұрақтарды қою. Пікірлерін тыңдау.

(Тәрбие сағатын аяқтау, мұғалімнің қорытындылауы)





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал