7


Урок по истории 'Үндістан'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ШҚО, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы

«М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ

Ермекбаева Кенжегул Несиптаевна,

тарих пәнінің мұғалімі


Сабақ

Пәні: Дүниежүзі тарихы

Сынып: 9 Күні: 09.12.2015

Барлық оқушы саны:

Қатысқан оқушы:

Сілтеме:

Күнтізбелік жоспар,оқулық. Дүниежүзі тарихы 9- сынып.

Тақырып:

Үндістан

Жалпы мақсаты:

Үндістанның1914-1945 жылдардағы саяси - әлеуметтік және экономикалық дамуына сипаттама беріп, ондағы басты ерекшеліктерді атап көрсету. Оқушылардың назарын

Үндастандағы Ұлт - азаттық күреске аударып, оның кезеңдері мен күрес тәсілдерін нақты фактілер арқылы түсіндіру.Елдегі саяси партиялар туралы түсіндіріп , олардың бағдарламасымен таныстыру. М.К.Ганди ұлт - азаттық күрестегі қызметі туралы әңгімелеп, М.К. Ганди ұсынған күрес жолын ұғындыру.

Білімді азамат тәрбиелеу.

Ресурстары:

оқулық, карта,флипчарт, бор

Әдісі-тәсілдері:

тәсілі: жекелей,жұптық, топпен

Әдісі: ой қозғау, диалог, сұрақ-жауап, топтық талдау, «Т-кестесі», сызба құру, «Сұрақтар кестесі», «Ойды қорытындылау», картамен жұмыс.

Оқыту нәтижелері:

  • Хронологиялық кесте құрастырады;

  • Үндістанның1914-1945 жылдардағы саяси - әлеуметтік және экономикалық дамуы туралы, ұлт-азаттық күрес тарихы жайында айта алады ;

  • Жұптық, топтық жұмыстар негізінде ынтымақтастыққа үйреніп, шығармашылықпен жұмыс жасайды;

  • Өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізуге үйренеді;

  • Терминдер мен ұғымдарға анықтама бере алады;

Түйінді идеялар:

Үндістан

Дереккөздер:

Оқулық, хрестоматия, қосымша мәліметтер.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Модульдар

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, түгендеу

«Кім?» ойынының жүру ережесімен таныстырады.

Оқушылар бір-біріне «Кім адал?» «Кім өтірік айтпайды?» «Кім сабақтан кешікпейді?» «Кім әнші?» «Кім биші?» «Кім спортты сүйеді?» «Кім өте көңілді?» «Кім тапқыр?» «Кім суретші?» «Кім шебер?» «Кім жылдам?» «Кім әзілқой?» «Кім ақылды?» «Кім ақын?» «Кім ұйқыны жақсы көреді?» «Кім ашуланшақ ?» «Кім момын ?» «Кім сәнқой ?» «Кім ?» деп жазылған стикерді бір-біріне береді.

Үй тапсырмасы

Мұғалім оқушыларды сырттай бақылап,білім ,білік дағдыларын анықтап кері байланысқа шығады

«Қытай. Моңғолия».

  1. Картадан елдерді көрсету.

  2. «Сандар» - «№1», «Жылдар» - «№2», «Тұлғалар» -«№3», «оқиғалар»- «№4» топқа бөлінеді.

  3. Карточкада көрсетілген сандар мен жылдар, тұлғалар мен оқиғаларға сипаттама береді.

Оқушылар бірін-бірі тексереді.

Жаңа тақырып


Қызығушылығын ояту

Жаңа тақырыппен таныстырып, мақсатын оқушылармен бірлесе отырып анықтайды

«Бүгінгі сабақта қандай мәселелер бойынша сөз қозғалуы мүмкін?» сұрағына өз ойларын білдіреді


Мұғалімнің мадақтауы

Сыни тұрғыдан ойлау


Мағынаны ажырату

Топтағы оқушыларға жаңа тақырыптың мәтінімен танысып шығуға уақыт береді:

І топ- «І дүниежүзілік соғыс кезіндегі елдің жағдайы»

ІІ топ- «Ұлт-азаттық қозғалыстың басталуы»

ІІІ топ- «І дүниежүзілік соғыстан кейінгі Үндістан. 1917-1923 жж. революция»

ІV топ- «Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында ұлт-азаттық қозғалыстың өршуі»

Оқушылар мәтінмен танысып, топта талдайды, сызба мен кестелер құрып, аудиторияға қорғайды:

І топ- «І д.ж. соғыс жж. Үндістан мен Қазақстан»

/Т-кестесі/

ІІ топ- «Күш қолданбай қарсыласу» /сызба/

ІІІ топ- «1917-1923 жж. революциялық күрес» /жоспар құрып, жауап жазу. Жоспарларын тақтаға жазып көрсетеді /

ІV топ- «Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында ұлт-азаттық қозғалыстың өршуі» /сызба/

«Бас бармақ»

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Сергіту сәтін өткізу.


«Ортақ портрет» ойыны бойынша сергіп, демалады.

Ой толғаныс

Сабақ барысында меңгерген білімдерін пайдаланып, шығармашылықпен жұмыс жасау үшін тапсырма береді.

  1. Тақтаға мұғалім сызған «Сұрақтар кестесіне» сұрақтары жазылған стикерлерді жабыстырады.

  2. «Ойды қорытындылау» /топ болып орындайды/

І топ- «20ғ. басындағы Үндістанда ұлт-азаттық қозғалыс жандана түсті»

ІІ топ- «М.К.Ганди ұлт-азаттық күрестің бұрын болмаған жаңа түрін қолданды»

ІІІ топ- «Ағылшындар екіжүзді саясат қолданды»

ІV топ- «ІІ д.ж. соғыс жылдарында Үнді халқы көп қиындық көрді» /дәлел, сұрақ, жауап/

«Екі жұлдыз, бір тілек» топтар бір-бірінің жауаптарын бағалайды

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Бағалау

Оқушылардың үй тапсырмасына жауаптарын, топ басшыларының бағалауын және шығармашылық жұмыстарға қатысуы негізінде бағалау.

рефлексия

Сабақ жайлы өз ой пікірлерін А3 форматты бетіне стикер жабыстырады.

Үйге тапсырма

П.13 оқуға. Жаңа ұғымдар мен терминдерді жазу. «Сұрақтар кестесін» толтыру.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал