- Учителю
- Тарих пәнінен сабақ жоспары 'Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі' (6 сынып)
Тарих пәнінен сабақ жоспары 'Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі' (6 сынып)
Ежелгі Қазақстан тарихы 6 сынып 15.01.2015ж
Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сақтардың парсыларға қарсы күрестегі ерлігі мен тәуелсіздік үшін күрескен даңқты қолбасшылар Томирис, Спитамен, сақ жауынгері Шырақтың ерлігі туралы қосымша ізденіс жұмыстары арқылы жүйелеп меңгерту.
Дамытушылық мақсаты: Қосымша құжат, деректер және әдебиеттерді пайдалана отырып, оқушылардың ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды намысшылдыққа, ерлікке, өз елінің ұлтжанды патриоты болуға тәрбиелеу..
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі.
Сыныпты үш топқа бөлу.
Оқушыларға физминутка жасату
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы.
«Ой қозғау»
1. Тарихтың атасы кім?(Геродот)
2. Сақтардың өмірінде қай түлік маңызды орын алды?(қой, ешкі)
3. Сақтар қандай баспаналарда тұрған?(киіз үй, қыста ағаш үй)
4. Сақтардың қосымша кәсібі?(балық аулау)
5. Сақтардың қазандары мен құрбандық табақтары қай өңірлерден табылды? (Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Іле аңғары, Ыстықкөл маңы)
6. Сақтар қоғамы неше топқа бөлінеді?(жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер)
7. Геродот сақтарды қалай атаған?(құдіреттіеркектер)
8. Суару каналдарының іздері табылған қоныс?(Шірік - Рабат)
9. Сақтардың діни нанымдары мен ғұрыптарының негізгі бағыты?(ата - баба аруағынасиыну)
10. Сақтардың қыш ыдыстары қай қорғаннан табылды?(«Есік» қорғанынан)
Жаңа сабақ
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі.
Қызығушылықты ояту
Сақтардың патшайымы кім? (Томирис)
Ендеше Томирис туралы бейнефильм көрейік.
ІІІ топқа тапсырма беремін. Сақтар туралы не білеміз? 5 сыныпта өткен
тақырыптарды еске түсірейік.
Ендеше балалар жаңа тақырыпқа көшеміз. Ол үшін тәуелсіздік дегеніміз не сол сөздің мағынасын ашып алайық.
Ассосация «Тәуелсіздік» Әр топ жеке, жұппен, топпен орындайды, бір оқушы тақтаға шығып қорғайды.
Тәуелсіздік Қазақстанға оңай келген жоқ. Бұл жолда қазақ халқы алапат шығындарға ұшырады, сан мыңдаған боздақтар қаза тапты, аштан қырылды, зиялы қауымын жоғалтты. Бірақ түптің түбінде аңсаған арманға қол жетті.
- Тәуелсіздік жолында біздің аға - апаларымыз да өз өмірлерін құрбан етті. Олар кімдер? Білемізбе? (Желтоқсан жұлдыздары: Қайрат, Ләззат, Сәбира)
Ұлы Отан соғысының батырлары (Әлия, Мәншүк апаларымыз). Осындай ер жүрек батырлар сақ тайпаларында болған. Олар өздерінің тәуелсіздігі үшін күресті. Сақ қоғамында әйелдерді құрметтеп сыйлаған. Тайпа көсемдері болып та сайланған.
Томиристің ұлы Спаргапис жаудың соңынан қуып, тәжірбесіз жас болғандықтан торуылға түсіп қалады.
1. Спаргапис бастаған жауынгерлердің қателігі неде?
2. Томирис деген кім екен?
3. Сақтар қандай елдермен соғысты?
4. Елінің тәуелсіздігі үшін Шырақ қандай ерлік көрсетті?
Ендеше өз ойларыңды қорытындылап, дәптерге 5 жолды өлең жазыңдар.
1. зат есім. 1 сөз. Тақырыптың атауы.
2. сын есім 2сөз. тақырыптың сипаты.
3. етістік. тақырып туралы қимылды білдіретін 3 сөз
4. тақырыпқа қарсы 4 сөзден тұратын сөз орамы.
5. 1 сөз тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.
Презентация қорғау (фильм қосу)
1 топқа «Шырақтың ерлігі» тақырыбында
2 топқа «Сақтардың сыртқы жауларға қарсы күресі»
3 топқа «Сақ шаруашылығы»
Бекіту сұрақтары:
1. Сақтар қандай елдермен соғысты?
2. Шырақтың орнында болсаң сен осындай әрекетке барар ма едің?
3. Спаргапис кім?
4. Сақ қоғамында өмір сүрген адамдардың тобы?
«Екі жұлдыз, бір пікір» әдісі. Оқушыларға стикерлер тарату.
Үйге тапсырма:
Сақтар тақырыбында эссе жазу.
Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
1. Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін толықтыру, тәуелсіздік үшін сақтардың парсыларға, гректерге қасы күресі туралы әңгімелей отырып, олардың ерлігін ашып көрсету.
2. Дамытушылық: Оқушының ой - өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою және сұрақ - жауап әдісі бойынша сабақтың тақырыбына сай білімін толықтыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларға сақ патшаларының ерлігін үлгі етіп, оқушылар бойында батылдық, ерлік туралы ой тудыру
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, карта.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, ойды жинақтау, талдау, сұрақ - жауап, жүйелеу.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Түгендеу.
3. Сабаққа даярлығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша білім - білік дағдысын тексеру:
Сөзжұмбақ «Сақтар»
1. Геродот Қазақстанның ежелгі тұрғындарын қалай атаған?
2. Сақтардың негізгі шаруашылығы қандай шаруашылық болған?
3. Сақтардың өмірінде көлік ретінде маңызды орын алған төрт түлік?
4. Шөлді және шөлейт жерлерде қандай мал асыраған?
5. Парсылар Жетісуды мекендеген сақтарды қалай атаған?
6. Шірік - Рабат қонысы қазіргі қай облыста орналасқан?
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау мақсатында:
Ресбус «Геродот»
ІV. Жаңа сабаққа кіріспе:
"Сақтар дұшпанға - қатал, досқа - адал" Геродот.
V. Жаңа сабақты түсіндіру:
Тақырыптың негізгі мазмұнының жоспары:
1. Кир әскерінің басып кіруі.
2. Шырақтың ерлігі.
3. Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы
Б. з. б. 530 ж. сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлері басып кірді. Бұл кезде сақтардың билеушісі ТОМИРИС еді
"Әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ"
Рим тарихшысы Помпей Торг
Геродоттың сипаттауынша,"Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе - жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі"
Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң б. з. б 519 ж. парсылар қайта шабуыл жасайды. Бұл жорықты ДАРИЙ патша басқарады
"Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым" деген Дарийдің сөдері Бехистун жазбаларында айтылады.
"Шырақ есімді бір сақ, өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген етіп көрсетеді. Парсы әскерлерін оларға баста барамын деп алдап, адастырып, сусыз шөлге апарады. Парсының шапқыншы әскерлері шөлден қырылады"грек тарихшысы Полиэн
Б. з. б. 490 ж. Марафон шайқасында парсы әскерінің құрамында гректерге қарсы сақ жауынгерлері соғысты
Б. з. б ІV ғасырда гректер сақ жеріне қауіп төндірді.
"Қолбасшы Александр Македонский Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтарға шабуыл жасады" Грек тарихшысы Арриан
VІ. Бекіту:
Суреттер сөйлейді
1. Ежелгі грек тарихшысы, ол сақтардың жауынгершілігі туралы былай деп жазған: "Еуропалық патшалықтар түгілі Азияның өзінде сақтарға қарсы келетін бірде - бір халық болған жоқ". Геродот
2. Б. з. б. 519 - 518 жылдары сақ жеріне жойқын жорығын бастаған патша. Дарий
3. Парсылар патшасы державасының негізін қалаған Камбистің ұлы Кир патшаны өлтірген қолбасшы, тұңғыш әйел. Томирис
4. Б. з. б. IV ғасырдың 30 - жылдары грек - макендондықтар осы адамның бастауымен сақ - скиф жеріне басып кіреді. Ол адам кім? А. Македонский
Сәйкестірілмелі тест
1. Кирге қарсы күресті бастаған сақ патшасы.------Томирис;
2. Өз елі үшін жанын пида еткен бақташы.---------Шырақ;
3. Сақ патшайымы Томиристің ұлы.-----------------Спаргапис;
4. Б. з. б. 530 ж. сақ жеріне басып кірген парсы патшасы.-----Кир;
5. Шырақтың ерлігін суреттеген грек тарихшысы.--------Полиэн;
6. Б. з. б. IV ғ. Сақ жеріне қауіп төндірген.-------Гректер;
7. Б. з. б. 519 ж. сақ жеріне басып кірген парсы патшасы.-----Дарий;
VІІ. Қорытындылау:
Авторлар Деректер көзі
Помпей Торг "Әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ."
Полиэн "шырақ есімді сақ бақташысы, өзін сақ көсемдерінен жәбір көргенін айтып, парсы әскерін оларға бастап баратынын айтып, алдап, адастырып кетеді."
Арриан "Қолбасшы Александр Македонский Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтарға шабуыл жасады"
Гродот "Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе - жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады"
VІІІ. Үйге тапсырма:
14. оқып, мазмұндау. Жұмыс дәптерін толтыру.
Сабақтың тақырыбы: " Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі"
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі, шетелдік басқыншыларға тойтарыс берген ерлігі жайлы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, жүйелі ой қабілетін дамыту, өз бетінше қорытынды жасау және шығармашылықпен айналысуына ықпал жасау, бағыт - бағдар беру, еркін сөйлеп, ойын жеткізе білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту және өздігінен оқып - үйрену, ізденіс сабағы.
Сабақтың әдісі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тақырыптық слайдтар, бүктемелер, карта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысу даярлығын, оқу құралдарын түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы.
Сынып үш топға бөлінеді.
1. Блиц сұрақ
1. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін қашан алды?
2. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз кім?
3. Қазақстан Республикасы неше мемлекетпен шектеледі?
4. Сақтар қаншаға бөлінеді?
5. Қазақстанның астанасы?
6. Айша бибі кесенесі қай жерде орналасқан?
7. Үш жүздің басын біріктірген хан?
8. Александр Македонскийді қазақтар қалай атаған?
9. Тарихтың атасы кім?
10. Дүние жүзіндегі қазақтар саны?
1. ҚР - н президенті кім?
2. Питекантроп қай жерден табылған?
3. "Арыстанбаб" кесенесі қай жерде орналасқан?
4. "Жеті жарғыны" кім шығарған?
5. Сақтар қоғамы қаншаға бөлінген?
6. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері?
7. Конституция неше бөлімнен тұрады?
8. Қазақстандағы қазақтардың саны қанша?
9. Үш бәйтерек деп кімдерді айтамыз?
10. Қазақстан жер көлемі жағынан нешінші орында?
1. Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?
2. Неандерталь адамы қайдан табылды?
3. Қазақстанла қанша облыс бар?
4. Қожа Ахмет кесенесі қай жерде орналасқан?
5. Қазақтың соңғы ханы?
6. Әлемдік діндерді ата?
7. ҚР - ң төл теңгесі қашан шықты?
8. Қазақ АКСР - нің тұңғыш астанасы?
9. Қазақстан халқының саны қанша?
10. Дүние жүзінде неше мұхит бар?
Картамен жұмыс
1. Хаомаварга сақтарының мекендеген жерін айтып бер?
2. Тиграхауда сақтары қай жерді мекендеген?
3. Олдувай шатқалы қай мемлекеттің территориясында Парадарайа сақтары қай жерде орналасқан?
4. Кроманьон үңгірі қай жерде орналасқан?
5. Неандерталь адамы қай жерден табылды?
Көкпар
І - топ
1. Сақтар туралы мәліметтерді қай елдің авторлары арқылы білеміз?
2. Ирандықтар мен парсылар сақтарды қалай атаған?
3. Сақ қоғамы қандай үш топқа бөлінген?
ІІ - топ
1. Грек авторы Ктесийдің сақтары туралы жазбасында не жайлы айтылды?
2. Арал теңізінің солтүстік шығысын мекендеген сақтарды жазба деректерде қалай атаған?
3. Сақтар қай мың жылдықта Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген, негізгі шаруашылығы?
ІІІ - топ
1. Ертеде темір қандай тәсілмен өндірілді?
2. Геродоттың айтуынша сақтар қандай үйлерде тұрған?
3. Ежелгі грек авторлары сақтарды қалай атаған?
Сабақтың жоспары
1. Кир әскерінің басып кіруі.
2. Шырақтың ерлігі.
3. Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы.
4. Абайдың "Ескендір" поэмасы.
Әр топ өз тақырыптарын қорғайды.
Білім самұрығы
Томиристің баласының есімі кім?
Б. з. б. қай ғасырда гректер сақ жеріне қауіп төндірді?
Александр қай өзеннің жағалауына келіп тоқтады?
Дарийдің әскерін адастырған сақ малшысы?
Дарийдің әскерін адастырған сақ малшысы?
Спитамен Соғды елінің астанасы Самарқанды азат ету үшін қай жылы жарық жасады?
Спитамен Соғды елінің астанасы Самарқанды азат ету үшін қай жылы жарық жасады?
Сақтар грек гарнизоны орналасқан қай қаланы қоршауға алды?
Парсы әскерінің құрамындагректерге қарсы сақ жауынгерлері қай жылы соғысты?
Хронологиялық жұмыс
Кім тапқыр
Б. з. б. 330 ж. Г. Дарий шабуылы
Б. з. б. VIII ғ. - б. з. V ғ. Кир әскері сақ жеріне басып кірді
Б. з. б. 484 - 425 Страбон
Б. з. б. 64 ж. - б. з. 24 ж. Темір дәуірі
Б. з. б. 530 ж. Шірік - Рабат
Б. з. б. 519 ж. А. Македонский Самарқанды басып алды
Б. з. б. ІV ғ. - б. з. ХІІІ ғ. Геродот
Сөз жұмбақ
1. "Зерттеу" оқиғалар жайлы әңгіме деген мағынаны білдіретін ғылым.
2. Қазақ хандарының бірі.
3. Сақтардың көсемі.
4. Дарийдің сөзі қандай жазбаларда айтылады?
5. Шырақ жайлы баяндаған грек тарихшысы.
6. Сақ патшайымы.
7. Сақтардың жалпы атауы.
8. Жауынгер сөзінің синонимі.
9. Арал теңізін мекендеген сақ тайпаларының жазба деректердегі аталуы.
10. Абайдың поэмаларының бірі.
11. Парсы патшасы.
1. Т А Р И Х
2. Т Ә У Е К Е Л
3. С К У Н Х А
4. Б Е Х И С Т У Н
5. П О Л И Э Н
6.Т О М И Р И С
7.К Ө Ш П Е Л І Л Е Р
8.С А Р Б А З
9.И С С Е Д О Н Д А Р
10.Е С К Е Н Д І Р
11.К И Р
Үйге тапсырма: § 14 оқу
Дәптерге маңызды даталар мен оқиғаларды түсіру.
Оқушы білімін бағалау.
«Жас тарихшы» танымдық білім сайысы
Білімділік: Оқушыларды өз ойларын шапшаң, тұжырымды, жинақы әрі ашық айтуға, ұтымды түрде сөйлей білуге, білімдерін тиімді пайдалануға баулу.
Дамытушылық: Ой - әрекетін дұрыс талдай отырып, топтастыруға, жинақтай, нақтылай білу, арнайы есте сақтау, шапшаң ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын сауатты түрде айта білуді қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды бір - бірін силауға, сын көтере білуге баулып, өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын, бәсекеге қабілетті, ұжымшыл зерделі тұлға тәрбиелеу.
Түрі: Танымдық ойын
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, пікір талас
Көрнекілігі: Нақыл сөздер
Жүргізуші сөзі: Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н. Назарбаевта Жолдауында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы - білім. Білім - патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі.
Бүгінгі сайысымыздың ұраны:
Білекті бірді жығады
Білімді мыңды жығады
Жүргізуші сөзі: Құрметті аяулы көрермендер
Білімнен сусындаған жас өрендер
Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге
Бұл кеш қалсын мәңгі есіңізде - дей отыра бүгінгі «Жас тарихшы» атты білімділер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер
Жүргізуші сөзі:
Әділеттік болмаса егер шығар алға
Бұл дүние жақсылардан қалар ада
Әділқазы алқасы сеніп тұрмыз
Мықтыларға берер деп әділ баға - дей келе, бүгінгі ойынымызға төрешілік жасайтын әділ - қазы алқаларымен таныс болайық.
1.
2.
3.
Жүргізуші сөзі:
Шақырамыз сайыскерді ортаға
Қол соғады көрермендер таңдана
Сайыскер өнеріңді ортаға сал
Осы кеште біліміңді сынап ал
Білмегеніңді осы кеште біліп ал. Олай болса ойынымызға қатысушы сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
1 - сайыскер
2 - сайыскер
3 - сайыскер
4 - сайыскер
5 - сайыскер
6 - сайыскер
Жүргізуші сөзі:
Таныстырып өздерін
Ұрандарын айтады
Білімдерін көрсетіп
Әділ баға алады. Ойынға қатысушы сайыскерлеріміз өздерін таныстырып өтеді.
Сайыскерлерді таныстыру.
Жүргізуші сөзі: Құрметті сайыскерлер, сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.
1 - кезең: Бәйге
2 - кезең: Жеті жұрттың тілін біл
3 - кезең: Ғажайып әлем
4 - кезең: Маңызды сегіз сұрақ
5 - кезең: Шешендік өнер
6 - кезең: Жорға
Бір ескере кететіндігі әр бір екі кезеңнен кейін ұпайлары төмен екі оқушымен қоштасып отырамыз.
Жүргізуші сөзі:
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жана ма
Біліммен өнер жарысып
Тәрбие - тәлім табар мән
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда!
Деп сайысымыздың бірінші кезеңі: «Бәйге»
Шарты: әр оқушымызға жеке - жеке бес сұрақтан қойылады. Әр бір дұрыс жауапқа 10 ұпай. Онда сәт сапар тілейміз!
1 - Сайыскер:
1. Еліміздің оңтүстік астанасы: (Алматы)
2. Астана қаласының символы: (Бәйтерек)
3. 1993 ж. 15 - қарашада болған оқиға (Валюта енгізілді)
4. Тарихтың атасы: (Геродот)
5. Қазақстан Республикасының «Мәдениет және ақпарат» министрі (Мұхтар Құл - Мұхаммед)
2 - Сайыскер:
1. «Мен қазақпын» поэмасының авторы: (Ж. Молдағалиев)
2. Елбасымыздың мамандығы: (Инжинер - металлург)
3. Қазақтың соңғы ханы: (Кенесары)
4. «Алтын адам» қайдан табылды? (Есік қорғанынан)
5. Күйші, сазгер, дирижер, домбырашы: (Н. Тілендиев)
3 - Сайыскер:
1. Жоғарғы Заң шығарушы органы: (Парламент)
2. Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған мемлекет: (Түркия)
3. «Екінші ұстаз» атанған ғұлама (Әл - Фараби)
4. 2009 жылы 25 - ақпан мен 6 - наурыз аралығында Қазақстанда болған оқиға: (Халық санағы)
5. Қазақстанда отарлау саясатын жүргізген мемлекет: (Ресей)
4 - Сайыскер:
1. 100 жылды өтпелі кезеңді қалай атайды?(ғасыр)
2. Қ. Р - ның туының авторы (Ш. Ниязбеков)
3. Қазақ жеріне шығыстан қауіп төндірген мемлекет (Жоңғар)
4. Әмір Темір қай жерде қаза болды (Отырарда)
5. Тасқа салынған сурет (Петроглифтер)
5 - Сайыскер:
1. Қ. Р - на сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі жолында күресі үшін берілетін орден. (Халық қаһарманы)
2. Қазақтың тұңғыш суретшісі: (Ә. Қастеев)
3. Астана қаласының бұрынғы атауы: (Ақмола, Целлиноград)
4. Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы: (А. Құнанбаев)
5. Қ. Р - ның «Білім және ғылым» министрі: (Б. Жұмағұлов)
6 - Сайыскер:
1. Тәуке ханның заңдар жинағы: (Жеті жарғы)
2. Қазақтың тұнғыш ғарышкері (Т. Әубакіров)
3. Көшпенділер трилогиясының авторы: (І. Есенберлин)
4. Қазақтан шыққан академик (Қ. Сатпаев)
5. Ж. Жабаевтың ұстазы (С. Аронұлы)
ІІ - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
Шарты: Ойыншыларға жалпылама мақал - мәтелдер айтылады. Сол мақал - мәтелдер мен жұмбақтарды шешіп жауабын үш тілде айтуы керек. Бір ескерте кететіндігі осы 2 - кезеңнен кейін ұпайлары төмен екі ойыншымен қоштасамыз.
1. Тіл тас жарады, тас жармас бас жарады
Бас - голова - хед
2. Өнер алды қызыл тіл
Қызыл - красный - ред
3. Қыстың қамын жаз ойла
Жаз - лето - самме
4. Денсаулық зор байлық
Байлық - богатство - уелс
5. Білім өмір шырағы
Өмір - жизнь - клен
6. Кіта білім бұлағы
Білім - знание - чолидж
7. Батыр қол бастар,
Шешен сөз бастар
Сөз - слова - ут
8. Ер бір рет өледі
Қорқақ мың рет өледі
Мың - тысяча - уан таузент
9. Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас
Жер - земьля - өз
10. Алуан сурет салады
Көргендер сурет салады, бұл не?
Аяз - мороз - уери колт
11. Ұстай қалсаң еріп кетер,
Әуре болма теріп бекер, бұл не?
Қар - снег - снөу
12. Жазудан бір жалықпаған
Жаза - жаза арықтаған
Бор - мел - шок
Жүргізуші сөзі: Олай болса келесі сөз кезегін әділ - қазы алқаларына берейік.
Жүргізуші сөзі: 3 - кезең «Ғажайып әлем»
Шарты: бұл кезеңде 3 тақырып берілген. Әр тақырыпта 10 нан 40 қа дейінгі сандар жазылған. Әр ұяшықтың астында тақырыптарға сәйкес сұрақтар жапсырылған.
1. Есімдер сыр шертеді
2. Ұлы тұлғалар
3. Өлең тарихтың ажары
1. Есімдер сыр шертеді.
10 ұпай. Абылай ханның шын есімі: Әбілмансұр
20 ұпай. Шоқан Уәлихановтың шын есімі: Мұхамад - Қанафия
30 ұпай. Қабанбай батырдың шын есімі: Ерасыл
40 ұпай. Әйтеке бидің шын есімі: Айтақ
2. Ұлы тұлғалар.
10 ұпай. Бұл тарихи тұлға 1802 - 1847 ж. ж аралығында өмір сүрген Абылай ханның немересі. 1837 - 1847 ж. ж болған ұлт - азаттық көтерілістің басшысы, қазақтың соңғы ханы: Кенесары Қасымұлы.
20 ұпай. Бұл тарихи тұлға ұлтымыздың ағарту саласында көп еңбек еткен. Қазақ даласында бірінші болып қыздарға арнап мектеп ашқан ағартушы педагог, балалар әдебиетінің атасы. Ыбырай Алтынсарин.
30ұпай. Ол - жазушы. Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы. 2010 жылы ол кісінің 100 жылдық мерей тойы тойланып, Алматы қаласында ескерткіш орнатылды. Оның «Генерал Панфилов», «Ұшқан ұя», «Артымызда Москва» т. б еңбектері белгілі. Бауыржан Момышұлы.
40 ұпай. Ол - ұлт - азаттық қозғалыс жетекшісі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тілі мен әдебиет тану ғылымдарының негізін салушы. Өзінің сенімді достары Ә. Бөкейханов, М. Дулатов пен бірге 1913ж. бастап ұлттық «Қазақ» газетін шығарып, оның жұмысына жетекшілік етті. Ахмет Байтұрсынұлы.
3. Өлең сөзің ажары.
10 ұпай.
Ағынды менің Ақсуым
Арқырап әлі ағарсың
Ақиланған ашумен
Ақтарды асқар сабағын. І. Жансүгіров «Ағынды менің Ақсуым»
20 ұпай.
Мектетегі балалар
Айтайын біраз сөзімді
Ұядағы түлектей
Білімге сал көзіңді. Қ. Терібаев «Оқушы жастарға»
30 ұпай.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем
Мен оның құдіретті үнін сүйем
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған
Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған. М. Мақатаев «Отан»
40 ұпай.
Қазағым, елім
Қайқайып белің
Сынуға тұр таянып
Талауды малың
Қанауда жаның
Аш көзіңді оянып. Кімнің өлеңі? А. Байтұрсынұлы «Жиған - терген»
Жүргізуші сөзі: 4 - кезең «Маңызды 8 сұрақ»
Шарты: Бұл сайыста әр сайыскер сан таңдайды, артында пән аттары, және сол пәнге байланысты сұрақтар жасырылған. Дұрыс жауап 10 ұпай.
1. Математика: Әл - Фараби 870ж. туылып, 950 ж. қайтыс болды. Ол қазір неше жаста, неше жыл өмір сүрді. (1141 жаста болар еді, 80 жыл өмір сүрді.)
2. Қазақ тілі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай? Ол Конституцияның нешінші бабымен бекітілген? Конституцияның деген сөз қай септікте тұр? (Қазақ тілі; 7 бабымен; Ілік септігінде)
3. География: Қазақстан территориясының көлемі дүние жүзі бойынша нешінші орын алады? Онда неше облыс бар? (9 орын; 14 облыс)
4. Биология: Қазақстандағы қорықтар саны қанша? Оларды ата? Қандай аңдар мен құстар мекендейді?
5. Әдебиет: Абай Құнанбаев кім? Оның жазушылығы мен қатар қандай қырын білесіңдер? Еңбектерін ата? (Ұлы ақын; Аудармашы;)
6. Тарих: Сырым Датұлы бастаған көтеріліс қай жылдары болды? Көтеріліс қанша жылға созылды? (1783 - 1797ж. ж; көтеріліс 14 жылға созылды)
7. Музыка. Бөкей ордасының Жиделі деген жерінде дүниеге келген, сазгер, аспаптық музыканың классигі, аса көрнекті күйші кім? Еңбектерін ата: (Құрманғазы Сағырбайұлы, «Ақсақ киік», «Қайран шешем», «Адай» т. б)
8. Спорт әлемі: Афины олимпиадасында алтын медальға ие болған кім? Және спорттың қай түрінен? (Бақтияр Артаев, бокстан)
Жүргізуші сөзі: Сайысымыздың келесі кезеңі, яғни 5 - кезеңі «Шешендік өнер».
Жақсы сөзге жүрегі жай табатын
Өз ойын дәлелдеп нақты айта алатын
«Егер мен деп» шәкірттер шықсын алға
Шарты: ойыншыларымыз қима қағаздарды таңдайды, қандай тақырып шықса, сол тақырып бойынша өз ойын айтады.
1. Егер мен ауыл әкімі болсам...
2. Егер мен ауылдан шыққан депутат болсам...
3. Егер мен президент болсам...
Жүргізуші сөзі: Сайысымыздың соңғы кезеңі, яғни 6 - кезеңі
«Жорға». Шарты: Сайыскерлеріміз конверт таңдайды. Ол конвертте қай нұсқа көрсетілсе, сол нұсқаның сұрақтарына жауап береді. Әр бір дұрыс жауапқа 10 ұпай. Сұрақтарға тез әрі толық жауап беру керек.
А - нұсқасы:
1. Қазақ алфавитінде неше әріп бар? 42
2. Қазақтың 3 биі: Төле би, Қазбек би, Әйтеке би.
3. Партизан жазушы: Жұмағали Саин
4. Исатайдың ақын досы: Махамбет
5. Абылай тұсындағы атақты жырау: Бұқар жырау
6. Қазақтың музыкалық аспабы: Домбыра
7. Жиренше шешеннің жары: Қарашаш
8. Абылайдың шын есімі: Әбілмансұр
9. Адай күйінің авторы: Құрманғазы
10. Мына мақалды жалғастыр: Отан -...........(Оттан да ыстық)
Б - нұсқасы:
1. Нақыл сөз түріндегі сөз мәйегі: мақал
2. Қазақ хандығының негізін салушы: Керей мен Жәнібек
3. Шығыстың қос жұлдызы атанған Кеңес Одағының батырлары: Әлия мен Мәншүк
4. Абылайдың лақап аты: Сабалақ
5. Ашытылған бие сүті: қымыз
6. Қазақтың соңғы ханы: Кенесары
7. Қобыландының жүйрік аты: Тайбурыл
8. 1986 ж. болған оқиға: Желтоқсан оқиғасы
9. Шыңғыс ханның шын есімі: Темучин
10. Мына мақалды жалғастыр: Өнер алды -......... (қызыл тіл)
Жүргізуші сөзі: Ойынның шешуші сәті, әділ - қазы алқалары сөз кезегі өздеріңізде.
Осымен бұл қызықты тамамдайық
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ
Үйрендік білмегенді осы жолы
Тағы да үйренеміз аман болсақ
Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі көріп тамашалаған зердені жетілдіру «Жас тарихшы» атты танымдық сайысымыз өз мәресіне жетті.