7


  • Учителю
  • «Қазақстан – елім менің» Атажұрт интеллектуалдық – тарихи танымдық ойын.

«Қазақстан – елім менің» Атажұрт интеллектуалдық – тарихи танымдық ойын.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: « Қазақстан – елім менің » Атажұрт интеллектуалдық – тарихи танымдық ойын.Мақсаты:1. Қазақстан республикасы туралы оқушылардың алған білімін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.2. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білу3.Туған
предварительный просмотр материала

« Қазақстан - елім менің »

Атажұрт интеллектуалдық - тарихи танымдық ойын.

Мақсаты:

1. Қазақстан республикасы туралы оқушылардың алған білімін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.

2. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білу

3.Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру.


Көрнекілік: «Атажұрт » жазуы бар плакат глобус Қазақстан Республикасының картасы, безендіру құралдары.

Қатысушы: 5 сынып оқушылары.

Топтың аттары: «Яссы», «Испиджаб» тобы.

Жоспары:

1 тур: «Қанат қақты »-капитандар сайысы

1минут, 10 сұраққа жауап.

2 тур: « Самғау»-ұпайы көп команда бастайды.

Қосымша көмек беріледі.

5 минут сұрақ беріледі.

3 тур: Шарықтау- жанкүйерлер сайысы.

5 сұрақ.

4.тур: Шырқау. Бейнесюжет арқылы сұрақ.

5. тур: «Жер ұйық »- сұрақ жауап.

5 сұрақ.

Ойын қорытындысын шығару.

Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар! Армысыздар жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар.


Отан , туған жер, атамекен, елім, ауылым.

деген - жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятып қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу - әрбір ұрпақтың азаматтық бұрышы.

«Қазақстан- менің елім » тақырыбы аясында өтетін «Атажұрт» интеллектуалды тарихи танымдық ойын бастауға рұқсат етіңіздер.

Ойынға қатысып отырған 5ә сынып оқушылары

Команданы таныстыра кетсек: Яссы командасы Гилымханова Еркежан өз тобынан таныстырады.

Испиджаб тобының басшысы, Молдашева Айдана өз командасын таныстырады.


«Ал іске сәт» дей отырып ойынымызды бастайық.

1 тур «Қанат қақты»

Команда капитандар сайысы Яссы командасы 1мин 5 сұраққа жауап береді.

1.Қазақстанның ең биік шыңы (Хан тәңірі)

2. Қазақстанның қазіргі астанасы (Астана қаласы)

3. Қазақстандық тұңғыш ғарышкер (Тоқтар Әубәкіров)

4.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (Елтаңба,ту, әнұран)

5.Қазақстан Республикасының Конституция күні? (30 тамыз)

Испиджаб командасының басшысы.

1. Қазақстан Республикасының ұлттық теңгесі қашан айналысқа енді? (1993 жылы15 қараша)

2. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қашан алды? (1991 жылы 16 желтоқсан)

3. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

4.Астана қаласының бұрынғы атауы?(Ақмола)

5.Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күні?(1 желтоқсан)

1-ші турдың Ұпай санын белгілеу

Келесі турымыз Самғау деп аталады. Көп ұпай жинаған команда бастайды.

Әр командаға 2 сұрақ беріледі. Жауап таңдауға 1минут, жауапты таба алмаған жағдайда қосымша көмек беріледі, жауап берілмеген жағдайда қарсы топ жауап береді.

Яссы командасына

1)Сталиндік жазалаудың құрбаны болған «Алаш» партиясының негізін қалаушы автономиялық қазақ үкіметінің басшысы Айқап, Қазақ, Қазақстан газеттеріне мақалалар жазып тұрған тарихи тұлғаны атаңыз.(қосымша көмек) 1864 жылдары Тобылда және Омбыда түрлі қызметтер атқарған. 1897-1903ж .Дала генерал -губернаторлығында қызмет атқарып, Самарада банк директоры болған.

(Ә.Бөкейханов)

2) Қазақстаннан шыққан тұңғыш саяхатшы. Шығыс Түркістанды Орта Азияны зерттеген ойшыл, қаламгер ғалым. 1853ж оқуды бітіріп, офицерлік атағын алып, Батыс Сібір генерал губернаторы Төтенше тапсырмалар орындайтын офицер қызметін атқарды. 1856ж Ыстықкөлдің топографиялық суретін түсірген.

тарихи тұлға кім?

Қосымша көмек: Ол 1858-59ж Қашқарияға барып, әлемге аты әйгілі елдің тарихын ашады.

(Шоқан Уалиханов)


Испиджаб командасына сұрақтар.

1) 1890ж Қызылорда қаласында дүнеге келген. Ташкент гимнакзиясын, Петербург университетінің заң факултетін бітірген. Ол ағылшын, орыс, француз, поляк тілдерін меңгерген. 1917ж Құрылған Түркістан автаномиясының М. Тынышбаевтан кейінгі призиденті болған тарихи тұлғаны атаңыз. (Мұстафа Шоқай)

Қосымша көмек.

1935ж «Түркістан Кеңестер билігінде» атты кітабы жарық көрді.1940 ж неміс фашистерінің қолына түсіп, Берлинде қайтыс болды.

2.Педагог, тарихшы, қоғам қайраткері 1900ж Верный гимназиясын бітірген. 1906ж Петербург транспорт инженерлер институтын темір жол инженері мамандығы бойынша тәмамдаған. Түркістан автономиясының призиденті қызметін атқарған 1937ж стлиндік репрессияның құрбаны.

Бұл тарихи тұлғаны атаңыз. (М. Тынышбаев)

Қосымша көмек 1907 ж Жетісу губерниясына ІІ мемлекеттік Думаға депутат болып сайланған.


Келесі ІІІ турымызға көшейік «Шарықтау» - жанкүйерлермен сайыс.

Яссы тобының жанкүйерлеріне

Қазақстанның тарихи дамуындағы бірнеше қала астана қызметін атқарған қалалар?

1920-1924жж Орынбор

1924-1928жж Қызылорда (Ақмешіт)

1928-1997жж Алматы

1997жж бастап Ақмола 1998ж Астана болып өзгертілді.

Испиджаб тобының жанкүйерлеріне

Әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының бірінші съезі қай жылы,қай қалада болды?

(2003 жылы Астана қаласында)

Келесі тур. Шырқау бейнесюжет арқылы көрсетіледі.

Яссы тобына.

1.1969 жылы Жетісу өңіріндегі Есік қорғанынан археолог К.Ақышевтың тапқан ескерткіші?

Қосымша. Оның жасы 17-18 де, бойы165 см

Жауабы: «Алтын киімді адам»

Испиджаб тобына

1.Атырау облысының Жылыой ауданынан табылған ғажайып ескерткіш қалай аталады?

Қосымша Қазақстанның батысын мекндеген сармат тайпасының ескерткіші

Жауабы: Аралтөбе қорымы

Ойын қорытындысын шығару.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал