7


  • Учителю
  • ҚАзақстанның XVIII ғасырдағы әлеуметтік - экономикалық және саяси дамуы

ҚАзақстанның XVIII ғасырдағы әлеуметтік - экономикалық және саяси дамуы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның XVIII ғасырдағы әлеуметтік - экономикалық және саяси дамуы .( Тарауды қайталау)

Мақсаты: 1.Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін жинақтап қорытындылау,қайталау, өткен материалдарды пысықтау.

2. Оқушылардың танымдық ойындары арқылы пәнге қызығушылықтарын арттыру, топпен жүмыс жасауға үйрету, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

3. Еліміздің тарихын тереі меңгерту, ұлы тұлғаларымызды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Әдіс - тәсілдері: танымдық ойын, топпен жұмыс сұрақ жауап.

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

  • 1. Оқушылармен амандасу.

  • 2. Кезекші көмегімен қатысымды тексеру.

  • 3. Тренинг арқылы оқушыларға сәттілік тілеу.

  • Оқушыларды топқа бөлу, «Сырым», «Абылай», «Әбілқайыр»

Сайыс кезеңдері:

Маған бүгін керек емес ертегі ,

Ертегіні өз басымда шертеді.

Тарих керек іргетасы халықтың

Іргетассыз қаланбайды ертеңі - деп, сабағымызды бастаймыз,

Сайыс кезеңдері:

  1. Зымыран сұрақтар(сұрақ - жауап)

  2. Араласқан оқиғалар стратегиясы (Глоссарий)

  3. «Математикалық есеп»

  4. «Тұлғаны таны»

  5. «Сиқырлы әріптер»

  6. «Ассоциация құру»



  1. "Зымыран сұрақтар "кезеңі бойынша 3 топқа сұрақтар беріледі. Жауап бере алмаған топтың сұрағына қарсылас топтары жауап бере алады. Барлығы 30-сұрақ . Әртопқа 10 сұрақтан беріледі .1-топтың сұрақтары:

  1. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасы қашан болды? (1723-1727ж.ж)

  2. Қазақ хандығының тәуелсіздігіне мейлінше қауіп төндірген мемлекет. (Жоңғария)

  3. Сырым Датұлы бастаған көтеріліс қашан болды. (1783 - 1797)

  4. «Қырғыз - Қайсақ даласы кқнделік жазбалар» атты еңбектің авторы? (Н.П.Рычков)

  5. Тәуке хан ұйымдастырған 1713 жылғы жиын қай жерде өтті. (Қарақұм)

  6. Ор бекінісінің негізі қай жылы қаланды (1735)

  7. 1731 ж 19 ақпанда Кіші жүзді Ресей империясына құрамына қабылдау туралы ұсынысты жеткізге қазақ елшілері. (С.Қойдағұлұлы мен Қ. Қоштайұлы)

  8. Е.Пугачев бастаған көтеріліс қашан болды. (1773 - 1775 ж)

  9. Абылайдың өмір сүрген жылдары (1711 - 1781 ж.ж)

  10. Әбілқайырды өлтірген сұлтан (Барақ)

2- топтың сұрақтары:

  1. Ұлы жүздің Шапырашты руынан шыққан батыр. (Наурызбай)

  2. 1729-1730 ж қандай оқиға болды? «Аңырақан шайқасы»

  3. Қазақтан «ант» алу үшін Ресейден келген елші? (Тевкелев)

  4. Сырым бастаған көтеріліс неше жылға созылды? (14 жылға)

  5. Мұқағали Мақатаев қай батырға арнап дастан жазды? (Райымбек батыр)

  6. Абылайды зерттеген қазақ ғалымы? (Ш.Уәлиханов)

  7. Кіші жүздің Ресейге қосылуын қалаған хан (Әбілқайыр хан)

  8. 1748 ж Әбілқайыр өлімінен кейін патша үкіметі Кіші жүздің ханы лауазымына кімді бекітті? (Нүралы)

  9. 1731 жылы Кіші жүздің Ресей империясының өоластына өтуі туралы Жарлық Грамотаға қол қойған Ресей патшасы? (Анна Иоанновна)

  10. Абылай ханның жоңғар тұтқынында болған жылдары? (1743 ж.)

3 топтың сұрақтары:

1."Қалмақ қырылған шайқасы " қашан болды?(1726 ж. немесе1728ж)

2.1723 ж.Жоңғардың 70 мың әскерін бастап қазақ жеріне енген қоңтайшы?(Цеван Рабтан)

3.1724-1725ж.ж. жоңғарлар қай қалаларды басып алды?(Түркістан мен Ташкент)

4.Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны қанша ?(29)

5.Сырым Датұлы бастаған көтеріліске қай жүз қатысты?(кіші жүз)

6.Кіші жүзде хандық билікті жоюға тырысқан, ресейлік әкімшілік билік орнатуда реформа енгізген кім?(О.Игельстром)

7."Дала Демосфені"атанған кім?(Сырым)

8."Көмекей әулие"атанған жырау?(Бұқар жырау)

9.Жекпе -жекте Абылай жоңғардың қай батырын жеңді?(Шарыш)

10.Жоңғар хандығының құлаған жылы?(1758ж)

II." Араласқан оқиғалар "стратегиясы

1729ж. Ақтабан шұбырынды

1731ж Қабанбай

"Елім-ай Абылай

"Дарабоз" " Аңырақай шайқасы"

1771ж. Әбілқайыр

III."Математикалық есеп"ойыны

(3200:2)+123=1723ж

(1800+700)-727=1773ж

(4500:2)-479=1771ж

(5462-2000):2=1731ж

Мына даталарда қандай оқиға болғанын айту керек

IV."Тұлғаны таны"ойыны

1."Қанішер Абылай","Түркістан","Тәуелсіздік","Ш.Уәлиханов" (Абылай хан)

2.Қожа Ахмет Йасауи кесенесінде жерленген батыр, қолбасшы (Бөгенбай батыр)

3.Ағылшын суретшісі Джон Кэстл кімнің портретін салды?(Әбілқайыр хан)

4."Нарбала","Дарабоз"атанған батыр?(Қабанбай)

5. Мағжан Жұмабаевтың дастанының кейіпкері болған атақты батыр?(Баян батыр)

6.1731ж.10 қазанда Кіші жүздің бір бөлігі Ресейдің қол астына өту үшін ант қабылдады.Әбілқайырмен бірге ант қабылдаған табын руынан шыққан батыр?(Бөкенбай батыр)

V."Сиқырлы әріптер"ойыны.

- А) Бұл оқиға тарихта «Қайың сауған» деген де атпен белгілі. Өйткені халық өлмей тірі қалу үшін қайыңның сөлін ішкен дейді. Бұл қай кезең еді? («Ақтабан шұбырынды»)

-Ә) Абылайдың шын есімі ? (Әбілмансұр)

-Б) Жоңғар шапқыншылығына қарсы бүкіл жауынгерлік жасақ құру жөнінде кім шешім қабылдады? (Бөгенбай батыр)

- Д) 1500 қазақ іскерімен қазақ ауылдарын ойрандап, адамдарды тұтқындап, малдарын айдап кеткен казак атаманы? (Донсков)

-Ж) Қазақ жеріне шығыстан қауіп төндірген мемлекет? (Жоңғария)

-З) Пугачевпен Усиха өзені маңында кездескен Нұралы ханның өкілі кім еді?(Зәбір молда)

-Қ) « Қалмақ қырылған» шайқасы болған жер? (Қара сиыр)

-Р)Қазақстанда Отарлау саясатын жүргізген мемлекет? (Ресей)

-У) Абылайдың бас мирасқоры (Уәли сұлтан)

-О) 1726 ж. Қазақстанның Оңтүстік өңірінде тау етегінде барлық қазақ жасақтары жиналады. Сол тау қалай аталады? (Ордабасы)

- Ы) 1731 ж орыс елшілері келгенде Әбілқайырдың ордасы қай жерде болды? (Ырғыз өзені бойында)

-Ц) Қытай мемлекетінің басқаша атауы? (Цинь)

V." Ассоциация құру".

"Абылай", "Әбілқайыр","Сырым" осы тұлғалар бойынша әр топ ассоциация құрып, осы тұлғаларға қатысты өз білетіндерін айтады.

Сабақ соңында ұпай саны есептеліп, жеңімпаз топ анықталды.

VI.Оқушыларды бағалау.

VII.Үйге тапсырма: Бөлімді қайталау

-Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал