- Учителю
- 'Урок по историй 10 класса Моғолстан'
'Урок по историй 10 класса Моғолстан'
Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Қаракөл орта мектебі
Тарих пәнінің мұғалімі
Суатова Фарида Болатовна
Пәні: Қазақстан тарихы
10-сынып
Қысқа мерзімді жоспарСабақтың тақырыбы: §29-30 (2) Моғолстан
Мақсаты: XIV ғасырдың ортасында Шағатай ұлысының екіге бөлінуі нәтижесінде шығыс бөлігінде құрылған-Моғолстан мемлекетінің құрылуы, саяси тарихы, халқы мен кәсібі туралы түсініктерін нығайту және моңғолдар жаулап алғаннан кейін Қазақстан аумағында пайда болған мемлекеттердің, оның ішінде Моғолстанның да құрылуы қазақ мемлекеттілігінің, этникалық аумағының қалыптасуына негіз болғандығын ашып көрсету.
Күтілетін нәтиже:
Алған білімін орынды қолдана алады.
Шығармашылық дағдылары қалыптасады.
Жетістік критерийі (оқушы):
Сызба-кестелер құра аламын
Тақырыпқа сәйкес қосымша әдебиеттердегі мәліметтерді талдай аламын.
Сілтеме:
1.С.Смағұлов «Қазақстан тарихы»
2.Ғ.Базарбеков «Қазақстан тарихы» Талапкерге-2008 жыл.
Дереккөздер: Ғаламтор материалдары
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ қою, оқушы пікірлерін тыңдау, кестелерді толтыру, қосымша деректерді талдау.
Көрнекілігі:
1.Х.Ермұханова «Қазақстан тарихы» Шың-кітап А.2009-2010 жыл
2.Садықов Т.С, Жолдасбаев С «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» 7-сынып оқулығы Алматы «Атамұра» 2007 жыл
3.Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, М.Қойгелдиев «Қазақстан тарихы» 10-сынып оқулығы (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) Алматы «Мектеп» 2014 жыл.
Кейінгі оқу: §29-30 (2) Моғолстан
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ
4. Сабақты бекіту
Үй тапсырмасын сұрау:
1. ыдырап, әлсірегеннен кейін Батыс Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік қалай аталады?
2. Ноғай Ордасының негізгі аймағын картадан көрсетіңдер?
3. «Ноғай» атауы бұдан кейініректе, алғаш орыс кейін шығыс деректерінде қай жылдарда пайда болған?
4. Тарихи жазба деректерге қарағанда Ноғай Ордасының негізін кім қалаған?
5.Ноғай Ордасының даралануы қай ғасырда басталып, тұсында қай жылдары аяқталды? Орталығы қай қала болды?
6.Ноғай Ордасында этникалық құрылымнан гөрі, саяси құрылым басым еді. Осы ойды әрі қарай әңгімелеңдер?
7. Халқының негізгі кәсібі?
8.Ноғай ордасы мен Қазақ хандығы халқының туыстығы туралы "бауырлас орда" деп атаған қазақтың тұңғыш ғалымы кім?
9. Нешінші ғасырда мен хандықтарын жаулап алғаннан кейін Ноғай Ордасы әлсіреп, бірнеше ұлыстарға, ордаларға бөлінді?
10. Ноғай Ордасы ыдырағаннан кейін қазақ жерінде қалған ел қай хандықтың құрамына енді?
Жаңа сабақтың жоспары:
1.Моғолстанның құрылуы, жер аумағы
2.Халқының этникалық құрамы
3.Моғолстанның ішкі-сыртқы жағдайы
4.Моғол хандығының әлсіреуі
Жаңа ақпарат.
Моғолстан XIVғасырдың ортасы - XVIғасырдың басы
XIVғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі-Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылды. Ал ұлыстың келесі бөлігі- Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде «моңғол» сөзіндегі «Ң» әрпі түсіп қалып, «Моғол» немесе «Моғолстан» сөзі қалыптасып кеткен. Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының хан болуға құқы болмағандықтан, өздерін тыңдайтын, Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі, 16 жасар Тоғылық-Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды. Ал негізгі саяси билік осы Әмір Поладшының қолында болған. Әмір Поладшы Моғолстанды Мауараннахрдан біржола бөліп алып, тәуелсіз, жеке хандық құруға бар күшін салды. Дулат тайпасы шонжарларының жаңа құрылған бұл өкіметте беделдері бұрынғыдан да күшейген. Жалпы, дулаттардың беделі Шағатай ханның кезінен белгілі. Атақты тарихшы Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, Шағатай хан өз мемлекетін үлестерге бөлгенде, өзіне адал қызмет еткен дулат әмірі Поладшыға Маңлай-Сүбе жерін берген. Маңлай-Сүбе Шығыс Түркістаннан Ферғанаға дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқан. Осы аумақта Шағатай кезінен бері өз биліктерін жүргізіп келген дулат тайпасының өкілдері Моғолстан хандығының құрылуына да белсене араласқан. «Та рих-и-Рашиди» еңбегінде былай деп көрсетілген: «,... қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен көлденеңі 7-8 айшылық жол, Шығыс шеті (Моғолстанның) қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл, Емел және Ертісті өзіне қосады. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз (Балқаш), Түркістанмен және Ташкентпен шектеседі, оңтүстігінде Ферғана уәлаятымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Тұрфанмен шектеседі». Моғол мемлекетіне Қазақстанның Оңтүстік және Жетісу аймақтары да кірген.
ББД-ны бекіту.
Моғолстан
Жер аумағы
Халқының
этникалық
құрамы
Атақты тарихшы Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша
Тарих-и-Рашиди» еңбегінде
XIV ғасырдың ортасы - XVI ғасырдың басы
Шағатай ұлысының шығыс бөлігі-Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында
Түркі тілдес тайпалар: дулат, қаңлы, үйсін, арғын, баарын, барлас, бұлғашы, түркіленіп кеткен моңғол тайпалары да кірген. Моғолстанның құрылуында басты рөл атқарған тайпа-Дулат.
Шағатай хан өз мемлекетін үлестерге бөлгенде, өзіне адал қызмет еткен дулат әмірі Поладшыға Маңлай-Сүбе жерін берген. Маңлай-Сүбе Шығыс Түркістаннан Ферғанаға дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқан. Осы аумақта Шағатай кезінен бері өз биліктерін жүргізіп келген дулат тайпасының өкілдері Моғолстан хандығының құрылуына да белсене араласқан.
қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен көлденеңі 7-8 айшылық жол, Шығыс шеті (Моғолстанның) қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл, Емел және Ертісті өзіне қосады. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз (Балқаш), Түркістанмен және Ташкентпен шектеседі, оңтүстігінде Ферғана уәлаятымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Тұрфанмен шектеседі». Моғол мемлекетіне Қазақстанның Оңтүстік және Жетісу аймақтары да кірген.
Сызбаны толтырыңдар.
Моғолстанның ішкі жағдайы
Моғолстанның сыртқы жағдайы
Моғол хандығының әлсіреуі
Тоғылық-Темір бір орталыққа бағынған мемлекет құрды.
Мемлекеттің орталығы- Алмалық қаласы болды.Ұлыстық басқару жүйесі сақталды.
Дулат тайпасының мұралық лауазымы жоғары ұлысбегі деген атағын сол қалпында қалдырды. Мұсылман діні мемлекеттік дін. Мырза -Мұхаммед Хайдардың жазуы борйынша, бір күнде 160 мың адам ислам дінін қабылдаған. Дінді қабылдамаған әмірлер мен бектерді өлім жазасына кескен.
Шағатай ұлысы кезінде орныққан Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге әрекет жасайды. 1360-1361 жж Мауараннахрға 2 рет сәтті жорық жасап, баласы Ілияс-Қожаны Мауараннахрдың хан тағына отырғызып қайтады. Моғолстанға оралған Тоғылық-Темір хан қаза болады. Тоғылық-Темірдің тірі кезінде оған тәуелділікті амалсыздан мойындап жүрген Әмір Темір енді Мауараннахрдағы билікті өз қолына алу үшін, Ілияс-Қожаға қарсы шығады. Ташкент қаласының маңында 1365 жылы 22 маусымда екі жақтың арасында шешуші «Батпақ шайқасы» болады. Екі жақтан 10 мыңға жуық адам қырылған. Шайқаста Ілияс-Қожа хан жеңіске жетіп, Әмір Темір қашып құтылады. Ілияс-Қожа хан феодалдық талас-тартыстың құрбаны болды. Бұдан кейін Моғол хандығындағы билікті дулат тайпасының атақты әмірлері Қамар ад-динмен мен оның інісі Шамсад-диндер жүргізген. Қамар ад-дин де өзін тыңдайтын, жас Тоғылық-Темірдің соңғы ұрпағы Қызыр-Қожа оғланды хан тағына отырғызып, дулат тайпасының әмірлері мен шонжарларының жағдайын жақсартуға күш салады.
XIV ғасырдың аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бас көтертпей, дүркін-дүркін жорықтар жасайды. Алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. 1380-1390жж
Сұрақ-жауап әдісімен жаңа тақырып бекітіледі.
Бағалау. Суммативті баға қою.
Рефлексия