7


  • Учителю
  • ХХ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар

ХХ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: § 3. ХХ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Дүниежүзін бөлісудегі ірі елдердің бәсекелестігі, Германияның өркендеуі және әскери-саяси одақтардың құрылуы, орыс-француз одағы, ағылшын-орыс қатынастары, бірінші дүниежүзілік соғыстардың басталуы, барысы және аяқталуы, Германияда революцияның басталуы, соғыстың аяқталуы туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, салыстыру, талдау әдістерін қолдануды үйрете отырып, шығармашылық ізденіске жетелеу.

Тәрбиелік: балаларды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, елдер арасында достық, бейбітшілік қарым-қатынастың қадірін білуге үйрету.

Көрнекілігі: Дүниежүзінің саяси картасы, кеспелер, кестелер.

Сабақтың әдісі: тірек-сигналдар арқылы оқыту

Пәнаралық байланыс: география, Қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Жаңа сабақты меңгерту

  3. Тірек-тақырыптармен жұмыс жүргізу

  4. Термин сөздермен жұмыс

  5. Тірек-сызбамен жұмыс

  6. Топтастыру стратегиясы

  7. Бекіту сұрақтары

  8. Үйге тапсырма беру


№ 1 тапсырма.

  1. Дүние жүзін бөлісудегі ірі елдердің бәсекелестігі.

  2. Германияның өркендеуі және әскери-саяси одақтардың құрылуы тақырыптарына 3-5 мин ішінде шығарма жазу.

Нәтижесінде жазылған шығарма жария етіледі. 4-5 оқушыға өзінің жазған шығармасы туралы түсінігін айтқызамыз.


Осы тақырыптар бойынша негізгі ұғымдар:

  1. Бәсекелес елдер - Германия мен Италияның бірігуі нәтижесінде олардың сыртқы саясаты Англия, Франция, Ресей елдеріне қарсы бағытталды.

  2. Империалистік державалардың өзара таласын туғызған иеліктер: Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, Оңтүстік Шығыс Еуропа елдері.

  3. Германияның ХІХ ғасырдың 90-жылдарында Германия біртұтас саяси және әскери қуатты державаға айналды.

  4. 1882 жылы ірі басқыншы соғыс одағы - Үштік одақтың құрылуы: Германия, Италия және Австро-Венгрия

  5. 1904 жылы дүниежүзін отарға бөлуден туындаған Англия-Франция келісімі жарияланды. Бұған 1907 жылы Ресей қосылды. Германия құрған Үштік одаққа қарсы тұрған үш державаның одағы - Антанта одағы құрылды. Оның құрамына - Англия, Франция, Ресей енді.


№ 2 тапсырма. Кестемен жұмыс


Тақырыбы

Жауаптары

1.

Орыс-француз одағы

Әскери одақ құруға Франция соғысты пайдалана отырып, Ресейді француз капиталына тәуелді етіп қойып, одақтастық тіндеттемелермен шырмап қойғысы келді.

2.

Ағылшын-орыс қатынастары

Ағылшын-орыс қарым-қатынасының жақындасуына негізгі себеп - Германия күшінің күн санап артуы еді. 1907 жылы Англия мен Ресей Иран, Ауғанстан, Тибетті өзара ықпал ету аймағына бөліп алуға келісімге келді.

3.

Балқан соғыстары

1912 жылы қазанда бірінші Балқан соғысы басталды. Болгария армиясы түрік әскерін талқандады. Түркия жеңілгенін мойындап, 1913 жылы 21 сәуірде уақытша келісімге, ал 30 мамырда Лондон бітіміне қол қойды.


№ 3 тапсырма Тірек-сызбамен жұмыс.


Бекіту сұрақтары:

  1. Дүниежүзін қайта бөлісудің қандай әрекеттері жасалды?

  2. Үштік одақ пен Антанта одақтары қандай негізде қалыптасты?

Олардың мақсаты қандай?

  1. Балқан түбегін неліктен Еуропаның «жарылғыш қоймасы» деп атады?

  2. Бірінші Балқан соғысы қандай халықаралық қайшылықтардан туындады?


Үйге тапсырма: тақырыпты оқу. Тірек-сызбамен жұмыс.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал