7


  • Учителю
  • Урок по истории 'Орта ғасырдағы Африка' (8 класс)

Урок по истории 'Орта ғасырдағы Африка' (8 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Африкадағы ең ежелгі мемлекет Египет еді. 395 жылы Рим империясы екіге бөлініп кеткен соң ол Византияның қол астында қалды. IV ғасырдың басына қарай оның халқы христиан дінін қабылдаған болатын. Египетті 639-642 жылдары арабтар басып алды. Жергілікті копт халқы арабтарды ө
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырлардағы Африка

Сабақтың мақсаты:

1. Орта ғасырлардағы Африка құрлығында орналасқан мемлекеттер туралы түсіндіру;

2. Орта ғасырлық Африка мемлекеттерінің географиялық орны және саяси тарихы, мәдениеті туралы оқушы білімін дамыту;

3. Оқушыларды саяси картамен жұмыстануға, ой-танымын кеңейтуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, слайд-шоу;

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау;

ІІІ. Жаңа сабақ;

ІV. Жаңа сабақты бекіту;

V. Қорытынды;

VІ. Бағалау;

VІІ. Үй тапсырмасы.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Орта ғасырлардағы ғылым негізін салушылар:

973-1050жж. 795-857жж. 980-1037жж.


Әбу Райхан Бируни Әл-Хорезми Әбу Әли ибн Сина


Жүсіп Баласағұни Әбу Абдоллах Рудаки

1020-1075ж.ж 860-941ж.ж.

Әлішер Науаи

1441-1501ж.ж

Орта ғасырлардағы әдебиетшілер


Бабыр Фирдоуси

ХVI ғ. 940-1030ж.ж


  1. Түркі халықтарының эпостары жөнінде не білдіңіздер?

  2. Орта ғасырлардағы сәулет өнері, бейнелеу өнері туралы айтып беріңдер?


Жаңа сабақ:

Егиет (Мысыр елі) - Африкадағы ең ежелгі мемлекет.

ІV ғасырда халқы христиан дінін қабылдады.

639-642 ж.ж. Арабтар жаулап алып, ислам дінін қабылдап, араб тіліне көшті.

ІХ ғасырда Араб халифаты әлсіреп, Египет тәуелсіздік алды.

Тулунилер, Фатимилер, Айюбилер әулеттері басқарған дербес мемлекеттер құрылды.

1171 жылы Салах-ад-дин бастаған Айюбилер әулеті өкімет билігін қолына алып, мәмлүктерден құрылған ұлан ұстады.

1250 жылы Бейбарыс сұлтан бастаған мәмлүктер өкімет билігін қолына алды.

1517 жылы мәмлүктерді түріктер жеңіп, Египетті Осман империясын қосып алды.

Бейбарыс сұлтан - жылнамашылардың жазуына қарағанда, Қыпшақ жерінде 1225 жылы дүниеге келген. Ата-бабаларының мекені Каспий теңізінің маңы, бір деректерде Еділ-Жайық бойынан десе, енді бір пікірлер Маңғыстау жерінен деген мағлұмат береді. Кіші жүздегі он екі ата Байұлының Беріш руынан көрінеді. Әкесінің аты - Жамақ, анасының аты - Әйек. Бұл деректер әлде де нақтылауды, дәлірек зерттеуді қажет етеді. Бұл, әрине, болашақтың үлесі.

Сұлтан Бейбарыс Мысыр мемлекетін 17 жыл 2 ай 12 күн билейді. Дамаск деген қалада 1277 жылы, елу жастан асып, кемеліне келген шағында дүниеден озды. Оған өзінің бас уәзірі қыпшақ мәмлүгі Қалауын у беріп өлтіреді. Оның сүйегі Дария қаласының маңына қойылады.

И.Н.Тасмағамбетовтың бастамасымен 2000 жылы Атырау қаласында Бейбарыс сұлтанның ескерткіші салынды.

Аксум - орта ғасырларда Африкадағы қуатты мелекеттердің бірі.

Ол қазіргі Эфиопия мемлекетінің шекарасында ІІІ ғасырда құрылды.

Қоғамдық және экономикалық өмірдің негізін ерікті шаруалар қауымы құрап, ұжымдық меншік сақталды.

Уақыт өте келе мемлекеттік меншік орнады.

Аксумның шаруашылығы натуралды болды.

Сырт елдермен сауда жасады.

ІV ғасырда христиан дінін қабылдады.

VІІ ғасырда Аксум мемлекеті құлады.

Гана - Африканың батысында орналасқан.

VІІІ ғасырда күшейіп, ІХ ғасырда көшпелі берберлермен жиі соғысты.

990 жылы зенга тайпасын жеңді.

Батыс Африка елдерімен саудадағы үстемдігін орнатты, сауда керуендерінен кедендік салық жинап отырды.

ХІ ғасырдың аяғында Марокко сұлтандары Гананы басып алып, 10 жылдай үстемдік жүргізді.

Ислам діні қабылдады.

ХІІІ ғасырдың басында Гананы Мали патшалығы жаулап алды.

Мали - VІІІ ғасырда қалыптасты.

ХІ ғасырда ислам дінін қабылдады.

Араб көпестерімен жақсы қарым-қатынаста болды.

ХІІ ғ.ІІ жартысында экономикалық және саяси қуаты күшейді.

Басқыншылық соғыстар жүргізіліп, бірнеше елдерді басып алды.

Тунис, Алжир, Марокко, Египет елдерімен жүйелі сауда қатынасын орнатты.

Қоғамның негізін патриархалды отбасы құрады, бірнеше отбасы Дугаға бірікті (қолөнершілер, дихандар, құлдар).

Сонгай - Мали мемлекетінің шығысында, қазіргі Нигер, Нигерия мемлекетінің жерін алып жатқан ортағасырлық мемлекет.

ХVғ. тәуелсіздік алып, жарты ғасырлық уақыттың ішінде көптеген жерлерді жаулап алған.

Қоғамдық құрылысы құл иеленушіліктен феодалдық қоғамға өту кезеңінде болды.

Құлдар еңбегі қолөнерде кең пайдаланылды. Қала тұрғындары - еріктілер деп аталды.

Ірі қалаларда шеберханалар жұмыс істеді. (25-50, 75-100 адам)

ХVІ ғ. Сонгай мемлекетінде ішкі таластар, көтерілістер күшейді.

1591ж. Сонгай Марокко әскерінен жеңіліп құлады.

Мәдениеті

Ғылым

Тіл білімі

Сәулет өнері

Музыка

өнері

Александрия

Кайр


ХІ ғ.б. Каирде

"Білім үйі"


1004 ж.

абсерваторя

ІХ-ХІІғғ. философия,

тарих ғылымдары зор

табыстарға жетті.

(Абдрахмен ибн-Абд

-әл-Хаким)

VІІІ ғ. "Әл-Китаб"

грамматика

саласындағы

трактат


ІV ғ. жазуға

реформа жасалды


VІІғ.40ж.

Фустаттағы Әл-Аса

мешіті


ХІғ.70ж. Каирдегі

ибн-Тулун мешіті


ХІІғ.аяғы Қалауын

Сұлтан сарайы


VІІғ.ортасында

араб жаулап

алушылары музыка

өнерін өзгеріске

ұшыратты


А.Умайл,

Ибн әл-Хайтан,

ан-Нувайр

(муз.театр әншілері)


IV. Жаңа сабақты бекіту: "Тарихи диктант"

Африкадағы ең ежелгі мемлекет.................................... еді. Арабтар .............. жылдары бұл мемлекетті басып алды. Шаруалар қазынаға ......................... деп аталған жер салығын төледі. 1171 жылы өкімет басына келген Айюбилер әулеті.................................. деп аталған құлдардан құрылған ұлан ұстады. .......... жылы олар өкімет билігін басып алды.

VІІІ ғасырда Африканың батысында................... мемлекеті күшейді.

ХІІІ ғ. басында бұл мемлекетті .................... патшалығы басып алды. ІІІ ғ. құрылған Аксум мемлекеті қазіргі ......................... жерінде орналасқан. Мали сыртқы байланысты дамытып, ............................................................................................................ мемлекеттерімен жүйелі сауда қатынастарын орнатты. Қазіргі ........................................................... мемлекеттерінің шекарасында ортағасырлық Сонгай мемлекеті өмір сүрді.

ХІ ғ.басында .................... "Білім үйі" ашылды. .............. жылы обсерватория салынды. ....... ғасырда "Әл-Китаб" деген грамматика саласындағы атақты трактат жазылды. VІІ ғ. 40 жылдары Фустатта ........................ мешіті, ..........ғ....... жылдары Каирде ............................... мешіті, ХІІІ ғ.аяғында ........................... сарайы салынды. ...........ғ.ортасында араб жаулап алушылықтары салдарынан Египеттегі ................... өнері өзгеріске ұшырады.

Бағалау;

Үйге тапсырма:

  1. §34. Орта ғасырлардағы Африка тақырыбын оқу, мазмұндау;

ғаламтордан ортағасырлық Африка туралы мәліметтер жинау.(Африка еліне саяхат)



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал