7


Ашық сабақ 'ұлы жібек жолы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ашық сабақ

Тақырыбы:

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ

ТАРИХИ МАҢЫЗЫ

(Черновод орта мектебі)



Өткізген: Тулешов Е.А.

Сабақтың тақырыбы: Ұлы жібек жолының қалыптасуы және

тарихи маңызы

Мақсаты: Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихын АКТ арқылы түсіндіре отырып, Жібек жолының сауданы, шаруашылықты, халықаралық қарым - қатынасты дамытудағы тарихи маңызын ашу.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, деректер мен өзіндік жұмыстар ұйымдастыруға, пікір айтуға, мәтіндегі негізгі мәселені табуға, өз бетінше жұмыс жасауына бағыт-бағдар беру.

Тәрбиелік: Оқушыларды Отан тарихындағы мәдени құндылықтарды бағалап, қастерлеп, сақтай білуге баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, саяхат сабақ

Типі: жаңа білімді меңгерту.

Әдісі: Флипчарт, тақырыптық тапсырмалар, тест,

жұмыс дәптері

Сабақаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі,

дүниежүзі тарихы, география, қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру сәті

Оқушылардың ынтасын жаңа білімді меңгеруге көтеру. Оны «Полиглот» ойыны арқылы орындау

1-ші сұрақ: Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған ... ақын Абай.

(ұлы, великий, great)

2-ші сұрақ: Қағанат жерінде жібек саудасының дамығандығын қаған ордасында болған қытай монахы Сюань Цзяньнің мына жазбасынан анық байқауға болады. Ол: «Қаған жасыл ...тен желбегей шапан киген».

(жібек, шёлк, silk).

3-ші сұрақ: М.Әуезовтың атақты романы: «Абай ...»

(жолы, путь, way).



Олай болса, балалар, бүгінгі жаңа тақырыбымыз:

§14 Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы



Жоспары:

  1. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы.

  2. Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсері.

  3. Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы.

  4. Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым - қатынасты дамытудағы тарихи маңызы



І. Бейнеклип арқылы кіріспе жасалынады.



Келесі тірек-сызба арқылы мағлұмат беру.





Картадан керуен жолдарын көрсету.



ІІ тақырып

Халықаралық сауда жолы арқылы Орта Азияның атақты асыл тұқымды жылқылары, шығыс елдерінен пілдер мен мүйізтұмсық, барыс пен арыстандар, аң аулауға және саятшылық құруға қажетті құстар (қаршыға, бүркіт) сияқты сирек кездесетін жан-жануарлар сатыла бастаған.

Бұл жолдың бойымен қолда өсірілетін мәдени өсімдіктердің ішінде жүзім түрлері, шабдалы, қауын, шығыстың, Орта Азияның жемістері сатылған.

Келесі тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қою.

  1. Соғдыда жібек өндірудің дамығаны сонша, жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен.

  2. Мәселен, Қытайдың кейбір қалаларында олардың отарлары болған.

  3. Ал Жібек жолының Жапонияның сілемі - ертедегі астанасы Нара қаласында жібек сататын орындар болған.

  4. Оның басты бір дәлелі, ондағы ғибадатханада осы уақытқа дейін соғды тілінде жазылған қолжазбаның сақталуы.



Бейнеклип: Жапония - Нарға - қолжазба



ІІІ тақырып. Фотоаппарат арқылы тиісті сөзді қабылда.

  1. Археологиялық қазба жұмысы кезінде атақты Византия шеберлерінің қолынан шыққан тамаша күміс құмыралар Тараз қаласынан табылған.

----------------Талғар

----------------Тараз

----------------Түркістан

  1. Қытайдың әдемі фарфордан жасаған, көздің жауын алатын ыдыстары Қазақстандағы Талғар, Исфиджаб, Отырар сияқты ортағасырлық қалалардан табылған.

----------------Тараз, Испиджаб, Отырар

----------------Талғар, Тараз, Отырар

----------------Талғар, Испиджаб, Отырар

  1. Ұлы Жібек жолының Тараз, Баласағұн, Исфиджаб сияқты қалалардан әр түрлі діни нанымдарға байланысты мешіт-медреселердің орындары табылған.

----------------Тараз, Баласағұн, Испиджаб

----------------Отырар, Тараз, Испиджаб

----------------Тараз, Испиджаб, Талғар

IV тақырып: Сәйкестендір.



Бекіту: 10 сұрақ тест

1) Жібек сауда жолына «ұлы» сөзінің қосылу себебі:

  1. Шығыс пен Батысты байланыстырды

  2. Ежелгі жол болғандықтан

  3. Үлкен сауда жолы болуынан

2) Жібек жолының бас басталатын аймақ:

  1. Ыстықкөл өңірінен

  2. Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарынан

  3. Византия елінен

3) Қытай елінен алғаш рет жібек артқан керуендер Батысқа қарай жолға шыққан ғасыр:

  1. б.з.б. ІІІ ғ. ортасы

  2. б.з.б. ІІ ғ. ортасы

  3. б.з.б. І ғ. ортасы

4) Жібек сауда жолы арқылы ерте кезден көп елге тараған қазіргі кезге дейін базарда сатылатын көкөніс түрі:

  1. шабдалы мен қауын

  2. жүзім мен қызанақ

  3. қытай немесе болгар бұрышы

5) Жібек өндіруді дамытып, Қытаймен бәсекеге түскен ел:

  1. Соғды

  2. Парсы

  3. Араб

6) Византия шеберлерінің жасаған күміс құмыралар табылған қала:

  1. Талғар

  2. Тараз

  3. Отырар

7) Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан дами бастаған кезеңі:

  1. б.з.б. ІІ ғ. ортасы

  2. б.з.б. І ғ. ортасы

  3. б.з.б. ІІІ ғ. ортасы

8) Қытай императоры У-Дидің 138 жылы Жібек жолы арқылы Батыс елдеріне жіберген елшілігі қайтып оралды:

  1. 15 ж. кейін

  2. 13 ж. кейін

  3. 12 ж. кейін

9) Қытай императоры жібектен жасалған әшекейлі киімдерді сыйлық ретінде жіберді:

  1. Түрік сұлтанына

  2. Парсы патшасына

  3. Иран шахына

10) Ұлы Жібек жолы қатынасының әлсірей бастауына әсер еткен басты оқиға:

  1. ХVІІ ғ. бастап теңіз жолының ашылуы

  2. ХІV ғ. бастап теңіз жолының ашылуы

  3. ХVІ ғ. бастап теңіз жолының ашылуы

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

c



b



а









Қорыту: «Қызықты сандар» (тақырыптағы барлық ғасырларды қосу)

ІІ+VI+VI+I+II=XVII ғ. бастап теңіз жолдарының ашылуы, Жібек жолының әлсіреп, тоқтауына әсер етті.

Жібек жолы - Азиядан Еуропаға шексіз дала, асқар тау арқылы салған әлемдік өркениеттің жарқын көрінісі. Осы жолға сипаттама бере отырып, таңғажайып жерлермен таныстық. Сан ғасырлар бойы осының бәрін жинақтап, сақтап бізге жеткізуші болған Жібек жолындағы сапарымызды аяқтай отырып, ортағасырлардың тарихи, рухани өмірінің көп қырлылығын атай кетуіміз керек.

Шығыс пен Батыстың Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде бір-біріне ұқсамайтын мәдениеттердің өзара тоғысып, сабақтасып жатуына ыңғайлы жағдай туды. Қазақстанның отырықшы қала халқы мен көшпелі тайпалары көрші елдермен және алыс жұртпен қарым-қатынас жасауы арқасында адамзаттың ежелгі өркениетінің алмас тасындай жарқыраған мәдениетті өмірге әкелді.



Бағалау; Үйге тапсырма: §14 оқу, мәліметтер, деректер әкелу.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал